СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақ жоспары "Қарапайым графикалық редактор"

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл сабақ жоспарында 5 сыныпқа арналған тапсырмалар көрсетілген

Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспары "Қарапайым графикалық редактор"»

Сабақтың тақырыбы: Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу сақтау.
Сабақтың мақсаты:  

Білімділік: Оқушыларды сурет салу құралдарының тақтасымен таныстыру және сол құралдарды пайдалана отырып құжатқа сурет (әр түрлі геометриялық фигураларды, схемаларды және т.б суреттерді) сала білуге үйрету..
Дамытушылық: Paint тақырыбы бойынша алған білімдерін тереңдету, қайталау, толықтыру, ой-өрісін және танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды графикалық редактормен сауатты жұмыс жасауға, өз ойынан сурет құрастыра білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, практикалық
Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу өнері
Оқыту құралдары: оқулық, дәптер, компьютер, интерактивті тақта


Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

• Амандасу, түгендеу;
• Жұмыс орынын әзірлеу;
• Қауіпсіздік ережесін қайталау

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

  1. Ақпаратты жазу жолдар?

  2. Ақпаратты санау түрлері?

  3. Ақпаратты тасымалдаушылар түрлері?

ІІІ. Жаңа материалды қабылдауға дайындық
Оқушыларға өткізілетін сабағымыздың тақырыбы туралы ойларын анықтау сұрақтарын қою.
Оқушыларға бүгінгі сабағымыздың тақырыбы PAINT графикалық редакторы екендігі хабарланды.
1. Сендер PAINT туралы бұрын естідіңдерме?
2. PAINT графикалық редакторымен қандай жұмыстар атқарамыз?
3. PAINT графикалық редакторы біздің қай сабағымызға ұқсайды?

ІҮ. Жаңа сабақ
І.Теориялық бөлім

http://bilimland.kz/kk/content/lesson/16325-eng_qarapajym_grafikalyq_redaktor «bilimland» білім беру порталына өтіп сабақтың түсіндірме бейнеролигін қарау
PAINT – компьютерде сурет салуға арналған қарапайым графикалық редактор. Paint /сурет салу бағдарламасы әртүрлі кескіндерді салуға, редакциялауға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаның көмегімен қарапайым суреттен бастап, күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады.
PAINT бағдарламасында өзіміз сурет салуымызға, Windows-тың басқа қолданбаларынан алмастыру буферіне көшірілген дайын суреттерді қоюға, сондай-ақ сканердің көмегімен алынған күрделі кескіндерді қоюға болады.
«Алтын сандық»
PAINT графикалық редакторын іске қосу
PAINT графикалық редакторын іске қосу үшін клесі әрекеттерді орындаймыз:
Пуск – Программы – стандартные – PAINT
Командалар орындалғаннан кейін экранға PAINT графикалық редакторының терезесі шығады.
Көріп отырсыңдар, терезе Windows жүйесінің стандартты түрі сияқты, бірақ мұнда салынатын кескіннің түсін таңдап қана қоймай, оның фонының түсінде таңдауға болатын түстер палитрасы қосылған.
PAINT графикалық редакторының терезесінің ең жоғарғы бөлігі ол тақырып жолы деп аталады. Тақырып жолының оң жақ бұрышында терезені жабу, жаю немесе қалпына келтіружәне терезені жыймалау батырмасы орналасқан .Ал, келесі жол меню қатары деп аталады. Бұл меню қатары Файл, Правка, Вид, Рисунок, Палитра, Справка командаларынан тұрады.
Терезенің үлкен бөлігін бос кеңістік – сурет салу алаңы алады. Оның сол жағында белгішелер тобы – құралдар жиыны орналасқан. Терезенің төменгі жағында түстер палитрасы бар.
Түстер палитрасының көмегімен екі түрлі түс таңдауға болады: негізгі – бұл түстер біз онымен суреттер салатын түс және қосымша – фон түсі. Бағдарламаны іске қосқанда, үнсіз келісім бойынша кескіннің түсі – қара, ал фонның түсі – ақ болып орнатылады.
Палитраның сол жағында айқасқан екі тік төртбұрыш орналасқан. Жоғарғысы сурет салу түсін көрсетеді. Ол таңдалған түсте маустың оң жақ батырмасын шерту арқылы таңдалады. Төменгі төртбұрыш фон түсін өзгертуге арналған. Ол таңдалған түсте маустың оң жақ батырмасын шерту арқылы таңдалады.
PAINT графикалық редакторында құжатты сақтау және ашу

PAINT графикалық редакторында салған суретімізді сақтап қою үшін келесі әрекеттерді орындаймыз.:
Файл – сохранить как командасын орындаңдар. Пайда болған диалогтық терезесіндегі имя файла өрісіне ат беріп сохранить батырмасын шертеміз.

http://bilimland.kz/kk/content/lesson/16325-eng_qarapajym_grafikalyq_redaktor «bilimland» білім беру порталына өтіп сабақ тақырыбына қатысты үш қызықты тапсырмаларды орындай отырайық
Сергіту сәті
Алақанымызда жылу пайда болатындай етіп қолымызды бір-біріне үйкейміз. Саусағымызбен екі шекемізді екі бағытқа (қарама-қарсы) қарай айналдыру арқылы уқалаймыз. Көзімізді жұмып, миымызды тынықтырып, шаршағанды жоямыз.

http://bilimland.kz/kk#lesson=18919 «bilimland» білім беру порталына өтіп біраз сабақтан тыс ақпарат ала отырайық.

Ү. Жаңа сабақты бекіту

http://bilimland.kz/kk/content/lesson/16325-eng_qarapajym_grafikalyq_redaktor «bilimland» білім беру порталына өтіп сабақ тақырыбына қатысты тест сұрақтарына жауап беру

ҮІ. Үйге тапсырма беру
- Үйден PAINT графикалық редакторының терезесі мен құралдарын оқып, түсінгендеріңді айтасыңдар.
- Компьютерде сурет салуға дайындалу.

http://bilimland.kz/kk/content/lesson/16325-eng_qarapajym_grafikalyq_redaktor «bilimland» білім беру порталындағы тақырып төңірегіндегі сөздікті жаттау.

Қызықты ақпарат

http://bilimland.kz/kk#lesson=12019 сілтемесіне өтіп РОБОТ ДЕГЕН НЕ? Тақырыбында шағын бейнебаян көру
ҮІІ. Бағалау
- Сабаққа жақсы қатысып, сабақ барысында кездескен сұрақтарға жауап беріп отырған оқушыларды бағалау.