Просмотр содержимого документа
«Шамалар арасындағы тәуелділіктерді берілу тәсілдері графиктік тәсіл (Қашықтықтықтан оқыту)»
Математика пәні бойынша 6-сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
IV тоқсан
Сабақ нөмірі: 141
Сабақтың тақырыбы: Шамалар арасындағы тәуелділіктерді берілу тәсілдері: графиктік тәсіл (4-сабақ)
Мақсаты:
формуламен немесе кестемен берілген тәуелділіктердің графиктерін салу;
Өтілген тақырыпқа дағдыландыру тапсырмалары:
Шамалар арасындағы тәуелділіктің графигі сызықты беретін бір нүктеден, бірнеше нүктеден немесе шексіз көп нүктеден тұруы мүмкін.
1-мысал. Суретте А және В пунктінен шыққан жолаушының қозғалыс графигі кескінделген.
Берілген график бойынша жолаушының жүрген жолына кесте құрастырайық.
t (сағ) | 0 | 1 | 2 | 2,5 | 4 | 5,5 | 7,5 |
s(км) | 0 | 90 | 180 | 180 | 270 | 270 | 480 |
Демек, 2 мен 2,5 сағатта және 4 пен 5,5 сағаттарда жолаушының жылдамдықтары өзгермеген.
Шамалардың бірі екеуінің көбейтіндісі болып табылатын тәуелділіктер өмірде жиі кездеседі. 1-кесте түрінде біршамасын қарастырайық:
1-кесте
Көбейтінді | Көбейткіш | Көбейткіш | Формула |
Жол (s) | Жылдамдық(v) | Уақыт(t) | s=vt |
Жұмыс(A) | Өнімділік(w) | Уақыт(t) | A=wt |
Құны(C) | Бағасы(a) | Тауар саны(n) | C=an |
Тік төртбұрыштың ауданы(S) | Ұзындығы(a) | Ені(b) | S=ab |
Заттың массасы(m) | Тығыздығы( ) | Көлемі(V) | m= |
Ерітіндідегі заттың массасы(m) | Концентрациясы(p) | Ерітіндінің массасы(M) | m=pM |
Шамалардың арасындағы өзара байланысты (шамалардың өлшем бірліктері өзара келісілген болуы тиіс) сипаттайтын формулалардың маңызды ерекшелігіне назар аудару қажет. Мысалы, егер ауданды есептеу формуласында ені – сантиметрмен, ал ұзындығы милиметрмен өлшенген болса, онда формула дұрыс болмайды.
Зер салып тыңдаңыз:
https://youtu.be/4rIRyHaxSF0
https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/6-synyp/shamalar-arasyndahy-taueldilik-taueldilikti-beru-tasilderi сілтеме бойынша
Тапсырмалар.
№1. 1-суретте жеңіл мәшиненің 70 км/сағ жылдамдықпен қозғалыс графигі берілген. График бойынша мына сұрақтарға жауап беріңдер:
Жеңіл мәшине 4 сағатта неше километр жол жүрген?
Жеңіл мәшине 210000 м қашықтыққа неше сағатта барған?
Жеңіл мәшиненің 70 км/сағ тұрақты жылдамдықпен жүргендегі жолмен (s) уақыттың (t) тәуелділігін көрсететін формуланы құрастырыңдар.
1-сурет
№2. 2-суретте берілген координаталық жазықтықтағы нүктелердің орындары бойынша кестелерді толтырыңдар.
2-сурет
Дәптер саны | Бағасы | Графиктегі нүкте |
3 | 150 | |
7 | 350 | |
5 | 250 | |
2 | 100 | |
1 | 50 | |
4.Сілтеме:
Алдамұратова Т.А., Байшоланова Қ.С., «Математика»-6, 2-бөлім, Алматы «Атамұра», 2018ж, 157-159 беттер
Әбілқасымова А.Е., Кучер Т.П., Жұмағұлова З.Ә. Математика-6, Алматы: Мектеп, 2018
https://youtu.be/4rIRyHaxSF0
https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/6-synyp/shamalar-arasyndahy-taueldilik-taueldilikti-beru-tasilderi сілтеме бойынша