СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабак жоспары Тогызкумалак

Категория: Физкультура

Нажмите, чтобы узнать подробности

бул такырып 7сыныпка арналган сабак жоспары. мугалимдерге арналган комек.

Просмотр содержимого документа
«сабак жоспары Тогызкумалак»

Тексерілді

Күні

Мұғалімі Түйтенов Думан

Пән Дене шынықтыру

Сынып

Тақырыбы Тоғызқұмалақ.
Пәнаралық байланысы: Тарих, математика, әдебиет.
Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға ұлттық ойынның тарихын таныстыра отырып, негізгі ережелерін үйрету.
Дамытушылық: оқушыларға тоғызқұмалақтың негізгі шарттарын түсіндіру арқылы логикалық ойлау қабілетін, математикалық амалдарды тез санау, ой - өрісін толық дамыту және ұқыптылыққа өз бетімен жұмыс жасауға үйрету.
Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, достық қарым - қатынасқа, ұжымдылыққа, ұлттық рухта, сананы қалыптастыруға бейімдеу.
Керекті құрал - жабдықтар: Тоғызқұмалақтар, слайд - презентация.
Күтілетін нәтижесі: Оқушылар ойынды меңгереді, күрделі тактикаларды шешеді.
Уақыты: 45 минут.
Сабақтың түрі: Практикалық: жаттығулар орындау, жарыс
Тоғызқұмалақ ойыны қазақтың барлық ойынының ішіндегі ең қиыны, ойнаған адамның миы істеп, сепшілігі артып, тез тапқыштық жағы күшеймек.
Сабақтың жоспары:
I. Дайындық бөлімі:
1. Ұйымдастыру кезеңі
І. Ой қозғау
1. Тоғызқұмалақ ойыны қашан пайда болды?
2. Қазақ өкілдерінен кім ойнаған?
3. Тоғызқұмалақ ойыншыларын білесіңдер ме?
4Тоғызқұмалақ ережесін білесіңдер ме?
II. Негізгі бөлім:
Жаңа сабақ.«Ойын ережелері мен ерекшеліктері»,
Тоғызқұмалақ ойыны қазақтың барлық ойынының ішіндегі ең қиыны, ойнаған адамның миы істеп, сепшілігі артып, тез тапқыштық жағы күшеймек Тоғызқұмалақ ойынының негізгі терминдері:
• Құмалақ
• Қазан
• Отау
• Бастаушы
• Қостаушы
• Тұздық
• Атсырау
Тоғызқұмалқ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз - тоғыздан салынған 81 құмалақ тиесілі. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны бастаушы, екінші жүріс жасаған ойыншыны қостаушы деп атайды.
Қазақша атаулары:
№9 отау маңдай
№8 отау көкмойын
№7 отау қандықақпан
№6 отау белбасар
№5 отау бел
№4 отау атсыратар
№3 отау атөпес
№2 отау тектұрмас
№1 отау арт
Тоғызқұмалақ қашан пайда болған? Тарих пәні мұғалімі Кенжегүл Бисенбаевна Қамыспаеваның қысқаша мәліметі.
Тоғызқұмалақ ойынының жазылу тәртібі.
Толық жазу үгісі төмендегідей ретпен жүргізіледі:
1. Жүрілетін отаудың нөмірлері көрсетіледі.
2. Отаудағы құмалақтар саны жазылады.
3. Соңғы құмалақ түскен отаудың нөмірі
4. Ондағы құмалақтар саны
5. Тұздық алынған жағдайда Х белгісі қойылады.
6. Қос нүкте (:) – табысты жүрісті, сызықша (-)
жай жүрісті бейнелейді.
7. Леп белгісі (!) – күшті жүріс.
8. Сұрақ (?) белгісі - қате жүріс
9. Екі леп белгісі (!!) – өте күшті жүріс
10. Екі сұрақ белгісі (??) – өте қате жүріс
11. Сұрақ және леп белгісінің қатар келуі (?!) – ойландыратын жүріс.
Жүріс жасау ерекшеліктері
Жүріс жасау ойыншылардың тарапынан кезектесіп жүріледі. Жүрісті кімнің жасайтыны жеребемен немесе қарсыласардың келісімімен анықталады. Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен бар құмалақтарды қолға алып, біреуін орнына қалдырып, солдан оңға қарай бір - бірлеп таратамыз. Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады. Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп, тақ қылса құмалақ ұтып алынбайды. Мәселен, жоғарыдағы тақтадағы алғашқы жағдайда бастаушы №7 отаудағы 9 құмалағын тартса, соңғы қарсыласының №6 отауына барып түседі және ондағы 9 құмалақ соңғы құмалақпен 10 болып, ұтып алынады және қазанға салынады. Сол кезде тақтада төмендегідей жағдай қалыптасады.