Уақыты:. | Класс: 5 | Пәні: Математика |
Сабақтың тақырыбы | Аралас сандарды қосу және азайту |
Оқу мақсаттар Smart | Жай бөлшектің негізгі қасиеттерін және аралас сандардың ережесін қайталай отырып, жай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіруді уйренеді және қосу , азайтуды біледі. |
Оқудан күтілетін нәтижелер (Табыс критерийлері) | Барлық оқушылар Аралас сандарды қосуды және азайтуды үйренеді. Көпшілік оқушылар Аралас сандарды қосу және азайту тәсілдерін үйренеді, есептер шығару дағдылары қалыптасады. Жекеленген оқушылар: Ізденісті қажет ететін есептерді шығара алады. |
Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Қолданылатын әдіс-тәсілдер | Ресурстар |
Ұйымдастыру | Сыныппен амандасамын; Оқушылардың қатысымын тексеремін; Сыныпты топтарға бөлемін. Ынтымақтастық атмосферасын құру Миға шабуыл арқылы Сұрақ жауапты пайдалану | Мұғаліммен орнынан тұрып амандасады; Кезекші оқушылар класстың қатысымын хабарлайды. Топтарға бөлінеді, топ мүшелерін сайлайды. | Топқа бөлу | |
Қызығушылықты ояту | Менен сұрақ, сенен жауап (сұрақ –жауап) (4 минут) 1. Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай қосамыз 2. Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қалай қосамыз? | Өткен тақырыпты тексеру жэәне жаңав тақырыпқа көшу мақсатында тақтаға шатасқан әріптерді ілу, оқушылар әріптерден құрастырыз сөз жазу, әр топтан оқушы шығып тақтаға өткен тақырыппен жаңа тақырыптың мағанасын ашады, айтып түсіндіреді | Сыни ойлауға үйрету, диалогтық оқыту, деңгейлеп оқыту, практикалық | Оқулық, жұмыс құралдары |
Мағынаны тану | ІІІ. Топтық жұмыс «Мәтінге шолу» ( 10 минут) Әр топ оқулықтан өздеріне берілген мәтінді оқып топта талқылап баяндаушылары тақтаға шығып баяндайды. І.Бөлімдері бірдей аралас сандарды азайту үшін : 1. олардың бүтін бөліктерінің айырмасын , бөлшек бөліктерінің айырмасын табу керек. 2. бүтін бөліктерінің айырмасы мен бөлшек бөліктерінің айырмасының қосындысын аралас сан түрінде жазу керек. Мысалы : ІІ.Бөлімдері әр түрлі аралас сандарды азайту үшін : 1. аралас сандардың бөлшек бөліктерін ең кіші ортақ бөлімге келтіру керек; 2. бөлімдері бірдей аралас сандарды азайту керек. Оқулықтағы № 690-693 есептер | Топтарға жаңа тақырып бойынша және сабақты толық меңгерту мақсатында сәйкестендіру әдісін пайдалану арқылы тапсырмалар беріледі.Ол әдіс арқылы оқушы жаңа тапсырманы түсінеді,ойланады тапсырмаға байланысты тапсырмаларды сәйкестендіреді | Сыни ойлауға үйрету, диалогтық оқыту, деңгейлік оқыту, практикалық | Оқулық, жұмыс құралдары, презентация, жеке тапсырмалар. |
Сергіту сәті | Дене қимыл қозғалысымен 5 дейінгі цифрды жазу |
Ой толғаныс | Түсінгендерін бағалау мақсатында: Рефлексия «Не білдім? Нені түсінбедім?» Өзін-өзі бағалау картасын ұсыну. | Сұрақтарға жауап береді, алға мақсат қояды. Өзін өзі бағалайды. | Формативті бағалау | Бағалау карталары |
Сабақтың қорытындысы | | Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады. Бағалану үшін күнделіктерін мұғалімге әкеледі. | Жиынтық бағалау | |