Уақыты:. | Класс: 5 64 сабақ | Пәні: Математика |
Сабақтың тақырыбы | Өзара кері сандар |
Оқу мақсаттар Smart | 5.1.1.12 өзара кері сандар анықтамасын білу; 5.1.2.22 берілген санға кері санды табу; |
Оқудан күтілетін нәтижелер (Табыс критерийлері) | Барлық оқушылар өзара кері санның анықтамасын біледі, үйренеді. Көпшілік берілген санға кері санды таба алады Жекеленген оқушылар: Ізденісті қажет ететін есептерді шығара алады. |
Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Қолданылатын әдіс-тәсілдер | Ресурстар |
Ұйымдастыру | Сыныппен амандасамын; Оқушылардың қатысымын тексеремін; Сыныпты топтарға бөлемін. Ынтымақтастық атмосферасын құру | Мұғаліммен орнынан тұрып амандасады; Кезекші оқушылар сыныптың қатысымын хабарлайды. | Топқа бөлу | |
Қызығушылықты ояту | Өткен тақырыптарды пысықтау мақсатында «Конверттегі сұрақтар» 3 топқа беріледі: 1.Бөлімдері бірдей аралас сандар қалай азайтылады? 2.Жай бөлшектер аралас санға қалай көбейтіледі? 3.Натурал саннан аралас санды қалай азайтады? 4.Аралас сандарды қалай көбейтеді? 5.Өзара кері сандар деген не? 6.Ең үлкен аликвоттық бөлшек неге тең? |  | Сыни ойлауға үйрету, диалогтық оқыту, деңгейлеп оқыту, практикалық | Оқулық, жұмыс құралдары |
Мағынаны тану | Көбейтіндісі бірге тең сан өзара кері сан деп аталады. , , , , бөлшектеріне кері санды ата | Сағат тілімен бағыттас есептерді шығарып,бір - бірін тексереді. №603,604 тапсырма | Сыни ойлауға үйрету, диалогтық оқыту, деңгейлік оқыту, практикалық | Оқулық, жұмыс құралдары, презентация, жеке тапсырмалар. |
Ой толғаныс | Траихи мәліметтер. Ерте кезде адамдарға сауда саттық және түрлі есептеу жұмыстарында бөлшектер мен үлестерді есептеу қажет болған.Алғашында математикада бөлшектерді «сынық сандар» деп атаған.Бөлшектер туралы түсініктің дамуында үш түрлі бөлшектер ұғымы қалыптасқан. | «Траихи мәліметтер» тақырыбын өз беттерінше оқиды. 1) Бірлік бөлшектер(аликвоттық бөлшектер) 2) Жүйеленген бөлшектер.Жүйеленген бөлшектің алымы кез- келген бүтін сан, бөлімі тек 10 санының немесе 60 санының дәрежелері ғана болады. 3)Жалпы түрдегі бөлшек.Жалпы түрдегі бөлшектің алымы да,бөлімі де кез келген натурал сан болады. | Формативті бағалау |
Сабақтың қорытындысы | | Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады. Бағалану үшін күнделіктерін мұғалімге әкеледі. | Формативті бағалау. «2 жұлдыз,бір тілек» әдісі бойынша топтар өзара бағаланады. |