СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Самый сильный папа"

Категория: Физкультура

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сценарий для мероприятия: "Самый сильный папа"

Просмотр содержимого документа
«"Самый сильный папа"»

Жарыс сайысы «Ең мықты әкелер».

Мақсаты: балабақша қызметкерлерімен ата - аналардың арасындағы қарым - қатынасты жақсарту, ата - аналарды балабақша өміріне белсенді қатысуға баулу.
Міндеттер:
1) мектепке дейінгі балалардың денсаулықтарын нығайту;
2) спорт және дене шынықтыруға деген қызығушылықтарын арттыру;
3) балабақша қызметкерлеріне және ата - аналарына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: үрленген шарлар, түрлі - түсті дөңгелектер, үлкен доптар. Безендіруі: спорттық зал шар, түрлі түсті жалау және плакаттармен безендірілген.
Қатысушылар: әр 2 топтан 4 жанұя.
Сараптаушы: қазылар алқасы.
Жарыстың сценарий
Жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме, құрметті қазылар алқасы, сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар. Бүгінгі, біздің балабақшамыздағы ата - аналардың қатысуымен алғашқы рет өткізіліп жатқан

«Ең мықты әкелер » атты спорттық жарысқа қош келдіңіздер!
Жүргізуші:
Біздің ортамызға топ «Ақкөгершін» жанұяларын шақырамыз.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті ата - аналар, балалар! Бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтаймын. Бүгінгі жарысымыз өте қызықты болады деп ойлаймын. Өйткені, балалар - сүйкімді, аналар - әдемі, әкелер - мықты.

Жүргізуші: Ендеше, бүгінгі жарыстың қатысушылармен танысу уақыты келді.

Қазылар алқасының мүшелері:
Әр тапсырманы тез, дұрыс және бірінші орындаған топқа ұпай қойылады. Соңында, ең көп ұпай жинаған отбасы жеңімпаз боп аталады.

Жүргізуші: Енді, біздің отбасыларымызбен танысамыз.

Бірінші тапсырма: «Таныстыру»

(1 топтан бастап әр отбасы өзін таныстарды).

Жүргізуші:
Екінші тапсырма:
«Жұмбақты шешу». Мен жұмбақты оқимын, сіздер оны шешу керексіздер. Бірінші дұрыс жауап беруге тырысыңыздар. Дайынсыздар ма?

1) Тепсең - ақ секiрiп,
Ұстатпай қашады.
Бiр жерге бекiнiп,
Тұра алмай қашады. (Доп)

2) Мінсем,
Төменге зу етем,
Өрлесем,
Оны өзім сүйретем. (Шана)


3) Қайқы тұмсық қос табан,
Қос таяқпен ұштаған.
Итерсең алға заулайды,
Шойын жолдан аумайды. (Шаңғы)

Жүргізуші: Үшінші тапсырма: «Дөңгелектерді жина». Жерде 4 түсті дөңгелектер шашылып жатады. Әр топқа бір түс айтылады. Балалар айтылған түсті дөңгелектерді жинап алу керек. Бірінші дұрыс және барлық дөңгелектерді жинап алған топ ұпай алады. дайынсыңдар ма? Ендеше бірге санаймыз. Бір, екі, үш - алға! (сайыс әуенмен жүргізіледі).


Жүргізуші: Төртінші тапсырма: «Кеудені жерден көтеру».

Жүргізуші: Бесінші тапсырма: «Егіздер». Әке үлкен доптың үстіне отырып, доппен бірге сызыққа дейін секіреді, содан кейін бала.


Жүргізуші: Алтынші тапсырма: «Ұзындыққа секіру». Әкелер бір сызыққа тұрады.

Дабыл бойынша алға секіру керек. Балада секіреді. Ең алыс секірген әке мен баланын тобы ұпай алады. Дайынсыңдар ма? Ендеше, санаймыз. Бір, екі, үш - алға!


Жүргізуші: Жетінші тапсырма: «Ең мықты әке». Әкелер мойына балдарын отырғызып, жерге түсірмей, қойылған кеглиді айналып келу керек.


Жүргізуші: Біздің отбасыларымыз барлық тапсырмаларды орындады. Енді қазылар алқасына ұпайларды санауға уақыт береміз. Ал мен сендерді біздің балабақшада пайдаланатын жаңа технологиясымен таныстырғым келеді. Бұл - мнемогимнастика технологиясы. Бұл - сергіту сәттерінде қолданылады. Балалардың зейінін, байқағыштарын дамытады. Мнемогимнастика әдісінің басты факторы - барлық жаттығулар үнсіз орындалады. Қазір біз осы әдісті бірге жасап көреміз.

Мен жаттығудың суретін көрсетемін, ал сендер орындайсыздар (мнемогимнастика орындалады).


Жүргізуші: Сіздер бүгін барлық тапсырмаларды орындап, өздеріңіздің жақсы спорттық дайындықтарыңызды көрсеттіңіздер.

Ал өз отбасыларыңызда қандай спорт түрлерімен шұғылданасыздар?

Сол туралы айтып беріңізші (әр отбасы кезекпен сөз сөйлейді).
Жүргізуші: Сөзді қазылар алқасына береміз.