СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сақтайық жол тәртібін!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: Сақтайық жол тәртібін!

Сабақтың мақсаты: Жолда жүру ережесін дұрыс түсініп оны пайдалана білуге үйрету. Оқушыларды жауапкершілікке, сергектікке, жол ережесін бұлжытпай сақтауға тәрбиелеу. Балаларға жол белгілерін қайталату арқылы, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі: бағдаршамның суреті, әр түрлі жол белгілерінің суреттері. Барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Жұмбақ. Көзін ашып жұмады  

Просмотр содержимого документа
«Сақтайық жол тәртібін!»

№ 5 мектеп-лицейі









Сақтайық жол тәртібін!







Өткізген: Нұрымбетова Н.О

2 «А» сынып





2021-2022 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Сақтайық жол тәртібін!

Сабақтың мақсаты: Жолда жүру ережесін дұрыс түсініп оны пайдалана білуге үйрету.
Оқушыларды жауапкершілікке, сергектікке, жол ережесін бұлжытпай сақтауға тәрбиелеу. Балаларға жол белгілерін қайталату арқылы, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі: бағдаршамның суреті, әр түрлі жол белгілерінің суреттері.
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Жұмбақ. Көзін ашып жұмады
Бағыт сілтеп тұрады. / бағдаршам/
Оқушылар жұмбақтың жауабын шешкеннен соң бағдаршам туралы өлеңдері оқылады.
Бағдаршам қамқорыңдай жанашыр,
Деп тұрғандай:
«Адамдарға жол ашық!»
Кезек ашып, жұмғанында үш көзің
Қалт жібермей, орында дәл, тос өзін.
2. Қызыл көзі жанғанда,
Сары көзі жанғанда,
Сақ абай бол барынша.
Жасыл жарық жол ашық,
Жүгіре бер бел асып.
Бас аяқты ойлап,
Бол ұқыпты жолда
Топпен жұмыс. Әр топқа сұрақтар беріледі. сол сұрақтарға дұрыс жауап беру.
1 сұрақ: Бағдаршам дегеніміз не? Оның адам өмірі үшін қандай пайдасы бар?
2 сұрақ: Жолдағы қозғалыс бағдаршамның басқа қандай белгілермен реттеледі?
3 сұрақ. Жүргіншілерге қай жолмен жүру керек?
4 сұрақ. Жиек жол болмағанда ше?
5 сұрақ Жолдың қай жағынан жүру керек?
6 сұрақ. Ата - аналарға барғанда қоғамдық көлікке қай жерден отырасыз?
Теориалық білімдерін практикалық іспен байланыстыру.

1-Жаяулар өтетін жолдар, жиек жолдар, жаяу жүргінші қалай жүру керектігін макетті пайдаланып көрсетеді.

2- Трамвайды қандай жерде тұрып күту керек?

3-Қандай көліктерге бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етіледі?

4- Автобус,трамбай, тралейвустан түскенде жолдың келесі бетіне қалай өту керектігін көрсету.

Жолда жүру ережесі туралы ережелерді еске түсіреміз.Топтарға тапсырмалар беру.

Әр топ өздеріне берілген мәтін бойынша талқылап, ортаға салады

Сен көшеге шықтың. Жүріп келе жатқан адамдарға бөгет жасамау үшін әуелі сол жағыңа, содан кейін оң жағыңа қара.
2. Мектепке барар жолды, не көшені барынша аз қиындықпен өтетін ең қауіпсіз жолды таңдап ал.
3. Қала көшесімен келе жатқанда абай бол! Асықпа! Тек тротуармен немесе жол жиегімен ғана жүр.
4. Көшеде келе жатып қақпадан шығып келе жатқан машинаны көрсең күте тұр. Тротуар сөзі француз тілінен аударғанда “Жаяу жүргіншіге арналған жол”дегенді білдіреді.

Тротуарда жүру тәртібі. Жеке жүрсең:
1.Тротуардың оң жағын ала жүр.
2.Жүгірме,асықпай адымда.
3.Жол жиегін аттама,оның үстімен жүрме.
4.Тротуар үстіндегі кедергілерді жүргін бөлікке шықпай айналып өт.
5.Тротуардың ортасына тұрма,үйлерге жақын қапталына қарай барып тұр.
6.Тротуар үстінде ойнап,алыспа.
7.Әлдеқандай затыңды жүргін бөлікке түсіріп алсаң,ересектердің бірінен жәрдем сұра.
8.Жолаушылар қоршауынан асып өтпе. Оның астынан өтпе және үстіне асылып отырма.
Топпен бірге жүрсең:
1.Қатардан шықпа.
2.Алысып, ойнама.
3.Жүгірме, секірме, итеріспе.
4.Шуылдама.
5.Мұғалімнің жөн сілтеуіне ғана құлақ ас, басқаларға алаңдама.
6.Әлдеқандай затыңды жүргін бөлікке түсіріп алсаң, тротуар үстінде тұрып ересектерден көмек сұра.

Жол жиегі
Жол жиегі-жол жиегі мен мен тротуар аралығын бөліп тұру үшін қаланған арнайы тас қаптал.Оны кейде бордюр деп атайды. Бордюр француз тілінде “бір нәрсені жиектеуге арналған жолақ”деген сөз. Балалар кейде жол жиегінің үстімен жүгіріп ойнағанды ұнатады. Ал егер әлдеқандай бір көлік жол жиегіне тақау жүріп жүрген баланы қағып кетуі де мүмкін ғой. Ондай жағдайдың ақыры қайғылы оқиға соқтырмауына кім кепіл.

Қоршаулар
Аса қауіпті жерлерде арнайы қоршаулар қоюға тура келеді.Олар жолаушылардың жүргін бөлікке кенеттен шығып кетуіне бөгет жасайды.Қоршаулар көбінесе көліктердің ерсілі-қарсылы қозғалысы көп жолдарда, мектептер маңында және жаяу жүргіншілердің топ- талған тұстарында жанына қойылады. Жол қозғалысы ережелерін, нағыз қасақана бұзу-шылар қоршаулардың үстінен секіріп немесе оның астынан өтушілер.Бұл ереже бұзудың ең қауіпті түрі. Қоршау қойылған жерлерде көлік жүргізушілер жаяу жүргіншінің болмай- тынына әрқашан сенімді.Сондықтан оның алдынан жаяу жүргінші шыға келгенде жүргі-зуші аса қиын жағдайға тап болады.

1-оқушы. Көрген дәу қырағы,

Көшемізде тұрады.

Ол бергенде команда.

Бағынамыз әмәндә.


2-оқушы: Қызыл көзі жанса,

Мейлі көлік жоқта.

Қатып қалған жанса.

Қыбыр етпе алға.


3-оқушы: Сары көзі жанса,

Мейлі көлік жоқта,

Қатып қалған жанса.

Қыбыр етпе алға.


4-оқушы: Жанса көзі жасыл.

Жолың айдай ашық.

Жүре бергін батыл,

Керегі жоқ саспа!


5-оқушы: Көшедегі бағдаршам болмаса,

Кісі жоқ өзіңе жол сілтер.

Кідірме,абыржып онда аса,

Сенгейсің өзіңнің көзіңе.


6-оқушы: Көшеде ортваға жеткенше,

Әуелі көзің сол жаққа.

Балақай, ортадан өткен соң.

Мойының сол жақтан оң жаққа.

Қорытынды: Жол заңы дұрыс жүріп , абай  болуды  талап етеді. Жол тәртібін  бұзба , ол  қатер  тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп  қуалайтыны , шаңғы  тебетіні , жүріп  бара жатқан машинаға  жабысатыны ,қалтарыстан жолға  шығып  келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан  кейбіреулер машина  дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері  жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік  мүгедек болып қалады.

Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүру ережесі » тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі , тәртіпті оқушы көшеде, жолда  жүру ережесін, заңын бұзбайды.