СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақтың тақырыбы: "Шуақты күн" жаратылыстану пәні

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жер бетіндегі тіршіліктің болуы үшін Күннің қажеттілігі туралы түсіндіре отырып, табиғатты аялауға тәрбиелеу

Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы: "Шуақты күн" жаратылыстану пәні»

Білім беру саласы: Таным, Коммуникация

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Шуақты күн

Мақсаты:Жер бетінде тіршілік болуы үшін Күннің қажеттігін түсіндіру. Қарапайым тəжірибелік-зерттеу жүргізе білу қабілеттерін қалыптастыру. Балаларды жылдың кез келген мезгілінде табиғаттың сұлулығын көре білуге тəрбиелеу.

ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары:зерттеу мақсатындағы серуен; бақылау жүргізу; қарапайым алдын ала зерттеу жұмысына дайындық; жұмбақтардың шешуін табу; фотосуреттерді қарап шығу, иллюстрациялық материал.

Құралдар мен материалдар:айналар, беторамалдар, су құйылған ыдыс, тақырыпқа қатысты суреттер, үлестірмелі материалдар, түрлі түсті қарындаш.

Сөздік жұмыс:сары, домалақ, жылымық, ала қар.

Билингвалды компонент: күн – солнце



ҰОҚ кезеңдері

Педагогтің басқарушылық

қызметі

(əдіс, тəсілдер)


Балалардың іс-əрекеті

Ынталандыру- қызығушылық- тарын ояту

Педагог жұмбақтың көмегімен алдағы ҰОҚ-ға қолайлы көңіл күй орнатады.


Таң мен көзін ашады,

Əлемге нұрын шашады. (Күн)


Балалардың білімін нығайту. Көктемнің белгілерін атап берулерін сұрайды. Бүгін ауа райы қандай болып тұрғанын анықтайды.

Топтың іші жап-жарық болып тұр. Оның себебі не?

Күн бəрімізден бұрын тұрады, бұлттағы сумен жуынып, аспанға көтеріледі жəне «қайырымды істерін» істеуге кіріседі. Ал сендер оның қандай «қайырымды істермен» айналысатынын білесіңдерме?

Бірақ, балалар, кейде күн аспанға көп шықпай, бізге жарық бермейді. Ол қай кезде болады деп ойлайсыңдар?

Балаларды алдағы жұмысқа дайындайды.


Танымдық қызметке белсенді түрде араласады. Педагогтің сұрақтарына жауап береді.



Талқылайды. Күн жерге жарық береді, бəрін жылытады. Оның «қайырымды ісі» көп: жерді жылыту, жарық беру, адамдар мен жан-жануарларды ояту.





Күн бұлттанып тұрған кезде солай болатынын анықтайды.


Ізденістік- ұйымдастыру- шылық

Балаларды жағдаяттық диалогке шақырады.

Күн қай жаққа барып

«ұйықтайтынына» ойланып жауап берулерін сұрайды.


Балаларды күннің қоршаған ортаға əсерін талқылауға шақырады.

Күн тірі жан иелерінің бəріне

Күннің қайда тұратынын, оның неге ұқсайтынын айтады. Алақандарын терезенің қасына апарады. Бірақ ол жаздағыдай жылытпайды.


Əңгімеге араласады. Түн мен күн жарқырап шығып тұрған күндізгі уақыттың суреттерін салыстырады.


Күлімдеген күнге


жылу мен жарық береді. Ол бізді жылы əрі жарық сəулесімен қуантады, көңіл күйімізді көтереді. Елестетіп көрейікші: егер күн болмаса біз не істер едік?Жер беті қараңғы, салқын болар еді. Тіршілік иесінің бəрі жоғалып кетер еді. Ендеше бізге жарық пен жылу сыйлайтын күннің болғаны қандай тамаша!

«Дəл сондайын тап» дидактикалық ойынына қатысуға шақырады.

Ризамын мен де. Риза жан-жануар, Өсімдік-гүл де.








Күннің түсімен түстес заттарды атайды. Күннің пішініне ұқсас заттарды атайды.


Күн шығыстан жарқырап шықты, (қолдарын жоғары көтереді, созады) Күн батысқа батты.

(Тізесін бүгіп отырып, қолдарын төмен түсіреді).

Тамаша,тамаша,

Күн жайнады жаңаша. Бəрімізгекөңілді

Бұл өмір тамаша!

(Қол соғады. жымияды).


Топ ішінде қандай заттардың қатты жылынғанын анықтайды. Терезе, терезе алдындағы тақтай, ойыншықтар немесе жиһаз. Неге бөлменің түпкі жағында тұрған заттар салқын болып тұр? Өйткені оларға күн сəулесітүспеген.


Күн түсіп тұрғанда адамдар мен заттардың көлеңкесі түседі. Əр суреттің көлеңкесін тап. Бағыт сызығымен сызып көрсет.


Зерттеу жұмысына қатыс. Беторамалдарын сулап, күн түсетін жерге іледі (немесе терезенің алдына қояды).

Сергіту сəті





Балаларды зерттеу жұмысына қатысуға шақырады.

Күннің көзіне беторамалды жайып, тез кептіруге бола ма? Тексеріп көруге шақырады.

Үлестірмелі материалдармен жұмыс.

«Күн шұғыласы» ойынын ұйымдастырады

Айнаны пайдаланып, қабырғаға күн шұғыласын түсіреді.

Балаларды шұғыланы ұстауға шақырады.


Рефлексивтік- түзетушілік кезең

ҰОҚ-ны қорытады.

Серуендеу барысында айналадағы заттарды зерттеуге ынталандырады: үйдің күнгей жағындағы қабырғалар мен көлеңке жағындағы қабырғаларды ұстап көру, салыстыру, қолдарын күнгей мен көлеңкеде жылытып көру. Қорытынды: күн шығады, бірақ жылуы аз.

ҰОҚ-ны қорытуға атсалысады. Педагогті тыңдайды. Күннің бүгінгі көңіл күйін анықтайды.


Күтілетін нəтиже:

айтып береді:жансыз табиғат нысандарының атаулары;

түсінеді:күннің жердегі тіршілік үшін маңызды екенін;

қолданады: қарапайым тəжірибелік-зерттеу жұмыстарын жүргізе біледі.