СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Шай қайнатуды үйренеміз

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Шай қайнатуды үйренеміз" тех карта

Просмотр содержимого документа
«Шай қайнатуды үйренеміз»

Жұлдыз» ІІ кіш тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Күні: 11.01.2017ж.

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Шай қайнатуды үйренеміз» (дидактикалық ойын).

Мақсаты:Тағам және шай ішуге арналған ыдыстармен таныстыру, түрлерін атай білуге үйрету, ойын жағдаяттарын көрсету арқылы шай дайындауды түсіндіру (шәйнекке шай салып, су құю). Есте сақтау қабілеттерін дамыту және сөздік қорларын молайту.Балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: шәй ішуге арналған заттар.

Сөздік жұмыс: ысдыстар, аспаз, нан.

Қостілділік компонент: ыдыс-посуда, аспаз-повор, нан-хлеб.


Оқу қызметінің

кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Сәлемдесу.

Білер қазақ баласы

Сәлем – сөздің анасы.

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз.

(Е. Өтетілеуұлы).

Сұрақтарға толық жауап береді. Бірінің жауаптарын бірі толықтырады.



Ұйымдастырушылық-

ізденістік

– Балалар, сендер тамақ ішкенді жақсы көресіңдер ме? Үйде аналарыңа көмектесесіңдер ме?

– Шай ішкенде үстелдің үстіне не қояды?

– Қазір біз сендермен шай жасап үйренеміз.

Балалар дөңгеленіп отырады. Ортада тәрбиеші. Үстелде шай ішуге арналған ыдыстар: шәйнек, кесе, қантсауыт, қасық.

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады.


Кесе, шыны, пияла,

Оларсыз шай құя ма?

Қасықсыз тамақ жемейміз

Бәрінің атын не дейміз?

(Ыдыс)

Тәрбиеші:

– Мына қораптың ішінде не бар?

Тәрбиеші қораптағы шайды қасықпен көрсетеді:

– Мына шәйнекке шайды саламыз. Шәйнекке шайды салғаннан кейін үстіне қайнаған су құямыз. Шайды кесеге құямыз, оған керегінше сүт құйып, қант саламыз.

– Балалар, оны бізге кім даярлайтынын білесіңдер ме? Мен сендерге

Қ. Ыдырысовтың өлеңін оқып берейін.

Біздің гүл бақшада,

Бар әсем асхана.

Бар онда аспаз,

Ақкөңіл жақсы апа

Тұрады ортада.

Тәп-тәтті тағамы,

Апай ас маманы.

Пісіре білгенге,

Астың жоқ жаманы.

– Иә, балалар, аспаз апай бізге шай даярлап береді екен.

Аспаз келіп бүгінгі астың атын айтып кетеді.

Аспаз – ас даярлайтын апай.

Сергіту сәті:

Дастарқанды жаямыз,

Ыдыстарды қоямыз.

Тағамдарды әкеліп,

Дастарқанға қоямыз.

«Орнын тап!» дидактикалық ойыны. Әр затты бір-бірімен сәйкестендіру.





Балалар жұмбақты мұқият тыңдап, шешуге тырысады.



Демонстрациялық материалдағы суреттер бойынша балалардың жауабы.

















Өлеңді мұқият тыңдайды.









Бірге қайталап, сәйкес қимыл жасайды.



Балалар әр затты бір-бірімен сәйкестендіріп, оларды сызықпен қосады.

Балалардың жауабы

Рефлексиялық-

түзетушілік

19 демонстрациялық материалымен оқу іс-әрекетін қорытындылау.

– Балалар, бүгін біз сендермен не жасап үйрендік?

– Мынау ыдыстар қалай аталады?

– Шайды салғаннан кейін қандай су құяды екен?




Балалардың сурет бойынша жауабы.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: шай ыдыстарының атын атауды;

Игереді: шай әзірлеудің ретін білуді;

Меңгереді:ыдыстарды дұрыс қолдана білуді.