СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақтың тақырыбы: "My family"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сыныбы: 1 «б»

Сабақтың тақырыбы: My family.

Сабақтың мақсаты:

«Менің отбасым» тақырыбы бойынша жаңа лексиканы үйрету.This is… құрылымын мақұлдау және сұраулы нысандарды қолдану; ағылшын тілінің ерекше дыбыстарын дұрыс дыбыстау дағдысын қалыптастыру. Ата-ана мен тума-туысқандарды құрметтеуге баулу.

Күтілетін нәтиже:

пәндік: өз отбасы мен тума-туысқандарын таныстыру дағдысын қалыптастыру.

тұлғалық: атата-анамен туысқандарды құрметтеуге баулу.

жүйелік-әрекеттік: осы тақырып бойынша оқылған лексикалық-грамматикалық материалды пайдалану.

Сабақты материалдық қамтамасыз ету:

мұғалім үшін: СД ойнатқыш, оқу қызметіне ынталандыруға арналған смайлдар, интерактивті тақта, флэш-карталар.

оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері, түрлі-түсті қарындаштар

Пәнаралық байланыс: музыка(“My mother, my father, my sister, my brother”әнін орындау), сурет(жұмыс дәптерінде контурларды үстінен бастырып сызу).

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру сәті.

·         Good morning, children! How are you?

Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы: "My family"»

Сыныбы: 1 «б»

Сабақтың тақырыбы: My family.

Сабақтың мақсаты:

«Менің отбасым» тақырыбы бойынша жаңа лексиканы үйрету.This is… құрылымын мақұлдау және сұраулы нысандарды қолдану; ағылшын тілінің ерекше дыбыстарын дұрыс дыбыстау дағдысын қалыптастыру. Ата-ана мен тума-туысқандарды құрметтеуге баулу.

Күтілетін нәтиже:

пәндік: өз отбасы мен тума-туысқандарын таныстыру дағдысын қалыптастыру.

тұлғалық: атата-анамен туысқандарды құрметтеуге баулу.

жүйелік-әрекеттік: осы тақырып бойынша оқылған лексикалық-грамматикалық материалды пайдалану.

Сабақты материалдық қамтамасыз ету:

мұғалім үшін: СД ойнатқыш, оқу қызметіне ынталандыруға арналған смайлдар, интерактивті тақта, флэш-карталар.

оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері, түрлі-түсті қарындаштар

Пәнаралық байланыс: музыка(“My mother, my father, my sister, my brother”әнін орындау), сурет(жұмыс дәптерінде контурларды үстінен бастырып сызу).

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру сәті.

  • Good morning, children! How are you?

II Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

  • Біз өзіміз және достарымыз туралы айта білеміз. Солай емес пе? Бүгін біз ең жақын адамдар туралы айтып үйренеміз. Сендер үшін ен жақын адамдар кім? (Оқушылар: Ана,әке). Дұрыс.

III Тірек білімді белсендіру.

Фонетикалық жаттығу.

  • Балалар, бізге Mr. Wise Crow келді. Hello, children. How are you? Балалар онымен амандасыңдар.

Mr. Wise Crow - бүгін біз [ð], [z] дыбыстарын айтып жаттығамыз. Біз бұл дыбыстармен таныспыз. Ара ызылдағанда тіліміз қай жерде болады? Ал шыбын ызылдағанда тіліміз қай жерде болады? Listen and repeat: [ð]- [z], [ð]- [z], [ð]- [z].

IV Жаңа материалмен жұмыс.

Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу. Listen and learn.

Оқулықтағы суретке сүйене отырып, жаңа лексиканы еңгізу. Оқушы балаларға таныс кейіпкерді – Әлібекті көрсетеді. Ол өзінің отбасы туралы әнгімелеп береді

Track 13.

  • Hi, my name is Alibek. This is my family. This is my father, Marat. This is my mother, Gulmira. This is my brother, Olzhas and this is my sister, Aliya.

Дидактикалық ойын.

Мұғалім отбасы мүшелері бейнеленген карточкаларды көрсетеді, балалар оларды атайды (mother, father, sister, brother). Содан соң мұғалім карточканы корсетеді (mother), айтқанда “father”дейді. Балалар мұғалімді түзету керек.

2 - жаттығу. Look and listen to Bota.

Track 14.

  • Hi, my name is Bota. This is my family. This is my father. This is my mother. This is my brother and this is my sister.

Мәтінді тыңдаған кезде оқушылар аты аталған Ботаның отбасының мушесін саусақтарымен көрсету керек. Тыңдағаннан кейін оқушыларға Ботаның отбасы туралы естерінде калғанын әңгімелеп беруді ұсынады.

Show me” дидактикалық ойыны

Мұғалім отбасы мүшесін атайды, ал оқушылар оны суреттен көрсетеді. (Show me the sister. Show me the brother. Show me the mother. Show me the father.)

3- жаттығу. Listen and sing.

Track 15.

My mother, my father, my sister, my brother.

My mother, my father, my sister, my brother.

This is my family, this is my family.

Оқушылар әнді тындайды. Оқушылар әнді орындай отырып, 1-жаттығу суретіндегі отбасы мүшелерінің әрқайсысын көрсетеді.

4- жаттығу. Look and say.

Оқушылар ұсынылған суреттерге сәйкес қажетті отбасы мүшесін атап, сөйлемді аяқтауға тиіс. Мысалы: This is my mother.(1 сурет).

Соңғы сойлемде оқушылар family деген жалпы атауды қолдануы тиіс.

Сергіту сәті.

Мұғалім сәйкес дене қимылдарын көрсетіп, жаттығу өткізеді.

Hands up,

Hands down

Hop, hop

Turn around

Bend left, bend right

Turn around and sit down.



Дәптермен жұмыс.

1-жаттығу. Trace and color. Then say: This is a father.

Оқушылар отбасы мүшелері беттерінің контурларын айналдыра сызып, оларды атайды.

Мысалы, This is a mother. (Father, brother, sister).

V Сабақты қорытындылау.

  • Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі сабақта сендер отбасы мүшелеріни қалай таныстыру керектігін, отбасы туралы сұрақ қоюды үйрендіңдер. Маған ағылшын тілінде отбасы мүшелерін атап беріңдерші! Жарайсыңдар! Ағылшын тілін сендерге үйрену сондай оңай екен! Барлығың өте жақсы нәтиже көрсеттіңдер!