Просмотр содержимого документа
«Шебер - сынып Мұғалімдерге арналған»
Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шебер - сынып
Биология сабақтарында критерийалды бағалауды қолдану

Ахметбаева Бакытгуль Кадылбековна –
Биология және химия мұғалімі
Күтілетін нәтиже:
Топқа бөлудің жаңа әдістерімен танысады;
Диалогтық оқыту әдістерін игереді;
Берілген тапсырма бойынша қалыптастырушы бағалау дескрипторларын құрады;
Оқушыларды саралап оқытуға мүмкіндік алады.
Қатысушыларды күтіп алу:
Сыныпқа қатысушылар кіріп келе жатқанда алма ағашына ілінген әр түрлі түстегі (қызыл, сары, жасыл) алмалардың қалағанын үзіп алады. Алманы партаның жоғарғы жағына жапсырып қоюды өтіну. (Жұмысты әрі қарай жүргізуге қатысушылардың көңіл –күйін білу үшін және сабақ соңында рефлекция жасауға қолданылады).
Топқа бөлу- «Рольдегі капитан» ойыны. Қажетті топтағы адам санына қарай ойын жүргізіледі. Рольдегі капитан, адам суға кетті(3), түскі ас ішеміз (4), палуба жинаймыз (2), қайыққа отырамыз (5).
Мағынаны ажырату
Тапсырма №1. Топ мүшелері - бақаның сыртқы құрылысының суретін салды. І топ - ІІ топтың, ІІ топ -ІІІ топтың, ІІІ топ- І топтың суреттерін алмастыру арқылы 5- баллдық жүйемен баға қояды.
Тапсырма №2. Топ мүшелері салынған суреттерді критерий арқылы, баллды бағаға айналдырып бағасын қояды.
Тапсырма №3. 5- баллдық бағалау мен критерийалды бағалаудың ерекшелігін ажырату (Постер арқылы қорғайды).
Тапсырма №4. Зертханалық жұмыс «Адам және құрбақа қанының микроскопиялық құрылысы». Адам мен құрбақаның эритроциттерінің пішіні арқылы қанның ерекшелігін ажырату.
Құрал – жабдықтар:
Жарық микроскоптары
Адам қанының микропрепараты
Құрбақа қанының микропрепараты
Ватман қағаз, түрлі- түсті маркер, стикерлер.
Ресурс:
Қанның қызметі:
адам ағзасында қан әрбір мүшені, дененің әрбір жасушасын бірімен-бірін өзара байланыстырады;
оттегін өкпеден ұлпаларға жеткізіп, көмірқышқыл газынан тазарта-ды;
қорек заттарды асқорыту мүшелерінен ұлпаларға жеткізеді;
ағзаның соңғы қажетсіз өнімдерін бүйрекке және т. б. мүшелерге тасымалдайды;
дене температурасының тұрақтылығын сақтайды;
ағзаны зиянды микробтардан қорғайды;
ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондарды тасымалдайды;
жасушаларда қышқылдың, судың деңгейін реттейді;
қорғаныштық қызмет атқарады (қанды ұйыта алады).
Эритроциттердің құрылысы. Эритроциттер (грекше «еrythros» — қызыл) немесе қызыл қан жасушаларының пішіні (форма) диаметрі 7- ден 10мкм –ге дейінгі екі беті ойыс диск тәрізді. Мұндай пішін эритроцит бетін 1,5 есе үлкейтеді және газ алмасу үшін едәуір тиімді болып табылады. Жаңадан түзілген эритроциттерде ядро байқалады да, кейіннен жойылып кетеді. Эритроциттер өздігінен қозғалмайды, тек қан сұйықтығының ағынымен жылжиды. Қанның 1 мм3-де - шамамен 4,5-5 млн, жаңа туған нәрестенің 1 мм2 қанында 6-7 млн эритроцит бар. 3 айдан соң оның мөлшері азайып, қалыпты мөлшерге (5 млн) келеді. Эритроциттердің қызыл түсі гемоглобинге (грекше «гема» - қан) құрамында темір бар нәруызды қызыл пигментке байланысты. Оттекпен қосылған гемоглобинді оксигемоглобин дейді.
Рефлексия: «Екі жұлдыз бір тілек!»
_____________________________________________________________________________________________________________

