Мамыр Серуен № 1 Бақбақ гүлін бақылау Мақсаты: бақбақ гүлі туралы білімдерін тиянақтау (гүлдеудің алғашқы кезеңіне көңіл аудару ); Бақылау барысы Көркем сөз. Аппақ, аппақ бақбақтар, Үлбіреген бақбақтар, Құдды киіз ақ үйлер. Парашюттен аумайды. Төнеді кеп жан-жақтан, Сәл-пәл самал жел соқса, Тамашалап сәбилер. Ақ ұлпалар заулайды. Кәдімгі бақбақ көктемнің тұңғышы. Халық оны «Жер күні», «денсаулық эликсирі» деп атайды. Бақбақ көп жылдық шөптес өсімдік. Олар көбінесе үлкен жүргінші жол бойында, егістікте, шабындықта, жаңа тыңая бастаған жерлерде өседі. Бақбақтың гүлді сабақтары жапырақсыз, ең ұшында бір ірі гүл табақшасы болады. Бақбақ басын күн қызуына қарай бұрады. Күн батқан кезде гүл жапырақтары жабылып қалады, ал, таңертең күн сәулесімен бірге ашылады. Бақбақ-тың гүл оралғысы екі қабат. Сәуір айынан қыр-күйек айына дейін гүлдейді. Гүл жарып болған кезде гүлдері ұлпа үлпілдек «парашюттерге» ай-налады. Бақбақтың барлық бөлігі, әсіресе сабағы сүт сымаққа бай. Бақбақ дәрілік өсімдік. Дәрі жасау үшін бақбақтың тамырын, гүлін, жапырағын пайдаланады. Бақбақтан жасалған дәрілер тәбетті ашуға, ас қорытуға, қан қысымын түсіруге, қатты ісіктерді басуға, ыстықты түсіруге тағы басқа көптеген ауруларды емдеуге пайдаланады. Бақбақты ең қажет дәрілік өсімдік ретінде сақтап, қорғау керек. Балаларға сұрақтар. Бақбақ гүлінің түрі қандай?? Ол жылдың қай мезгілінде әдемі болып көрінеді? Бақбақтың қандай лақап аттары бар? Бақбақты неге дәрілік өсімдік дейміз? Зерттеу жұмыс: Бақбақтың сабағын кесіп, сүт сияқты сұйықты қарау. Еңбек. Гүл егілген алаң айналасын тазалау. Мақсаты:Үлкендерге көмек беруге, үлкендер еңбегін бағалауға тәрбиелеу. Қимылды ойын «Өз гүліңді тап». Мақсаты: Жаттығу ойыны. Қимылдарын дамыту Мақсаты:- Қимыл белсенділіктерін арттыру; | Мамыр Серуен № 2 Жолжелкенді бақылау Мақсаты:емдік өсімдіктер туралы түсініктерін қалыптастыруда танымдық белсенділіктерін дамытуды жалғастыру. Жолжелкеннің ерекшелігі мен емдік қасиеті туралы білімдерін молайту. Бақылау барысы Тәрбиеші әңгімесі -Жолжелкен қазақстанның барлық жерінде өседі. Көше бойлап келе жатсаң жол жиегінде, өзен бойы, шалғындық алқаптарда көптеп кездеседі. Сондықтан да болар бұл өсімдікті «жолжелкен» деп атайтыны. Адам аяғы баспайтын жерлерде жолжелкенді кездестірмейсің. Күзде жолжелкеннің гүлдері тұқым шашқан кезде, ол аяқкиімге жабысып барып, басқа жерлерге дәннің түсуіне байланысты, кез келген жерде өсіп шығады. Жолжелкен маусымнан қыркүйек аралығында гүлдейді. Оның жапырақтарын маусым, шілде айларында жинайды. Жолжелкеннің жапыраған сабағымен қоса бүлдірмей алып, көлеңке жерде кептіреді. Жолжелкеннің жапырақтары дене сыртындағы аққан қанды тоқтатуға, күйген жараға, іріңді ісікке, шиқанға қолданылады. Жолжелкеннің шырынын жәндіктер шаққан жерге, асқазан ауруына, шаншуға, мұрыннан қан аққанда және дизентерияға пайдаланады. Балаларға сұрақтар: Мамыр айын халықта қалай атайды? (шешек айы) Өсімдіктер қай жерде бар да, қай жерде жоқ? (күннің көзі көп түскен жерде бар) Көлеңке, ылғал жерлерге әлі шөп шықпаған, неге? (өйткені ло жер әлі салқын) Мамыр айындағы жаңбырдан соң шөптерде қандай өзгерістер болады? (олар бұрынғыдан да жасылдана түседі) Мына өсіп тұрған өсімдік қалай аталады? (жолжелкен) Оны неге олай атаған? ♦Жолжелкеннің қандай көмегі бар, кім біледі? Зерттеу жұмысы Лупа арқылы жолжелкен жапырақтарын қарау, ерекшеліктерін табу. Өгейшөппен жолжелкеннің айырмашылық-тары мен ұқсастықтарын айыру. Еңбек: Ойын алаңын тазалау. Мақсаты: бірлесе еңбек етуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Қимылды ойын: «Бәйге». Мақсаты: жеңіске деген құштарлықтарын арттыру, жылдамдықтарын дамыту. Жаттығу ойыны: Дыбыстар арқылы жүру Мақсаты: тепе-теңдікті сақтау, берілген дыбыс ырғағына қарай қимыл жасау. Мақал-мәтел: Дана көптен, дәрі шөптен. Құнарлы шөп, қосымша сүт. |