СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Шығармашылық есеп"

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шығармашылық есеп тиісті дәрежеде жазылған, мақсаттары мен міндеттері, толық мазмұндалған

Просмотр содержимого документа
«"Шығармашылық есеп"»

«ҚАЛАЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ММ







Байсарина Айгуль Исянгуловна

қосымша білім беру педагогінің

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕСЕБІ





Ақтөбе-2017



Байсарина Айгуль Исянгуловна

қосымша білім беру педагогінің

шығармашылық есебі

Еліміздің ертеңі – біздердің, яғни жастардың қолында екені белгілі. Кемел келешек иесі біздер бүгінде қоғамның жетекші күшіне айналып келеміз. Елбасымыздың саясатының арқасында мемлекетіміз жастарға ерекше көңіл бөлуде. Еліміз дамуы үшін бәсекелестікке қабілетті маман иесін даярлау міндеті жүктелген. Сол себепті, менің педагогикалық қызметімнің негізгі мақсаты- ол балаға тек білім беру емес, ол үйірме қатысушылардың техникалық қызығушылығын арттыру, және сол қызығушылықты әрі қарай дамыту. Балаларды отансүігіштікке, азаматтыққа, мемлекеттік тілге деген құрметін тәрбиелеу.

Үйірме қатысушылары түрлі деңгейдегі байқаулар мен олимпиадаларға қатысу кезінде жетістіктерге жету үшін оқу процессін тиімді түрде ұйымдастыру керек деп санаймын, себебі тиісті деңгейде өткізілген үйірме сабағында баланың қызығушылығын арттыру тиімді болады.

Қосымша білім беру педагогі ретінде оқу қызметімнің нәтижелі болу үшін, мен үйірме қатысушылардың әр түрлі деңгейдегі дайындығын ескере отырып, кез келген білім беру сатысында оқу процессін тиімді пайдаланамын, үйірме қатысушыларды зерттеу жұмыстарына тартамын, техникалық шығармашылыққа балалардың қызығушылығын арттыруға жағдай жасаймын. Өз жұмысымда мен педагогикалық технологияларды қолданамын.

Менің оқушыларымның жетістіктері: «Көбелектер көрмесі» атты II Республикалық Халықаралық қатысуымен) балалар байқауында – Ескалиева Дильназ- 2 Дәрежелі Диплом, III Республикалық (Халықаралық қатысуымен) балалар байқауында қатысқан- Зейнадинова Рано- 2 Дәрежелі Диплом, «Көктемді көңіл-күй» атты III Республикалық (Халықаралық қатысуымен) балалар байқауында қатысқан- Зейнадинова Рано- Сертификат, «Жасөспірімдер шығармашылығы-2015» облыстық көрмеде -2 орын жүлдегері- Талғатқызы Сұлтана, «Жасөспірімдер шығармашылығы-2015» облыстық көрмеде -3 орын жүлдегері- Зейнудинова Рано, «Жеңіс күні» атты Халықаралық деңгейдегі балалар шығармашылығы байқауында- 2 Дәрежелі Диплом- Мергенбаева Динара, «Балалар Әлемді бейнелейді. Алматы»- республикалық байқаудың қатысушысы- Зейнатдинова Рано.

Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде атқарылар жұмыс ауқымы өте көп, ал алда тұрған міндеттер оданда көп. Сол жолда еселі еңбегімді одан әрі жалғастыра беретініме сенімім мол.