СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақ жоспары. "Киіз үйдің құрлысы мен ерекшелігі"

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты: Киіз үй туралы түсінік-ұғымдарын молайту.

Сабақтың міндеттері:

- Алған білімдерін дамыту, жинақтау;

- Ақыл-ойларын,  дүниетанымдарын молайту;

- Еңбекке сүйіспеншіліктері мен қабілеттерін  арттыру;

Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспары. "Киіз үйдің құрлысы мен ерекшелігі"»

Сынып: 9 «В»

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Киіз үйдің құрлысы мен ерекшелігі

Сабақтың мақсаты: Киіз үй туралы түсінік-ұғымдарын молайту.

Сабақтың міндеттері:

- Алған білімдерін дамыту, жинақтау;

- Ақыл-ойларын, дүниетанымдарын молайту;

- Еңбекке сүйіспеншіліктері мен қабілеттерін  арттыру;

Сабақтың түрі: топпен жұмыс.

Сабақтың әдіс-тәсілдер: «Ой қозғау» стратегиясы, «Түртіп алу», «Миға шабуыл» стратегиялары, «Топтастыру » стратегиясы

Сабақтың формасы: жекелей, жұптық, топтық әрекет.

Сабақтың көрнекілігі: АКТ, «Киіз үйдің» макеті, кесте, құралдар мен жабдықтар (маркер, флипчарт, стикер).

Пәнаралық байланыс: Тарих, жағрапия, бейнелеу өнері.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі .

1. Сәлемдесу: Сәлеметсіздер ме? Отырыңдар.

2. Ауызекі сөйлесу: Кезекшімен, топпен.

4. Оқушыларды топқа бөлу. (Алдымен ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Содан кейін 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4 өз алдына жұмыс тобын құрайды).

А). І топ

Ә). ІІ топ

Б). ІІІ топ


ІІ. Жаңа сабақ.

А). Сабаққа қызығушылықты ояту.

а). Киіз үй, оның құрлысы мен ерекшелігі туралы түрткі сұрақтар қою арқылы ой қозғау. Алдынғы сабақ бойынша алған білімдерін еске түсіру, қайталау.

Түрткі сұрақтар:

1. Қазақ халқының ежелден келе жатқан баспанасы

2. Киіз үйдің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?

3. Киіз үй неше бөліктен тұрады?

4. Ағаш бөліктеріне не жатады?

5. Киіз бөліктеріне не жатады?

6. Бау-құрларына не жатады?

7. Киіз үйдің қандай бұйымдары мен жиһаздарын білесіңдер?

8. Қазақ халқы киіз үйдің ішін қандай ұлттық аспаптармен безендірген? 


ә). Кіріспе. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты-оқушының белсенділігін арттыру. «Түртіп алу», «Миға шабуыл» стратегияларын қолдана отырып, мәнмәтінді қайталап, қайта бағыттау .

Құрметті оқушылар, біздің  бүгінгі қайталау сабағымыз киіз үй туралы болмақ. Киіз үй көптеген көшпелі халықтардың негізгі баспанасы болған. Қазақ халқы да киіз үйді мыңдаған ғасырлар, жылдар бойы өзінің төл баспанасы етіп келді. Мал шаруашылығымен айналысып, көшпелі өмір сүретін адамдар үшін киіз үй қыста да, жазда да қолайлы баспана болып саналған. Ең басты  кереметі: көшіп жүруге ыңғайлы, әрі жеңіл. Оны тез жығып, тез  құрастырып тігіп алуға болады. Халқымыз киіз үйді «қасиетті, киелі қара шаңырағымыз» деп дәріптеген, өйткені ол – ұлтымыздың баспанасы, мәдениеті,тарихы, әрі өткенін ұмыттырмас маңызды

ескерткіші. Бір ғана киіз үйден сәулет, сурет, қолөнер, мәдениет сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туындыны көре аламыз.

   Құрметті оқушылар, біз білеміз: киіз үйдің киіз бен ағаштан тұратынын. Ендеше оның түрлерін қаншалықты біліп, алған білімімізді қайталау сабағымызда толықтырайық, шындайық. Олай болса, сабағымызды одан әрі өрбітейік!


Ә). Мағынаны тану сатысы. Жекелей, жұптық, топтық әрекет.

Негізгі бөлім.   «Кім көп біледі?»  деп аталады. Бұл бөлімде біз бірнеше тапсырмаларды орындап, қайталаймыз. Әр тапсырма ұпай сандарымен бағаланады. (Әр сұрақтың тұсында  ұпай сандары жазылып тұр. Сол арқылы қорытынды жасалынады. Әр дұрыс жауаптың ұпайы есептеліп отырады).


   1- тапсырма. «Киіз үйдің бөліктері қалай аталады?»  Оқушылар аталған тапсырманың атауларын кестені толтыру арқылы тізбектеп шығады. Дайын кесте оқушылардың алдында жатады. Әр дұрыс атауға 1 ұпай беріледі. Қанша дұрыс атау жазса, соңша ұпай саны беріледі. Тапсырма орындалғаннан кейін оның дұрыс жауабы, интерактивті тақта арқылы көрсетіліп отырды.


Бөліктері

Құрамдас бөлшектерінің атауы

Ұпайы

1

Ағаш бөліктері

кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық


1 ұпай

2

Киіздері

туырлық, үзік, түндік, дөдеге, ақ ши, шым ши

 

1 ұпай

 

3

Бау-құрлары

Таңғыш құр, басқұр, жел бау, есік бау, аяқбау 

1 ұпай

 


2-тапсырма. «Киіз бұйымдар қалай аталады?»   Оқушылар аталған тапсырманың атауларын «Топтастыру » стратегиясы арқылы тізбектеп шығады. Әр дұрыс атауға 1 ұпай беріледі.

Киiз – ақ немесе басқа түстерден басылған жұмсақ жүн;

Кілем – жүннен тоқылатын бұйым;

Тұскиiз –өрнектелген қабырғаға iлетiн кiлем.

Текемет – киiз үйдiң iшiне төселетiн жайма киiз;

Көрпе – матаның арасына мақта немесе жүн салып тіккен жамылғы

Мамық – құс жүнінен жасалған жатын төсеніш;

Жастық – басқа жастайтын құс жүнінен жасалған мүлік;

Бөстек малдың не аңның жұмсақ терісіне киізден астар салып жасалынады.

Жүк – сандық үстіне жиналған төсек-орын;

Қоржын екі жағын тең етіп тоқыған, не құрап тіккен зат салатын дорба.

3)-тапсырмасы. «Киіз үй бұйымдар қалай аталады?»  Оқушылар аталған тапсырманың атауларын «Топтастыру» стратегиясы арқылы тізбектеп шығады. Әр дұрыс атауға 1 ұпай беріледі.

Адалбақан – киім ілуге арналған ашалы, ою-өрнекті ағаш.

Асадал - ыдыс-аяқ сақталатын кебеже.

Әбдіре – зат сақтайтын үлкен сандық.

Сандық – киім-кешек т.б. зат салуға арналған үй жиһазы.

Қобдиша – сандықтың кішкене түрі.

Кебеже –тамақ сақтау үшін ағаштан жасап, өрнектеген үй жиһазы.

Ағаш төсек – жату үшін пайдаланатын үй жиһазы.

Үстел- ақ дастархан жайылған, тамақтанатын үй жиһазы

Бесік – баланы бөлейтін қастерлі мүлік.     


Б). Ой толғаныс сатысы. (7 минут)

а). «Киіз үйдің құрлысы мен ерекшелігі» тақырыбында киіз үйдің сыртқы қаңқасын, құрылысын мен бөлшектерін қағаз бетіне басып, әзірлеп шығады. Әр топ өздері жасаған дүниелерін қорғап шығады. Тапсырмада «Автор орындығы» стратегисын қолдану.



ІІІ. Бағалау. (5 мин)

Оқушыларды бағалаймын, сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтаймын.

Мағынаны тану сатысындағы орындалған тапсырмалардың қорытынды ұпай саны шығарылады. Әр топ тапсырманы орындау кезінде алған ұпайларын мұғалім оқушылардың сабақ үстіндегі белсенділігі мен жауап парақшадағы ұпайларын есептеп  бағалайды. Әр топ бірін-бірі бағалап, жинаған ұпай сандарын бір бағалау парағына жазып, сабақты қорытындылайды.

Бағалау критерийлері:

«5» - берілген барлық тапсырмаларды белсене орындады, өз пікірін дәлелде жеткізуге және қазақ тілінде сауатты сөйлеуге барынша тырысты.


«4» - берілген барлық тапсырмаларды белсене орындады, бірақ кейбір пікірлері ұтымды болмады. өз пікірін қазақ тілінде жеткізуге барынша тырысты. Ауызекі сөйлеуде 1-2 қателер кетті.


«3» - берілген тапсырмалардың кейбірін ғана орындады. Белсенділік байқалмады. Пікір алмасқанда көбіне орыс тілінде сөйлеп отырды.


«2» - сабаққа дайын, алайда ешбір тапсырманы өздігімен орындамады, өз пікірімен бөліспеді, өз бетімен отырды.


 ІҮ.  Қорытынды.

      Міне,  біз бүгінгі сабағымызда ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы пайдаланған киіз үй туралы білдік, әрі  біраз мағұламаттарға қанықтық. Киіз үйдің атауларынан бастап, құрылымы мен оның жабдықтары және жиһаздары жайында үйрендік. Ұлтымыздың сәулет өнері мен мәдениетінен хабардар болдық. Бұрынғы шеберлердің жасаған бұйымдарын да біліп, өзіміз куә болдық. Олай болса, біз де үйден қатырма қағаздан үй жиһаздарын жасап әкелейік.


Ү. Үйге тапсырма. (2 мин)

Қатырма қағаздан үй жиһаздарын (сандық, жүкаяқ, кебеже) жасап келу тапсырылады.