Жоспар
І. Кіріспе.........................................................................................................1-2
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Мұнай өнімдерінен және майдан сабын алу жолдары...........................3-4
2.2. Қазақтың қара сабынын алаботадан алу технологиясы.........................5-8
2.3. Үй жағдайында сабын алу технологиясы................................................9-12
2.4. СЖЗ-дың адам денсаулығы мен қоршаған ортаға әсері........................13-17
ІІІ. Қорытынды...................................................................................................18
3.1. Пайдаланған әдебиеттер............................................................................19
3.2. Глоссарий...................................................................................................20
ІV. Қосымша
І. Кіріспе
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында бірқатар тұрмыстық химия өндірісі бар, оның ішінде ең ірілері консервіленген жағдайда тұрып қалады. Жалпы алғанда жуғыш және тазалағыш құралдардың нарығында жуғыш құралдарды шығарумен айналысатын 20-дан астам қазақстандық компаниялар жұмыс жасайды. Синтетикалық жуғыш құралдарды қазақстандық өндірушілерінің тауар сұрыптамасын талдау нәтижесі бойынша осы компаниялар өндіретін өнімдердің 70-80 %-ын сұйық жуғыш құралдар құрайтыны анықталды.
Жуғыш құрал, детергент (лат. detergeo — «жуамын») — бір нәрсені кірден тазалауға көмектесетін құрал немесе қоспа. Қоспа-детергенттердің ең көп тараған үш түрі бар: сабын, кір жуғыш ұнтақ және сусабын. Жуғыш құралдарға әдетте синтетикалық жуғыш құралдар (СЖҚ) мен сабын, сондай-ақ олардың әрекетін толықтыратын: ағартқыштар, салқындатқыштар, кір жууға арналған тұздар, түсті қалпына келтіргіштер, жібітуге арналған құралдар, дақты кетіруге арналған құралдар жатады. СЖҚ-ның негізгі мақсаты – құралдарды, беттерді, матадан жасалған бұйымдарды және мата емес материалдарды әртүрлі тектегі ластанудан тазарту. Синтетикалық жуғыш құралдар (детергенттар) көпкомпонентті композиция болып табылады және сұйық, паста тәрізді және ұнтақ тәрізді болады. Олардың барлығының құрамында беттік-белсенді құралдар (ББҚ), сондай-ақ ББҚ-ның тиімділігін арттыратын органикалық және бейорганикалық құралдар бар. [2]
Алғашқы детергенттер табиғатта кездесетін құралдардан алынған сабындар болды. Алайда май сабындардың кейбір кемшіліктері бар. Олардың жуғыш әсері негіздік ортада ғана пайда болады; кермек судың құрамында болатын кальцийлі және магнийлі тұздармен олар матаға тұнып қалатын және оны ластайтын жабысқақ ерімейтін тұздар түзеді. Сабынның құрамында болатын негіздер жүн және жібек матаның, сондай-ақ полиэфирлі талшықтан жасалған маталардың беріктігін төмендетеді, әсіресе жоғарғы температурада, сондай-ақматаның түсін өзгетуі мүмкін. Одан басқа, сабын үшін қажетті майлы шикі құрал тапшы тамақ өнімі болып табылады. Осылардың барлығы келесідей артықшылықтарға ие синтетикалық жуғыш құралдарды өндіруді және қолдануды дамытудың маңыздылығына себепші болады:1. СЖЗ өндірісі арзан шикі құрал негізіне – мұнай және газды қайта өңдеу өнімдеріне негізделген. Есептеулер СЖЗ өндіру шығыны 47%-дық кір сабын өндірісінің шығынының 65-70%-нан аспайтынын көрсетті. Синтетикалық жуғыш құралдар өндірісінің кең бағдарламасының жүзеге асуы көп көлемде тағамдық майды босатуға мүмкіндік береді. 2. СЖЗ кермек судың тұздарымен әрекеттеспейді немесе әрекеттескен кезде матадан оңай кететін қосылыстар береді. Көп СЖҚ жұмсақ, кермек, тіпті кейбірі теңіз суында да бірқалыпты жақсы жуады. Алайда, осы артықшылықтарына қарамастан, бұл өнімдер ағзамызды улап, қоршаған ортаны ластайтынын біріміз білсек, біріміз білмейміз. Мен ғылыми жобамда осы тақырыптар аясында біраз ізденіс жасадым. Таза табиғи орта “Қазақстан - 2030” стратегиясын жүзеге асыруда қоршаған ортамызды қорғауда азда болса өз үлесімді қосқым келеді.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Мұнай өнімдерінен сабын алу жолдары.
Мұнай-көміртегілер қоспасы болатын, жанатын майлы сұйықтық; қызыл-қоңыр, кейде қара түске жақын, немесе әлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі; өзіндік иісі бар; жерде тұнбалық қабатында орналасады; пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі.
Соңғы кезде майды үнемдеу мақсатында сабын алу үшін мұнай өнімдері құрамындағы көмірсутектерден карбон қышқылын алады:
2С36Н74 + 5O2 → 4С17Н35СООН + 2Н2O
Түзілген қышқылдарды бейтараптау арқылы сабын алынады [7-8]
С17Н35СООН + NaOH → C17H35COONa + Н2O (қатты сабын)
С17Н35СООН + Na2CO3 → C17H35COONa + Н2O + СO2
Карбон қышқылы тұздарының (сабынның) гидролизі кезінде сілті түзіледі:
С17Н35СОО- + Na+ + НОН → С17Н35СООН + Na++ ОН-
Сілті майлы заттарды ыдыратады, ал карбон қышқылы — беттік белсенді зат (ББЗ) . Ол екі сұйықтың немесе сұйық пен газ шекарасында беттік керілуді төмендететін зат. ББЗ болу үшін оның құрамындағы топтар әр түрлі затпен әрекеттесуі керек. Карбон қышқылы молекуласының беттік белсенді заты су мен органикалық сұйықтық шекарасында. Карбон қышқылында гидрофобты (гр. hydro -су және phobos — қорқады) көміртек қалдығы және гидрофильді (гр. hydro -су және рһіlіо-сүйеді, ұнатады) карбоксил тобы бар. [9]
Сабын молекуласы екі бөліктен тұрады, көмірсутек тізбегі майдың құрамында, ал—COONa+ тобы суда болады.Сабындардың жуғыш қасиеті-жуылатын беткейлердегі жабысқан кір бөлшектерін эмульсия, суспензия түріне ауыстыра алатын мүмкіндігіне байланысты. Синтетикалық қышқылдардан алынатын сабындар химиялық табиғаты жағынан кәдімгі сабындарға ұқсас бола тұра, кемшіліктері де бар, мысалы кермек суда кір ашпайды. Сондықтан қазір жуғыш заттардың басқа түрлерін өндіру әдістері дамуда. Сондықтан жуғыш заттар жасағанда олардың жоғары жуғыштық қасиеттерін ғана қамтамасыз етіп қоймай, ол заттардың биологиялық ыдырағыштығына да - тіршілік әрекеті процесінде микроорганизмдердің кейбір түрлерінің оларды соңынан жою мүмкіндігіне басты назар аударса, қоршаған ортамызда таза ұстауда өз үлесін қосар еді.
Майдан сабын алу
Майлар дегеніміз- триглицеридтер- органикалық қосылыстар; негізінен глицерин мен бір негізді май қышқылдарының күрделі эфирлері; глицерин мен жоғары карбон қышқылдарының күрделі эфирлері липидтерге жатады. Табиғи майлар молекуласындағы қаныққан май қышқылдары стеарин, пальмитин, ал қанықпаған май қышқылдары олеин,линол,линолен қышқылдарынан тұрады. Табиғи майлар жануар және өсімдік майлары болып екіге бөлінеді.
Майдың құрамын француз ғалымдары М.Шеврель мен М.Бертло анықтады. XIX ғасырдың басында Шеврель майға су қосып, сілті қатысында қыздырғанда(стеарин және олеин) түзілетінін тапты. Ал Бертло кері реакция жүргізді(1854ж). Глицерин мен карбон қышқылдарының қоспасын қыздырып, майларға ұқсас зат алды.
Сабын және басқа заттар алу үшін көбінесе қатты майлар керек. Ал қатты майлар- өте бағалы азық-түлік. Сондықтан да қатты майлардан арзанырақ келетін өсімдік майларын қатты майларға айналдырып, содан кейін оларды қайтадан қандай да бір техникалық өңдеу арқылы алады. Сұйық майлардың қатты майлардан ерекшелігі құрамының қанықпағандығы- көмірсутек радикалдарына қос байланыстың болуы. Қанықпаған сұйық қышқылдардың құрамына сутегін қосып, қатты қышқылдарға айналдыруға болатыны тәрізді, сұйық майлардың да құрамына сутегін енгізіп, оларды қатты майға айналдыруға болады. Гидрленген май - сабын өндірісіндегі бағалы өнім. Күрделі эфир болғандықтан, майлар - минералды қышқылдар,сілті қатысында қыздырғанда гидролизденеді.Реакция нәтижесінде глицерин мен карбон қышқылы түзіледі:
Күрделі эфир + су = глицерин + карбон қышқылы
Сілті қатысында гидролиздегенде, глицерин мен карбон қышқылдарының тұзы (сабын) түзіледі. Бұл реакция майдың сабындану реакциясы деп аталады.
Май + сілті = глицерин + сабын
Егер майларды сода немесе сілті қосып қыздырса, сабын түзіледі. Сабынды бөлу үшін натрий хлоридін (ас тұзын) қосады. Сабын алу үшін қатты майлар қолданылады. Қатты майлар бағалы тамақ өнімдері, сондықтан құрамында қанықпаған қышқылдары бар сұйық майларды қатты майларға айналдырады.[5]
2.2. Қазақтың қара сабынын алаботадан алу технологиясы.
Бағзы халқымыз көшіп - қонып, жаз жайлау, қыс қыстауда күнелтіп жүріп, өзінің кір - қоңын, киім - кешегін, көрпе - жастығын мұнтаздай таза ұстаған. Даласы қалай таза болса, үй - іші де сондай ретті, оюлы сырмағы қағулы, түскиіз, шымылдығы жуулы тұратын. Әсіресе, халық өзі қолдан жасайтын қара сабыны кірді кетіруімен, емдік қасиетімен, үнемділігімен ерекше. Бүгіндері ұмыт болып бара жатқан бұл сабынды жасаудың өзі оңай шаруа емес.
Алдымен «Ол кім? Бұл не?», «Дәрілік өсімдіктер», энциклопедия және басқа да ғылыми көпшілік әдебиеттермен, газет-журналдармен жұмыс істей отырып, алабота тұқымдасының сыртқы құрылысымен таныстым.[10]
Алабота тұқымдасына бүкіл жер шарына тараған бір жылдық немесе көп жылдық сортаң топыраққа төзімді өсімдіктер жатады. Сабақтарының түрлеріне қарай ағаш (сексеуіл); бұта (баялыш); жартылай бұта(изен, итсигек); шөптесін (алабота) болып бөлінеді.Қазақстанда бұлардың 47 туысы, 218 түрі бар. Бұлардың көпшілігінің сабағы бұтақты болып келеді, жапырақтары кезектесіп, немесе қарама-қарсы орналасады. Гүлдері түссіз, ұсақ гүлшоғырына жиналып, масақ құрайды. Жемісі – жаңғақша. Тұқымының сақиналы немесе оралма ұрығы болады.[9]
Алабота – бұл кәдімгі арамшөп, жол жегінде, егістіктерде кездеседі. Алабота тік сабақты, жапырақтары өте жиі тармақталған сабаққа кезектесіп, кейбіреулерінде қарама-қарсы орналасады, жапырақтарының пішіні әр түрлі, Жапырақ бетінде ақшыл дақтары болады. Алабота – бір үйлі, дара жынысты гүлді өсімдік. Көріксіз майда гүлдері шоқ-шоқ болып топтанып масақ тәрізді гүл шоғырын құрайды. Гүлсерігі – бес тармақты, жеміс қабы- үлпекті. Аталығы – 5, аналығы – 1. Тұқымы тығыз қабықты бозғыл қара түсті, жылтыр болып келеді. Бозғылт тұқымдары ерте, түсі қарасы кеш піседі. Оны халық медицинасында және бояу дайыдауда пайдаланады.
Алабота өсімдігінің биохимиялық құрамы мен дәрілік қасиеттері.
Алботаның арамшөп ретінде зиянынан гөрі адам өмірінде емдік, азықтық қасиеті басым екенін білдім. Бүгінгі таңда халықтың әл-ауқатының төмендеуіне байланысты қышыма ауруы ауылды жерлерде көп таралуда. Осыған қарсы күресуде алаботаны пайдалагуға болады.
1 л суға 40-60 г ұнтақталған алаботаны 10-15 минут бұқтырып, бөлме температурасында суытып, сүзіп алып, қотырды жуады.Оның «Денсаулық» журналының және Пастушенковтың «Дәрілік өсімдіктер» кітабындағы деректер айғақтады.[6]
Жас өспірімдердің тік ішегіндегі паразит құрттарды (аскарида) түсіру үшін алаботаның 1- 2,5 грамын 1 стакан суға бұқтырып, аш қарынға тамақ ішуден 1 сағат бұрын 2 ас қасықтан күніне 3 рет ішкізеді. Бұл емді ежелгі грек дәрігері Гиппократтың өзі ұсынған.
Үлкен дәреттің дұрыс жүрмеуінің басты себебі - өт пен бауырдың, ұйқы безі қызметінің бұзылуы. Асқазан, ішек қуысы, әсіресе үлкен дәрет жүрмей қалған да балалардың мешел ауруына, зәр, өт жүрмей қалғанда мынадай қайнатпаны пайдаланады: 4 ас қасық кептіріліп, жанышталған алаботаны 1 стакан қайнаған суға 10 минут бұқтырып, бөлме температурасында суытып, сүзіп алып, бір стаканнан аш қарынға күніне 3 рет ішеді.
Халықтық медицинада жас алаботаны жаныштап, сөлі шыққан соң денеге шыққан сыздауық пен шиқанның ауызына тартса, ішіндегі ірің мен соқтасын тартып алады дейді. Бұдан жас алаботаның құрамындағы макроэлементтер мен биохимиялық қосылыстардың ерігіштік, сорғыштық қасиетінің бар екенін анықтауға болады.
Алаботаның қайнатпаларынан ағзаның ішкі және сыртқы бөліктерін емдеуге болатыны бауыр мен өт жолының қызметін реттейтіні және қайнатпаларының ерігіштік, сорғыштық қасиетінің бар екені туралы қорытынды жасадым.
Алаботадан сабын алу технологиясы.
Тамыз айында бау-бақшадан немесе егістіктен 50 кг алабота жинау керек.
Алаботаны күн тимейтін көлеңке жерге кептіру. Алабота қызып, шіріп, кетпес үшін күнделікті екі уақыт аударыстырып, отыру керек. Бір айдан кейін кептірілген алаботаны өртеп, күлін алу.
Сақар алу. Ол үшін қазанға су құйып, қайнаған су үстіне алаботаның күлін, күлдің нілі суға әбден шыққанша 20 минут отқа қайнату . Қайнау барысында күл құрамындағы еритін тұздар ериді, түзілген ерітіндіні шұңғыл ыдысқа құйып алып, күл түбіне шөккенше тұндырған дұрыс.
Ерітіндінің бетіне шыққан жеңіл затарды сүзгімен сүзіп алып, түбіндегі тұнбасын төгіп тастау қажет. Қазанды тазалап жуып, ішін жақсылап күнбағыстың майымен және тоң маймен майлау. Сүзіп алған 3 л нілді суды қазанға құйып, әбден су алғанша қайнату. Су қоймалжыңдана бастағанда отты баяулатып, ерітіндіні араластыру. Су тартылғанда ерітінді сақарға айналады. Су мүлде суалған кезде қазан түбінде пайда болатын ұнтақ-сақар деп аталады. Сақардың да емдік қасиеті бар. Жылқының ішіндегі паразит құрттарды түсіру үшін сақардың 9-11 сықпасын жұтқызып, емдеуге болады. Сақарды қазаннан салып алып, құрамында К2СО3 – тің бар екені төмендегі тәжіриебемен анықтауға болады.[10,12]
Құрамындағы затты анықтаған соң, қазанды қайта жуып,900г тоң май салып, қатты қыздырады. Қайнаған майдың үстіне 250 г сақар салып, отты жайлап қана жағып қазандағы затты қайнату(от көп жағылса сабын жалындап күйіп кетеді). Сабын үйіріліп, біріккен кезде қазан құрғақ тегіс жерге түсіріліп, суытылады. Нәтижесінде 750г қара сабын алынды .[11]
Қара сабының емдік қасиеті
Қара сабынның емдік қасиетімен танысуда «Денсаулық» журналының 1992 жылғы № 5-6 санында жарық көрген Өтепберген Ақылбековтың «Сабын» атты мақаласы көмектесті.Қара сабын қотыр, басқа да жарақаттардың тез жазылуына әсер етеді: тәнді жұмсартады, суық тигенде сылаумай ретінде қолдануға болады, ісікке, домбыққан жарақатқа тартса, бітеу жараның соқтасын сорып алады, Ертеректе адам уланғанда құстырып, ішін тазартуға пайдаланған. Сонау сақ-ғұн заманынан бері ата-бабамыз тұрмыста химияны пайдаланған. Қолдан жасалған қара сабын экологиялық тұрғыдан таза, кәдімгі сабыннан кем емес. Сонымен қатар қолдан жасалған қара сабын кірді жақсы кетіріп, қолды техногендік аурулардан сақтайды.[12]
Ұлттық технологиямен жасалған қара сабынның артықшылығы
Біріншіден қолдан жасалынған сабын сізге арзанға түседі, ақшасыздық жайлап жатқан бұл уақытта осы жаңалық сізге майдай жағатыны сөзсіз.
Екіншіден сабынға қосылатын заттар табиғи таза шикізат болғандықтан ол тері ауруларын туғызбайды, яғни ол сіздің қазіргі таңда қымбатқа алып, оған қоса түрлі тері ауруларын туғызатын ұнтақ пен иіс сабыныңыздан 100 есе асып түседі.Үшіншіден оның емдік қасиетіде бар тері күйгенде, қышыма, қотырға пайдаланады. Ал түрлі су сабынның әсеріне көнбейтін сіздің бас теріңізге бұл таптырмайтын дәрі-дәрмек болмақ, себебі ол жұмсақ және антицептик рөлін атқарады.Шын еңбектенсеңіз қара сабынның қол жуғаннан кейін жағымды иісі шығады.
2.3. Үй жағдайында сабын жасау технологиясы.
Үй жағдайында сабын қайнату – өте жағымды және шығармашылық процесс. Өйткені, сіз оған өзіңіз қалаған қоспаларды қосып, кез келген рецепт бойынша дайындай аласыз. Сізге тіпті өзіңіздің жеке рецептіңізді ойлап тауып, дайын өнімге кез келген түс пен түрлі пішін жасауыңызға болады. Қысқасы, өз қиялыңыз жеткенше жасай беруініңзге болады. Ал сабын қайнату процесі әркімге де ләззат сыйлайтыны сөзсіз.Сабын жасау үшін:үккіш,ыдыстар(кішкентай және үлкен),бояу мен қоспасыз балалар сабыны,сабынның массасын езуге таза су немесе шөп қайнатпасы,глицерин және Е дәрумені,эфир майлары,сабынға арналған қалып(міндетті түрде сабынға арналған емес,кез келген пластмасса,шыны т.б),сұлы ұны,май (зәйтүн майы,бадам майы,өрік,шабдалы т.б)
Глицерин – түссіз шәрбат тәріздес сұйықтық, тәтті дәмді, иіссіз. Глицерин барлық қатынаста сумен және спиртпен араласады, эфирде және майлы майларда ерімейді. Глицерин ерітінділері әр түрлі жақпалар ретінде кеңінен қолданылады. Сулы емес глицерин гигроскопиялық және теріге тітіркендіргіш және сусыздандырғыш ерекет етеді. Сондықтан фармацевтикалық тәжірибеде абсолютті емес глицерин қолданылады, 80-90%: шартты тығыздығы 1,224-1,235 сулы ерітінді. Мемлекетттік фармакөшірме бірінші сұрыпты және сумен шартты тығыздығы 1,225-1,235 дейін, сұйылтылған таза және дистильденген глицеринді қолдануға рұқсат етеді. Дәріханаларда глицериннің концентрациясын рефрактометриялық әдіспен анықтайды: 86-90% глицериннің сыну көрсеткіші 1,4524-дан 1,4584-қа дейін құрайды. Глицеринді, оның жоғары гигроскопиялығына байланысты, жақсы жабылатын сыйымдылықтарда сақтайды.[2]
Глицериннің 25% және одан да жоғары концентрациялы ерітінділері микробты контаминацияға түспейді, ал сұйылтылған ерітінділері, керісінше, микроорганизмдер үшін жақсы орта болып табылады. Осындай қасиеті үшін сабынның құрамына міндетті түрде қосуымыз керек.
Көбінесе фармацевтикалық технологияда келесі майлар қолданылады: миндаль, шабдалы, өрік, оливка және күнбағыс. Бұл майлардың сапасы МФ ХІ регламенттеледі, ал ол өз кезегінде жеке басылымдарда көрсетілетін белгілі талаптарды – сандық көрсеткіштерді: тығыздықты, сыну көрсеткішін, қышқылдық санын (2,5 астам емес), сабындану санын, йодтық санын қамтиды.
Өрік майы тері майының орнын толтырып, теріні сыртқы ортаның әсерінен қорғайды.
Авакадо майы ұсақ әжімдердің тартылуына ықпалын тигізіп, теріні ылғалдандырып, қоректендіреді.
Базилик майы теріні тыныштандырып, бет пен мойын бұлшық еттерінің босаңсып демалуына көмектеседі.
Грейпфрут майы жасушалардың қалпына келуін қамтамасыз етеді. Теріні сергітіп, майдың тым көп бөлінуімен күреседі, сол себепті оны майлы теріге қолдануға кеңес береміз.
Жожоба майы теріні жақсы ылғалдандырып, құрғағаннан сақтайды. Тым құрғап кеткен, қабыршақтанған теріні емдей алады.
Какао майы шаршаған кездері көмекке келе алады. Оның жұмсарту мен тыныштандыру қасиеті құрғаған теріні ылғалдандырып, иісі бойыңызды сергітеді. [2]
Үй жағдайында сабын жасау үшін төмендегі әрекеттерді орындаймыз. Ең алдымен үлкен және кішкентай екі кастрөлді алыңыз. Үлкеніне толтырмай су құйып, отқа қойыңыз. Кіші кастрөлді үлкенінің ішіне салыңыз – осылайша су моншасын жасайсыз. Енді балалар сабынын ұсақ үккіштен өткізіңіз (оны алдын ала жылытып алуға болады) немесе арнайы сабынды негізді дайындаңыз.Үлкен кастрөлдегі су қатты қызғанда, кішкентай кастрөлге аздап зәйтүн майын құйыңыз – әр 100 гр сабынға 2 ас қасық майдан есептеңіз. Май бірден дерлік ысиды, енді оның үстіне сабын ұнтағын себу керек. Артынша 100 мл ыстық су (не шөп қайнатпасын) құйып, араластырыңыз. Егер сіз сабынды арнайы дайын негізден жасасаңыз, су құйып қажеті жоқ. Егер балалар сабынынан қайнатсаңыз, қоспаның тым қою болып кетпеуін қадағалаңыз – оның консистенциясы құймаққа арналған қамырға ұқсас болуы тиіс, ал сабынды негізден жасалғаны біршама сұйық болып шығады. Сабынға бояғыш, қоспа және дәрумендерді қосыңыз. Эфир майларын ең соңында, қалыпқа құяр алдында қосасыз. Қоспаны қалыптарға құйыңыз. Балалар сабынынан жасалған қоспа болса, қалыпты алдын ала майлап алған дұрыс (зәйтүн, шабдалы, өрік, бадам майы, т.б.)Жасалу жолы осымен аяқталды, енді қалыпқа құйылған балалар сабынының негізіндегі қоспаны 4-5 сағатқа, ал сабынды негізден қайнатылғанын 1-2 сағатқа қойыңыз. Осы уақыттан кейін сабынды қалыптан алуға болады. Егер оңай шықпаса, қалыпты бірнеше секундқа ыстық суға батырыңыз. Дайын сабынды целлофан немесе аспаздық қаптамаға орап қою қажет. [2]
“Сұлы сабынын” жасадым. Сұлының емдік қасиеттері мен теріге пайдасы ертеден белгілі. Сұлы теріні жұмсартады, тыныштандырады және сабын құрамындағы ұлпалары ескі теріні үгітеді, сол себепті сұлы сабыны балалар мен үлкендердің сезімтал және нәзік терілеріне жағады. Сұлы сабыны құрғақ және проблемалы беттер үшін де ұсынылады. Теріні нәрлендіреді, ылғалдандырады, дәрумендермен байытады және жасартатын қасиеті де бар.
“Какао” сабынын жасадым. Какао және кофе бет терісін нәрлендіреді. Бұл сабынды терісі сезімтал апа-әпкелеріміз қолданса болады. Ол үшін сабынды негізімізді су моншасында ерітіп, қоймалжың ерітіндімізге араластыра отырып, какао саламыз. Қалыпқа құяр алдында аздап эфир майын қостым. Дайын болған сабынды негізді қалыпқа құйдым. Қалыпты майлап алған дұрыс. Сабын оңай алынуы үшін. Дайын болған өнімді суытып,кептіреміз.
3. Сәнқауақ қосылған «апелсинді» сабын (бұл сабынмен жуынған кезде тамаша массаж қабылдағандай әсер береді). Мұнда да бірінші үлгідегідей алғашқы болып мөлдір сабынды негізді кесіп аламыз, үстіне жарты шай қасық итмұрын мен жарты шай қасық шырғанақ майларын қосамыз. Сол кезде табиғи қызғылт сары түс пайда болады. Сосын үстіне бірнеше тамшы апельсиннің эфир майын қосса, керемет хош иіске бөленеді! Дөңгелек қалыпшаға бір түйір сәнқауақ шеңберін салып, қалыпшаны байытылған және әрлеген сабын негізіне толтырамыз, артынша суытуға жібереміз.
Қолдан жасалған сабынның химиялық жолмен жасалған сабыннан артықшылығы:
- Әрине бұл сабынды сіз сатып алмай оны қолдан жасайсыз. Сізден шығатын шығын тек шыдамдылық пен еңбек сүйгіштік . Егер бұл қасиеттер сізде бар болса онда қауіпсіз және пайдалы сабынның алақаныңызда жатуы әбден мүмкін;
- Ата-анамызға, достарымызға, тумаларымызға ерекше тосын сый жасай аламыз;
- Өзіміздің бет терімізге лайықты, құрамы белгілі сабын жасауға мүмкіндігіміз бар.
2.4.Синтетикалық жуғыш заттар. Құрамы, қасиеттері және жіктелуі
Тұрмыста кір жуу – ең қиын процесс. Кір жууда көмекші ретінде беттік-активті заттар (БАЗ) болып табылады. Тұрмыстық химияда кір жуғыш ұнтақтардың ролі зор. Беттік активті заттар дегеніміз (БАЗ) – молекуласында бір мезгілде екі қарама-қарсы қасиеттері бар топтар: полюсті (гидрофилді) және полюссіз (гидрофобты) топтар бар органикалық қосылыстар.
Кір жуу процесі 3 кезеңнен тұрады:
1) тазаланатын беттен кір бөлшектерін бөлу;
2) суда ерімейтін кір бөлшектерін ерітіндіге өткізу;
3) кір жуғыш ерітіндідегі жүзінді бөлшектерді ұстау, яғни ресорбцияны болдырмау
Бірінші және екінші кезеңді БАЗ қамтамасыз етеді. Ең тиімді БАЗ-ға алкилсульфаттар жатады. Алкилсульфаттар дегеніміз – күкірт қышқылының жоғары спирттерден түзілген эфирлерінің натрийлі тұздары RO—SO2-ONa,мұндағы R – 8-18 көміртек атомы бар қаныққан көмірсутек радикалдары.
БАЗ өндірудің негізгі кезеңдері:
1) Күкірт қышқылы мен жоғары спирттердің күрделі моноэфирін алу:
C16H33OH + H2SO4 → C16H33O-SO2-OH + H2O
2) Алынған эфирді сілтімен бейтараптандыру:
C16H33O-SO2-OH + NaOH →С16H33O-SO2-ONa + H2O
Цетил күкірт қышқылының натрий тұзы
Жақсы кір жуғыш ұнтақ – бұл тазалық белгісі. Олар әруақытта жағымды иісті және киім-кешекті, заттарды кіршіксіз етіп тазалауы керек. Қазіргі тұрмыста пайдаланып жүрген ұнтақтар осы талаптарға сай келгенімен, олардың екінші жағы бар, ол – айналадағы қоршаған ортаға келтіріп жатқан зиянды әсері.
Кір жуғыш ұнтақтар негізінен мынандай компоненттерден тұрады.Олар екі топқа бөлінеді: активтілігі жоғары заттар және қосымша заттар немесе активаторлар. Активтігі жоғары зат ретінде алғашқы орында сабын эффектілігі жөнінен жоғары, ал активаторлар ретінде түрлі ферменттер (органикалық және белоктың дақтарын кетіруге арналған), тазартуға не ағартуға арналған заттар, полифосфаттар (суды жұмсартуға арналған), сондай-ақ ароматизаторлар т.б.
Универсалды ұнтақ – бұл ұнтақпен кез-келген матадан тігілген заттарды автомат машинамен де, қолмен де жууға болады. Универсал деген атынан белгілі шаң-тозаңды, тер мен кірді барлығын кетіреді.
Активтігі жоғары заттар қосылған ұнтақтар бар олардың көмегімен кофе, шай, жеміс-жидек, май, соус дақтарын кетіруге болады. Олардың атына «Био» деген сөз қосылып жазылады.Құрамында ағартқыштары бар және аз көпіршіктенетін активтігі жоғары заттары бар ұнтақтарда, кірді, дақтарды кетіреді, бірақ универсал ұнтақ сияқты кетіре алмайды. Осындай ұнтақтармен кез-келген матаны жууға болады, бірақ тек ағартуға болатын материалдарды. «Универсал» ұнтақ-пен салыстарғанда көбірек жұмсалады.Салқын сумен жууға арналған ұнтақ синтетикалық және жұқа маталарға арналған. Мұндай ұнтақты пайдаланған кезде суды қыздырудың керегі жоқ, бұл бір жағынан электр энергиясын үнемдеуге мүмкіндік береді. Биоқоспалары бар ұнтақтар- табиғи ферменттерге жақынырақ. Фермент-тер әртүрлі дақтарға тереңірек әсер етіп, тамақтың, сусынның дақтарын кетіреді. Биоқоспалар 60 градуста әсер етіп, ыстық суда ыдырайды. Отандық кір жуғыш ұнтақтар базарларымызда жоқ десе де болады.Көбінесе шетелдік компаниялардың өнімдерін қолданып жатамыз. Таңдау әркімнің өз еркінде.Әзірге, кез-келген кірге арналған кір жуғыш ұнтақтар жоқ десе де болады. Сондықтан әртүрлі кір жуғыш ұнтақтарды пайдалануға тура келеді. Таңдау көп болған сайын киімдерімізде таза, әрі көпке дейін жарамды болады.
Жуғыш заттардың пайдасы
1. Күйікке (суға немесе отқа күйгенде) сабынды езіп жақсаңыз ісікті қайтарып, ауырғанын басады.
2. Газ шелегінен газ қашу жағдайы туылған сәтте сабынды жылытып саңлауына жақсаңыз тоқтата тұруға болады.
3. Қымбат метал сағаттың білекке тиіп тұратын бөліктеріне сабын жағып, құрғақ шүберекпен сүртіп тастасаңыз тердің металды бүлдіруінен сақтануға болады.
4. Қабырғаға немесе ақ бұлға қыл қаламмен жазу жазарда түрлі-түсті сияға аздап сабын ертіндісін қоссаңыз жазу тіпті де айқын түседі әрі ұзақ мерізімге жазудың өңі ағарып кетпейді.
5. Қабырғаға қағаз жапсырғанда, аздап сабын ертіндісін қоссаңыз қағаз оңай жапсырылады және желімнің қабыршықтанып түсуінен сақтана аласыз.
Мысық еденге «бүлдіріп» қойса, дереу тазалыққа кірісіңіз. Әйтпесе жағымсыз иіс бүкіл бөлмеге тарап кетеді. Алдымен хлормен, содан кейін кір жуатын ұнтақ қосылған жылы сумен жақсылап жуып өтіңіз. Сондай-ақ су, 9%-ды сірке суы мен арақты тең мөлшерде алып, оған шамалы марганец ерітіндісін салып, осы қоспамен жуса, иісі кетеді. Бірақ ашық түсті затқа қолданбаңыз, себебі марганец ерітіндісінің бояуы сіңіп қалуы мүмкін.Сұйық сабын гигиена талаптарына сай болып келеді. Оны қатты сабын секілді әркім қолына ұстамайды. Тек ыдысынан керектісіне қарай құйып аладыДушта қатты сабынды езгенде кейде қолымыздан сырғып түсіп кетіп жатады. Сұйық сабынды пайдаланғанда ондай ыңғайсыз жағдайлар туындамайды.Сұйық сабын қатты сабын секілді кеуіп, не езіліп кетпейді. Ол қанша уақыт тұрса да, алғашқы құрамы мен қалпын сақтап тұрады.
Жуғыш заттардың зияны
Үлкен перзентханада қысқа уақыттың ішінде оншақты жаңа туған сәби түсініксіз жағдайда қайтыс болған. Тексеріп қарағанда оларды ораған жаялықтарда кір жуу ұнтағының құрамындағы фосфаттың мөлшері 60 пайыздан артып кеткен. Дәрігер мамандар осы химиялық қоспа балалар өліміне себепші болған деген тұжырым жасады. Егер кішкентайлар ұйықтар алдында белгісіз бір себептерге байланысты жыбырлай берсе, онда оған төсеніштерді жуатын ұнтақ себепші екенін ұмытпаңыз.Сонымен қатар, ыдыс-аяқ жуатын химиялық қоспаларға да назар аударған жөн. Ыдыстарда шайылмай қалған химиялық заттар тамақпен бірге ілесіп, адам ағзасына залалын тигізеді. Бүгін Европа құрамында табиғи түрдегі заттары бар ыдыс-аяқ жуатын құралдарды әлдеқашан мойындап, оларды шығаруды өндірістік жолға қойды. Яғни, химиялық қышқылдарды жойып, соның негізінде адам ағзасына тамақпен түсетін химиялық қоспаларды залалсыздандыруға көмектеседі.Ыдыс жуғанда ұнтақтың 1-1, 5 ас қасығын қосыңыз. Кір жууда көп қолданылатын ағартушы жуғыш та зиянды. Құрамында хлор, натрий гидроксиді, парфюм бар. Сонымен қатар карбон тетрахлор, хлороформ сияқты заттар бар. Бұл заттар қатерлі ісік ауруын тудыруы әбден мүмкін. Ағартушы құрамындағы аммиак тазартқыштармен қосылған кезде зиянды газдар ортаға шығады екен. Ал бұл газ адамның тыныс алуын қиындатып, өкпенің қабынуына жол ашады. Кір жуу ұнтағының құрамындағы суда ерімейтін аммиак пен мұнай қоспаларының адам денесіне залалы орасан зор. Құрамында фосфат элементі бар кір жуатын ұнтақтар қоршаған ортаға да көп залал келтіретінін ғалымдар әлдеқашан дәлелдеп шықты. Кір жуғыш ұнтақтардан басқа өндірісте және ауыл шаруашылығында жүздеген мың тонна сульфат, хлорид элементтері пайдаланылады. Олар да суды залалдап отыр. Бұдан шығатын қорытынды – адам өміріне төнетін қауіп-қатер жылдан-жылға өсіп келе жатқанын көреміз. Және бір мысал келтірейік. Өткен ғасырдың 70 жылдарында теңіз суының бір текше метрінде 50 грамм микроорганизмдер болған, ал бүгінде бұл көрсеткіш 1000-1200 граммға жетіп отыр. Тыныс демікпесі ауруына шалдыққандар, аллергия, экземаға сезімтал терілері барлар кір жуу ұнтақтарын қолданыстан мүлдем шығаруы керек. Сонымен қатар жұмсартушылар да зиянды. Сонымен қатар ағзамызды шипалы шөптермен тазартуға болады. Түйе тікені бауыр ауруына, жасыл шай қатерлі ісік дертіне қарсы, аю жүзімі бүйрекке, қарныжарық шөбінің дәні іш құрылысқа пайдасы бар. В1, В2, С, А, Е дәрмендері бар тағамдарды қолданғанымыз жөн. Іріңдеген жараларға сықпа майын жаға бергеннен, кір сабынның көмегін пайдаланған да жақсы. Ол үшін кір сабынды ірі үккіштен өткізіп, табаға ені 1 сантиметр етіп жаймалап салыңыз. Үстінен сабынның көлемінен екі есе асатындай етіп сүт құйып, әбден қою болғанша баяу отта бір жарым сағат бойы қайнатыңыз. Суыған осы қоспаны жұқалап қағаз бетіне жағып, жара үстіне бинтпен орап қойсаңыз жетіп жатыр. Үш күн қайталасаңыз жараның іріңдеуі қойып, тез жазылып кетеді.
Сулы беторамалды кір сабынға үйкеп, ащы иісін 5-10 минуттан күніне үш рет иіскеп тұрған адам тұмауынан айығады.
Жобамды нақтылай түсу үшін оқушылармен және ата-аналармен сауалнама жүргіздім.
Cауалнама ( 8-сынып оқушыларына)
1.Жуғыш заттарды жиі қолданасыз ба?
а) иә б)кейде в)жоқ
2.Жуғыш заттардың зиянын қаншалықты білесіз?
а)білмеймін б)орташа в)жоғары
3.Қандай сабынды қалданған пайдалы?
а)сұйық б)қара сабын в)иіс сабын
4. Сабынның шығу тарихын білесіз бе?
а) білмеймін б)білемін в)соншалықты қызықтырмайды
Сабынның қандай түрлерін білесіз?
А) білмеймін б) білемін в) соншалықты қызықтырмайды
6. Қазақтың қара сабынының жасалу жолын білесіз бе?
А) иә б) жоқ в)қызықтырмайды
8-сынып оқушыларының сауалнамаға жауап бергенде шыққан қорытындысы оқушыларымыз жуғыш заттардың зиянын аса білмейтінін және оны сатып алғанда иісіне, көлеміне, түріне, түсіне қарайтынын анықтадық.
Cауалнама ( ата - аналарға)
1.Жуғыш заттарды несіне қарай сатып аласыз?
А)сапасына б)бағасына в)көлеміне
2.Жуғыш заттарды сатып алғанда кіммен кеңесесіз?
А) ешкіммен б)сатушымен в) өзім құрамына қарай аламын
3. Қандай сабынды жиі қолданасыз?
А) сұйық б)қара сабын в)иіс сабын
4. Қандай жуғыш заттардан аллергияныз ба?
А) жоқ б) сабындардан в)ұнтақтардан
5.Жуғыш заттарды қайдан сатып аласыз?
А) таңдамаймын б) ашық дүкендерден в) кіші маркеттерден
6.Балаларыңызды жуғыш заттардың зиянынан қалай қорғайсыз?
а)қорғамаймын б) мүмкндігінше сапасына қараймын в)кейде
Ата – аналардың қорытындысы бойынша аналарымыз жуғыш заттардың құрамына сапасына қарайтыны және өз отбасы үшін зиянды заттарды мүмкіндігінше пайдаланбайтынын көрсетті.
ІІІ. Қорытынды
Сонғы кездері танымал болып келе жатқан сабынды қолдан жасау– көп ғасырлардан бері белгілі кәсіп. Бұрынғы кезде сабынды қолдан қажеттілік үшін ғана жасаған болса, қазір бұл адамдарға қуаныш әкелетін өнерге айналған. Қолдан сабын дайындау бизнесінің идеясы өте қарапайым және де бастаушы кәсіпкерге сай.Қолдан жасалған сабын:
• Бұл экологиялық таза өнім. Оның негізі – табиғи балаларға арналған сабын, глицерин, эфир майы, шөптер.
• Қолдан жасалған сабынның сыртқы пішіні де тартымды. Бұл дүкендегі ұсқынсыз, химиялық хош иісті сабын кесегі емес, оның әр шығарылымы өздігінен қызықты әрі ерекше.
• Сабынды қолдан жасау барысында өзіннің,достарының қалауы мен қажеттіліктері ескеріледі. Құрамы: түс, көлемі, пішіні – барлығы да арнайы тапсырыс бойынша жасалына алады.
Мен осы ғылыми жобамды бір жылға жоспарладым.Бірінші, заттардың жалпы зияны мен пайдасын,шығу тарихы мен қолданылу аясы туралы ғаламторлармен, кітап-журналдардан мәліметтер жинақтадым. Екінші, ғылыми жобамды сол жуғыш заттардың ішінен күнделікті қолданып жүрген сабынның жасалуын жолдарын ізденіп ,иіс сабынды жасадым. Иіс сабынның құрамындағы барлық қолданған заттар табиғи заттар,адамның терісіне ешқандай кері әсері жоқ екенін зерттедім. Қорытындылай келе, біздің өміріміз СЖЗ-мен (кір жуғыш ұнтақтар,сабындар) тікелей байланыста болғандықтан, жуғыш заттарды қолданған кезімізде қауіпсіздік ережелерін сақтап, барынша қоршаған ортаны ластамауға тырысуымыз керек. Қоршаған ортаны, яғни табиғатымызды қорғау өндірістегі химиктер мен технологтарға байланысты. Әрбір химиялық препаратты қалай неге салып шығару жағын дұрыс ойластыру керек. Босаған қорап, сауыт, құты, дорбаларды қайта пайдалану, оны жаңадан әзірлегеннен кейін 3-6 есе арзан түседі. Таза табиғи орта сақтау үшін әр адам өз отбасынан бастау керек.
Ұсыныстар
1.Сабынның сыртқы қорабын қоқысқа тастамай пайдаға жарату керек.Ол үшін сабынның қорабының құрамына тыңайтқыш қоспаларын қосу керек. Оны гүлдің топырағына жыртып салғанда гүлдің жақсы өсуіне септігін тигізеді.
2.Оқушылар мен ұстаздар үшін: қалтада жүруге ыңғайлы, аузы дөңгелек, алақанға сипағанда тез жағылатын және микроб кетіретін қасиеті бар сабын болса. Себебі бор мен тақта сүртетін шүберекті пайдаланғаннан кейін қолымызды жай сумен жуып, ас жеу денсаулығымызға зиянын келтіреді.
3.Мектепте қолдан сабын жасау үйірмесі ашылса. Сыныптарда технология пәнінен «Үй жағдайында сабын жасау әдісі» курсы ұйымдастырылса;
4.Кір сабын синтетикалық жуғыш құралдарын нарықтан ығыстыратындай сұранысқа ие болса, яғни кермек суда да өз қасиетін жоғалтпаса;
5.Қазақстан экспорттан өз үлесін көп алу үшін, өнімді өз елімізде және шет елде теледидардан жарнамалауға жеңілдіктер туғызатын жағдай жасаса немесе арнайы заңға енгізілсе;
Пайдаланылған әдебиеттер
1.«Ғылыми жұмыс мектепте» журналы
2. Ғаламтор жүйесінен алған мәліметтер «Yandex» «Google»
3.«Қазақстан мектебі» журналы , 2008 ж
4. Қазақ энциклопедиясы, 7 – том
5. Мұсабеков, С. М. Органикалық химия практикумы / С. М. Мұсабеков – Алматы: Мектеп, 1981. – 250 б.
6. М. Қазбеков. Химия тұрмыста. Алматы, 1989ж.
7. М.Б.Усманова, К.Н.Сакарьянова . Химия Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. 2009 Алматы: «Атамұра». 198-199 бет .
9. Н.Нұрахметов, Р.Жұмадилова, Ә.Темірболатова, С. Әлімжанов . Химия Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану бағыты бойынша 11-сыныбына арналған оқулық.. Алматы: «Мектеп», 2011, 217-223 бет.
10. Н.Н. Нұрахметов, К.Б.Бекишев,Н.А.Заграничная . Химия Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану бағыты бойынша 10-сыныбына арналған оқулық.. Алматы: «Мектеп», 2010. 212 бет
11. Ол кім, бұл не? Энциклопедия
12. Химия анықтамалығы 2012 жыл , № 2 63- 64 беттер
13.“Химия мектепте” журналы 2003жыл №4, 59-61 бет
Глоссарий
СЖЗ - синтетикалық жуғыш заттар. СЖЗ өндірісі - осы кездегі органикалық химия өнеркәсібінің жедел дамып келе жатқан саласы.
ББЗ - беттік белсенді заттар.молекуласында бір мезгілде екі қарама-қарсы қасиеттері бар топтар: полюсті (гидрофилді) және полюссіз (гидрофобты) топтар бар органикалық қосылыстар.
R- радикал, яғни кез - келген көмірсутек радикалы.
СЖҚ - синтетикалық жуғыш құралдар (детергенттар) көпкомпонентті композиция болып табылады және сұйық, паста тәрізді және ұнтақ тәрізді болады. Олардың барлығының құрамында беттік-белсенді құралдар (ББҚ), сондай-ақ ББҚ-ның тиімділігін арттыратын органикалық және бейорганикалық құралдар бар
14