СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақтың тақырыбы: Жауын-шашын. Суды қорғау.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ №

Сабақ өтілетін күні:

Орны:

Оқушылар саны:

Қатысқаны:

3 сынып

Дүниетану

6-7 жасар

Сабақтың тақырыбы

Жауын-шашын. Суды қорғау.

Сілтеме

күнтізбелік жоспар, 3-сынып, Дүниетану

Жалпы мақсаттар

Жауын-шашын түрлері мен пайда болуы туралы түсінік қалыптастыру.Адам өміріндегі қажетті жағдайлардың бірі су екенін, сусыз тіршілік жоқ екенін ұғындыру.

Түйінді идеялар

Жауын-шашынның түрлері және пайда болуы. Таза су - денсаулық кепілі.

Әдіс-тәсілдер

Тәсілдер: жекелей, топтық, жұптық.

Әдістер: ЖИГСО, Автор орындығы, Венн диаграммасы, Т кестесі, Блоб ағашы, постер

Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы: Жауын-шашын. Суды қорғау.»

дүниетану пәнінен сабақ жоспары

Сабақ №


Сабақ өтілетін күні:

Орны:

Оқушылар саны:

Қатысқаны:

3 сынып

Дүниетану

6-7 жасар

Сабақтың тақырыбы

Жауын-шашын. Суды қорғау.

Сілтеме

күнтізбелік жоспар, 3-сынып, Дүниетану

Жалпы мақсаттар

Жауын-шашын түрлері мен пайда болуы туралы түсінік қалыптастыру.Адам өміріндегі қажетті жағдайлардың бірі су екенін, сусыз тіршілік жоқ екенін ұғындыру.

Түйінді идеялар

Жауын-шашынның түрлері және пайда болуы. Таза су - денсаулық кепілі.

Әдіс-тәсілдер

Тәсілдер: жекелей, топтық, жұптық.

Әдістер: ЖИГСО, Автор орындығы, Венн диаграммасы, Т кестесі, Блоб ағашы, постер

Көрнекіліктер

(ресурстар)

Бұлт түрлерінің сипаттамасы бар қима қағаздар(22 д), топ аттары, Венн диаграммасы, қима қағазға жазылған сөздер, 4 мәтін бөлігі, деңгейлік тесттер, Т кестесі, өзен бөліктері бейнеленген сызба, Ертіс өзені сызбасы, бағалау парақшалары, фломастер, стикерлер, А3 қағазы, «Блоб ағашы» (4 д.)

Дереккөздер

К. Жүнісқызы, Н. Жапанбаева. Дүниетану. 3 сынып. Жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған оқулық /. -Алматы: Атамұра.-2014

Дүниетану. Оқыту әдістемесі: Жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған оқулық / К. Жүнісқызы, Н. Жапанбаева. -Алматы: Атамұра.-2014

Оқыту (күтілетін) нәтиже

-жауын-шашын түрлерін біледі;

-жауын-шашынның қалай пайда болатынынымен танысады;

-жер асты суы, бұлақ, жылға, өзен, бастау, арна, сала, саға сөздерінің мағынасын ашады;

-суды қорғау үшін адамдардың қандай әрекеттер жасайтынын айқындайды;

-Ертіс өзені туралы мағлұмат алады.



Сабақ барысы / уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

ОүБ немесе қалыптастырушы

Ұйымдастыру

кезеңі

2 мин

Сыныпты сабаққа дайындау;

Айдай арайлап,

Күндей күлімдеп,
Судай таза көңілмен
Бүгінгі сабағымызды бастаймыз - Балалар, қазір біз сабағымызды бастамас бұрын 4 топқа бөлініп аламыз. Қима қағаздардағы сипаттамаларды оқып, қай топқа жататыныңды анықтап, сол топқа орналасыңдар.



Балалар қима қағазда жазылған сипаттамалар бойынша 1-топ-«Тұман»,

2-топ – «Шарбы бұлт»

3-топ – «Будақ бұлт»

4- топ – «Қабат бұлт» болып 4 топқа бөлінеді.

Топ басшысын сайлайды.


Ереже бойынша өз тобын тез тапқан балаларды мадақтау.

Үй тапсырмасын тексеру

5 мин

Жұмбақ жасыру, венн диаграммасына топтастыру, салыстыру.
1. Аяқсыз - ақ жорғалайды, жүреді.
Ауызы да жоқ, сыңғырлайды, күледі.
Онсыз бірақ жер бетінде тіршілік жоқ,
Айтыңдаршы, осыны кім біледі.
(Су)
2. Қыста шыны боп қатады,
Жылыда су боп жатады..
(Мұз).
3. Көзге көрінгенмен
Ұстасаң қолға ілінбейді.
(Бу.)

өзенде


Жұмбақты шешеді. Венн диаграммасына топтастырып, салыстырады.
































Топ басшысы өз тобының мүшесін бағалау парағына бағалайды.

Жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау.






































Жаңа сабаққа даярлық

5 мин

Судың 3 күйі табиғатта қай жерлерде, қандай күйде кездеседі? –сұрағына жауап алу, жаңа сабақпен байланыстыру.









Өзен, көл, теңіз, мұхит, қар, мұздық, бұршақ, тұман сөздерін бөліп алып, жаңа сабақтың мақсат, міндеттерін қойғызу.



Дәптерлерін ашқызып күн ретін, тақырыпты, бүгінгі ауа райын шартты белгілермен жазғызу.



-Ондай болса бүгінгі жаңа тақырыппен танысу арқылы бұған көзімізді жеткізейік.

Судың 3 күйі табиғатта қай жерлерде, қандай күйде кездеседі? –сұрағына жауап береді. Судың 3 күйі мен өзен, көл, теңіз, мұхит, қар, мұздық, бұршақ, тұман сөздерін байланастырады.

Жаңа сабаққа мақсат қояды.

Мақсаты: жауын-шашын түрлері мен қалай пайда болатынын анықтау.

Дәптерлерін ашып күн ретін, тақырыпты, бүгінгі ауа райын шартты белгілермен жазады.


Топ басшысы өз тобының мүшесін бағалау парағына бағалайды.


Жаңа материалды түсіндіру

10 мин

ЖИГСО әдісі

Оқулықтағы мәтінді 4 бөлімге бөліп, топтарға оқулықтан беріп, талдату. Әр топқа өз бөлігі бойынша 2 сұрақтан құраттыру.

«Автор орындығында» әр топтан 1 оқушыдан шығып өз бөліктерінен түсінгенін әңгімелету.

Дайындаған сұрақтарын бір-біріне қойғызу.

Мәтінді оқиды, топта талқылайды. бір-біріне айтып береді, талдайды.





Әр топтан 1 оқушыдан шығып, түсінгендерін әңгімелейді.





Дайындаған сұрақтарын бір-біріне қояды, жауап береді.

Топ басшысы өз тобының мүшесін бағалау парағына бағалайды.

2 мин

«Табиғат құбылыстары» сергіту сәтін ұйымдастыру.

Оқушылар шеңбер құрып, бір-бірінің арқаларына «жаңбыр жауды», «күн күркіреді», «бұршақ жауды» т.с.с.қимыл түрлерін келтіріп массаж жасайды.


Жаңа білімді бекіту.

7 мин

1-топ: «Жауын-шашынның пайдасы мен зияны» тақырыбында Т кестесін орындату.

2-топ: Өзеннің бөліктерін тапқызып, құрастыртып, атауларын жазғызу.

3-топ: Ертіс өзенінің бөліктерін тапқызу, атауларын жазғызу.

4-топ: «Суды қорғау» тақырыбында постер жасату.


1-топ: «Жауын-шашынның пайдасы мен зияны» тақырыбында Т кестесін орындайды.

2-топ: Өзеннің бөліктерін тауып, құрастырып, атауларын жазады.

3-топ: Ертіс өзенінің бөліктерін тауып, атауларын жазады.

4-топ: «Суды қорғау» тақырыбында постер жасайды.

Топ басшысы өз тобының мүшесін бағалау парағына бағалайды.

Қорытындылау

7 мин


Деңгейлік тест тапсырмасын орындату. Бағалау критерийі бойынша жұпта тексертіп, бағалату.

Деңгейлік тест тапсырмасын орындайды, А,В,С нұсқаларын деңгейлеріне қарай орындайды

Топ басшысы өз тобының мүшесін бағалау парағына бағалайды

Бағалау критерийі бойынша жұмыстарын жұпта тексеріп, бағалайды.

Үй жұмысы

2 мин

Үй тапсырмасын слайдтан көрсету, күнделіктеріне жазғызу.

58-62б. мазмұндау, 5 тест сұрағын дайындау.


Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады.

58-62 б. мазмұндау, 5 тест сұрағын құрау.


Бағалау

2 мин

Топбасшы бағалауымен бірге ортақ баға шығару


Топбасшылар бағалайды.


Мұғалімнің жиынтық бағалауы


Рефлексия

Кері байланыс

3 мин

Топта «Блоб ағашына» сабақтағы орнын белгілету. Себебін әр топтан 1 балаға айтқызу. Бүгінгі сабақта жеткен жетістігі мен қиыншылығын айтқызу.


Топта «Блоб ағашына» сабақтағы орнын белгілету. Себебін әр топтан 1 балаға айтқызу. Бүгінгі сабақта жеткен жетістігі мен қиыншылығын айтқызу.




Бастауыш сынып мұғалімі Сулейменова А.Ж.

дүниетану пәні бойынша

өткізілген ашық сабағына өзіндік талдауы.

11 желтоқсан 2014 ж.

Сабақтың тақырыбы: Жауын-шашын. Суды қорғау.

Сабаққа қойған мақсатым: Жауын-шашын түрлері мен пайда болуы туралы түсінік қалыптастыру. Адам өміріндегі қажетті жағдайлардың бірі су екенін, сусыз тіршілік жоқ екенін ұғындыру.

Сабақты топқа бөлуден бастадым. Оқушыларды «Бұлт түрлерінің» анықтамасы жазылған қима қағаздар арқылы «Тұман», «Шарбы бұлт», «Будақ бұлт», «Қабат бұлт» деген 4 топқа бөлдім. Бұл жерде бір жағынан өткен тақырып та қайталанды. Оқушылар топқа бөлініп, топ басшыларын сайлады, бағалау парақшаларын тараттым.

Үй тапсырмасын тексеру мақсатында алдымен жұмбақ жасырып, оқушылар Венн диаграммасында судың үш күйін орналастырып, салыстырды. Ортақ «су» деген пікірге келеді. Осыдан жаңа сабаққа дайындық ретінде «Судың үш күйі табиғатта қайда кездеседі?»-деген сұрақ қойдым. Балалар Венн диаграммасына қима қағаздарға жазып, әр күйдің қайда кездесетінін жазып, ілді. Осы сөздерді бөліп алып, топтап, жаңа сабақтың тақырыбын шығарды. Сабаққа өздері мақсат қойып, тақтаға ілдік.

Жаңа сабақпен таныстыру мақсатында ЖИГСО әдісін алдым. Мұндағы мақсатым тақырып ауқымды болғандықтан, қысқа уақыт ішінде тақырыпты толығымен меңгерту. Сондықтан мәтінді бөліктерге бөліп, әр топқа ұсындым. «Автор орындығында» әр топтан 1 оқушыдан шығып, өз бөліктерінен не түсінгенін әңгімелеп, дайындаған 2 сұрақтарын өздері қалаған топтарына қойды. Сергіту сәті ретінде тақырыппен байланыстырып «Табиғат құбылыстары» сергіту сәтін алдым. Балалар бір-біріне массаж жасау арқылы, қимылдап, көңілдері көтеріліп қалды.

Жаңа білімді бекіту мақсатында әр топқа тапсырмалар берілді.

1-топ: «Жауын-шашынның пайдасы мен зияны» тақырыбында Т кестесін орындады.

2-топ: Өзеннің бөліктерін тауып, құрастыртып, атауларын жазды

3-топ: Ертіс өзенінің бөліктерін картадан тауып, атауларын жазды.

4-топ: «Суды қорғау» тақырыбында постер жасады.

Әр топ тақтада өздерінің орындаған тапсырмаларымен таныстырып өтті.

Қорытындылау үшін деңгейлік тест жұмысын бердім. Оқушы өз деңгейіне байланысты тест сұрақтарына жауап берді. Дайын бағалау көрсеткіші арқылы бір-бірлерін жұпта бағалады.

Үй тапсырмасын слайд түрінде тақтада бердім, түсіндірдім. Оқушылар күнделіктеріне жазып алды.

Бағалауда топ басшылары әр кезеңде өздерінің топ мүшелерін бағалап отырды. сол бағалар жиынтығын қорытып, ортақ баға шығардық.

Кері байланыста әр топқа «Блоб ағашын» бердім. Әр оқушы бүгінгі сабақтағы өзінің орнын белгілейді. Әр топтан 1 оқушы өз орындарын неліктен солай белгілегенін айтты. Сабақ мақсатына қалай жеткенін айтып берді.

Сабқта 7 модульдің барлығы ашылды деп ойлаймын. «Оқытудың жаңа әдіс тәсілдері» сабақ бойында жүргізілді. Оқушылар бір-бірімен сөйлесу арқылы диалог жүргізді, тақырыпты талдады, өз ойларын айтты.

Сабақты жоспарлағанда, сабақ барысында оқушылардың жас ерекшелігі ескерілініп құрылды.

Венн диаграммасын құрып, сөздермен байланыстырып, ортақ қасиетін тауып, сын тұрғысынан ойлана алды. Постер, Т кестесін құрғанда, өзен мен көлді салыстырғанда да оқушылардың сыи ойлана алатынын көрсетті.

Оқу мен оқытуды бағалау сабақтың әр кезеңінде фармативті түрде, мадақтау, қолпаштау түрінде жүргізілініп отырды. Сабақ соңында оқушыар мен мұғалімнің сумативті бағалауы шықты.

АКТ сабақ барысында көмекші құрал ретінде слайд көрсетіп, музыка әуенімен сүйемелденгенде қолданылды.