СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ә.Шынбатыров «Автобуста»

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Коммуникация» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі :

«Сөйлеуді дамыту»                                                                                                                                                                   Өтпелі тақырып: «Техника және біз»

Тақырыбы: : Ә.Шынбатыров «Автобуста»          

Мақсаты: Кішіпейілділікке тәрбиелеу. Әңгіменің мазмұнын түсіндіру. Қоғамдық көлікте өзін- өзі ұстап, кішіпейілділік сөздерін айта білуге үйрету. Көлік атауларын есте сақтату.

Просмотр содержимого документа
«Ә.Шынбатыров «Автобуста»»

«Коммуникация» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі :

«Сөйлеуді дамыту» Өтпелі тақырып: «Техника және біз»

Тақырыбы: : Ә.Шынбатыров «Автобуста»

Мақсаты: Кішіпейілділікке тәрбиелеу. Әңгіменің мазмұнын түсіндіру. Қоғамдық көлікте өзін- өзі ұстап, кішіпейілділік сөздерін айта білуге үйрету. Көлік атауларын есте сақтату.

Педагогикалық технологиялар: Акт суреттер мен слайдттар. Ресурстармен қамтамасыз ету: видео, сурет.

Билингвалдық компонент: Рахмет- спасибо, кешіріңіз-извените, жедел жәрдем көлігі- скорая машина, өрт сөндіруші көлік- пожарная машина т,б.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы .

l. Ұйымдастырушылық кезеңі
Автобуста. Ә.Шынбатыров 
Автобус тоқтайтын аялдамаға келдік. Көп ұзамай көк автобус келіп тоқтай қалды. Екі есігі бірден ашылды. Адам көп. Бірі мінсе,бірі түсіп жатты. Алдыңғы есіктен апам екеуіміз кірдік.
-Мұнда отырыңыз, -деп менен үлкендеу екі бала анама орын ұсынды.
- Рақмет, балалар! – деді анам отырып жатып.
-Апа, рақметті не үшін айттыңыз?
- Кішіпейілдігі үшін. Сен де солардай бол! Үлкенді сыйла .Сонда үлкендер саған да рақмет айтатын болады.Сәлден кейін базарға жеттік.

ІІ.Негізгі бөлім. Балаларға әңгіменің мазмұның түсіндіріп, бірнеше сұрақтар қою.
-Апасы мен баласы қайда келе жатты?

-Автобустың ішінде нендей жағдай болды?

-Анасы балаларға не үшін рақмет айтты?

-Анасы баласына қандай бол деді? ( үлкенді сыйла, кішіпейіл, қайырымды бол деді)
Жарайсыңдар, балалар! Балаларға бірнеше суреттерді көрсету арқылы сөйлемдер құрату. Қоғамдық көлікте өздерін қалай ұстау керектігін түсіндіру.

Сергіту сәтті

Кешірімді боламыз,
Жұлдыздай боп жанамыз.
Кішіпейіл боламыз,
Құстай қанат қағамыз.

Балаларға көлік түрлерін көрсетіп, есте сақтату.

3.Қорытынды: Тәрбиеші балаларға бүгінгі өтілген тақырып бойынша сұрақтар қою арқылы алған білімдерін тексерді.

1. Балалар, біз бүгін қандай әңгіменің мазмұнымен таныстық?
2. Қандай көлік түрлерін білесіңдер балалар?
3. Бүгінгі оқу іс-әрекеті сендерге ұнады ма?