СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сенім - менің серігім

Нажмите, чтобы узнать подробности

План урока по самопознание.План урока про доверие друг друга.

Просмотр содержимого документа
«Сенім - менің серігім»

Тексерілді: _______________


«____»______________________



Өзiн-өзi тану сабағы


Мектеп:Ханарық Мерзiм:13.01.2017ж №16

Тақырып:Сенім - менің серігім

Құндылық:қиянат жасамау

Қасиеттер:толеранттылық,татулық,қоршаған ортаны қорғау.

Мұғалiм:Рахмеджанов А Сынып: 5 Оқушылар саны:26


Сабақтыңмақсаты: оқушылардға сенім-серігіміз екендігін қиянат жасамау құндылығы арқылы түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділігі:Оқушыларды толеранттылыққа үйрету.

Дамытушылық:Оқушылардағы татулық қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелілігі:Оқушыларды қоршаған ортаны қорғау тәрбиелеу.



Сабақбарысы:

  1. Ұйымдастырукезеңi. Тыныштық сәтi.

Су асты патшалығына ойша саяхат.

(Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Ресурстар:

(материалдар,

Дерексөздер)

Ы.Алтынсарын «Кел, балалар, оқылық»кітабі,

фотосуреттер,

үнтаспа,маркер,

ватман,видеобейне,үлестірме қағаздар, «Құндылықтар ағашы» суреті.

Ескерту: Балалар ережені еске түсіріп,сыныптың тәртібін сақтайық.


«5»-Т


Тәртіп


Тазалық


Татулық


Талап


Тыныштық


2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Жаңа дүкенде» әңгімесін оқып келу.

Сабақ барысын талқылау:


3.Әңгiмелеу (сұхбат).

Сенім дегенді қалай түсінесіңдер?

Сенімге ие болу үшін не иістеу керек?

Адамдардың барлығына сене беруге болама?


4.Дәйек сөз.


Жақынадамдардың,достардың,жалпы адамзаттың жақсылығына сеніп,адамдықты құрметтей білу- әдептіліктің,адамгершіліктің белгісі.

М.Жұмабаев


5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.


Сенімділік адамда қандай қасиеттер болғанын талап етеді? Осы сұраққа оқушылар дәптерге жауап береді.


6.Топпен ән айту.

Мен жастарға сенемін

М.Жұмабаев


7.Үй тапсырмасы.Оқулықта берілген «Сенім» атты әңгімені оқып келу.


8.Соңғы тыныштық сәті

Баяу музыка қойылады. Тыныс алуға зейін қою.

Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)немесе1..................2 [3].

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізде сақтайық. Рахмет!