7.
8.
10.
11.
«Қош бол, ойыншығым» биі- жұптасып билеу.
Би марш екпінінде биленеді.
Бір ұл, бір қыз орталарында ойыншық қолдарымен ұстап көңілді маршпен шығады. Ұлдар сол қолы белде, қыздар сол қолымен етектерін ұстайды.
Жарты шеңберге тұрып, ойыншықтарын орталарында ұстаған күйі сәл аяқтарын бүгіп, отырып- тұру қимылын жасап, ойыншықтарын алуға артқа сермеу қимылын жасайды.
Қолдарын ұстап, оңға- солға айналады.
Жарты шеңберде тұрған күйлерінде қыздар ортаға келеді.Ойыншықтарын жоғары көтеру, түйістіру, төмен түсіріп құшақтау, орындарына келу. Ұлдар қолдары белде, оңға- солға теңселіп тұрады.
Ұлдар ортаға келіп, осы қимылды қайталайды, орындарына барады. Қыздар етектерін ұстап, оңға- солға айналып тұрады.
Жұптасып айналып шеңбер жасау арқылы жарты шеңберге тұрады. Ортадағы ойыншықтарын алға- артқа сермеу арқылы аяқтарын сәл бүгіп, отырып- тұру қимылын жасап тұрады.
Кішкене қыз ойнақы секіріспен шығады. Ойыншықтарды көріп, қуану қимылын жасап, балалардан қолын жайып, кезек- кезек ойыншықтар сұрайды.
Балалар жарты шеңберде тұрған күйі ойыншықтарын сол қолдарымен басып, «бермеймін» дегендей қимыл жасайды.
Кішкентай қыз өкпелеп бетін басып отырады.
Қыздар ұл баланың құлағына тақалып, сыбырласу қимылын жасап, барлығы бірге марш екпінімен кішкентай қыздың қасына ойыншықтарын қояды да, өз орындарына келіп, шеңбер жасау арқылы қолдарын бұлғап, марш екпінімен кетеді.
Кішкене қыз тұрып, ойыншықтарды көріп, қуану қимылын жасап, балаларға қол бұлғап шығарып салады да, өз достарын шақырып ойыншықтарды береді де, екі қатарға тұрады.
Ойыншықты теңселтіп шайқайды, жерге алдарына қойып, сол қолы белде, оң қолының саусағын шошайтып, ойыншыққа еңкейіп,ұрсу қимылын жасайды.
Қолдарын жоғары көтеріп, шеңбер жасау арқылы төмен түсіріп, «ертегі айтып берейін» дегендей қимылын жасау.
Алақандарын бір- біріне түйістіріп, екі бетіне кезек қойып, «ұйықтай қойшы, ойыншық» қимылын жасап, ойыншықтарын жатқызып, саусағын ерніне түйістіріп, «түш!» қасына жатып ұйықтайды.