СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Салт-дәстүрді білесің бе

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ортаңғы «Ақерке» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізілу күні: 08.03.2020ж

Тәрбиеші: Жалгасбаева Г.Т.

Өтпелі тақырып: «Салт-дәстүр және фольклор»

Білім беру саласы: «Таным»

Пән Жаратылыстану.

Тақырыбы:  «Салт дәстүрді білесің бе?»                        

Мақсаты: Тәрбиелеу: Қазақ халқының  сал-дәстүрін  құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамыту:Балалардың сөздік  танымдық қабілеттерін дамыту.

Оқыту: Балаларды салт-дәстүрмен таныстыру.

І.Ұйымдастырушылық кезең.

Нақыл сөздер: «Қазақтар – әдет-ғұрып, салт-

Ортаңғы «Ақерке» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізілу күні: 08.03.2020ж

Тәрбиеші: Жалгасбаева Г.Т.

Өтпелі тақырып: «Салт-дәстүр және фольклор»

Білім беру саласы: «Таным»

Пән Жаратылыстану.

Тақырыбы:  «Салт дәстүрді білесің бе?»                        

Мақсаты: Тәрбиелеу: Қазақ халқының  сал-дәстүрін  құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамыту:Балалардың сөздік  танымдық қабілеттерін дамыту.

Оқыту: Балаларды салт-дәстүрмен таныстыру.

І.Ұйымдастырушылық кезең.

Нақыл сөздер: «Қазақтар – әдет-ғұрып, салт-

Просмотр содержимого документа
«Салт-дәстүрді білесің бе»

Ортаңғы «Ақерке» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізілу күні: 08.03.2020ж

Тәрбиеші: Жалгасбаева Г.Т.

Өтпелі тақырып: «Салт-дәстүр және фольклор»

Білім беру саласы: «Таным»

Пән Жаратылыстану.

Тақырыбы: «Салт дәстүрді білесің бе?»

Мақсаты: Тәрбиелеу: Қазақ халқының сал-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамыту:Балалардың сөздік танымдық қабілеттерін дамыту.

Оқыту: Балаларды салт-дәстүрмен таныстыру.

І.Ұйымдастырушылық кезең.

Нақыл сөздер: «Қазақтар – әдет-ғұрып, салт-сана, тіл жағынан біртұтас ұлт» В.В.Радлов.

«Ата мұраң – асыл қазынаң»

«Салт-дәстүрін ел бұзбас,

Уәде-сертін ер бұзбас» (мақалдар)

Бүгінгі оқу қызметі негізгі мақсаты өз халқымыздың салт-дәстүрлері, асыл қазыналары, асыл мұралары туралы балаларға түсіндіріп, бойларына сіңіру болып табылады.

Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі – өзіміздің қазақ халқы. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халқымыздың ғасырлар бойы жазған зор еңбектері – салт-дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері мен өнегелері соның айғағы. Қазір, сіздер осы айтылғандардың, шағын болса да, куәсі боласыздар.

Туған соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең

Жұрт айтады надан деп.

Ата-бабаң ардақты

Жамандыққа бармапты.

Ардай тұтып үлкенді

Ата жолын жалғапты.

Бауырласқан тәніміз,

Бұзылмаған антымыз.

Кең даланың ежелгі

Қазақ дейтін халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүр мен салтымыз.

ІІ.Негізгі кезең:

Сүйінші! Қуанышты хабар жеткізуші адам Сүйінші! Сүйінші! деп келеді. Мұндайда қуанған үй иесі қалағаныңды ал, - дейді. Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл шын қуанудың, ризашылықтың белгісі.

Шашу! Қуаныш айғағы ретінде жасалатын салтанатты дәстүр. Бала дүниеге келгенде, келін түскенде, құда келгенде, осындай қуанышты күндерде тәттілермен, күміс тиындармен әйелдер шашу шашады.

Қонақасы – Халқымыздың әлеуметтік, тұрмыстық жағдайындағы ерекше қымбат дәстүрі-қонақжайлылық. Үйіне келген қонақты құрметпен қарсы алып, мал сойып қонақасы беру – жомарттықтың, елдіктің үлкен белгісі.

Сыбаға. Құрметті қонаққа немесе өздерінің, жақын-жуығына арнап сақтаған кәделі ет мүшелері сыбаға деп аталады. Үлкен ақсақалдарға, құдаларға, жолы үлкен адамдарға сыбаға әдейі сақталады.

Бастаңғы. Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, жолаушылардың жолда басы ауырмасын «бастаңғы» жаса дейді. Бастаңғының мәнісі жастардың сол үйде ойын-сауық жасап бас қосуы.

Ерулік. Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрыннан тұратындар ерулік береді, яғни қонаққа шақырады.


Жеті ата. Әр адам өзінің жеті атасын білуі көрегенділік пен білімділігін, ата көрегенділігін танытады. Білмесе жеті атасын білмеген жетесіз деп сөккен.

.

Тоқымқағар – жас жігіт алғаш жолға шыққанда жасалатын дәстүрлі бас қосу. Мұндайда арнаулы мал сойып немесе сыйлы мүшелер салынып ет асылып, кең дастархан жасалады. Ойын-сауық, өлең-жыр айтылады.

Тұлым қою – кішкентай кезінде баланың шашын өсірмей екі шекесіне екі шоқ шаш қояды. Мұны тұлым деп атайды. Тұлым көбінесе қыз балаға қойылады және ол сәбиге лайықты болады.

Аманат – бір адамның екінші біреуге сақтауға берген заттары. Аманатты сақтау, оны мезгілінде қайтару зор адамгершілікке жатады. Аманқа қиянат жасауға болмайды. Ол өте ауыр күнә деп есептеледі.

Байғазы – балалардың, жастардың жаңа киімі үшін берілетін ақшалай-заттай сый. Байғазы сұраудың еш артықтығы жоқ.

Бәсіре – қыз ұзатылғанда немесе жиен алғаш келгенде меншіктеп аталатын, ен салынған мал.

Сәлем беру. Алыс жолдан келген жолаушы немесе сол елдің адамы ауыл ақсақалдарына немесе белгілі адамдарға әдейі іздеп келіп сәлем беру – қалыптасқан дәстүріміз.

Енші – балалары ержетіп жеке үй болғанда ата-анасы оған дүние мүлік, мал беріп, отау тігіп жеке шығарады. Бұны енші деп атайды. Ал қызға берілетін дүние мүлік «жасау» деп аталады.

«Тұсау кесу» рәсімінен көрініс.

1 – бала:Әдетте сәби аяғын тәй-тәй басып жүре бастағанда оның тұсауын кеседі. Ата-әжелеріміз бұл ырымға қатты көңіл бөлген, өйткені баланың болашақтағы жолы, аяқ алысы жақсы, нық болуы осы тұсау кесуге байланысты деп шешкен.

2 бала:Баланың тұсауын малдың тоқ ішегімен кесу елдің тоқ болуы және баланың келешекте бай болуы деген ұйғарым болған.

Той дастарханы. Әжелер мен аталар дастарханға шақырылды. Тұсауын кесетін сәби Жанеркені ортаға әкеліп «Тұсау кесу» жыры айтылады.


Ән «Тұсау кесу».

3 балаАла жіппен тұсау кесу баланың келешекте ешкімнің ала жібін аттамай, адал болып өссін деген ниеттен туған.

Жолың болсын деселік,

Жолыңа нұр төсейік.

Жарылқасын алдыңнан,

Тұсауыңды кесейік!

Тұсауыңды кесейік!

Күрмеуіңді шешейік.

Сәбидің тұсауы ала жіппен кесіледі. Шашу шашылып, ән айтылады. Сәбиді жүгіртіп, жүргізеді. Барлық ырымдары жасалады.

Барлық балалар:

Қаз, қаз балам, қаз балам,

Қадам бассаң мәз болам.

Тағы, тағы баса ғой,

Тақымыңды жаза ғой.

Қаз баса ғой қарағым

Құтты болсын қадамың!

Қорытынды:Қандай салт-дәстүрді білесіңдер?

Сұрақ-жауап арқылы сабақты бекіту.Саббаққа белсене қатысқан балаларды мақтау-мадақтау.





















Ортаңғы «Ақерке» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізілу күні: 07.03.2019ж

Тәрбиеші: Асанова Б.К.

Өтпелі тақырып: «Салт-дәстүр және фольклор»

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Пән Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: «Қонақ күтеміз /дидактикалық ойын/»

Мақсаты:Тәрбиелеу: Балаларды қонақжайлыққа тәрбиелеу

Дамыту:Ыдыс-аяқ,ұлттық киімдер туралы сөздік қорларын дамыту.

Оқыту: Балаларға қазақ халқының салт-дәстүрлерін үйрету.

Билингвалдік компоненті: Қонақ-гости,ыдыс –аяқ-посуда, қасық-ложка, шаңышқы- вилка, кесе-кисушка, тәрелке-тарелка

І. Ұйымдастырушылық кезеңі: тәрбиешінің жасырған жұмбағын тыңдайды.

1.Ерінбей еңбек істеген,

Онсыз тамақ ішпеген.

Бұл не балалар?

(Қасық)

2.От басады табаны,

Тек қана су тамағы

Бұл не балалар?

(Шәйнек)

3.Сыртын отқа қақтайды,

Одан басқа жақпайды.

(қазан)

4.Кесе –шыны пиала,

Оларсыз шай құя ма?

Қасықсыз тамақ жемейді

Бәрінің атын не дейді?(Ыдыс –аяқ)

-Бүгін біз не туралы жұмбақ шештік? Балалардың жауаптары

(Қасық) Балалардың жауаптары(шәйнек) Балалардың жауаптары(қазан) Балалардың жауаптары(Ыдыс-аяқ)

ІІ.Негізгі кезең

-Ендеше бүгін біз сендермен ыдыстар туралы әңгімелесеміз.

Ыдыс-аяқ- күнделікті тамақты дайындап, ішіп-жеу барысында пайдаланылатын тұрмыстық заттар жиынтығы. Ыдыс-аяқ қолдану жағдайына байланысты - тамақ дайындайтын: кастрөлдер, табалар, қазан, ожау,

тамақ қабылдайтын: тәрелкелер, табақ, қасық, шанышқы, кесе, стақан, саптыаяқ және тамақ сақтауға арналған ыдыстар деп бөлінеді.

-Ал енді, бұл ыдыстарды екіге бөлеміз.

Тамақ дайындайтын (кастрөл, қазан, табалар, ожау)және тамақ қабылдайтын(тәрелкелер, кесе, қасық, шаңышқы, стақан)

-Сергіту сәті

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен,

Теріп, теріп алайық,

Қалтамызға салайық. :/ Балалар сергіту сәтін орындайды./

Ойын: «Қонақ күтеміз»

Қонаққа аю, қоян, кіреді.

-Қонақтар балалармен амандасады.

-Сәлеметсіңдерме, балалар! Сәлеметсіңдерме, қонақтар!



-Балалар бізге қонаққа нелер келді? Қоян, аю,

-Балалар енді біз қонақтарға үстел әзірлейік. Балалар қонақтарға үстел әзірлейді

-Енді үстелге не қоямыз? Екі баланы шығарып, үстелге қасық, шаңышқы, кесе, тәрелке, қоректерін дайындайды

-Тәрелке, кесе, қасық, шаңышқы, сүлгілер, әр қонақтың қорегін қоямыз.

-Ал енді кім маған ыдыстар туралы тақпақ айтып береді. Балалар өз тақпақтарын айтады.

Балалар өз бетінеше жұмыс атқарады.

-Ал, енді осы қонақтардың қорегін дайындайық, ол үшін біз ермексаздан қоянға сәбіз, ал аюға балық мүсіндейміз.

-Ол үшін екі топқа бөлініп, орындарымызға тұрып, алдымыздағы ермексазды алып, жасаймыз.

-Ал біздің қонақтарымыз сендердің жұмыстарынды бақылап қарайды. Балалар жұмыстарын орындап болған соң қонақтарға сыйлайды.

-Рахмет, балалар, сендер барлығын жақсы жасадыңдар. Сау болыңдар!

Балалардың жауаптары

Қорытынды:

-Балалар бүгінгі оқу іс-әрекеті сендерге ұнадыма? -Балаларды мадақтау. Иа, ұнады

-Біз бүгін нелер туралы әңгімелестік? Ыдыс-аяқтар туралы

-Қандай ыдыстырды білдіңдер? Тәрелке, қасық, шаңышқы, кесе, ожау, кастрөл

-Бізге қонаққа нелер келді? Аю мен қоян келді

-Біз оларға не әзірледік Дастархан әзірледік

-Үстелге не қойдық? Тәрелке, қасық, шаңышқы, кесе

-Оларға не мүсіндедік? Аюға –балық, қоянға-сәбіз мүсіндедік






































Ортаңғы «Ақерке» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізілу күні: 07.03.2019ж

Тәрбиеші: Асанова Б.К.

Өтпелі тақырып: «Салт-дәстүр және фольклор»

Білім беру саласы: Таным

Пән: Құрастыру.

Тақырыбы: «Қуыршаққа арналған керует»

Мақсаты:Тәрбиелеу: Отанын, елін сүйюге тәрбиелеу

Дамыту:Ірі және ұсақ құрылыс материалдарынан,кюизенер таяқшаларынан керуетті құрастыруды дамыту.

Оқыту:Балаларға жиһаз сөзінің мағынасын түсіндіру; оларды ажырата білуге үйрету.

Сөздік жұмыс: керует

Қажетті құралдар: Текшелер, үлгілер, қуыршақ

Билингвалдық компонент: Кукла-қуыршақ, кроват-керует

І. Ұйымдастырушылық кезеңі:

Балаларға «Айгүл» қонаққа келеді.Балалар қарандар, бізге қонаққа кім келген? «Айгүлді» қарсы алады, оны тындайды.

«Мен қуыршақ Айгүл мын». Мен бос қол келген жоқпын, мен сендерге тақпақ әкелдім

Тақпақ оқылады:

« Қолымда менің қорап бар,

Онда тұратын достар бар

Әр түрлі боп тұрады

Қызыл, жасыл, көк, сары,

Бірлікпен бәрі жұмылса

Мықты құрылыс құрады»

Ал сенің жаныңда кім? Текшелер

«Ол орманда адасқан қуыршақ қой . Мен жолда кездестірдім, өзі шаршап, тонып және ұйықтағым келіп тұр дейді.» .

Балалар қызықтап

Балалар тындап, ойланып, сұрақтарға жауап беріп, қуыршақты аяп, көмектесуге келіседі

- Балалар, ал сендерде керует бар ма? Бізде бар керует, бірақта, ол үлкен.

Балалар, ал біздің қуыршаққа қандай керует керек? Кішкентай қуыршаққа кішірек керует керек.

Ал, сендер кішірек керует істеп бересіңдер ме? Ия істеп жасап береміз

Олай болса, жақсы: құрастыру орталығында, керует жасайды

-Балалар, ол ұйықтап тұрғасын, оған тамақ беру керек,ал оны қайда отырғызамыз?

Балалар, сендердің үйлеріңде жиһаз бар ма?

ІІ.Негізгі кезең.

Үлгіні талдау:

Үлкен керует қалай жасалған?

Неше тақтайша? Қандай көлемі?

Арқалары қандай зат бөлшектерінен істелінген?

-Оң жақтағы арқасы неше текшеден жасалған?

-Кішірек керуетке қандай көлемдегі тақтайшалар алу керек?

Жұмыс барысы:

Балалар, көп құрылыс материалдын арасынан кішкентай керует, үстел, орындық жасауға болатын керекті зат бөлшектерін тандап алу керек

Дербес жұмыс

Содан кейін, өздеріне ұнаған ойыншықты таңдап алып, оны жасаған керуетке ұйықтады.

«Ара»

Кесті-кесті ара,

зуылдап, ұқсап араға,

бөлініп кетіп бір бөлік,

домалап кетті далаға ,

қақ бөлінді ортадан

қәне баста қайтадан

Балалардың жұмысын талдау:

(Жұмыс барысында тәрбиеші балалар ұқыпты жасағанын, бөлшектерді бір-біріне дұрыс біріктіруін қадағалайды, )

Дидактикалык ойын: «Жиһаз неден жасалады?»

Қорытынды:

«Қуыршақ Айгүл» қарашы қандай керемет балалар,жақсы жұмыс атқарды ма?

Ия өте тамаша жасадыңдар, қуыршақ та қуанып қалды енді сендермен қоштасуым керек.

Ия өте тамаша жасадыңдар, қуыршақ та қуанып қалды енді сендермен қоштасуым керек. -Сау болыңдар, балалар!



















































Ортаңғы «Ақерке» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізілу күні: 06.03.2019ж

Тәрбиеші: Асанова Б.К.

Өтпелі тақырып: «Салт-дәстүр және фольклор»

Білім беру саласы: Шығармашылық

Пән: Сурет салу.

Тақырыбы: «Анама суретімді сыйлаймын» /өз бетінше

Мақсаты:Тәрбиелеу: Суретті ұқыпты , сәнді салуға тәрбиелеу.

Дамыту: Бейнелеудің қажетті тәсілдерін еске түсіріп балалардың ой-өрісін дамыту.

Оқыту: Ананы сыйлауға , құрметтеуге , аналарына өз сезімдерін жеткізе білуге үйрету..

Көрнекілігі: үлгі, сурет, түрлі түсті бояу,қылқалам,сулы шүберек.
Әдіс - тәсілдер: ойын тхнологиясы, көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап.
Билингвистикалық компоненттер: Гүл - цветок, ана - мама
І. Ұйымдастырушылық кезеңі:

- Балалар, бүгінгі біздің оқу қызметте өте ерекше тіпті қызықты өтпекші. Сондықтан балалар, көңіліміз көтеріңкі болу үшін, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Ойнаймыз ба балалар, жақсы онда барлығымыз экранға назар аударайық.
Кімнің суретін көріп тұрмыз?
Олай болса, «Анамыз қандай?»- деген ойын ойнайық.
Бізге ойын ойнау үшін алдыменен не керек?
Өте жақсы.
- Ал енді айтайық анамыз қандай?
- Сұлу
- Мейірімді
- Нәзік,
- Анамыз бізге не береді?
- Бізге қамқор болады.
- Сүт береді.
Дұрыс айтасыңдар.
Құшағы ыстық, бірақ күн емес
Өзі нәзік, гүл емес
Және сүйкімді, қоян емес,
Сүт береді, сиыр емес.
Бұл кім екен балалар?
Жарайсыңлар балалар
ІІ.Негізгі кезең.Балалар АНА деген сөзді бояу керек болса? Қай түспен бояр едіңдер?
Ал, осы «АНА» деген сөзді ұстап көрсек, қандай болар екен.
Міне сендер қазір барлығыңда өз аналарыңды елестеткен боларсыңдар.
- Анаң үйде болмаса қандай болады.
- Көңілсіз, ренжиміз, суық болады.
- Ал, үйде аналарыңа қандай көмек бересіңдер?
- Жыл мезгілінде аналарға арналған қандай мерекелер бар екен.?
- Қандай мереке келе жатыр деп ойлайсыңдар.?
Әрине, ол аналар мерекесі. 8 наурыз жақындап қалды. Бұл күні барлық бала аналарын, әжелерін, апайларын, тәтелерін құттықтайды. Сондықтан балалар, бүгін бізде аналарымызға сыйлық жасаймыз. Сендер аналарыңа тосын сый жасағыларың келеме? Қалай ойлайсыңдар, аналарыңа қандай не сыйлауға болады. Аналарыңа қандай сыйлық ұнайды.? Гүл сыйлауға болады. Бірақ гүлді қайдан аламыз. Топтағы гүл жетпейді. Сатып алатын ақшамыз жоқ. Өз қолымызбен сыйлық жасайық.
Балалар аналарың сендерге тосын сый жасап, бізге бүгін өздері келіпті.
Аналарымызға не дейміз. Қайырлы таң деп айтайық. Ендеше балалар, біз былай жасайық, бүгін аналарымызға біздің қолымыздан барлығы келетінін және ақылды, білімді екенімізді дәлелдейік. Ал енді айта қойыңдаршы аналарыңның қасында өздеріңді қалай сезініп отырсыңдар?
- Күшті, жылы, көңілді.
Біз сыйлықты сатып алмаймыз. Өз қолмызбен жасаймыз. Келістік пе балалар.
Мысалы раушан гүлдерін немесе анамызға арналған тортты, тіппен болмаса біз анамызды жүрегіміз арқылы жақсы көреміз,сол үшін жүректін де суретін салуға болады.Балалар өздерін аналарына арнап не салғыларын келеді соны сала қойындар.Балалардың еңбек іс-әрекеті. Көмек сұраған балаларға жекелей көмек беру.Балаларды түрлі- түсті бояумен,қылқаламмен жұмыс жасағанда ұқыпты болуға шақырамын.
Қане, балалар шаршаған боларсыңдар, орнымыздан тұрып сергіту жаттығуын жасап жіберейік.
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым
Барлық істі атқарған.
Қорытынды:
- Сендерге қиын болды ма?
Не оңай болды? Өзіміздің шын жүрегімізбен жасаған сыйлығымыз анамызға ұнайды деп ойлаймыз және оны көп уақыт сақтайтын болады.
Олай болса үкешке анамызға тақпақтарынды айтып аналарынасалған суреттерінді көрсетесіңдер. Аналарымыз қуанып қалсын.
Ал анамыздың махаббаты бізді мәңгіге жылытады.























Ортаңғы «Ақерке» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізілу күні: 06.03.2019ж

Тәрбиеші: Асанова Б.К.

Өтпелі тақырып: «Салт-дәстүр және фольклор»

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Пән:Көркем әдебиет

Тақырыбы:Оқу «Наурыз мейрамы» Т. Муратов

Мақсаты:

Тәрбиелеу: Отанын, елін сүйюге , ұлттық наурыз мейрамын дәріптеуге тәрбиелеу.

Дамыту:Инабаттылық , имандылық ізеттілік қасиеттерін дамыту.

Оқыту: Өлеңді түсініп оқуға және ұлыстың ұлы күні туралы түсінік беру.

Педагогикалық технологиялар: Әңгімелеу, түсіндіру, ойын технологиясы

Ресусртармен қамтамасыз ету: Суреттер

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезеңі:

Шаттық шеңбері:

Ал балалар тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Уықтарша иіліп,

Қазақ үйді құрайық.

Балалар шеңбер бойы тұрады, қолдарын жоғары көтеріп созылады. Бір бірінің белдерінен ұстап қазақ үй болып тұрады.

ІІ.Негізгі бөлім:

Балалар қазыр жылдың қай мезгілі?

Біз өткенде ғана қандай мейрамды тойладық?

Ал жақында жыл басы наурыз болады. Осы мейрамда біздің қазақ халқы бар өнерін салып үлкен той жасайды. Онда наурыз көже пісіріп, қария кісілерді күтеді. Балаларға сурет көрсетемін. Суретте не көріп тұрсыңдар? Үлкен кісілер не істеп жатыр? Қыздар не істеп жатыр? Міне олар мейрамды осылай қызықты өткізеді.

-Балалар сендер ұлттық дәстүр деген не екенін білесіңдер ме?

Халқымызд мынадай сөз бар.

Туғаннан соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең,

Жұр айтады «надан «деп.

Ғажайып сәт:

Осы кезде есік қағылып қуыршақ Айкерім кіріп келеді . Баалармер амандасады. Мен балаларға «Наурыз мейрамы» Т. Муратовөлеңін оқып бергелі тұрмын.

Наурыз мерекесі

Көзде-шаттық, іште-желік,

Шақыратын бір үміт.

Наурыз көже ішуші едік,

Үйден-үйге қыдырып.

Қөңіліміз көкте жүзді,

Ел әдебін білуші ек,

Өңкей бала тобымызбен,

Бір үйге кеп кіруші ек.

Гүл мереке үйге толсын,

Сүт-береке, айран-құт,

«Наурызыңыз құтты болсын»,

Деген сөзге байландық.

Салем беріп аталарға,

Құттықтаушы ек әжені.

Кеселергеапалар да

Толтыратынкөжені.

Қанатқақтыкөңілді осы,

Сергіту сәт:

Көтеріліп шаңырақ,
Керегелер керілді.
Уықтарын қадаймыз,
Киіз үйді құраймыз.


Енді жұмбақ шешейік

1.Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,

Қонақтарды көңіліне сыйлайды.Бұл не? Дастархан.

2.Үсті тас, асты тас

Ортасында піскен ас. (таба нан)

3.Төрт бұрышты ,бір ауызды. Бұл не? Сандық

4.Шыркөбелек айналар,

Беліне жіп байлаған. Бұл не? Ұршық.


Ойын: «Өз ойыңы айт»

1.Жеті атаңды атап бер?

2.Ұлттық ойындарды ата?

3.Қандай ұлттық тойларды білесіңдер?

4.Ұлттық киімдерді ата?

5.Ұлттық тағамдарды ата?

-Наурыз күні не пісіреді? -Наурыз көже.

-Наурыз көжеге қандай дән салынады?

ІІІ. Қорытынды:

Сонымен біз бүгін қандай мейрам туралы айттық?

Мейрамға қандай киім киуге болады екен?

-Қандай тағам дайындалады?

Балаларды мақтау мадақтау.





























Ортаңғы «Ақерке» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізілу күні: 05.03.2019ж

Тәрбиеші: Асанова Б.К.

Өтпелі тақырып: «Салт-дәстүр және фольклор»

Білім беру саласы: Таным

Пән: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру

Тақырыбы: Көп, аз, теңбе-тең

Мақсаты:

Тәрбиелеу: Сандарды және өлшем бірліктерін ажырата білуге тәрбиелеу.

Дамыту: Балалардың көп-аз , теңбе-тең туралы ұғымдарын қалыптастыру.

Оқыту: Көп –аз ,теңбе-теңді күнделікті өмірде қолдана білуге және осы ұғымдарды атай білуге үйрету.

Қажетті заттар:суреттер,қуыршақ,алма,сәбіз т.б.

Билингвалдық компонент: тең-равный, көп-много, аз-меньше

Шаттық шеңбері:

Күн күлімдеп әлемде
Күлімдейді әдемі
Төбемізде қарлығаш
Айналады әдемі
Әніміз осындай
Сәніміз осындай

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, әнді орындайды.
Ізденушілікке ұйымдастыру

Жарайсыңдар , балалар орнымызға жайғасайық.
Балалар бүгін бізге таным елінен бір - бірінен айнымайтын түрлері бірдей ағайынды қуыршақтар келіпті. Олардың ұқсастығы сондай кейде ажырата алмай қаласыңдар.
Бірақ қуыршақтардың түрлері бірдей болғанымен жас ерекшеліктері әр - түрлі.
Біздің бәріміздің өз атымыз бар, сол сияқты қуыршақтардың да аттары бар екен.
- Ең үлкені Әлия
- Ал одан кішісі Сәния
- Сәниядан кішісі Ғалия
- Ғалиядан да кішісі Жания
- Ең кішкентайы Мира екен.
Қане бәріміз қуыршақтардың атын қайталап шығайық.
- Қуыршақтардың түрлері бірдей болғанымен бойлары бірдей ма?
- Ең үлкен қуыршақты кім көрсетеді, аты кім?
- Жарайсыңдар балалар!
Қуыршақтарымыз бізге бос келмепті, жолда келе жатып алма теріпті. Міне, қараңдаршы қандай әдемі алмалар.
- Алмалардың түстері бірдей ма?
- Түстері қандай?
- Ал көлемдері бірдей ма?
- Қандай алма үлкен?
- Ал қандай алма кіші?
- Алмалардың қайсысы көп, қайсысы аз?
- Дұрыс айтасыңдар сары алмалар көп екен, ал қызыл алмалар үлкен болғанымен аз екен.
- Балалар біздің қуыршақтарымыздың айтып жүретін бір әні бар екен, сол әнді біз бәріміз айтып берейік.
Сергіту сәті.
Біз қуыршақпыз
Міне біздің қолымыз
Ал бізде, ал бізде
Таза бет орамал
Балаларға тапсырма:
1 - тапсырма:
Балалар қуыршақтар қолғаптарының сыңарын жоғалтып алыпты, соны табуға көмектесейікші.
- Жарайсыңдар балалар!
2 – тапсырма
Мына суретте нелер салынған?
- Сәбіз қандай түсті болады?
- Ал тәтті бұрыш ше?
- Ендеше сәбізіміз бен бұрышымызды бояйық.
- Балалар сәбіз көппе әлде бұрыш көппе?
3 тапсырма
- Қайсы көбірек? Тәрелке ме әлде кәмпит пе? Қайсысы азырақ?
- Енді балалар кәмпиті жоқ тәрелкелерге кәмпиттің суретін салып толықтырамыз.
Бүгін біздің ұйымдастырылған оқу іс - әрекетімізге келген қуыршақтарға ризашылығымызды білдірейік.
Мына үстел үстінде әр түрлі көлемде қуыршақтарға арналған орамалдар бар, сол орамалдарды қуыршақтарға сыйлыққа берейік.
Ең үлкен қуыршаққа қандай орамал сыйлаймыз?
Әр қуыршаққа өзіне сәйкес орамалдар беріледі.
Балалар тәрбиешімен бірге қуыршақтардың аттарын қайталайды.
- жоқ әртүрлі.
Рет - ретімен қуыршақтарды көрсетіп, атын атау.
- Жоқ
- Қызыл және сары
- Қызыл алма үлкен, сары алма кішірек
Балалар тапсырманы орындап қолғаптың сыңарын табуға көмектеседі.
Сәбіз бен тәтті бұрыш , сәбіз қызғылт сары болады
Ал бұрыш әртүрлі түсті болады.
Сәбіз 3 - еу, бұрыш 4 - еу. Бұрыш көп.
Тәрелке көбірек. Кәмпит азырақ.
Балалар тапсырманы орындайды.
Балалар үстел жанына келіп орамалдарды алады.
Үлкен қуыршаққа үлкен орамалды сыйлаймыз.

Қорытынды:

Бүгін бізге қонаққа кімдер келді?

Аттарың атап шығайықшы?

Олар нешеу?
























Ортаңғы Ақерке тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 04.03.2019.

Жасы:4-5

Тәрбиеші: Асанова Б.К.

Өтпелі тақырып: «Салт-дәстүрлі және фольклар»

Білім беру саласы:«Шығармашылық»

Пән: Мүсіндеу.

Тақырыбы: Әжеме арналған тағамдар\өз бетінше\ бауырсақтар,кәмпиттер печенье

Мақсаты:

Тәрбиелеу: Ата-әжелерін сыйлауға, оларға қамқор болуға тәрбиелу. Дамыту:Пішіннің шетін саусақпен үшкірлеу мен дөңгелету арқылы мүсіндеу тәсілдерін жетілдіру.

Оқыту: Бейнені жасау үшін шымшу тәсілдерін қолдануға үйрету.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: әже туралы әңгіме жүргізу, жеке жұмыс.

Педагогикалық технологиялар/пед.технологии:ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.

Көрнекілік: әженің,ананың суреті, ермексаз, ермексаздың астына қойғыш, қағаз, сыйлықтар, қорапша,дидактикалық материалдар. 
Билингвалдық компанент: тағамдар-блюда, әже-бабушка

І.Ұйымдастырушылық кезең

Ойын: «Дәмі қандай?»

Кәмпит-тәтті, бұрыш- ашшы, лимон-қышқыл.

Осы кәмпит, печенье, баурсақтың пішіні қандай?

Төртбұрыш, шаршы, сопақша, дөңгелек.

ІІ.Негізгі кезең

Балалар біз бүгін әжемізге қонаққа барамыз. Балалар қуанышын білдіреді.

Әже деген кім? Әже әкемнің немесе маманың анасы.

Кімде әже бар? Менде әже бар.

Балалар әжелерің не ұнатады? Қане біз әжемәзге тосынсый жасайықшы.

Не істеп берейік. Ойланыңдаршы. Балалар келіседі.

Қандай тағамдарды білесіңдер? Нан, торт, салма, тоқаш.

Ендеше біз әжемізге солардың бірін бауырсақ, печенье, кәмпитті мүсіндейміз. Қазір біз шымшып, кесіп, сипап жасаймыз.

Балалардың өз бетінше жұмысы.

Балаларға жұмыс жасауға уақыт бөлу.

Қажет болғанда көмектесу.


Сергіту сәті.

Бір үйде біз нешеуміз,

Кел санайық екеуміз.

Бас бармағым- атам,

Балаң үйрек- әжем,

Ортаң терек- әкем,

Шылдыр шүмек- анам,

Кішкене бөбек- мен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.

Қауіпсіз техникасы: Қолды ауызға салмаймыз, үстімізге сүртпейміз. Белгілі бір затты мүсіндеу үшін алдымен оны алғашқы қалыпты жағдайға келтіріп аламыз. Пішіндерді алақан арасына салып домалақтап жасаймыз, ал жапырақтарын саусақтардың көмегімен жасаймыз. Оны біртіндеп созамыз, (есеміз). Бастапқы да жуан болады да біртіндеп жіңішкереді, сосын оларды саусақтардың көмегімен сылап-сипап тегістеу керектігін айтады Балалар мүсіндеудің әр түрлі әдіс-тәсілдерін естеріңде түсіреді, (алақан арасына салып домалақтау, есу, созу, ұшын шығару т.б.).

Қорытынды: Балалардың жұмысын көрме етіп, тамашалау. Балалар бір-бірінің жұмысына баға береді.