Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспары туралы»
Сабақ жоспары
Орындаған: Жанабергенова Гүлашқан
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
Сабақ жоспары
Сабаққа дайындық мазмұны:
1. Сабақты жоспарлау, жұмыс бағдарламасын жасау.
2. Жеке сабақтарды жоспарлау.
3. Сабақ тақырыбын, мақсатын анықтау.
4. Сабақтың типі мен құрылымын белгілеу.
5. Сабақ мазмұнын анықтау.
6. Білім беру әдістерін белгілеу.
7. Сабаққа керекті оқу құралдарымен көрнекі және техникалық құралдарды дайындау.
8. Сабақ кезеңдерінің әрқайсысына жұмыс түрлерін, оны орындауға уақыт бөлу.
9. Бекіту жаттығуларын дайындау.
10. Оқушылардың білімін тексеру және бағалау әдістерін анықтау.
11. Үй тапсырмасын түсіндіру.
12. Сабақтың жоспар конспектісін жасау.
Айы, жылы
Күні
Сыныбы
Үй тапсырмасы
Тақырыбы
Қойылатын сұрақтар
Мақсаты
Сабақ жоспарында жазылатындар:
Тексеріп, бағаланатын оқушылардың аты-жөні
Сабақ типі, құрылысы
Оқыту әдіс-тәсілдері
Өздік жұмыстар
Көрнекі құралдар
Мұғалім оқу жабдығатын жан-жақты білу үшін негізгі және қосымша оқу құралдарын, ғылыми-педагогикалық әдістемелік, тарихи, көркем әдебиеттерді, арнаулы басылымдарды оқып, қажеттілерін сұрыптап алады, сенімді мысалдарды, қызықты тың мәліметтерді таңдап алуы керек, оқу жадығатын анықтап, сабақ жоспарын конспектісін жазады.
Негізгісі - жаңа тақырыптың мазмұны. Мұғалімнің оқыту әрекеті саналы болуы үшін ол педагогика ғылымының заңдылықтарын нақты білуі керек.
Жоспарлау - сабаққа әзірліктің соңғы кезеңі. Оның нәтижесі -сабақ жоспары. Жас мұғалім сабақ жоспарын, конспектісін толық жазу керек.
Сабақ жоспарының үлгісі:
- сабақтың өтетін уақыты, тақырыптың жоспардағы нөмірі;
- сабақтың таңырыбы, сабақ өтетін сынып;
- оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту міндеттері;
- сабақтың құрылымы, оның кезеңдері және әр кезеңге кететін уақытты бөлу;
- оқу материалының мазмұны;
- әрбір сабақтың бөлігіндегі жұмыстың әдістері және тәсілдері;
- сабақ өткізуге керекті оқу жабдықтары;
- үйге тапсырма.
Классикалық сабақ процесін жобалау (Столяренко)
Нақты түжырымдалған тақырып.
Сабақ мақсаты:
а)дидактикалық; ә) тәрбиелік;
б)дамытушылық.
Жабдықтары (кино, бейнефильм, кесте, оқу құралы):
Дыбыстық құралдар.
Сабақ барысы (сценарий жасалады, оқушыларға сабақ үстінде берілетін сұрақтар,сабақтаноқушылар өздері қорытынды жасауы керек).
Сабақ қорытындысы.
Шығармашылық тапсырма.
Қорытынды. Оқушылардан не ұнағанын, не ұнамағанын сұрау, кім белсенді болғанын сұрау.
Сабақтың жақсы өтуіне байланысты оқушыларға рахмет айту.