Күні: 22.04.2016 жыл
Сабақтың тақырыбы: Жылдардың біл қасиетін.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жыл аттарын білу, есте сақтау, жыл иелерінің
қасиеттерінің ерекшеліктерін, қазақша жыл санай білу.
Дамытушылық: Табиғатта болатын табиғат құбылыстарының өзгеріп отыратынын түсінуге жағдай туғызу.Танымдық қасиеттерін жасауға
мүмкіндік жасау.
Тәрбиелік: Жыл мезгілдері туралы қасиеттерін салыстыру барысында
табиғатты сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ойландыру, топтастыру, жарыс сабақ.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, суреттер, жұмбақтар, қанатты сөздер, бейне көрініс, жылнама (буклет).
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
Мұғалім сөзі: Бұл қай мезгіл?
1. Бұлтты айдай желдеткен,
Нөсерлеткен селдеткен.
Шалшық кесіп ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (көктем)
2. Қойның толы жеміске,
Көк майсалы еңісте
Көбелек қуып ойнайтын.
Қай мезгіл деп ойлайсың? (жаз)
3. Жиып теріп болатын,
Қамбаға астық толатын.
Қызыл қырман ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың? (күз)
4. Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (қыс)
І кезең. «Топтармен таныстыру.»
І топ Күз ІІ топ Қыс
Бұлттар төніп, Аяз қысып,
Жерге төгіп. Өрнек сызып.
Дымқыл тұман басталды, Терезеңді торлайды
Шөп сарғайып. Қарға омбығып.
Өңі тайып, Беті домбығып,
Дала сұр қашады. Сырғанап жастар ойнайды.
ІІІ топ Көктем ІV топ Жаз
Қар мұз еріп, Өрік алма,
Су көбейіп. Шие алша,
Сай салаға ағады, Жидек жүзім піседі.
Бүршік шашып. Астық пісіп,
Жапырақ ашып, Орақ түсіп.
Гүл бәйшешек басады. Қырман дәнге толады
ІІ кезең. «Жылдардың біл қасиетін».
1 тапсырма. Бұл кезеңде жұмбақ жасырылады.
1. Тықырлап тақтайды,
Күні бойы жатпайды. (тышқан)
2. Төрт бұлағы – сүт,
Баққанға ол құт (сиыр)
3. Жол – жол сызық тоны бар,
Кісі қорқар жөні бар (барыс)
4. Қос құлағы төбеде ұзын – ақ,
Сыбдыр сезсе жөнеп береді зымырап.
Қыстың күні қалың қарлы кеуекте,
Шөпті азық қып жатады біраз тынып ап. (қоян)
5. Қошқар мүйіз үйі бар,
Кіріп соған бұйығар. (ұлу)
6. Ұзынша бір тамшы,
Уы бар сұм қамшы. (жылан)
7. Мінсең желде еседі,
Көңілің таудай өседі.
Алып ұшар алысқа.
Ер қанаты деседі. (жылқы)
8. Биязы жүнді батпан құйрық,
Қозғалады әзер тұрып. (қой)
9. Орманда туып жетілемін,
Талдан талға секіремін.
Айуан болып өскеніммен,
Тамақ жеймін қос қолыммен.
Әттең үйде тумағанмен,
Әйтпесе ғой құтты адаммын. (мешін)
10. Бантигі бар басында,
Бір құс жүр үйдің қасында (тауық)
11. Адамға серік, күзетке берік. (ит)
12. Тұмсығы дөңгелек,
Денесі он бөлек. (доңыз)
2 тапсырма. Бейне көрініс. Жыл басына таласқан хайуанаттар.
Бұл көріністе жыл санау бойынша аталмаған хайуанаттарды табу керек.
ІІІ кезең. «Білімдіге өріс кең».
Әр топ өз тобына байланысты тақпақтар айтады.
ІV кезең. «Тіл өнері»
Бұл кезеңде жыл мезгілдеріне байланысты мақал – мәтелдер айту.
Сергіту сәті
V кезең. «Тапқырлық» мұнда мереке күндерді сәйкестендіру.
Жаңа жыл қыркүйек
Жеңіс күні тамыз
Астана күні қаңтар
Конституция желтоқсан
Білім күні наурыз
Тұңғыш Президент күні шілде
Тәуелсіздік мамыр
Халықаралық әйелдер мерекесі маусым
Балалар күні желтоқсан
Ұлттық мереке наурыз
VІ кезең. «Кім жылдам»
1 тапсырма. Топтастыру.
1 топ 2 топ 3 топ 4 топ
Көктем Жаз Күз Қыс
2 тапсырма. Жыл санау.
Мұнда балалар өз туған жылдарын санау
Тышқан 1960 1972 1984 1996 2008
Сиыр 1961 1973 1985 1997 2009
Барыс 1962 1974 1986 1998 2010
Қоян 1963 1975 1987 1999 2011
Ұлу 1964 1976 1988 2000 2012
Жылан 1965 1977 1989 2001 2013
Жылқы 1966 1978 1990 2002 2014
Қой 1967 1979 1991 2003 2015
Мешін 1968 1980 1992 2004 2016
Тауық 1969 1981 1993 2005 2017
Ит 1970 1982 1994 2006 2018
Доңыз 1971 1983 1995 2007 2019
Қорытынды.
Марапаттау!!!