СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақ жоспары "Ғылымның дамуы" 7 сынып

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қостанай облысы, Қостанай ауданы,

Озерный орта мектебінің тарих пәні мұғалімі

Балина Эндира Балгалина

 

Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспары "Ғылымның дамуы" 7 сынып»

Пәні: Қазақстан тарихы. Сыныбы:7 «А» Күні: 26.11. Өткізген: Байлина Эндира Балгалина Қостанай облысы,Қостанай ауданы,Озерный орта мектебі.

Тақырыбы: Ғылымның дамуы

Мақсаты:

Білімділік:ХХ-ХІІ ғасырлардағы ғылымның даму себептері, көрнекі ғалымдар жайлы кеңінен мағұлмат бере келіп, олардың еңбектерінің тарихи маңызын ашып көрсету.

Дамытуылық: Ғылыми еңбектерді,көркем шығармаларды түсініп оқуға, ізденіске дағдыландыру, топпен жұмыс жасауға үйрену.

Тәрбиелік: Адамгершілік, кішіпейілділікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сыни тұрғыдан ойлау, сұрақ-жауап, ойын элементтері, жобалау,зерттеу,постермен жұмыс т.б.

Пән аралық байланыс: География, әдебиет, дүние жүзі тарихы.

Көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, плакат,стикерлер.

1.Ұйымдастыру бөлімі.

-Сыныпты түгендеу.

-Сынып оқушыларын топқа бөлу.

-Топ басшыларын сайлау.

2.Өткенді еске түсіру.(зымыран сұрақтар)

3.Жаңа сабақ.

1.Қызығушылықты ояту.(Сөзжұмбақ шешу)

2.Мағынаны тану.

Оқулықпен жұмыс. Постер қорғау.

3.Ой толғаныс

Сәйкесін тап. (ұжымдық жұмыс)

“Өз сыңарынды тап”ойыны (жеке жұмыс)

“Кім тапқыр” (топпен жұмыс)

Жоспар:

1.Ғылымның дамуы

2.Тіл білімінің дамуы

3.Әдебиет

4.Қорытынды

5.Үйге тапсырма




Өткенді еске түсіру

Зымыран сұрақтар

1.Жібек жолының басы басталған аймақ-_________

2.Мұсылмандар құлшылық жасайтын қасиетті ғимарат-____________

3.Орта ғасырлық қалалар неше бөлікке бөлінді-___

4.Жібек сауда жолы арқылы келген көкөніс түрі-__________

5.Ұлы Жібек жолының Шығысқа шығатын басты қақпасы-___________

6.Х-ХІ ғғ. әйнек жасау дамыған қалалар-________________________

Қызығушылықты ояту.

1.Сөзжұмбақ


 







 







 

 













 

























1.----- теңіз, білім кеме.

2.Жібек өндіруде Қытаймен бәсекеге түскен ел.

3.Мұсылмандардың діні.

4.Орта ғасырлық атақты ақын,қобызшы.

5.Орта ғасырлық сауда жақсы дамыған қала. (Ғылым)





2.Мағынаны тану. Постермен жұмыс

Топтарға тақырыптарды бөліп беру.

(Постерге тірек-сызба арқылы жазып, әр топ өз жұмыстарын қорғау.)

1-топ. «Отырар»

Тапсырма: Ғылымның дамуы

2-топ. «Баласағұн»

Тапсырма: Тіл білімінің дамуы

3-топ. «Сайрам»

Тапсырма: Әдебиет

3.Ой толғаныс.

1-тапсырма. Сәйкесін тап . (ұжымдық жұмыс)

1. “Ақиқат сыйы”

2. “Диуани луғат ат-түрк”

3. “Даналық кітабы”

4. “Құтадғу-білік”

5.870-950 жж. Өмір сүрген ғұлама

Жауаптары: Ж.Баласағұни ,Әл-Фараби ,Ұлықбек ,Әли ақын ,Абдар-Рашид, Ахмет Йасауи ,С.Бақырғани ,М.Қашқари .

Өз сыңарынды тап”ойыны (жеке жұмыс)

Карточкамен жұмыс.

Фараб аймағына қарайтын Отырар қаласында туған. Осы қалада қыпшақ тілінде білім алған.  Араб тілін Исфахан, Бағдат, Дамаск қаласында игерген.


(973-1050) жылдары аралығында өмір сүрген энциклопедист ғалым. Тарих,математика, география, астрономия, медицина т.б ғылым салаларынан 150-ден астам еңбектер жазып қалдырған. Ол алғаш рет жердің күнді айналатындығын болжап, аспан денелерінің қозғалу заңдылықтарын ашқан.


Жалпы көптеген түрік тілдес тайпалар түрік тілінде сөйлемегенімен олардың ішінде жергілікті тіл ерекшеліктері де болған.Оғыз, қарлұқ, қыпшақ тайпалары түбі түрік тілдес тайпалар қосылып ,бірігіп кетіп отырған.


Түркі тілдес тайпалардың бір-біріне жақындығын белгілі ғұлама үш кітаптан тұратын “Түркі тілдерінің сөздігі”атты мәңгі өшпес мұра қалдырды.Бұл еңбекті жазудан бұрын ол бүкіл түріктердің елі мен жерін түгел аралап шыққан.


Ол өзінің атақты  “Құт негізі-білік” атты еңбегімен белгілі. Бұл еңбек алғаш  рет түрік тілінде жазылған. Құтадғу білік”-ХІ ғ түркі тілді халықтарының қоғамдық ой-санасын орын алған,терең мазмұнды ғылыми еңбек. Оның еңбектерінде ғылымның философия, астрономия, алгебра салаларына тоқталады.Сол сияқты аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер,шешендік сөздер көп кездеседі


ҮІІ-ІХ өркендеген ауыз әдебиеті Х ғасырда қалыптаса бастаған жазба әдебиетінің негізін қалады.Бұл кездегі ислам дінінің кең тарауы  жазба әдебиетінің  жандануына әсерін тигізді. Жазба әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Қарахан мемлекетінің кезінде даңқы шыққан ақын


3- тапсырма. «Ғажайыптар әлемі»

Кім тапқыр?” (топпен жұмыс)

Әдебиет. 1-10 ұпай. 2-20 ұпай. 3-30 ұпай.

1.Жазба әдебиетінің негізі қай ғасырда қаланды?

а) VIII-ғасыр б) ХІ-ғасыр в) X-ғасыр

2. «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі» мақалының авторы.

а) А.Йасауи б) А.Иүгнеки в) М.Қашқари

3.Қожа Ахмет Йасауидің әкесінің есімі.

а) Махмуд б) Хасан в) Ибраһим

Тіл ғылымы. 1-10 ұпай. 2-20 ұпай. 3-30 ұпай.

1.Саналы ғұмырын өзінің туған халқының тілің зерттеуге арнаған ғұлама. а) М.Қашқари б) Ж.Баласағұн в) А.Иүгнеки

2.«Ұлы хас-хажип» лауазымына ие болған ғұлама кім?

а) Ж.Баласағұн б)М.Қашқари в) С.Бақырғани

3. Н.А.Баскаков “түркі тілдерін өзара салыстыра зерттеудін көшбасшысы” деп кімді айтты?

а)әл-Фараби б) М.Қашқари в)Әли ақын Ғылым. 1-10 ұпай. 2-20 ұпай. 3-30 ұпай.

1.Шығыстың аса көрнекті ғалымы әл-Фараби шығармаларын қандай тілде жазды? а) түрік б) араб в)парсы

2. Әл-Фараби өмірге келген қала?

а) Отырар б) Бағдад в) Түркістан

3. Әлемнің екінші ұстазы.

а) Ахмет Йасауи б) әл-Фараби в) Ахмет Иүгнеки

ІV.Қорытынды:

«Мен саған,сен маған» сұрақ-жауап

Рефлекция: «Ғылым шыңы» Шыңға жету үшін не істеу керек?

V.Үйге тапсырма: Ғылымның дамуы оқу.

Реферат,қосымша мәліметтер жинау т.б.

VІ. Бағалау. Топ жұмысын жинаған фишкалар арқылы бағалау.

Оқушыларға бағалау парағындағы жинаған ұпайларына қарай баға қою.



Қостанай ауданы әкімдігінің білім бөлімі

«Озерный орта мектебі» ММ
















Тақырыбы:Ғылымның дамуы.

Өткізген: Байлина Э.Б.

Сынып: 7 «А»















Озерный ауылы,2015 жыл