СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Саба?ты? та?ырыбы: №13 Практикалы? ж?мыс.Электр тізбегіне аралас жал?ау.

Категория: Физика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: №13 Практикалы? ж?мыс.Электр тізбегіне аралас жал?ау.

Саба? ма?саты:

Білімділік: ?ткізгіштерді тізбектей ж?не параллель   жал?ауды еске т?сіру

ар?ылы жа?а саба?ты т?сіндіру.

Дамытушылы?: Ойлау ?абілетін, танымын, ?ткізгіштерді? тізбектей ж?не

параллель жал?ауын к?нделікті ?мірмен байланыстыра отырып о?ушылар?а

жеткізу.

Т?рбиелік: О?ушыны? ?ылым?а деген ?ызы?ушылы?ын   арттыру; е?бекке,

?жымшылды??а, халы? д?ст?рін д?ріптеуге т?рбиелеу.

Саба?ты? т?рі: Аралас

Саба?ты? ?дісі: СТО элементтерін ?олдану, тест ?дісі,т.б.

К?рнекілігі:  Слайд, карточкалар, техникалы? ??ралдар,о?улы?, т.б.

 

І. ?ызы?ушылы?ты ояту.

 

 

    ?й тапсырмасын тексеру:  

1. С?ра?- жауап

1.Ток к?ші деп нені айтады? Формуласы. ?лшем бірлігі.

Жауабы: ?ткізгішті? к?лдене? ?имасы ар?ылы ?андай да бір уа?ыт аралы?ында тасымалданатын электр м?лшеріні? сол уа?ыт аралы?ына ?атынасы.   I= q  t;  (А);

2. ?ткізгіштегі ток к?шін ?андай ??ралмен ?лшейді? Ол тізбекке ?алай ?осылады? Шартты белгісі ?андай?

Жауабы: Амперметр;  Тізбектей; 

 

3. Электр кернеуі деп нені айтады? Ол ?андай бірлікпен беріледі? ?андай ??ралмен ?лшейді? Шартты белгісі.

Жауабы: Тізбекті? берілген б?лігінде заряд орын ауыстыр?анда, электр ?рісіні? ат?ар?ан ж?мысыны? осы заряд?а ?атынасын айтады. U= Aq; (В) ; Вольтметр.

4.Тізбекті? б?лігі ?шін Ом за?ын т?жырымда.

Жауабы: Тізбек б?лігіндегі ток к?ші- осы б?лікті? ?штарында?ы кернеуге тура пропорционал да, ?ткізгішті? кедергісіне кері пропорционал.  U= I* R,   I= U  R,  R= U  I

5. ?ткізгішті? кедергісі неге ж?не ?алай т?уелді? ?лшем бірлігі.

Жауабы: ?ткізгішті? ?зынды?ына, к?лдене? ?имасыны? ауданына, жасалын?ан материалды? ?асиеттеріне т?уелді.  R=    L S; (Ом)

 

6. Ток к?зіне нелер жатады?

 

Жауабы: Аккумуляторлар, гальвани элементтері, 

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: №13 Практикалы? ж?мыс.Электр тізбегіне аралас жал?ау.»

БҚО,Зеленов ауданы,Асан ауылы Асан жалпы орта білім беретің мектеп


Физика және информатика пәні мұғалімі: Жангирова Балсулу Изтелеуовна

Пәні: Физика Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: №13 Практикалық жұмыс.Электр тізбегіне аралас жалғаужалғау.

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауды еске түсіру

арқылы жаңа сабақты түсіндіру.

Дамытушылық: Ойлау қабілетін, танымын, өткізгіштердің тізбектей және

параллель жалғауын күнделікті өмірмен байланыстыра отырып оқушыларға

жеткізу.

Тәрбиелік: Оқушының ғылымға деген қызығушылығын арттыру; еңбекке,

ұжымшылдыққа, халық дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың әдісі: СТО элементтерін қолдану, тест әдісі,т.б.

Көрнекілігі: Слайд, карточкалар, техникалық құралдар,оқулық, т.б.


І. Қызығушылықты ояту.



Үй тапсырмасын тексеру:

1. Сұрақ- жауап

1.Ток күші деп нені айтады? Формуласы. Өлшем бірлігі.

Жауабы: Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасы. I= q t; (А);

2. Өткізгіштегі ток күшін қандай құралмен өлшейді? Ол тізбекке қалай қосылады? Шартты белгісі қандай?

Жауабы: Амперметр; Тізбектей;


3. Электр кернеуі деп нені айтады? Ол қандай бірлікпен беріледі? Қандай құралмен өлшейді? Шартты белгісі.

Жауабы: Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда, электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасын айтады. U= Aq; (В) ; Вольтметр.

4.Тізбектің бөлігі үшін Ом заңын тұжырымда.

Жауабы: Тізбек бөлігіндегі ток күші- осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал да, өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал. U= I* R, I= U R, R= U I

5. Өткізгіштің кедергісі неге және қалай тәуелді? Өлшем бірлігі.

Жауабы: Өткізгіштің ұзындығына, көлденең қимасының ауданына, жасалынған материалдың қасиеттеріне тәуелді. R= L S; (Ом)


6. Ток көзіне нелер жатады?


Жауабы: Аккумуляторлар, гальвани элементтері, термопара, күн батареялары


7. Токтың әсерлері қандай?

Жауабы: Жылулық, химиялық, магниттік, физиологиялық.


8. “Вольтамперлік сипаттама” дегеніміз не?

Жауабы: Өткізгіштегі ток күшінің кернеуге тәуелділігі.


2. Тапсырмалар орындау








Өткізгіш тізбек берілген. Тізбек неден тұрады? Қатесін тап.









Мына суретте амперметрлердің шкалалары көрсетілген. Амперметрдің көрсетуі 2 А. Қатесін тап.


3.Балама тесті (иә, жоқ)

1. r - өткізгіштің материалының меншікті кедергісі.(Иә)

2. Уақыт бірлігіндегі өндірілген токтың жұмысы кернеу деп аталады.(Иә)

3. Меншікті кедергінің өлшем бірлігі- Ом ; (Жоқ)

4. 1 Ом- ұштарының арасындағы кернеу 1В болғанда, бойынан 1А ток өтетін өткізгіштің кедергісі. (Иә)

5. Берілген өткізгіштің өз бойымен өтетін токқа кедергі жасамайтын физикалық шама- кедергі деп аталады. (Жоқ)

6.Тізбек бөлігі үшін Ом заңы: I= U* R ; (Жоқ)

7.Ток күшін өлшейтін құрал- амперметр. (Иә)

8.Вольтметр тізбекке тізбектей жалғанады. (Жоқ)

Техника және тұрмыста әр түрлі тұтынушылар: қыздыру шамдары, үтіктер, электр пештері, электрқозғалтқыштары және т. б. қолданылады. Бұлар түрліше жалғанады.










Өткізгіштерді жалғаудың тәсілдерін қарастырайық.


ІІ. Мағынаны тану. Жаңа сабақ






1. Өткізгіштердегі кернеу мен 1. Өткізгіштерді тізбектей

өткізгіш кедергісі шама- және параллель жалғаудың

ларының тәуелділігі; теориясы.


2. Өткізгіштердегі ток күші 2. Өткізгіштерді тізбектей

мен кедергінің арасындағы және параллель жалғау

кері байланысы. кезіндегі :

- ток күшінің;

- кернеудің;

- кедергінің формулалары.



Ескі әлемнен Жаңа әлемге:


1-жағдай: Өткізгіштерді тізбектей жалғау

Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншінің соңы үшіншінің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей жалғау деп атайды.

1. I = I1 = I2 = . . . = In


2. U = U1 + U2 + . . . + Un



3. R = R1 + R2 + . . . + Rn





2-жағдай: Өткізгіштерді параллель жалғау


Егер өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде, ал ұштарын екінші бір В нүктесінде жалғасақ, онда мұндай жалғауды өткізгіштердің параллель жалғау деп атайды.







Электр тізбегінің екі өткізгіштен артық өткізгіштер түйісетін нүктесін түйін (суретте А және В нүктелері) деп атайды.







Назар аударыңдар:

*** Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда олардың ұзындықтары артатындықтан тізбек бөлігінің кедергісі артады. Ал параллель жалғағанда олардың көлденең қимасының ауданы артатындықтан тізбек бөлігінің кедергісі кемиді.

*** Өткізгіштердің кедергісі бірдей болғанда :

а) тізбектей R= 2R1

б) параллель R=R1 / 2

*** Кедергі әр түрлі болса:

R= (R1 * R2)/ (R1 + R2)



Есте сақта!

Өткізгіштерді параллель жалғағанда, бөліктің толық кедергісі әрқашан бөліктегі ең аз кедергіден кіші болады.


Жаңа әлемнен Ескі әлемге:


1.Өткізгіштердегі кернеу түсуі өткізгіш кедергісінің шамасына тура пропорционал:


U1: U2 : ... : Un= R1 : R2 : ... : R n


2. Өткізгіштердегі ток күштерінің қатынасы осы өткізгіштердің кедергілерінің кері шамаларының қатынасына тең:


I2 :I2 : ... : In=1/R1: 1/ R2 : ... : 1/ Rn


Семантикалық карта















ІІІ. Толғаныс

Есептер шығару


1. Суретте тізбектей жалғанған үш өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергісі R1=36 Oм өткізгіштегі кернеудің төмендеуі U1 = 9В. Кедергісі R2=64 Oм болатын өткізгіштің кернеуін және олардың ұштарындағы кернеу 120 В болғандағы өткізгіштің R3 кедергісін анықтаңдар.




Жауабы: 16 В, 480 Ом




2. Суретте параллель жалғанған екі өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергісі R1=44 Oм өткізгіш арқылы I1 = 5А ток өтеді. I2 = 0,8 А ток өткендегі өткізгіштің R2 кедергісін анықтаңдар.




Жауабы: 275 Ом




3. Кедергілері 20 Ом және 30 Ом болатын екі резистор кернеуі 24 В электр тізбегіне жалғанған. Тізбекке екі резисторды тізбектей және параллель жалғағандағы ток күші қандай? Жауабы: 0,48 А; 2 А

*** Дидактикалық материалдардан есептер шығару.

Тест сұрақтары

1.Тізбектеп қосуда қандай шама тұрақты болады?

а) I ә) U б) R


2. Параллель қосқанда ток күші қалай өзгереді?

а) I =0 ә) I =I1+ I2б) I =I1- I2


3. Тізбектеп қосқанда толық кернеу неге тең?

а) U=U1 + U2 ә) U=0 б) U=U1-U2

4. Параллель қосқанда тізбектің жалпы кедергісі қалай өзгереді?

а) артадыә) кемиді б) өзгермейді

5. Тізбектеп қосқанда тізбектің жалпы кедергісі неге тең?

а) R=0 ә) R = R1 + R2 б) R = R1 - R2

6. Параллель қосуда қандай шама тұрақты болады?

а) I ә) U б) R


7. Тізбектеп қосуда жалпы кедергісі қалай өзгереді?

а) артадыә) кемиді б) өзгермейді

8. Тізбектегі ток күші барлық жерде бірдей болса, өткізгіштер қалай қосылады?

а) параллельә) тізбектей б) аралас

Тест жауаптары: 1 – а, 2 - ә, 3 – а, 4 - ә, 5 - ә, 6 - ә, 7 – а, 8 – ә

«Бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.

Үй тапсырмасы:

§ 9.4 Карточка бойынша есептер шығару