Просмотр содержимого документа
«Самоанализ руководителя кружка Информатика»
«Қалалық техникалық шығармашылық орталығы» ММ
Кәсіби қызметін өзін өзі талдау
ҚТШО қосымша білім беру педагогі
Кужахметова А.К.
Ақтөбе-2017
Қалалық техникалық шығармашылық орталығының
қосымша білім беру педагогі Кужахметова Айжан Куанышевнаның
кәсіби қызметін өзін өзі талдауы
Өздігінен білім жетілдіру – бұл адамның барлық рухани және физикалық күштері қатысқан тұлғаның ең жоғарғы өзін-өзі жетілдіретін көрсеткіші; бұл шығармашылық іс-әрекеттің түрі.Оның үдерісінде адам өзін-өзі дамыта және өзін-өзі өзгерте тұрып рухани және материалды объектті және субъектті қоғамдық мәні бар құндылықты қана құрып қоймайды.
Педагогтың жұмыс қызметінің мақсаты- ол өздігінен дамуға және өздігінен орындауға қабілетті, ерікті әлеуметті-білікті тұлғаны қалыптастыру.
Қосымша білім беру педагогінің жеке педагогикалық қызметінің мақсаты- ол үйірме қатысушылардың әр түрлі деңгейдегі дайындығын ескере отырып, кез келген білім беру сатысында оқу процессін тиімді пайдалану, үйірме қатысушыларды зерттеу жұмыстарына тарту, информатика бойынша қосымша білім беру.
Өзімнің педагогикалық қызметімнің мақсаты- ол балаға тек білім беру емес, ол үйірме қатысушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, және сол қызығушылықты әрі қарай дамыту. Балаларды отансүігіштікке, азаматтыққа, мемлекеттік тілге деген құрметін тәрбиелеу.
Үйірме қатысушылары түрлі деңгейдегі байқаулар мен олимпиадаларға қатысу кезінде жетістіктерге жету үшін оқу процессін тиімді түрде ұйымдастыру керек деп санаймын, себебі тиісті деңгейде өткізілген үйірме сабағында баланың қызығушылығын арттыру тиімді болады.
Педагогикалық қызметімде келесі міндеттерді қоямын:
Информатика бойынша үйірме қатысушыларына сапалы қосымша білім беруді
Әр баланың мүмкіндіктерін, жеке, шығармашылық және өнегелі потенциалын ашу;
Балаға өздігімен жұмыс жасау әдеттерін дарыту, балаларды келешек мамандығын саналы таңдауына дағдыландыру;
Оқу қызметін ұйымдастыру түрлерін жетілдіру;
Жаңа педагогикалық технологияларды, білім берудің тиімді әдістерін қолдану;
Ақпараттық технологиялар және информатикаға қызығушылығын дамыту және нығайту.
Осының бәрі маған баланың мүмкіндіктеріне, қызығушылығына және қабілеттеріне сәйкес, оның жеке тұлғасын дамуына, ал балалардың білім саласында белгілі жетістіктерге қол жеткізуге және білім берудегі жоспарларын іске асыруға көмек береді.
Педагогтың өзін-өзі жетілдірудің жұмыс жүйесі ағымды және алдын ала жоспарлауды бағыттайды; рационалды формалар мен ақпаратты меңгеру және сақтау құралдарын жинақтайды; өзінің және ұжымдық педагогикалық тәжірибесінің жалпылау тәсілдері және талдау әдістемесін меңгереді; зерттеу және эксперименталды әрекетінің әдістерін біртіндеп меңгереді.