СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Шеберлік-сынып для учителей

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақта пікірлесу ортасын құрудың, сындарлы диалог жүргізудің жолдарын үйреніп, іс-тәжірибелерінде қолдану шеберлігін арттыру.

Просмотр содержимого документа
«мастер класс мой»

ШЕБЕРЛІК-СЫНЫП ЖОСПАРЫ:

Күні: 23.01.2016

Шеберлік- сыныпты өткізуші: қазақ тілі пәнінің мұғалімі : Ү.С. Баймоллаева

Іс-әрекеттегі зерттеудің тақырыбы: «Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың ауызекі сөйлеу тілінің дамуына диалогтік оқыту тәсілдерінің ықпалы»

Шеберлік- сыныптың мақсаттары мен міндеттері: Сабақта пікірлесу ортасын құрудың, сындарлы диолог жүргізудің жолдарын үйреніп, іс-тәжірибелерінде қолдану шеберлігін арттыру.

Күтілетін нәтиже: диалогтік оқыту туралы өзара пікірлесе отыра, өзіндік ерекшелігін саралап, өзектендіреді.

Мақсаты бағытталған аудитория: семинарға қатысушы мұғалімдер

Әдіс тәсілдері: әңгіме, диалог, топпен жұмыс.

Құрал жабдықтар: Слайд-таныстырылым, түрлі-түсті маркер, стикер, кеспе қағаздар

Дидактикалық материалдар: үлестірме материалдар 

 Шеберлік- сынып барысы:

Жұмыс кезеңі:

Кезеңнің мазмұны

Қатысушылардың іс-әрекеті

Уақыты

Ресурстар

Қызығушылықты ояту







Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық жайлы ахуал туғызу. Қатысушыларды топқа бөлу.

«Әр сағатқа бір дос». Қатысушыларға сағаттың суреті салынған қағаз беріледі. Танысу мақсатында шеңберде тұрған мұғалімдер өздерін таныстырып, аттарын айтады. Қатысушылар аттарды сағаттың әр тіліне жазып тұрады.Содан соң нұсқаушының айтқан нұсқаулары бойынша тапсырмаларды орындайды.

Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу, слайд арқылы әр фигураның өзіндік ерекшелігін білдіру.

Квадрат. Сізде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңа адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетіңіз баршылық. Сізден үздік администрат ор шығады .

Шеңбер.Сізде адамгер-шілік жоғары дамыған.

Сіз өз әріптесіңізді тыңдай аласыз және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісе-сіз,басқаның ауыртпалы-ғына жәрдемдесу қа-білетіңіз жоғары қалып-тасқан. Сізге жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңізді олардан аулақ ұстайсыз. Сізден үздік психолог шығуы мүмкін.

Үшбұрыш. Сізге басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатыңызға қол жеткізуге барлық мүм-кіншілігіңізді жасайсыз. Өзіңе сенімдісіз және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесіз. Айтқаныңыз-дан шықпайсыз, абыройлысыз.Сіз қоғам-да, өмірде жоғары жетістіктерге қол жет-кізесіз, жұмысыңызда жоғарыға көтерілуге бейімділігіңіз бар.

Мұғалімдер сәлемдеседі

Топтарға бөлінеді.

Ынтымақтастық орта қалыптасады.

3 мин

Сағаттың суреті салынған қағаздар











Топқа бөлу карточка-

лары

Ой қозғау










Мағынаны ашу

Презентация арқылы тақырыпқа түсініктеме беру: «Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың ауызекі сөйлеу тілінің дамуына диалогтік оқыту тәсілдерінің ықпалы»

Іс- әрекеттегі зерттеу тақырыбының шығу себебін анықтау, жүргізілген жүмыстарға тоқталу, мәселені шешу жолындағы қадамдар,мәселені шешу үшін сабақтарымда қолданылып жүрген әдіс-тәсілдер және олардың тиімділігі, туған қиындықтар мен жеткен нәтиже туралы айтылады.


1. «Жигсо» стратегиясы.

Ы. Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесі топтарға беріледі.










2. «Қар кесектері» стратегиясы.

Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру, оған жауап беру.






Сергіту сәті

«Көршінің суреті»

3. «Раундробин» стратегиясы











4. «АӘБВ» стратегиясы





 Презентациядан өздеріне керекті мәліметтерді түртіп алып отырады.

 

 

 

 





Топ мүшелері мәтінді нөмірлері бойынша абзацтарға бөледі.

а) Әрқайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін ғана оқиды.

ә) Содан кейін топ құрамы өзгертіледі.№1-лер бір топқа, № 2-лер бір топқа, №3 –тер бір топқа, №4-тер бір топқа жинақталады.

б) Бастапқы топқа жиналып өз топтарында талқылайды.


Қатысушылар мәтін бойынша бір ғана сұрақ құрастырып, қағазға жазады. Жазылған қағазды домаланған қарға ұқсатып, умаждайды да, белгі бойынша лақтырады. Содан соң осы сұрақтарға бір- бірден жауап береді.

Қатысушылар берілген қағазды төбесіне қояды да, қарсы отырған көршісінің суретін салады.

Қатысушылар парақтарына берілген тапсырма бойынша өз ойларын жазып, көршісіне береді.Көршілері алдыңғы жолдасының жазғанымен танысып, сол ойды ары қарай жалғастырады. Жазуды толықтыру парақ иесіне қайтып оралғанша жалғаса береді. Соңында парақтың иесі жазғандармен танысып, қорытынды жасайды.



Қатысушыларға сыртында А,Ә,Б,В әріптері, ішінде жауап нұсқасы бар кеспе қағаздар беріледі. Жауаптың төрт нұсқасы бар сұрақтар беріледі.Дұрысжауапқа сәйкес келетін кеспе қағаздарды көрсетуі қажет.

5 мин












5 мин











4 мин







1 мин



4 мин











3 мин











«Таза бұлақ» әңгімесі











Ақ қағаздар, қаламдар






Ақ қағаздар


Ақ қағаздар












Кеспе қағаздар, сандық проектр

Рефлексия






Қорытынды

 

«Менің талғамым»

Жақсы көретін түсім-шебер сыныпқа берген баға;

Жақсы көретін жануарым- маған берілген баға;

Жақсы көретін қалам-өздерін семинардан кейін жұмыста қандай болып көргісі келеді.


«Сәтті күннің мәзірі»

Күнді аламыз, оны жеккөрушіліктен, қызғаныштан, ренжу мен салғырттықтан, жалқаулық пен қырсықтықтан, өзімшілдік пен бейжайлықтан тазартамыз. Оған үш қасық белсенділік,екі қасық шығармашылық, бір уыс сенімділік пен үміт, бір кесе шыдамдылық пен мейірім салып араластырамыз. Дайын тағамға сүйіспеншілік құямыз. Оны әдемі күлкі мен мейіріммен безендіріп, жылы сөзбен ұсынамыз.Сонда сіздердің күндеріңіз әрқашан Сәтті болатынына сенімдімін.


Қатысушыларға «жақсы көретін түсім», «жақсы көретін жануарым»,«жақсы көретін қалам» деген жазулары бар қағаздар береді. Қатысушылар оларды атап, үш мінездемелік сөздер айтады.



Қатысушыларға іштерінде осы сөздер бар күннің суреттері таратылып беріледі.




 Сөз тіркестері жазылған қағаздар.






Күннің суреті





















Рефлексия (лат. reflexio - кейінге оралу) - бейнелеуді, сондай-ақ танымды білдіретін термин. Бұл «Мен»: Мен не ойладым? Не сезіндім? Не алдым? Мені не таңғалдырды? Мен не түсіндім? т.б. білдіреді.

Рефлексия оқушыларды өзін-өзі бақылауға, бағалауға, өзін-өзі реттеуге  үйретіп, өмірдің, кей мәселенің, оқиғалардың мәнін ұғынуға көмектеседі.

Рефлексия оқушылардың сыни тұрғыдан дамуына көмектеседі.



«Алма ағашы» әдісі

Оқушыларға сабақ басында екі түсті “алма” беріледі.

Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті

алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын:

менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен

тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.

Немесе «Бір сөзбен» әдісі - Оқушылар өздеріне берілген

12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын

сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады.

*Төзімсіздік, *Ашу, * Қуаныш, *

Немқұрайлылық,*Қанағаттану, *Шабыт,

*Зерігу,* Алаңдау, * Тыныштық, * Сенімділік, *

Сенімсіздік, *Рахаттану.

• Сабақтағы іс - әрекетке кері байланыс. (Мысалы:

«Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті, сатының 1

- ші баспалдағы *Мен.............. БІЛЕМІН*, 2 - ші

баспалдағы *мен.................. ТҮСІНЕМІН*, 3 - ші

баспалдағы *Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН* )

«Таңдау» әдісі.

1. Мен сабақ

қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын.

2. Мен сабақта: үйрендім

көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды.

3. Мен басқаларды

мұқият ______________ зейінсіз

тыңдадым.

4. Мен пікірсайыстарға

жиі ______________ сирек

қатыстым

5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме

ризамын ____________ риза емеспін.

Бұл карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің

сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген ынтасын

білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына « +» белгісін қою

тапсырылады.

• Оқу материалының мазмұнының рефлексиясы (кері

байланысы)

- Аяқталмаған сөйлем әдісі; тезистер беру; афоризм

таңдау

- “Бұрын мен білмеуші едім,.. Енді мен білемін” деген

сияқты ой - пікірлеріңді білдіру.

- “Синквейн” әдісі, оқушының оқып отырған тақырыпқа

қатысты іс - әрекетін

анықтауға, бұрынғы білім мен жаңаны түсінудің

арақатынасын жалғастыруға мүмкіндік береді. Мысалы:

“Аяқталмаған сөйлемдер” * Бүгін мен...................... білдім

*................. қызықты болды. *.......................... қиын болды

*..................... тапсырманы мен орындадым.

*......................... екенін түсіндім.

* Мен енді....................... білемін. * Мен...............................

сезіндім

*Мен..................................... білім алдым. *

Мен......................................... үйрендім.

*................................. менің қолымнан келді. *

Мен...................................... жасай алдым

* Мен.................................... жасап көруге талпынамын.

*.................. мені таң қалдырды. * Сабақ менің өміріме.....

берді. * Менің............. жасағым келді

«Плюс, минус, қызықты»

«Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері

жайлы жазады.

«Минус» - “қолымнан келмей жатыр” немесе “ түсініксіз

болып тұр ” деген ойларын жазады.

«Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды

соны жазады, немесе не жайында көбірек білгісі, соны

жазады.


Мен білдім ...

 Мен үйрендім ...

 Маған ұнады ...

 Қиындық туғызды


Ауызша рефлексия

Ауызша рефлексияның мақсаты өз ұстанымын жария етіп, басқа адамдардың пікірімен сәйкестендіру. Студенттер мен оқушылар өз ойын хабарлау, диалог немесе сұрақтар арқылы білдіру ешбір маңызды мәселелерді айқындауға көмектесетіні туралы жиі айтады. Ауызша рефлексияның түрлі тәсілдерінің ішінде (диалог, пікірталас, біріге сөз таластыру) осы мақалада педагогикалық практика үрдісінде, педагогтар мен студенттер жұмысында тиімді қолданылатын бір түрін зерделеп ұсынып отырмын.  «Екі қатарлы дөңгелек үстел» деп аталатын бұл тәсіл қатысушылар үшін өзекті мәселе бойынша пікір алмасуды мақсат етеді.  «Екі қатарлы дөңгелек үстелді» өткізу  кезінде оқытушы қатысушыларды екі топқа бөледі. Бірінші топқа «ішкі» шеңберді құрайды. Бұл топтың қатысушылары талқыланатын мәселелер бойынша өз ойларын еркін айтады.

Жазбаша рефлексия

Алайда, көптеген психолог, педагог ғалымдар, соның ішінде Ф.Кортахян жеке тұлғаның дамуы үшін жазбаша рефлексия маңызды деп есептейді. Жазбаша рефлексияның бірнеше белгілі түрлерін бөліп қарастыруға болады. Эссе - нақты тақырыпты ашатын және еркін құрылымы, сөйлеу тілінің бағдары бар, шиеленіске толы шағын көлемді шығарма.

Эссе жаздыру белгілі бір мәселе бойынша оқушының  өз тәжірибесіне сүйенуін көздейді.

«Борт журналы» - тірек сөздер, графикалық модельдер, қысқа сөйлемдер, қорытындылар, сұрақтар арқылы ақпаратты тізудің бір түрі. «Борт журналының» бөліктерін оқытушы оқушыларға ұсынудың тақырыптық тірек ұғымдары, байланысы, маңызды сұрақтары сияқты түрлерін қолдануына болады. 

«Күншуақ»

Тақтада күннің бейнесі жапсырылған, балаларға сары және көк түсті күн шашақтары  үлестіріледі. Күн шашақтарын күнге жапсыру керек: сары түс – маған сабақ өте ұнады, көптеген қызықты ақпараттар алдым, көк түс – сабақ қызықсыз, ешқандай танымдық ақпарат ала алмадым – дегенді білдіреді.  

«Алма ағашы»

Тақтада алма ағашының суреті салынған. Оқушыларға екі түсті алма – қызыл және жасыл түс беріледді. Балалар алманы алма ағашына жапсырады: жасыл – мен бәрін өте жақсы жасадым деп есептеймін, менің көңіл-күйім жақсы, ал қызыл түс – тапсырманы орындай алмадым, менің көңіл-күйім жоқ дегенді білдіреді.

«Даналық ағашы»

Жұмыс ережесі мынадай : ағаштың діңі – тақырып, жұмыс түрі, ствол дерева – тема, вид деятельности,  бұтақтары – "иә", "жоқ" бағыттары бойынша дәлелдері, және "жапырақтары" дәлелге негіздемелерінің болуы.  

«Бестік»

Оқушыларға қағазға қолының суретін салу тапсырылады.

Әр саусақ – адамның өз пікірін білдіреді.

Басбармақ – мен үшін маңызды және қызық;

Сұқ саусақ – маған қиын болды (ұнамады);

Ортаңғы саусақ – маған жеткіліксіз болды;

Аты жоқ саусақ – менің көңіл-күйім;

Шынашақ – менің ұсынысым.

«Бәрі ойдағыдай»

 Оқушылар бір-біріне қалпақты жалғастыра береді, музыка тоқтаған кезде, кімнің қолында қалпақ қалса, сол сабақтағы өз жұмысын талдайды не тақтадағы оқушыға баға қойып, оған талдау жасайды.  

«Синквейн»

Бұл – шығармашылық рефлексия. Мұнда ақпарат жүйеленеді және бағаланады.

1 жол – тақырып не зат (бір зат есім);
2 жол – затты бейнелеу (екі сын есім);
3 жол – іс-әрекетті  бейнелеу (үш етістік);
4 жол – белгілі бір сөз тіркесі;
5 жол – синоним.

«Сарапшы комиссия»

Сабақ басында сарапшылар таңдап алынады (бақылау жұмысын өте жоғары деңгейде орындаған оқушылар). Олар сабақ бойы оқушылардың іс-әрекетін белгілеп отырады. Сабақ соңында олар олардың қателіктерін анықтап, дәлелдеп,  бағалайды.

«Мен үшін бүгінгі сабақ…»

Оқушыларға жеке парақша беріледі, олар үш бағыт бойынша өз жұмысы бойынша қажет сөздің астын сызу керек.

Сабақ

Мен сабқта

Қорытынды

1. қызық

1. жұмыс істедім

1. материалды түсіндім.

2. қызықсыз

2.демалдым

2. білетінімнен де көп білдім.

3.енжарлық басым

3.басқаларға көмектестім.

3.түсінбедім

«Екі жақты күнделік»

Бірінші графада – рефлексия атуы, екіншіде – түсінік берілген. Күнделік ұзақ уақыт бойы жүргізіледі. Бақылау жұмыстарының нәтижесін  салыстыруын жүргізіп отыру үшн қажет

Жұмыс

Нәтижесі

 

 

 

 

 

 





1.“ Ыстық орындық” әдісі. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық.


2.“Автор орындығы” оқушының өзі жазған шығарма, эссесін оқытқанда отырғызып оқытуға болады.

Бұл әдістер үй тапсырмасын сұрауда, өткен сабақты бекітуде тиімді.

3. «Миға шабуыл» стратегиясы

(Мұғалімдермен жұмыс)

Тақырыпқа байланысты идеяларды көбірек жазыңыз. Уақыт аяқталғанда кезектесіп өз идеяларыңызды оқисыз, идея қайталанбау керек. Қайталанған идеяларды сызып тастап отырыңыз. Мысалы: “оқушылар мектепті тастамас үшін не істеу керек?”

4. “3 таяқша” әдісі

(мұғалімдермен жұмыс)

Берілген тақырыпқа байланысты

1 сұрақ

1 жауап

1 идея әр топ даярлап, көпшілікке салады.

Мысалы: “деңгейлі оқыту туралы”

5.«Бинго» ойыны. (Мұғалімдермен жұмыс)

Лотоға түскен сандарға байланысты сұрақтар беру. Мысалы: 16 - сұрақ.

Семинарға не үшін келдіңіз?

Алдымен мұғалімдерге жауап бергізіп, соңынан дайын жауапты ашу, салыстыру.

«Әдіс алмасу үшін.»


6.«Өзіңізді тексеріңіз» әдісі

Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба?

Өтілген мәтін бойынша мысалдар келтіріледі. Мысалдарды оқу кезінде

оқушылар ол келтірілген мысалдың өтілген мәтінде бар, жоғын анықтайды.


7. «Он сұрақ!» әдісі.

(мұғалімдермен жұмыс, гүл, семинар, сабақ, оқу сөздерін келтіру)

Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.

8.«Серпілген сауал» әдісі

Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз.

Мысалы,

Самат Рахаттың жауабы туралы сен не ойлайсың?”

Самал, Айгүлдің жауабын барынша кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады?”

Қанат, естігеннің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады?”

9. «Құпия зат»

мына зат бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз:

Бұл не? деп СҰРАМАҢЫЗ

10. «Лездеме!» әдісі.

Сіздің топтың екі қалған оқушысына бүгінгі сабақтың негізгі сөздерін түсіндіру үшін сізде бір минут бар:

Конверттен бір сөзді бір рет алу

Сөздің өзін атамай түсіндіру

Сөзді тапқан бірінші адам конверттен келесіні таңдайды және қалғандарына түсіндіреді!


11.«9 - ромб» әдісі

Қатысушыларға айтарлықтай маңыздысын анықтап, талқылау үшін тізім беріледі. Тізімнің әрбір тармағын үлкен ромбылы торға орналастыру қажет. Маңызды тармақтарды әдетте ромбының жоғарғы жағына, ал оншалықты маңызды еместерін төменгі бөлігіне орналастырады. Әр қатарда орналасқан тармақтардың маңызы бірдей. Кейбір топтар ең маңызды карточкаларын орталықта орналастыра алады (екі нұсқасы сәйкес келеді, себебі тапсырманың маңызды элементі топтағы талқылау үдерісі болып табылады). Ромбының нысаны топқа бірқатар басымдықтар мен перспективаларды қамтуға мүмкіндік береді.


12. «Бірге ойлаймыз» әдісі. Бұл әдістің тиімділігі сыныптағы елеусіз оқушыны сабаққа тартуда.

көршілеріңіз естімейтіндей етіп, сіздің сұрағыңызға жауапты талқылаңыз.

мұғаліміңіз 1 – 4 дейін санды таңдайды;

осы санға сәйкес келетін оқушы жауап береді;

талқылау және саралау үшін тамаша тәсіл.


13. «Детальдарын қосу» әдісі.

(мұғалімдермен жұмыс. Оқушы сабақтан көп қалады.)


Командада жұмыс істеу кезінде сізге алынған білімдерін көрсету үшін сөйлемді кеңейтуіңіз қажет. Сөйлемі барынша дұрыс және нақты команда сыйлық алады!

Бастапқы сөйлемнің мысалы:

Бүгін біз мектепке жиналдық.

Кеңейтілген сөйлемнің мысалы:

Бүгін біз Шона Сымаханұлы атындағы мектепке, семинар - кустаға келдік. Мақсаты:

Сабақ өткізуде оқушы белсенділігінің әсерін арттыруда,

әр оқушының мүмкіндіктерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын анықтауда,

жеке тұлғаға бағытталған білім беру жүйесіне көшуде мұғалімдерге көмек ретінде интербелсенді әдістерді ұсыну;


Интербелсенді оқыту әдістерін пайдалану кезінде

тиянақты білім;

қиялдау мен шығармашылық;

тез тіл табысу;

белсенді өмірлік көзқарас;

командалық рух;

жеке; дербестік құндылық;

өз пікірін білдіру, еркіндік;

іс - әрекетке ерекше назар аудару;

өзара сыйластық дағдылары дамиды


Әдіс түрлері:

Ойын түрлері;

Жеке және жұптық, топтық жұмыстар;

Оқушылардың өз бетінше іс - әрекеттері;

Нақты жағдайлар, олардың нәтижесін жасау;

Сұрақтар қоюда ынталандыру(СТО - ға үйрету);

Оқыту мәселелері.


1.“ Ыстық орындық” әдісі. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық.


2.“Автор орындығы” оқушының өзі жазған шығарма, эссесін оқытқанда отырғызып оқытуға болады.

Бұл әдістер үй тапсырмасын сұрауда, өткен сабақты бекітуде тиімді.

3. «Миға шабуыл» стратегиясы

(Мұғалімдермен жұмыс)

Тақырыпқа байланысты идеяларды көбірек жазыңыз. Уақыт аяқталғанда кезектесіп өз идеяларыңызды оқисыз, идея қайталанбау керек. Қайталанған идеяларды сызып тастап отырыңыз. Мысалы: “оқушылар мектепті тастамас үшін не істеу керек?”

4. “3 таяқша” әдісі

(мұғалімдермен жұмыс)

Берілген тақырыпқа байланысты

1 сұрақ

1 жауап

1 идея әр топ даярлап, көпшілікке салады.

Мысалы: “деңгейлі оқыту туралы”

5.«Бинго» ойыны. (Мұғалімдермен жұмыс)

Лотоға түскен сандарға байланысты сұрақтар беру. Мысалы: 16 - сұрақ.

Семинарға не үшін келдіңіз?

Алдымен мұғалімдерге жауап бергізіп, соңынан дайын жауапты ашу, салыстыру.

«Әдіс алмасу үшін.»


6.«Өзіңізді тексеріңіз» әдісі

Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба?

Өтілген мәтін бойынша мысалдар келтіріледі. Мысалдарды оқу кезінде

оқушылар ол келтірілген мысалдың өтілген мәтінде бар, жоғын анықтайды.


7. «Он сұрақ!» әдісі.

(мұғалімдермен жұмыс, гүл, семинар, сабақ, оқу сөздерін келтіру)

Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.

8.«Серпілген сауал» әдісі

Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз


Жигсо – көлемді мәліметтер мен мағлұматтарды студенттердің өздігімен

игеруге және бірін-бірі оқытуға бағытталған тиімді тәсіл.

«Жигсо» деп ХХ-ғасырдың елуінші жылдары балаларға арналып шыққан

құрастырмалы (конструкторлық) ойыншықты атаған: әр бөлігін өз орнына

қойғанда ғана ойыншық бүтін болып шыққан. Бұл тәсілдің басқаша да

атауларын кездестіру ықтимал. Мәселен Ресейде шығатын әдістемелік және

дидактикалық әдебиетте оны «Зигзаг», «Ажурная пила», «Мозаика» деп те

атайды.

Бұл тәсілдің орындалу тәртібі (алгоритмі) келесідей.

1) Студенттер көлемді мәтінді әрқайсысы жеке-жеке шағын топ

(«бастапқы топ») ішінде оқып шығуы керек.

2) Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, құрамында әр бастапқы топтан

бір студент бар жаңа топтар («сарапшылар тобы») құрылады.

Сарапшылар тобында студенттер мәтіннің белгілі бір бөлігін ғана жан-

жақты талқылайды. Бұл жерде олар тақырыптың мазмұнын бірлесе игеру

(қиын жерлерін талқылап, бір-біріне түсіндіру арқылы) жұмысымен ғана

айналыспай, бастапқы топтарына оралғанда басқаларды мәтіннің өз бөліміне

қалай үйретуге болатындығын ортаға салады. Осы кезде студенттердің

өздерін ұстаз рөлінде сезінуі керек.

Енді олардың осы бөлік бойынша білімі басқалармен салыстырғанда

анағұрлым жоғары болғандықтан, олар аталмыш бөлімнің «сарапшысы»

атанады.

3) Осыдан кейін сарапшылар бастапқы топтарына қайта оралып, өзге

студенттерді кезекпен (алдымен №1-ден бастап, әрі қарай жалғастыра) өз

бөлімдеріне үйретеді.

Бастапқы топтар Сарапшылар топтары Бастапқы топтар

(құрамында №1, → (құрамында тек № 1 → (құрамында №1,

2, №3, №4 студенттер бар) №2, №3, №4

студенттер бар) студенттер бар)

(Бұл тәсіл R.Slavin. Cooperative Learning. Baltimore, 1991. келтіріл