СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақтың тақырыбы: "Көліктер."

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың  мақсаты:

  1. Көліктер  ұғымына  түсінік  беру.  
  2. Қарапайым  жолда  жүру  ережесімен  таныстыру.
  3. Танымдық  қабілетін  және  ұсақ  моторикасын  дамыту.
  4. Ұқыптылыққа, ептілікке, шапшандылыққа, тазалыққа  тәрбиелеу. 

Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы: "Көліктер."»

Сабақтың тақырыбы: Көліктер.

Сабақтың мақсаты:

  1. Көліктер ұғымына түсінік беру.

  2. Қарапайым жолда жүру ережесімен таныстыру.

  3. Танымдық қабілетін және ұсақ моторикасын дамыту.

  4. Ұқыптылыққа, ептілікке, шапшандылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап,сергіту сәті, ойын.

Көрнекі-құралдар: Көліктердің суреттері, ойыншықтар, тақтаға ілетін құралдар,бор, дидактикалық материалдар.

I апта

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).Жылулық шеңберінде тұрып жылы лебіз,тілек сөздерін айту.

Шаттық шеңбер: Кеудемізде күн күлсін,

Бізге шуақ нұр, құйсын,

Мейірімді жан өзіңмен,

Көңілім жайнап құлпырсын

III. Жаңа сабақ.  

Балалар ерте заманда көлік түрлері болмаған кезде адамдар алыс жерлерге қалай барған? Ауыр жүктерді бір жерден екінші жерге қалай жеткізген?
Балаларға ерте заманғы көліктер туралы қысқаша түсінік беру. Сурет бойынша әңгімелеу.
Балалар ерте заманда көлік түрлері болмаған кезде адамдар көлік ретінде және жүк тасу үшін үй жануарларын пайдаланған. Ат, түйеге арба жегіп адам, жүк тасымалдаған. Алыс жерлерге жету үшін айлап, жылдап жүріп барған.

-Балалар, мына суреттен нелер бейнеленген?

Көліктердің аттарын атаңдар?

Барлығын бір сөзбен қалай атаймыз?

IY.Сергіту сәті:  Отырамын рөлде,

Сенімен тасимын,

Моторым, гүрілде.

Көмір мен тасыңды.

Ойыншығым-машинам,

Таудай ғып артамын,

Тарт алға асыға.

Бидай мен арпаңды.

Ойын-саяхат: Балалар біз саяхатқа шықтық деп ойлап көрейік.
- Көрші қалаға бару үшін қандай көлік түрін таңдар едіңдер?
Балалардың зейінін олардың ортақ белгілеріне аударады.
- Ортақ белгілері не?
- Оларға дөңгелектер не үшін керек?
- Бір сөзбен бұл көліктерді жерде жүретін көліктер дейміз.


II апта

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

-Балалар қандай көліктердің түрлерін білесіңдер?

-Газель, жигули, нива, мерседес,т.б. -Дұрыс айтасыңдар.

Осы тақырыпқа байланысты қандай тақпақтар білеміз?

 Ұшақ                                      Кеме

Бұлттар менен көктегі,   Теңізді жүздім балықтай,

Мен боламын туысқан.   Дүниені кездім жалықпай

Озып шығам құстарды,   Көліктердің бір түрі,

Қанат қақпай ұшамын.    Мен боламын қайықтай.



              Машина

Төрт аяғым дөңгелек,

Адамсыз мен жүрмеймін,

Барлық жерге жеткізіп,

Қаласаңыз апарам.

Альбоммен жұмыс: Көліктердің суреттерін пішіндер арқылы құрастыру.



IY.Сергіту сәті: Отырамын рөлде,

Сенімен тасимын,

Моторым, гүрілде.

Көмір мен тасыңды.

Ойыншығым-машинам,

Таудай ғып артамын,

Тарт алға асыға.

Бидай мен арпаңды.

III апта

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы). «Дидактикалық материалдардағы» суреттерді пайдаланып, балалардан көлік түрлерін айтуды сұрайды (автобус, троллейбус, жеңіл машина, пойыз, ұшақ т.б). «Жеңіл машиналарды кешке жұмыстан кейін қайда қояды?-деген сауал береді. (Жауабы: гаражға). Тағы да қойылатын сұрақтар: «Автобустарды ше? Троллейбустар қайда тұрады?» (Автобус, троллейбус парктерінде). «Кімнің үйінде жеңіл машина бар? Әкелеріңмен гаражға барып көрдіңдер ме?» т.б.

Балаларға ойлау қабілетін арттыру мақсатында жұмбақтар шешкізу.

Сымға асылып,

Күні-түні көше кезіп зырлайды,

Жүр асығып жолаушыға қызмет етіп тынбайды.

Табанында жолы бар

Төбесінде қолы бар

Осы жол көліктерінің бәрінің де, адамдардың тұратын үйі сияқты орындары болады.Оны гараж деп атайды.Гараж деп-бір машина тұратын жерді,ал «автотұрақ» деп әртүрлі және бірнеше транспорттың тұратын орнын айтады.

Альбоммен жұмыс: Көліктердің суреттерін пішіндер арқылы құрастыру.

IY.Сергіту сәті: Отырамын рөлде,

Сенімен тасимын,

Моторым, гүрілде.

Көмір мен тасыңды.

Ойыншығым-машинам,

Таудай ғып артамын,

Тарт алға асыға.

Бидай мен арпаңды.

IY апта

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

Шаттық шеңбер: Кеудемізде күн күлсін,

Бізге шуақ нұр, құйсын,

Мейірімді жан өзіңмен,

Көңілім жайнап құлпырсын

Дидактикалық ойын: «Не қайда жүреді?».
Шарты: Көлемді бейнелі сурет арқылы көліктердің жүру жолдарын тауып, көліктерді орналастыру.

IY.Сергіту сәті: Отырамын рөлде,

Сенімен тасимын,

Моторым, гүрілде.

Көмір мен тасыңды.

Ойыншығым-машинам,

Таудай ғып артамын,

Тарт алға асыға.

Бидай мен арпаңды.

V. Бекіту. «Кім жылдам» ойыны. 

Әр бала көліктердің бөлшектерін құрастырып магнитпен тақтаға жапсырады.

VI. Қорытынды.

Сұрақ - жауап әдісі арқылы балалардың оқу іс - әрекетінде алған білімдерін қорыту.
VII. Бағалау.

Оқу іс - әрекетіне белсене араласқан балаларды мақтап, мадақтау