СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сауда, қолөнер және әлемді игеру 7 сынып Ұлы географиялық ашулардың нәтижесінде әлемде қандай өзгерістер орын алды ҚМЖ

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сауда, қолөнер және әлемді игеру 7 сынып Ұлы географиялық ашулардың нәтижесінде әлемде қандай өзгерістер орын алды ҚМЖ

Просмотр содержимого документа
«Сауда, қолөнер және әлемді игеру 7 сынып Ұлы географиялық ашулардың нәтижесінде әлемде қандай өзгерістер орын алды ҚМЖ»

Сабақтың жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі

7.3B тарауы: Сауда, өндіріс және әлемді игеру

Мектеп: Петропавл қ. ХББ НЗМ

Күні:


Г.А.Алибаева

Сынып: 7

Қатысушылардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ұлы географиялық ашылулар нәтижесінде әлемде қандай өзгерістер орын алды?

Осы сабақта қол жеткізілуі тиісті оқытудың мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме жасау)

Оқушылар:

7.2.4.3. картадан Еуропа саяхатшыларының негізгі бағыттарын көрсете отыра әлем туралы түсінікке Ұлы географиялық ашылулардың ықпалын айқындай алады

7.3.2.8 «Отаршылдық саясат» ұғымын түсіндіре алады (Испания мен Португалияны мысалға ала)

Сабақтың мақсаты

  • Білу керек:Ұлы географиялық ашылулардың себептерін, бағыттарын және салдарларын;

  • Істей алулары керек: контурлы картаға саяхаттардың бағыттарын дұрыс түсіру;

  • Ара-жігін ажырату: ҰГА оң және теріс салдарларын;

  • Бағалай білу: адамдардың әлем туралы түсінігінің өзгеруіндегі ҰГА рөлі

Табыс критерийлері

Біледі:

Ұлы географиялық ашылулардың себептерін, бағыттарын және салдарларын;

Терминдер: каравелла, құл саудасы, «колумб айырбасы»

Біледі: контурлы картаға Христофор Колумб, Васко де Гамма, Америго Веспуччи, Фернан Магелланның саяхаттары бағыттарын дұрыс түсіреді;

Ара-жікті ажырата біледі: ҰҒА 3-тен кем емес оң және теріс салдарларын

Бағалайды: сабақта және өздігінше жұмыс барысында алған білімдерін пайдалана отыра адамдардың әлем туралы түсінігінің өзгеруіндегі ҰГА рөлі

Тілдік мақсаттар


Оқушылар: жаза алады, дауыстап оқи алады, сұрақтар қоя алады, контурлы картаға саяхаттардың бағытын сала алады.

Пәнге тән лексика және терминология:

Әлемді ашу, зерттеу саяхаттары, тұрғындар санының артуы/кемуі, қоршаған ортаның өзгеруі, адамдардың жаппай қоныс аударуы,аурулардың тарауы, жануарлар және өсімдіктермен алмасу, еуропалық отаршылар, құлдар, оқ-дәрісі бар империя, Колумб ашқаннан кейін орын алған алмасулар

Диалог және жазу үшін пайдалы сөз орамдары:

Батыс Еуропада зерттеу саяхаттарын жүргізу сақталуда, себебі ....

Ең маңызды факторлар мыналар болды ........

Ең үлкен табысты мынадай адамдар алды .......

Мына адамдар барлығын жоғалтты ........

Пәнаралық байланыстар

география

АКТ пайдалану дағдылары

Мұғалім дайындаған презентациялар, оқушылардың белгілікті тақырып бойынша слайдтарды (1-3) әзірлеу

Алдын ала білімдері


Оқушылар Қазақстан тарихынан бұған дейін оқытылған тарау мен тақырыптар негізінде сауда, экономикалық және мәдени алмасулар туралы білімдерін пайдалана алады, мысалы Ұлы Жібек жолының дамуы

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақ барысында жоспарланған әрекет

Ресурстар

Сабақтың басыкөңіл аударту

Сәлемдесу. ПСМ.

Көрнекіліктермен жұмыс.

Қара жәшіктің ішінде үш зат жатыр.

Сипаттамасы бойынша олардың не екенін анықтаңыз?

  1. Еуропалық әйелдер оны тек гүл шоғына жарамды деп есептеді, ал І Петр оның Ресей үшін «екінші нан» болатынын көрді.

  2. Колумб оны «Үндістандық дән», малға арналған азық деді, ал біз оның артықшылықтарын киноға барғанда көреміз.

  3. Эль оро бланко” немесе ақ алтыннан жасалынған зат испан ханшайымына сыйлық ретінде әкелінді,бір ол бұл сыйлықты бағалаған жоқ. Ерлердің сүйікті спорт ойынына арналған жабдық.

Талқылау, жауаптар


Проблемалық сұрақ:

Осы суреттердің бір бірімен қандай байланысы бар?


Оқыту мақсаттарымен, сабақтың мақсаттары және сабақ барысындағы табыс критерийлерімен таныстыру.

1-слайд 1














2-слайд 2








3-5 слайд







Мәнін түсіну

Оқушылар ҰГА анықтамасындағы түсіп қалған сөздерді толтырады.

Ұлы географиялық ашылулар (ҰГА) – адамзат тарихында XV ғасырда басталған және XVII ғасырға дейін жалғасқан кезең. Соның барысында еуропалықтар жаңа сауда жолдарын және Еуропада үлкен сұранысқа ие тауарлардың қазбаларын іздеу үшін жаңа жерлерді және Африкаға, Америкаға, Азия мен Океанияға жаңа бағыттарды ашты. – дәптерлеріне жазғызу

Талқылау.


Әрбір оқушыда ФО және таза контурлы карта бар, ол онымен сабақ барысында жұмыс істейді.


1-тапсырма. Өнертабыс және оның салдарларын сәйкестендіріңіз, жауаптарыңызды төменде берілген кестеге жазыңыз.

1. Су қозғалтқышын ойлап табу

А. Ағарту мен әдебиеттің дамуы

2. Домна пешін ойлап табу

В. Әскери істегі төңкеріс

3. Атыс қаруын жетілдіру

С. Адамдардың жинақталған білімдерін тез тарату және сақтау

4. Кеме жасауды және теңізде жүзу техникасын жетілдіру

D. Теңіздер мен мұхиттарда ұзақ жүзу

5. Кітап бастыруды ойлап табу

Е. Металдың қорытылуы ұлғайды


F. Оны шеберханаларда, кен ісінде, металлургияда пайдалану


G. Атыс қаруының өндірісі

Ғылыми-техникалық өнертабыстар қалай әсер етті?

Үлестірмелі материалдармен жұмыс, талқылау

2-тапсырма. ҰГА-дың қандай себептері экономикалық, техникалық және діни себептерге жатады. Оларды схема бойынша топтастырыңыз.

1. географиялық білім алудың дамуындағы табыстар

2. Шығыста христиандықтың таралуы

3. Шығыстағы мемлекеттермен теңіз жолымен тікелей байланысты орнату қажеттілігі

4. кеме жасаудың дамуындағы табыстар

5. алтынға қажеттіліктің артуы

6. Католик шіркеуінің қолдауы

7. сауданы қадағалау

8. техниканың дамуындағы табыстар

9. шығыс елдеріндегі ғажайып байлық туралы сөздер және баюға қызығу

Экономикалық

себептер

Ғылыми-техникалық себеп

Діни

себептер







Христофор Колумб (1451-1506 жж.) –

1492 жылы

еуропалықтар үшін Американы ашқан

испан теңіз жүзушісі

Алғашқы сапары

(1492-1493)

1492 жылы қазанның 12-сі (Американың ресми ашылуы күні). Багам аралдары, Гаити, Куба

Екінші сапары

(1493-1496)

Виргин, Кіші Антиль аралдары, Ямайка, Пуэрто-Рико

Үшінші сапары

(1498-1500)

Тринидад аралы. Алайда осы кезде Васко де Гама Үндістанға апаратын нақты жолды тапты, бай қазынамен келді. Колумб теңіз жүзушісі ретінде өтірікші деп жарияланды

Төртінші сапары

(1502-1504)

Орталық Америка жағалауына жетті. Атлант мұхиты мен Оңтүстік теңіз ортасында құрлық бар екенін дәлелдеді

Бағытты талдау



Васко де Гама (1460-1524 жж.) –

Үндістанға (1497-1499)

теңіз жолын ашқан

португал теңіз жүзушісі


XIV ғасырдың ортасында португал теңіз жүзушілері Африканы оңтүстіктен айналып өтуге болатындығын анықтады және де шығыс Африкадағы араб елді мекендері мен Үндістан арасындағы теңіз сауда байланысы бар екендігін орнатты.

1497 жылы Португал патшасы І Мануэл (1495-1521) Васко да Гамаға Африканы айналып өтіп Үндістанға сапар шегуге бұйырды




Бағытты талдау




Америго Веспучи (1454-1512 жж.) – флорентиялық саудагер, саяхатшы, Америка құрлығы осы кісінің есімімен аталған. Веспучидің өзі оны Жаңа Жер деп атаған


Медичиге жазған хатында (1503) Америго Веспучи мынаны хабарлаған: «Осы елдерді Жаңа Жер деп атау керек. Көптеген ежелгі авторлар экватордан оңтүстікке қарай құрылық жоқ дейді. Ал менің соңғы саяхатым осындай пікірлердің теріс екенін дәлелдеді және де олардың дәлелдерін мүлдем қайшы, себебі оңтүстік облыстарда мен біздің Еуропаға, Азия немесе Африкаға қарағанда адамдары мен жануарлары тығыз орналасқан құрлықты таптым. Сондай-ақ мұндағы климат бізге белгілі қандай да бір елге қарағанда қоңыржай әрі жайлы».


Бағытты талдау



Фернан Магеллан

(шамамен алғанда (1480-1522 жж.) –

теңіз жүзушісі, жер шарын алғашқы болып айналып шыққан саяхатшы

(1519-1522)




Өзінің жер шарын айналып шығу саяхатымен Америка мен Азия арасында ұлы су айдыны жатқанын дәлелдеді және де бірыңғай Дүниежүзілік мұхиттың бар екенін дәлелдеді. Ол біздің планетамыздың формасы туралы дауларға нүкте қойды. Оның шар тәріздес екенін дәлелдейтін фактілерді келтірді.



Мына карта негізінде қандай қорытынды шығаруға болады?



Келесі суретке мұқият қараңыздар және

ҰГА кейін Ескі және Жаңа Жер

қандай тауарлармен алмаса бастағанын жазыңдар?


Колумб айырбасы – 1492 жылы Колумбтың Американы ашу нәтижесінде Ескі Жерден Жаңа Жерге және керісінше өсімдіктер мен жануарлардың, технология мен мәдени жетістіктердің көп түрінің, сондай-ақ тұрғындар тобының (соның ішінде құлдарды күштеп қоныстандыру) орын алмасуы. Алмасу сондай-ақ аурулардың тарауына әкеліп соқтырды.




Талқылау


Сіздің ойыңызша бұл жерде не болып жатыр?

Бұл сурет сізде қандай сезім тудырады?




1452 жылы Рим папасы V Николай өзінің булласымен (рим папасының грамотасы) Португалдықтарға Африкадағы жерлерді басып алуға және оның тұрғындары құлдыққа алуға рұқсат берді.

Құлдарды Африкадан алып кету, оларды Оңтүстік Америкаға барып сату, алынған ақшаға қант және Солтүстік Америка отарларындағы ром мен өзге тауарларға айырбастау мақсатында өзге де шикізатты сатып алу, содан кейін экспортталатын тауарларды Еуропада сату өте табысты іс болды.

Осындай схема «Алтын үшбұрыш бойынша сауда жасау» деп аталды. Осындай сауда тізбесінің әр бөлігінде кез келген тауардың құны (ол құл немесе ром, қант болсын) жеткізілгеннен кейін он есеге дейін артып отырған. Ол өз кезегінде кеткен шығындарды толық өтеп қана қоймай, саудагерлердің баюын қамтамасыз етті.



Ұлы географиялық ашылулар

қандай салдарларға ие болды?


Теріс

Оң








Талқылау және дәптерге жазу


Ұлы географиялық ашылулардың салдарлары

Теріс

Оң




еуропалық білім мен ғылымның таралуы



еуропалық отаршылық саясаттың басталуы

рухани және материалдық мәдениет жетістіктерімен өзара алмасу



халықтардың кездесуі соғыс және тонаушылыққа себеп болды

сауданың кеңеюі, Еуропаға бағалы металлдар құйылды



құлдар саудасы

сауда жолдарының Жерорта теңізінен мұхиттарға ауысты


отарлар – еуропалық мемлекеттер байлығы мен күш-қуатының табыс көзі және жаулап алынған халықтарды тонау


экономиканың даму, Еуропа тұрғындары санының артуы

оба, сүзек, шешек, тырысқақ, тұмау және т.б аурулардың тарауы


Талдау:

Оқушылар өздері көздеген мақсаттарға қол жеткізді ме?


Біледі:

Ұлы географиялық ашылулардың себептерін, бағыттарын және салдарларын;

Терминдер: каравелла, құл саудасы, «колумб айырбасы»


Біледі: контурлы картаға Христофор Колумб, Васко де Гамма, Америго Веспуччи, Фернан Магелланның саяхаттары бағыттарын дұрыс түсіреді;


Ара-жікті ажырата біледі: ҰҒА 3-тен кем емес оң және теріс салдарларын ажыратады;


Бағалайды: сабақта және өздігінше жұмыс барысында алған білімдерін пайдалана отыра адамдардың әлем туралы түсінігінің өзгеруіндегі ҰГА рөлі

6-слайд









7-слайд, ФО, контурлы карталар






8-слайд. Сұрақтары бар үлестірмелі материал











9-слайд + видео, үлестірмелі материалдармен жұмыс

















10-слайд + үлестірме
















11-слайд









12-слайд + видео














13-слайд













14-слайд + видео














15-слайд














16-слайд + видео
















17-слайд















18-слайд



















19-слайд














20-слайд














21-слайд













22-слайд


















23-слайд














24-слайд


Рефлексия

Үй тапсырмасы:

1. Ұлы саяхатшылар туралы сабақта алған білімдерің бойынша кестені толтырыңдар

Саяхатшы

Өмірбаяннан қысқаша мәлімет

Саяхат жасаған жылдары

Ашқан жаңалықтары



25-слайд

Дифференциация – Сіз көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлап отырсыз? Сіз дарынды оқушылар алдында қандай тапсырмаларды беруді жоспарлап отырсыз?


Бағалау – Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлап отырсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Ең бастапқы міндет барлық оқушылар ҰГА себептері, бағыттары және салдарлары туралы білімді меңгерту, сондай-ақ сабақтың материалын, бейнематериалдарды жинақтай отыра әлемнің одан әрі дамуына ҰГА ықпалы туралы қорытынды жасауға үйрету болып табылады.

Ең дарынды оқушылар сабақ барысында үйретудің көптеген көліктерін қоса алады және оларды бұған дейін география сабақтарынан, телебағдарламалар және т.б. алған білімдерімен байланыстырып ҰГА адам өмірі және әлемдік экономика мен саясаттың дамуына ықпалы туралы терең анализ жасай алады.


Денсаулық сақтаушы технологиялар – жарық, температура режимі, медициналық көрсеткіштерге сәйкес парталарға дұрыс отырғызу, жайлы психологиялық ая жасау (мейірімді сөйлесу, ауызша, ыммен қолдау көрсету).

Сергіту сәттерін және қызметтің белсенді түрлерін пайдалану – топпен жұмыс, орындарын ауыстырып отырғызу және т.б.

Аталған сабақта қауіпсіздік техникасы Ережесінен алынған тармақтар



Сабақ бойынша рефлексия


Аталған тарауды сабақ туралы ойлар үшін пайдаланыңыз. Сол бағаннан Сіздің сабағыңыз туралы ең маңызды сұрақтарына жауап беріңіздер

Сабақты мақсаты / оқытудың мақсаты шынайы болды ма?


Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?


Егер қол жеткізбесе, неліктен?



Сабақтағы саралау (дифференциация) дұрыс жүргізілді ме?



Сабақтағы уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?



Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?



Жалпы баға


Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақты беру туралы, сондай-ақ оқыту туралы дұрыстап ойланыңыз)

1:


2:


Сабақты жақсартуға не септігін тигізер еді? (сабақты беру туралы, сондай-ақ оқыту туралы дұрыстап ойланыңыз)

1:


2:


Сабақты беру кезінде сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері / кемшіліктері туралы нені аңғардым? Келесі сабақтарда неге назар аудару қажет?