Просмотр содержимого документа
«Сайыс сабақ "Дарабоз"»
1 желтоқсан- Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арналған «Дарабоз» атты сайыс.
Мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу; Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу. Топта бірлесе жұмыс істеуге үйрену, ойлау қабілетін шындау, шапшандық пен нақтылыққа бейімдеу.
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, қабырға газеті, Елбасымыздың портреті және кітаптары, шарлар.
Түрі: зияткерлік ойын.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім: Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Осы мақсатпен 7- ші сынып оқушыларының арасында «Дарабоз» атты зияткерлік ойынын өткізгелі отырмын.
Зияткерлік ойынымыз 8 кезеңнен тұрады.
1. Таныстыру
2. «Қас – қағым сәтте»
3. «Тұлғаны тани біл»
4. «Тарихты күндер»
5. «Ғимараттар атауы»
6. «Ойлы болсаң, озып көр»
7. Кино әлемі.
8. Капитандар сайысы.
Ойын болғандықтан жеңімпаздар анықталу керек.Сондықтан әділқазылармен таныс болайық.
Сонымен сайысымызды бастайық. Әр топ өздерін таныстырады.
2 - кезең.“Қас – қағым сәтте” деп аталады.
Бұл сайыста әр топқа 5 сұрақтан қойылады. Әр сұрақ 3 ұпаймен есептеледі.
Сонымен, топтарға сәттілік тілей отыра, ойынымызды бастаймыз.
1 - тобы:
1. Қазақстан Туының авторы? Шәкен Ниязбеков
2. Елбасының Қазақстан- 2030 жолдауы қай жылы жарияланды? 1997
3. Қазақстанның алғашқы астанасы қай қала? Орынбор
4. Жылқы етінен жасалатын тағам? қазы
5. Ахмет, Әлихан, Дулат сынды қандай орданың арыстары? Алаш
2 - тобы:
1. Елтаңбаның авторлары кімдер? Шота Уалиханов және Жандарбек Мәлібеков
2. Қазақ елі монументінің биіктігі неше метр? 91 метр
3. Астана Қазақстанның нешінші астанасы? 4
4. Соғым етіне берілетін садақа? шеке
5.
3 - тобы:
1. Алтын адам табылған қала? Есік қорған
2. Қай жылы
3.
4. Қазақ жігітінің үш жұртын атаңыз. Өз, нағашы, қайын.
5.
1. Қорытынды жасаймыз.
Сөз әділқазы алқасына беріледі.
“Тұлғаны тани біл”сайысын бастаймыз.
Бұл сайыста көрсетілген тұлғалар туралы өз білгендеріңді айтасыңдар. Әр дұрыс жауапқа 3 ұпайдан беріледі.
Серік Сәпиев, Бибігүл Төлегенова, Илья Ильин, Шәмші Қалдаяқов,
4 – кезең «Тарихты күндер»
5- кезең: «Ғимараттар атауы». (Слайд арқылы көрсету)
Қай қалада және ғимараттың атауын атау.
6 - кезең. “Ойлы болсаң, озып көр»
1. Бұл турда әр топ көп сөз жазу керек. Сайысымыздың ерекшелігі бұл сөздер қай дыбыстан басталса, сол дыбысқа аяқталуы керек. Мысалы , астана. Уақыт 1 минут.
7 кезең: Кино әлемі.
8- кезең: «Капитандар сайысы» осы турда капитандар «Егер мен президент болсам ...» тақырыбына үш минуттық эссе жазу керек. Капитандарға дайындалу уақыты 3 минут. Капитандар дайындалғанша президентіміз туралы шағын бейнежазбаға көз жүгіртейік.
Капитандар сөзі. Сөз әділқазы алқаларына беріледі.
Жеңімпаз топты анықтау, мақтау қағаздарын табыс ету.
Елбасы күні - елдікті еңселетіп, тәуелсіздікті тұғырлы ететін күн болсын- деп класс сағатымызды аяқтаймыз.