СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақтың өту барысына берілген есебім

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Өз сабағыма жасалған рефлексивтік есеп қолжазбасы-эссе 

Просмотр содержимого документа
«Сабақтың өту барысына берілген есебім»

Рефлексия 3-ші сабақ бойынша . бүгін 2 сабақта 11.10 .2014ж.

Бүгінгі 3сабақ « Септік жалғаулары: «Жай септеу мен тәуелді септеу» тақырыбы бойынша өткізілді. Сабақ жоспарын жасағанда ең басты міндет, тақырыпты ашу мен 2-сабақта болған кедергілерді жою бағытына орйластыра құрылды. Екінші сабақты жоспарлағанда уақытты дұрыс ойластырылмағандықтан 1-2 тапсырма орындалмай, сабақтың қорытындысы асығыстықпен шығарылған еді? Ол мен үшін үлкен кемшілік болды. Қатты уайымдадым. Видеороликті айналдыра отырып, әріптестерімнің сабақ бойынша айтылған сын-пікірлерін қорытындылай келе , өз жұмысымдағы олқылық кеткен тұстар мен сабақ кезеңінде кездескен кедергілердің себебін анықтап, содан соң құрылды. Кемшілік себептері:2-сабақта слайдтармен жұмысқа көп уақытым кетіп қалды, содан соң 1-сабақтан гөрі 2-ші сабақта құрылған кездесойық топтардың тапсырма орындаған кездеріндегі енжарлығы да себеп болды. 1-топтың көшбасшысы сабаққа келмегендіктен , ол топтың мүшелері өз жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра алмай, берілген тапсырмаларды шапшаң орындай алмады. Кей топтарда табиғатынан белсенді оқушылар жиылып, тапсырма тез орындалып жатты. Бұдан байқағаным: топ құрғанда да түрлі амал-тәсілмен оқушылардың көңіліне тимей, сабақ басында жақсы, ұйымдасқан топ құра білу керек екендігі, ол сабақтың өн бойында барлық оқушылардың сабақ кезеңінде толассыз еңбек әрекетін ұйымдастыруының белді факторы ретінде анықталды.

Жақсы топтың серіктесе , ынтымақтаса түрлі тапсырма орындаулары басқа топтарды бәсекелестікке әкеліп, оларға өздігінен білім алуына ықпал жасататын қадамдардың бірі деп тануға болады. Белсенді топтың адымын аңдып қалысқысы келмейтін топ мүшелері басқаларды да білім алуға мәжбүрлеп, оқытып, олардың білмегенін үйретіп отырады екен. Бүгінгі сабақ тамаша өтті. Бір деммен өткен қызықты, белсенді формада өткен деп айтса артық болмайды.

Сабақ күнделікті психиологиялық ахуал туғызу, шаттық шеңберінен басталды. Оқушылар кезек –кезек өздерінің есімдерімен аттас, сын есімдік балама сөзбен өзін таныстыра отырып, өздернің алдында тұрған оқушылардың есімімен қоса сындық қасиетін қайталай отырып , шеңбер жасап, есте сақтау қабілетімізді арттырып, көңілімізді көтердік. Содан соң музыкаға ілесіп, дене қимылын жасадық. Конфеттерден шашу шашып 4 түрлі конфеттердің көмегімен топ құрдық. Топтарға алдын ала әзірленген конверттер таратылып, карта әдісі бойынша өткен сабақты қайталадық. Балалар бұл жаңа әдісті басында түсінбесе де, артынан түсінгесін қызыға орындады. Тіпті өздерін өздері ұмытып, сабақ кезінде тұрып кеткен оқушылар да болды. Бұл мені таң қалдырды. Бұрын мұғалімнің ғана рұқсатымен көтерілетін оқушылар тапсырма орындау барысында, барынша өз жұмысынан нәтиже шығармақ үшін жанталаса қимылдады. Содан соң жазба жұмысы « Менің сүйікті мектебім» атты тақырыпта жазылған ойтолғауымызды оқыдық. Ойтолғаудағы оқушы пікірлері сабақты көруге келген ұстаздарды да таң қалдырды. Біздің оқушылар өз пікірін шынайы, ешқандай бүкпесіз, және әр пікірін дәлелдей отыра жазады екен. Бұл ойтолғаудан түйгенім: оқушыларымның жеке тұлғалық қасиеті, өзіндік мені бар тұлға ретінде қалыптасып келе жатқаны риза қылды. Әр оқушыда риясыз көңіл, ашық та еркін ой, өзіндік пікір бар екені анықталды.

Жеті қасиетті сан, қазақта 7-і деген санмен байланысты ырым мен салт дәстүрлер мен таным түрлерін атадық. Содан соң негізгі тақырыпқа көштік. Септік жалғау : Жай септеу мен тәуелді септеу. Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижесін түсіндіргеннен соң сабақ басталып кетті. Ең бірінші слайдпен жұмыс жүргізіп, әр топ жеті септік жайлы мағлұмат алды, Сосын слайдтағы тірек сызбаларды ескере отырып, әр топ бірнеше сөзді жай септеді, екінші тапсырмада тағы да слайдтағы тірек сызбалардың көмегіне сүйене отырып, түрлі жақта тәуелденген бірнеше сөзді тәуелді септеді. Әр топқа орындаған 2-түрлі тапсырмалардың айырмашылығы бойынша жетек сұрақтар қойылып, жай септеу мен тәуелді септеудің арасындағы айырмашылықты бір-біріне түсіндіруіне мүмкіндік бердім. Келесі сәттте «Ала доп» әдісін сабағымда пайдалана отырып, ойын түрінде оқушылармен барлық септіктерді топтың кез келген мүшесімен қайта пысықтаттым. Осыдан соң әр топқа ең бірінші жай септеу бойынша кейін тәуелді септеуде тұрған сөздерді сияқты сәйкестендіру тапсырмалары берілді. Бәрін де оқушылар үлкен ынтамен, зор қызығушылықпен орындап, тез және қатесіз жауап дайындауға тырысты. Топтағы оқушылардың әрекетін бақылау өте қызық. Мінез-құлқы әрқилы оқушы кейде тапсырманы орындау барысында өзін-өзі бақылай алмай, шыдамсыздық танытып, бір-бірімен айтысып, бірінің қаламын-бірі жұлып алып, ренжісіп те қалып отырды. Бірақ аздан соң қайтадан әрекеттеніп, қалыпқа келіп, топ мүддесі үшін тапсырманы әрі қарай орындай бастайды. Сабақты оқушылардың өздеріне түрлі сұрақтар бере отырып қорытындылаттым. Кері байланысқа 12 сөзден тұратын « Бір сөзбен айтқанда» әдісі бойынша стикерлер тарата отырып, бүгінгі сабақтағы көңіл күйін бір сөзбен сипаттап жаздыртып ілдірттім.

Содан соң әр топтың барлық оқушыларына оқушы ынтасын бағалау мақсатында арнайы әзірлеген «Таңдау әдісі» бойынша торкөзді кесте таратып, толтырттым. Сабағымның соңында үй тапсырмасын түсіндіріп, өзімнің бүгінгі сабақтан алған әсерім мен көңіл-күйімді мен де білідіріп Рахаттандым деген бір сөзбен тәмамдап, оқушыларымның бәріне алғысымды айтып, бағалаларын естіртіп, келесі сабақтарына сәттілік тіледім. Бүгінгі сабақ мен үшін керемет сабақ болды. Өз еңбегімнен ләззат, рахат алдым. Ұйықтамай, үрейленген күн мен түндерімнің бір есесі қайтты деген тамаша оймен, көтеріңкі көңілмен, шабытқа толы , әсерге толы сезіммен үйге келдім. Мен үшін, тіпті ,бүгін сенбі , аптаның аяғы екені де ескерілмей қалды.

Кембридждік оқыту тәсілі өте тамаша ! Алайда біз сияқты қарадүрсін, үнемі өзі сабақ беріп, оқушыларды шектеп, оларды бақыламай, зерттемей, тек ынталы, дарынды, жақсы оқушыларға сүйене отырып өз сабақтарын өткізген әрі қиын, әрі көптеп ашылып жатқан жаңалықтарымен қызықты екен. Жақсы , өз пәнімді керемет меңгерген, жаңашыл ұстазбын деп, тоқмейілсіп жүрген мен үшін, көптеген қызық сәттер , жағдаяттар баршылық. Өзгеру қажет, керек. Әйтпесе заман ілесінен қалып қоямыз, қоғамды қозғаушы адам факторы болса, сол қозғаушы күшті қалыптастырушы, заманды өзгертуші , жеке тұлғаны қалыптастырушы біздер, мұғалімдер өзімізді өзгертуге міндеттіміз деп ойлаймын.