СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Шалқан" ертегісі қимыл қозғалыс ойыны

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балалардың шапшандығын дамыту, алған рөлі бойынша іс-әрекеттер жасауға үйрету.

Просмотр содержимого документа
«"Шалқан" ертегісі қимыл қозғалыс ойыны»



«Шалқан» қимылды-қозғалыс ойыны.







Мақсаты: Балалардың шапшандығын дамыту, алған рөлі бойынша іс-әрекеттер жасауға үйрету.

Құрал-жабдықтар: «Шалқан», ата, әже, қыз, ит, мысық, тышқан маскасы.

Ойын барысы: Тәрбиеші: -Балалар, сендер ертегі жақсы көресіңдер ме? Бүгін біз балалар емес, ертегі кейіпкерлері боламыз. Қандай екенін өздерін тауып көріңдер. Жұмбақты тауып көріңдер.

Үй ішін аралап,

Түнде көп жортады.

Қаптарды жарып,

Мысықтан қорқады. (Тышқан)

Тәрбиеші: Дұрыс, бұл тышқан. Қазір біз тышқанға айналамыз. Айналамыз, айналамыз, міне біз тышқанбыз!

Қимылды ойын: «Тышқан қақпасы».

Мақсаты: Балаларды шеңберге тұрып, шеңбермен жүруге үйрету, шапшаң болуға үйрету.

Барысы: Балалар екі тең емес топқа бөлінеді. Үлкен топ шеңберге тұрып, «тышқан қақпасын» ұйымдастырады, қалған балалар тышқан болады. Балалар шеңберде қолдарын көтеріп жүреді, алтышқандар қол арасынан өтіп жүреді. («Тышқан, тышқан тышқандар

Ойбай оны ұстаңдар») деп айтады да, қолдарын тез түсіреді. Іште қалып қойған тышқандар, шеңберге тұрып «тышқан қақпасын» толықтырады.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, не деген жылдам тышқансыңдар! Ал, тағы бір жұмбақ шешейік.

Мұртын сипап күні түні,

Бетін сусыз жуады.

Тырсылды аңдып түні бойы,

Тышқанды да көп қуады. (Мысық)

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, бұл мысық. Айналамыз, айналамыз, мінебіз мысықпыз.

Қимылды ойын: «Тышқан мен мысық».

Мақсаты: Баланың байқағыштық қабілетін, шапшандығын дамыту.

Құрал-жабдықтар: мысық, тышқан эмблемалары.

Барысы: Балалар, шеңберге тұрады, екі бала, 1 мысық, 2 тышқан. Мысық тышқанды қуып жүреді. Ұстап алса,олар рөлдерін ауыстырады.

Тәрбиеші: Балалар, сендерге соңғы жұмбақ жасырамын. Мұқият тындаңдар.

Табанынан тыз етіп,

Жүрсе дағы сыз өтіп.

Күні, түні ерінбей.

Үйді жүрер күзетіп. (Ит)

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Енді айналамыз, айналамыз, міне біз итпіз.

Қимылды ойын: «Итті оятайық».

Мақсаты: Балаларды шапшандылыққа үйрету, жануарлар кейпін жасап тырысуға үйрету.

Барысы: 8-12 бала ойнайды. 1 бала иттің рөлін алады. Ол үйшігінде ұйықтап отырады. Балалар ақырындап итке жылжи бастайды. Ит тез тұрып, балаларды ұстай бастайды. Ұстап алған баланы үйшігіне апарады.

Тәрбиеші: Біз бүгін өте көп ойнадық. Ал енді «Шалқан» ертегісін есімізге түсіріп, сахналайық.