СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақтың тақырыбы: Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері

Категория: Физика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері.

 

Мақсаты:

Оқыту:  Табиғаттағы ең көп тараған қозғалыс бірдей уақыт аралықтарында дәлме-дәл немесе шамамен қайталанып отыратын тербелісін сипаттайтын шамаларды қайталау арқылы жаңа тербелмелі жүйелермен танысу.Маятниктің тұрмыстағы техникадағы, өмірдегі және эволюциялық прцестегі рөлін анықату.

Дамытушылық: Оқушылардың бірін-бірі тыңдай білу, өз ойын тиянақты жеткізе білу, нақты сұрақ қойып, қойылған сұраққа дәл жауап бере білу қабілеттерін дамыту. Алған білімін спалық сипаттағы есептер мен жауаптар іздестіруге қолдана білу.

Тәрбиелік: Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыра отырып, тербелістердің қасиеттері мен өмірде алатын орнын зерттеп білу қажеттілігін өздігінен түсініп, білімді өз күшімен алуға ұмтылысын тәрбиелеу.

Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы: Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері»

2 Ново – Александровка орта мектебі













Сабақтың тақырыбы: Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері




Сынып: 9

Өткізген: Оразбек Ұ.С.











2015-2016 оқу жылы



Тақырыбы: Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері.


Мақсаты:

Оқыту: Табиғаттағы ең көп тараған қозғалыс бірдей уақыт аралықтарында дәлме-дәл немесе шамамен қайталанып отыратын тербелісін сипаттайтын шамаларды қайталау арқылы жаңа тербелмелі жүйелермен танысу.Маятниктің тұрмыстағы техникадағы, өмірдегі және эволюциялық прцестегі рөлін анықату.

Дамытушылық: Оқушылардың бірін-бірі тыңдай білу, өз ойын тиянақты жеткізе білу, нақты сұрақ қойып, қойылған сұраққа дәл жауап бере білу қабілеттерін дамыту. Алған білімін спалық сипаттағы есептер мен жауаптар іздестіруге қолдана білу.

Тәрбиелік: Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыра отырып, тербелістердің қасиеттері мен өмірде алатын орнын зерттеп білу қажеттілігін өздігінен түсініп, білімді өз күшімен алуға ұмтылысын тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.


Оқу үрдісін ұйымдастыру әдістері: Фронтальді, топпен жұмыс.


Көрнекіліктер: Интерактивтті тақта, карточкалар.


Құрал жабдықтар: Штатив, жіп, серіппе, денелер, сағат, сызғыш.


Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар? /түгендеу/.

Оқушылардың ыңғайларына қарап, екі топқа бөліп ұйымдастыру.

І топ «Жиілік»

ІІ топ «Период»

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасын орындауларын кесте толтыру арқылы тексеру.

Анықтамасы

Белгіленуі

Өлшем бірлігі

Формуласы






ІІІ Эксперименттік тапсырма

1-топ. Ұзын жіпке массалары әр түрлі жүктерді іліп, жиілігін анықта.

2-топ. Ұзын және қысқа жіпке ілінген шардың тербеліс периодын анықта.






ІV Жаңа сабаққа дайындық

/Математикалық және серіппелі маятниктердің қозғалыс динамикасын көрсетіп, оқушылармен бірге талдап, ситуациялық проблемалар қойып, жаңа тақырыпқа көшу./

  • Балалар сендердің алдарыңда екі түрлі тербелмелі жүйе бар. Екеуінде қандай айырмашылықтар көріп тұрсыңдар?

  • Олардың айырмашылықтары: тербеліс периодтарының әр түрлі екендігінде.

  • Сонымен, бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай болмақ? /мақсат анықтау/

  • Алдын-ала сендер екі топқа бөлініп отырдыңдар: «Период» және «Жиілік».


V Жаңа сабақ

Математикалық маятник деп созылмайтын салмақсыз жіңішке ұзын жіпке
ілінген кішкентай ауыр шарды айтады.

Математикалық маятник тербеліс периодының формуласын қорытып шығарайық .

Маятник тербеліп тұрғанда жүк АВ доғасының бойымен Ғқ кері қайтарушы, яғни қорытқы күштің әрекетінен үдеумен қозғалады. Бұл күштің шамасы қозғалыс кезінде өзгеріп отырады. Дененің тұрақсыз күштің әрекетінен қозғалысын есептеу өте күрделі.

Сондықтан есепті жеңілдету үшін маятникті бір жазықтықта тербелтпей, жүк шеңбер бойымен қозғалатындай етіп, оны конус сызуға мәжбүр етеміз.

Маятниктің айналу периоды оның тербеліс периодына тең болады. Тайн.тер=Т.

Конустық маятниктің айналу периоды жүк сызатын шеңбердің ұзындығын сызықтық жылдамдыққа бөлгенге тең:

Енді серіппеге ілінген жүктің тербелісін қарастырайық.

Мұндай қарапайым тербелмелі жүйені серіппелі маятник деп атайды.

Егер серіппе l ұзындыққа созылса немесе сығылса, онда денені тепе-теңдік күйіне қайтаратын Ғ күші туындайды. Ұзару шамасы азғантай болған кезде бұл күш серіппенің ұзаруына пропорционал болады, яғни Гук заңы бойынша:


VІ Жаңа сабақты бекіту

«Период» тобына


«Жиілік» тобына


Шығармашылық тапсырма

4 есеп. Ай бетіндегі ұзындығы 1 м математикалық мятниктің тербеліс периоды қандай? Айдағы еркін түсу үдеуі 1,62 м/с ².

5 есеп. Серіппеге ілінген массасы 1 кг дене периоды 1 с-қа тең тербелістер жасайды. Осы серіппеге ілінген массасы 4 кг дененің тербеліс периоды қандай?

VІІ Сабақты қорытындылау. Рефлексия жасау.

1. Бүгінгі сабақта біз не үйрендік?

2. Бүгінгі сабақта бізге не қиын болды?

3. Келесі сабақтардан қандай мағлұмат алғыларың келеді?


VІІ Үйге тапсырма:

  1. 22 жаттығу: 4,5 тапсырма. 99 бет.


ІХ Бағалау

Әр топтың топ басшылары өз тобының оқушыларын бағалайды.