Бекітемін:................................. Айы:......................
.................................................... Тобы: «Шапағат»
Дефектолог: А. Сейдахметова
Сабақтың тақырыбы: « Есеп»
Сабақтың мақсаты:
1. Әр саусақпен рет бойынша санау. .
2. Тақырып бойынша сөздік қорын молайту.
3. Баланың ойлау, есте сақтау қабілеттілігін дамыту, ұсақ қол қимыл қозғалысын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап,сергіту сәті, ойын.
Көрнекі-құралдар: суреттер, кеспе цифрлар, ермексаз, бояу, тақта,бор.
I апта
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Шаттық шеңбер: Қуанамын мен де!
Қуанасың сен де!
Келіп шыққан күнге!
Күніміз жарық болсын!
Түніміз тыныш болсын!
Ауамыз таза болсын!
Суымыз мөлдір болсын! -деп бүгінгі сабағымызды бастайық.
III. Жаңа сабақ. Ұсақ қол қимыл қозғалысын дамыту үшін жаттығулар жасаймыз.Ермексазды (пластилин) алып алақанмен домалақ қылып домалатамыз, бұл қолдың қимыл қозғалысын, саусақтардың моторикасын дамытады. Алақанымызбен неше домалақ жасағанымызды санаймыз. Біз дене мүшелерінің көмегімен санай аламыз.Қол саусақтарымен тек онға дейін санау ғана ыңғайлы Адамзат баласы ғасырлар бойы дене мүшелерін пайдалану арқылы 10-нан кейінгі сандарды есептеудің көптеген тәсілдерін ойлап тапты. Тіпті қазірдің өзінде де кейбір халықтар осындай тәсілдерін пайдаланады.


IY.Сергіту сәті: Бас бармағым бастап берді
Саусақтарым ән салып берді.
Шылдыр шүмек шылдырлады.
Кіші бөбек былдырлады.
II апта
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Шаттық шеңбер: Ризамын, ризамын, ризамын өмірге,
Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге-2 рет
Көңілді, көңілді , көңілді жүрем мен.
«Бес санына шапалақта» ойын.
Мақсаты: Беске дейін санап және әрекетті мұғалімнің ұсынысы бойынша орындап үйрету.
Ойын барысы: ойында екеулеп және топпен ойнауға болады. Мұғалім балаға қарама –қарсы отырып айтады «қазір мен 5-ке дейін санаймын «бес» деген кезде сен бір рет шапалақтайсын»
IY.Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ
Қосып едім екеуін
Болып шықты он саусақ.
Жұмбақ шешу: Өзі үлкен жануар
Үстінде екі тауы бар
(түйе)
Сандарды ыңғайына қарай құрастыру немесе тіркестіре отырып әр түрлі бейнелерді жасауға болады. Немесе қоршаған ортадағы заттарды, нәрселерді әр түрлі сандарға ұқсатуға болады. Суреттер көрсету.


III апта
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Шаттық шеңбер: Аспанымыз ашық болсын!
Көк туымыз биік болсын!
Деніміз сау болсын!
Еліміз тыныш болсын!
Саусақ ойындары:-бас бармақ, ортаңғы саусақ, аты жоқ саусақтарды біріктіре ұстайды, сұқ саусақпен кішкентай саусақты сәл бүге «құлақ» жасайды, екі қолдың барлық саусақтарының ұштарын біріктіріп үлкен «қарбыз» жасайды.
IY.Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ
Қосып едім екеуін
Болып шықты он саусақ.
Тапсырма: Геометриялық фигураларды магнитпен тақтаға іліп, оларды атап, рет-ретімен санап шығу.
IY апта
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Шаттық шеңбер: Аспанымыз ашық болсын!
Көк туымыз биік болсын!
Деніміз сау болсын!
Еліміз тыныш болсын!


Қол моторикасын дамытуға арналған санамақ.
Мен базарға бардым
Ысқырық сатып алдым
Қызыл, жасыл, көгілдір
Қайсысын алсаң өзің біл.
IY.Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ
Қосып едім екеуін
Болып шықты он саусақ.
V. Бекіту.
«Орамалды жинау» саусақ жаттығуы.
Орамал үстел үстінде жайылып жатады.
Қолымызды орамалдың бір шетіне қоямыз.
1,2,3, дегенде орамалды алақанымызға жинап аламыз.
VI. Қорытынды.
Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау.
VII. Бағалау.
Балаларды жеке-жеке мадақтау.