Пән: Сауат ашу | Мұғалімнің аты-жөні: Ж.С.Суханбердиева |
Мектеп: КСГОД№2 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сынып: 1 « Б» | Күні: 07.11.2017 |
Сабақтың тақырыбы: | Сыныптан тыс уақытта. С дыбысы мен әрпі. |
Осы сабақта қол жетілетін оқу мақсаттары( оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.2.1.2.Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану |
Бағалау критерийлері | Білу Түсіну Қолдану |
Тілдік мақсаттар | Жылан-змея-snake |
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
Пәнаралық байланыстар | Математика- Берілген шарлар санына байланысты С әрпінен басталатын сөз құрау. |
Бастапқы білім | Шш дыбысы мен әрпі |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Басы 3 мин | -Амандасу -Оқушыларды түгелдеу Қазір қай мезгіл? 1 мезгілде неше ай? Қазір қай мезгіл? 1 аптада неше күн бар? Қазір аптаның қай күні? | |
Ортасы 20 мин | Біз бүгін С әрпімен таныс боламыз.Ол үшін мен сендерге қазір әңгіме оқып беремін мұқият тыңдаңдар.Сол әңгіменің ішінде С дыбысынан келетін сөздерді атайсыңдар. Сансызбай деген бала болыпты. Оның Сандуғаш деген қарындасы бар екен. Ол екеуі бір күні тоғайға серуенге шығыпты. Тал түбінде өсіп тұрған нені көріпті? Саңырауқұлақты. Шықылықтаған дауысқа қараса сауысқан екен. Алға қарай жүріңкірегенде ағаш кесушілерге кездеседі. Сансызбай олардың сүргі деген құралына қызыға қарады. Ұстап қарап бір ағашты жонып қалып еді. алдынан сылдырап су аға жөнелді. Сандуғаш су түбіне үңіліп еді, сақина, сырға жатыр екен. Сол сақина мен сырғаға сол бойда су жағасынан бір ғажайып сандық ашыла кетті. Сақина мен сырғаны алып, соған сала қойды. Ішінен бір бүктелген қағаз алды. Міне, мынау С әрпі. С с қандай дыбыс? Сс әрпінің жазбаша түрі түсіндіріледі. Ауаға жазылады. №1 тапсырма Топтық жұмыс. Сс дыбысынан басталатын қандай сөздер кездесті? Қай топ көп сөз айтады екен?Сол сөздерді буынға бөлгізу. Дескриптор: 1.Сс дыбысының дауыссыз дыбыс екендігін біледі. 2.С әрпінен басталатын сөздер біледі және буынға бөле алады. ҚБ: От шашу №1 Тыңдалым. Жылан қандай дыбыс шығарады? №2.Оқы. Сол Са нат №3.Сызбаның және сөздердің көмегімен мәтінді оқы. Сөздерді оқыту. | Оқулықпен жұмыс |
Сергіту сәті 1 мин | Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдатады) Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасайды) Көктен төмен әдемi кемпiрқосақ шашылды (жарты доға жасайды). | Сергіту сәті жинағы |
Соңы 5 мин | №4 Ойлан,тап.Топтық жұмыс. «Ребус» | Үлестірмелі қағаз |
Рефлексия 3 мин | | Білім ағашының суреті, стикер |
Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Мадақтау сөздермен, бас бармақ әдісі арқылы. Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсыр-малар қоюды жоспарлап отыр-сыз? Әр вагонға тиісті сөздерді орналас-тыр. | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Мадақтау сөздері (Жарайсың, тамаша, өте жақсы) | Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие) |
Сабақ бойынша рефлекция | Не білдім?Не білгім келеді?Нені түсінбедім? | |
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі? Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады? Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік қиындықтары туралы нені білдім,келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет. |