«
Сарбаздар» патриоттық ұйымы
Ұйым жетекшісі Идрисов Ж Ж
«Сарбаздар» патриоттық ұймнының Жарғысы
1.Жалпы ереже.
«Сарбаздар» патриоттық ұйымы Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебінің 2014-2015 оқу жылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру және оларды әскери қызметке даярлау мақсатында құрылған.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк “Бiлiм” бағдарламасында тәрбие жүйесiн жетiлдiруге байланысты алдына қойған негiзгi мақсаты - “қазақстандық патриотизм, азаматтық, iзгiлiк және жалпыадамзаттық құндылықтар идеяларының негiзiнде тәрбиеленушiнiң жеке тұлға ретiндегi сапалық қасиетiн қалыптастыру” – деп бүгiнгi ХХI жаһандану ғасырында ұлттық мәдениет пен өркениеттi өзара кiрiктiре отырып, жеке тұлға қалыптастыру көзделiп отыр.
Еліміздің алдыңғы қатарлы 50 мемлекеттердің қатарынан көрінуі, экономикалық еркiн аймаққа мүше болуға ұмтылысы, бiздiң алдымызға үлкен маңызды мiндеттердi жүктейдi. Бүгінгі жаһандану үрдісінде патриотизм ұғымы тек мемлекеттiк тұрғыда ғана емес, әлемдiк деңгейде бейбiтшiлiк пен тыныштықты сақтау мәселесi тұрғысынан қарастырылады. Қазақстандық патриотизмді әлемдiк тыныштық пен бейбiтшiлiктi сақтаудың негiзгi бiр тұғыры деп айтуға болады.
Ұйым оқу жылы барысында «Оқушыларға патриоттық тәрбие беру» жоспары негізінде жұмыс жасайды.
Ұйым ұраны: «Еліміздің көк байрағын көтерер, Сарбазымыз ел намысын жетелер!»
Ұйым эмблемасы:
Сарбаздар маршы
Ұйымның әнұраны:
Сөзі: Қ.Смағұл
Әні: Қ.Сәтиев
Қырандай түлеп ұшқан арманымыз
Біз бүгін өркен елдің сарбазымыз.
Ант алып ар алдында сапқа тұрып,
Қорғаймыз туған жердің ар-намысын.
Алға бас, қарышта, жас ұлан,
Қанаты талмайтын, жас қыран.
Жастықтың жігері бойында,
Өзендей күші бар тасыған.
Көк байрақ арайлаған нұр таңымыз,
Жігіттің сынға түскен сұлтанымыз.
Дұшпанға қатал болған, досқа берік,
Жаужүрек Бауыржанның ұрпағымыз.
Алға бас, қарышта, жас ұлан,
Қанаты талмайтын, жас қыран.
Жастықтың жігері бойында,
Өзендей күші бар тасыған.
Қара жер қаны сіңген бабалардың
Қорғауға шақырады балаларын.
Сапқа тұр, сарбаздары туған елдің,
Қиынға қайыспайтын қара нарым.
Алға бас, қарышта, жас ұлан,
Қанаты талмайтын, жас қыран.
Жастықтың жігері бойында,
Өзендей күші бар тасыған.
«Сарбаздар» патриоттық ұйымның анты
Бөгенбай батыр атындағы оқушысы (тегі, аты, әкесінің аты) «Сарбаздар» патриоттық ұйымның кіре отырып ант қабылдаймын.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін және салт дәстүрін құрметтеуге салтанатты түрде ант етемін.
Ұзтаздарды сыйлауға және мектеп ішілік тәртіпті қатаң сақтауға салтанатты түрде ант етемін.
Мектепте өтілетін барлық жұмыстарға белсене араласуға, үлкендерді сыйлауға, тәртіпті болуға, «Сарбаздар» патриоттық ұйымның атына кір келтірмеуге ант беремін.
Өз Отанымның ержүрек әрі батыл қорғаушысы болуға дайындалумен қатар, әрдайым ізденуге, оқуда үздік болуға, Отанымның патриоты болуға ант етемін.
Егер мен өзім қабылдаған антымды бұзсам, онда мен «Сарбаздар» патриоттық ұйымнан мүшелігінен шығуға дайынмын.
2.Ұйымның мақсаты:
Сабақтан тыс уақытта клуб жұмысы арқылы оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігі мен азаматтығы негізінде, ұлтжанды тұлғаны қалыптастыру.
3.Ұйымның міндеттері:
Міндеттер: | Іске асыру жолдары |
Жастарды әскери борышын өтеуге – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет етуге даярлау. | АӘД сабақтарында және «Сарбаздар» патриоттық ұйымы жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. |
Отансүйгіштік, адамгершілік, білімге құштарлық, тәртіптілік, эстетикалық сезімін тәрбиелеу. | Мәдени-көпшілік іс-шараларға , жазғы лагерлерге оқушыларды көптеп қатыстыру. |
Жастар мен армия арасындағы өзара байланысты нығайту. | Кездесулер ұйымдастыру, қалалық әскери іс шаралара қатыстыру, |
Белгілі тұлғалардың ерлік жолдарын үлгі ету. | Мұражайларға саяхат, тұлғалармен кездесу кеші, тәрбие сағаттары; |
Еліміз тарихының жарқын беттері және мерекелік даталарда ұлтжандылыққа үндеу. | Атаулы күндері атап өтуге байланысты іс-шаралар . |
Өзін-өзі бақылаудың ішкі механизмін, өзара қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру | - Ұйым ішіндегі қарым-қатынас дәстүрлі «Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін!» принципіне негізделген өзара сыйластық, өзара көмек жағдайы. |
4. Ұйым жұмысының негізгі бағыттары.
·Еліміздің жауынгерлік дәстүрі, жауынгерлік борыш, әскери мамандықтар туралы әңгіме, баяндама, теориялық конференциялар ұйымдастыру ;
·мектепте жауынгерлік және еңбек даңқы залын, көрмесін, мұражайын ұйымдастыру;
·оқушыларды батырлар өмірі мен ерлігі үлгісінде тәрбиелеу ;
·соғыс және еңбек ардагерлерімен, жауынгерлермен кездесулер өткізу ;
·соғыс ардагерлеріне, мүгедектеріне тұрақты қамқорлық жасау ;
·әскери-патриоттық тақырыпта шығарма, әңгіме, сурет, ән байқауларын өткізу;
·әскер-спорттық ойындар , жарыстар өткізу;
·әскери техникалар мен қару-жарақтарды тереңдетіп оқып-үйрену арқылы оқушылардың ғылыми жұмысымен шұғылдану, «Дарын» орталығы өткізетін ғылыми жоба байқауына «Техника» секциясы бойынша қатысу;
·қала, республикалық әскери-спорттық жарыстарға қатысу.
«Сарбаздар» патриоттық ұйымның басты тақырыптары:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы. Қарулы Күштердің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі.
- Отанды қорғау-мемлекеттің маңызды қызметі.
- Қазақстан Республикасының конституциялық негіздері. Қарулы Күштердің мемлекеттік орны.
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышандары және әскери бөлімнің Жауынгерлік туы.
- Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету – патриотизм мен интернационализм мектебі.
- Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік дәстүрлері.
- Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери жарғылары.
- Ата-баба дәстүріндегі Отан қорғауға деген қарым-қатынасты өркендету. Қарулы Күштер тарихын, ата-бабамыздың ерлік мұрасын оқып-үйрену .
- Төзімділікті арттыру, шынықтыру. Дене тәрбиесінің оқу бағдарламасына сәйкес клубтың әрбір мүшесінің жеке даму ерекшеліктерін, қабілеті мен мүмкіндіктерін ескере отырып жүргізу.
- Түрлі байланыстар, біріккен іс-шаралар өткізу арқылы жастардың бос уақытын толыққанды әрі мазмұнды өткізуді қамтамасыз ету.
5. Ұйым құрылымы:
Сарбаздар патриоттық ұйым жетекшісі Идрисов Ж.Ж. |



Ұйым жетекшінің орынбасары | | Тәртіб орынбасары | | Спорт және дене тәртібі |
6. Ұйым мүшелері, олардың құқықтары мен міндеттері.
Ұйым бағдарламасымен шұғылдануға тілек білдіруші, оның дәстүрлеріне сыйластықпен қарап, бағдарламасын бұлжытпай орындайтын 5-11 сынып оқушылары клуб мүшесі бола алады.
Ұйым мүшелері құқылы:
- ұйымның материалдық базасы мен потенциалын пайдалана отырып ұйым бағдарламасымен және оның жекелеген түрлерімен шұғылдануға;
- әдістемелік және практикалық көмек, сондай-ақ сабақ барысында қажетті білім алуға;
- ұйымда өткізілетін барлық іс-шараларға қатысуға;
- қалада, республикада өткізілетін жарыстарға команда құрамында, сондай-ақ дербес қатысуға;
- клуб жетекшісінің құзырына кіретін қандай да бір мәселелерді шешуге байланысты жетекшіден көмек сұрауға;
- ұйымның материалдық-техникалық базасын жетілдіруге көмектесуге;
- ұйымнан өз еркімен шығып кетуге.
Ұйымдағы патриоттық жұмыстарға белсене қатысқаны үшін, спорттық және басқа шараларда жоғары нәтижеге қол жеткізгені үшін ұйым мүшелері моральдық және материалдық марапаттау түрлерімен атап өтіледі.
Ұйым мүшесі міндетті:
- бекітілген тәртіп пен ережелерді бұлжытпай орындауға;
- сапалы оқып, саналы тәрбие алуға, басқаларға үлгі болуға, ұйым бағдарламасын қатаң сақтап бұлжытпай орындауға, ұйым жұмысының алға басуына көмектесуге:
- ұйым беделін арттырып, онда жолдастық ахуал орнауына көмектесуге;
- барлық іс-шараларға тұрақты түрде қатысуға.
5. Моральдық және материалдық марапаттау түрлері.
Ұйым мүшелерін моральдық және материалдық марапаттау, олардың белсенділігін арттыру мақсатында ынталандырудың мынадай түрлері қолданылады:
- алғыс жариялау;
- құрмет тақтасына енгізу;
- бағалы сыйлықпен марапаттау.
7. Оқу-материалдық база.
- пән кабинеті;
- спорт залы, алаңы;
- пневматикалық мылтықтар;
- автомат макеттері;
- оқжатарлар;
- дербес қорғаныс құралдары;
- көрнекі құралдар, макеттер.
«Сарбаздар» патриоттық ұйымның жетекшісі туралы мәлімет:
Аты жөні: Идрисов Ж Ж
Туған ай күні: 27.03 1963
Білімі: Жоғары
Бітірген оқу орны:
Қарағанды педагогигалық институты
Факультеті: Алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру
Мамандығы: Бастапқы әскери дайындық
Жұмыс орны: Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебі
«Сарбаздар» патриоттық ұйымның бұрышы
Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебі
«Сарбаздар» патриоттық ұйымның
2014-2015 оқу жылына арналған жұмыс
жоспары (аптасына 1 рет)
№ | Жұмыстың мазмұны | Мерзімі | Жұмыстың түрі | Жауаптылар |
1 | - топ құру; - жоспар жасау; | Қыркүйек | ұйымдастыру | «Сарбаздар» патриоттық ұйымы |
2 | «Сарбаздар» патриоттық ұйымының материалдарының әдістемелік қорын жинақтау | Қазан | ұйымдастыру | «Сарбаздар» патриоттық ұйымы |
3 | «Әскери іске дайын бол!» сайысы. а) Топталып жүгіру. б) Кедергілерден өту. в) Кермеге тартылу ұлдар. | Қараша | Сайыс | Идрисов Ж. Ж. |
4 | | желтоқсан | | «Сарбаздар» патриоттық ұйымы |
5 | Пневматикалық мылтық атудан қыздар арасында мектепішілік «Мерген ару-2014» сайысы | қаңтар | сайыс | Идрисов Ж. Ж. |
6 | «Ән салшы, сарбазым» сапта тұрып, әскери әндер айту | ақпан | байқау | Идрисов Ж. Ж. |
7 | «Жас мерген» сайысы. а) Пневматикалық мылтықпен нысана 10 м-ден отырып ату. (8 оқ. 3+5). ә) Пневматикалық мылтықпен құламалы нысаналарды жылдам ату. (5 оқ). б) Автоматты бөлшектеу және жинақтау. | ақпан | сайыс | Идрисов Ж. Ж. |
8 | 1-наурыз - Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне арналған «Қорғаныс» операциясы» сайысы. (Дербес қорғаныс құралдарын және алғашқы дәрігерлік көмекті қолдану) | 1 наурыз | қорғаныс | Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері, Медбике |
9 | Ұлттық ойындар арқан тарту тоғыз құмалақ т.б. | наурыз | Ұлттық спорттық ойын | «Сарбаздар» патриоттық ұйымы |
10 | «Алау, әскери – спорттық ойын» | сәуір | спорттық ойын | «Сарбаздар» патриоттық ұйымы |
11 | «Ұлы ерлікке тағзым» Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу. | мамыр | кездесу | «Сарбаздар» патриоттық ұйымы |
12 | АӘД оқу курсының аяқталуына арналған әскери-спорттық мереке. | мамыр | | Идрисов Ж. Ж. |
«Сарбаздар» патриоттық ұйымның құрамы:
№ | Оқушының аты-жөні | сыныбы |
1 | Қанатов Тілек | |
2 | Нұрымжанов Қуаныш | |
3 | Мухамеджанова Сабина | |
4 | Тасыбекова Гүлназ | |
5 | Дүйсембекова Ақтоты | |
6 | Тореханова Аружан | |
7 | Бектұрсынова Индира | |
8 | Сембин Гибрат | |
9 | Смагулова Динара | |
10 | Әбілғазы Қымбат | |
11 | Ахметов Ералы | |
12 | Құрманов Жандос | |
13 | Қуатова Айғаным | |
14 | Кашенова Айжан | |
15 | Байқонақ Жансұлу | |
16 | Абенов Айтмухамед | |
17 | Бусенов Аслан | |
18 | Шайзадаев Нариман | |
19 | Агибаева Сабина | |
"Сарбаздар" клубының іс-шараларынан көрініс

БЕКІТЕМІН:-------------------
«Бөгенбай батыр атындағы
қазақ орта мектебі»ММ-сінің
директоры :Г. Сарсенбаева
«-----»----------2013ж


Ұйымның жетекшісі: Идрисов Ж. Ж.
Ерейментау,2013ж