Тақырыбы: Сс әрпі,дыбысы.
Мақсаты: 1.Сс дыбысы және әрпін пысы.Сс дыбысы бар сөзге дыбыстық
талдау жасай білуге үйрету.
2.Оқушылардың дауысты,дауыссыз дыбыстарды ажырата білуіне,ойын
айта білуіне дағдыландыру.
3.Оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі:түсіндіру,әңгімелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап.
Көрнекілігі:суреттер.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау.Өтілген әріптерді пысықтау.
3.Білімді тексеру кезеңі:
1. Көркем жазу: Аа,Тт,Пп,Нн,Ғғ,Рр,Лл,Уу,Шш,Оо,й,Ққ,Мм,Бб,Дд,Сс.
Сөздік диктант жазу:Сара,Саттар,сабақ,сағат, сақина,саты,сары,сызғыш,сынып.
4.Мақсатын қою кезеңі:
Бүгін сендермен Сс дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасаймыз.
5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.
Жұмбақ шешу: Сыртылдайды күнімен,сыртылдайды түнімен.
Білгің келсе уақытты,көрсетеді тілімен. \сағат\.
-”Сағат”деген сөздің бірінші дыбысы қандай дыбыс?
- С дыбысы дауыссыз дыбыс.
- буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау
2.Тізбек бойынша берілген сөздерді оқу.
”Саймандар ”мәтінін оқу,талдау.
Саймандар туралы,оның қолданылуы жайлы әңгімелеу
3.Тақтамен жұмыс: ал-алу,бар-бару,тап-табу,бақ-бағу,қап-қабу,бас-басу.
Сергіту сәті: Сағаттың тіліндей,иіліп оңға бір,
Сағаттың тіліндей иіліп солға бір,
Оң аяқ,сол аяқ,жаттығу оңай-ақ.
6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
1. Дәптермен жұмыс.Жаттығулар орындау.Сөздерді жазу,оқу,сөйлем құрастыру.
-Сара қайда? -Сара сабақта.
- Асан сағат қайда? – Сағат қалтамда.
7.Бекіту кезеңі:Қорытындылау.
Жаңылтпаш:
Қаламқас,қазанды ас,жейік ас.
8.Үйге тапсырма беру кезеңі:
1.Бес саусақ жайлы әңгіме құрау.
Сурет салу. 9.Бағалау