Алғы сөз
Табиғат адам үшін жаралыпты, Бар қызық табиғаттан таралыпты . Сұлтанмахмұт Торайғыров
Баланы жас кезінен өзі өсіп-өнген ортасын, өзін қоршаған табиғатын бағалай білуге, оған дұрыс қарауға, табиғаттың өмірлік мәні мен маңызын, пайдасын түсіне, сезіне білуге тәрбиелеудің маңызы зор. Бала адамның табиғат алдындағы жауапкершілігін түсіне білуі, табиғатты, ол не нәрсе болса да зиян келтірмеу керек екендігін сезіне білуі керек. Кейбір балалар тірі табиғатқа жансыз нәрседей қарайды. Оның себебі олардың тірі табиғат пен өлі табиғат арасындағы байланыстылықты түсінбеуі, сезінбеуі, байқай алмауынан. Балалар табиғат атаулының мейлі ол тірі табиғат болсын, мейлі өлі табиғат болсын бағалай білуі, табиғаттағы байланыстылықты саналы түрде түсіне білуге тиіс. Табиғатпен танысу барысында бала өз көзімен көріп, қолымен ұстап, онымен араласып, жанасу арқылы ғана нақты түсініктері мен ұғымдары кеңейеді. Сонымен қатар алғашқы алған түсініктері мен білімдері толысып, сөздік қорлары молаяды, туған өлкеге деген сүйіспеншіліктері артады. Табиғаттың әсем көркемдігі көз тартып, сезімге әсер етіп, көңілді қызықтырады. Адам әр уақытта әсем әуенге, жылы сөзге, әдемі көрніске, тамылжыған көркем табиғатқа қызығады. Сол арқылы әсемдікті танып, талғамы молаяды. Сұлулықты сезіп, эстетикалық танымы қалыптасады. Табиғатқа деген сүйіспеншілікті, оның әсемдігін тану деп қана қоймай, оны жасаушы, көркейтуші, қорғаушы болу екенін ұғыну керек. Балабақшадағы оқыту-тәрбиелеу процесінде баланың жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін серуеннің маңызы зор. Басқа жағдайларға қарағанда серуен уақытында балалардың белсенді қимыл-қозғалыстары, айнала қоршаған ортамен өз бетінше әрекеті етуі, ойын әрекеттері жан-жақты дамиды. Мың рет естігеннен, бір рет көрген артық. Айналадағы қоршаған орта, табиғат құбылыстары, тірі табиғат пен өлі табиғат арасындағы байланыс т.б. бала санасына ауызбен айтқаннан көрі, көзбен көріп, қолмен ұстағанда ғана тез сіңері сөзсіз. Серуенді жоспарлаған және ұйымдастырған кезде балалардың жас ерекшеліктерін ескерген жөн. Педагог серуенді педагогикалық жағынан дұрыс басқара білуі керек. Серуен жыл бойына үздіксіз жүргізіледі.
Көктем К- №1
Желді бақылау
Мақсаты:
Желді күнгі ауа – райын бақылап,
анықтауға үйрету (Көктемде жылы
жел тұрып қар суды ерітеді, жер
кебеді, ағаш – өсімдіктер құлпырады)
Көктем сұлу келді,
Жадыратып жер – көкті.
Кілемдерін іледі,
Қырат – қырға өрнекті.
Еңбек: Топ ауласын қардан, қоқыстан тазалау
Балаларды тазалыққа бейімдеу, еңбекке баулу.
Қимылды ойын «Өз үйіңді тап»
Мақсаты: Балаларды аңғарымпаздыққа,
жылдамдыққа баулу.
Көктем К- №2
Табиғаттағы көктемгі құбылыстар жайында әңгімелеу.
Мақсаты: Балалардың тілін, ойын,аңғарымпаздығын дамыту (көктемде күн жылынады, қар ериді,
көк шығады)
Наурыз келді – жыл келді,
Тірілтуге гүлдерді.
Наурыз келді, нұр келді
Түгел аймақ түленді.
Еңбек: Топ ауласын, ағаш түптерін тазалау.
Балаларды еңбекке, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Қимылды ойын «Қай мезгіл»
Мақсаты: Балаларды жан – жақты дамыту, жыл
мезгілдерін айыра білуге үйрету.
Көктем К- №3
Аспанды бақылау.
Мақсаты: Балаларға ауа – райындағы
өзгерістерді бақылай білуге үйрету
(көктемде көбінесе аспан ашық
көгілдір, кейде жел қуған ақ бұлттар болады)
Жұмбақ:
Көкпеңбек тон,
Бүкіл дүниені жауып тұр. (Аспан)
Еңбек: Топ ауласын қардан, қоқыстан тазалау.
Мақсаты: Балаларды тазалыққа бейімдеу,
еңбекке баулу.
Қимылды ойын «Мысық пен тышқан»
Мақсаты: Балалардың достық қарым
қатынастарын нығайту, шапшаңдыққа,
жылдамдыққа дамыту.
Көктем К- №4
Ағаштарды бақылау.
Мақсаты: Балалардың ой – өрісін,
Байқағыш қабілетін дамыту, табиғатқа деген сүіспеншілігін арттыру, маусымдық өзгерістермен таныстыру.
(жер жұмсарады, ағаштардың тамыры көбірек су сіңіріп, бұтақтары бүрші жара бастайды).
Ағаш ексе балалар,
Оранар жасыл қалалар.
Еңбек сүйгіш ұлан деп,
Мақтайды ата – аналар.
Еңбек: Топ ауласын бұтақтардан тазалау.
Мақсаты: Балаларды тазалыққа бейімдеу, еңбекке баулу.
Қимылды ойын: «Аю және аралар»
Мақсаты: Балалардың шапшаңдыққа, жылдамдыққа дамыту.
Көктем К- №5
Ағаш – өсімдіктерді бақылау.
Мақсаты: Балаларға ауладағы ағаш –өсімдіктердің
атын атап, олардың бүршік атып көгеріп шығуын айтып
түсіндіру.
Көкек ай, көкек айы,
Көкпеңбек боп келеді тағы.
Ағаштар да бүршік жарып,
Айналасын қуантады.
Еңбек: Топ ауласындағы топырақты қопсыту.
Мақсаты: Балаларды еңбекке баулу.
Қимылды ойын «Асық тасу»
Мақсаты: Балаларды ұлттық ойынға деген
қызуғышылығын арттыру, бірлесіп
ойнауға тәрбиелеу.
Көктем К – №6
Желдің күшін бақылау.
Мақсаты: Қағаз ұшақтар, құстар жасап желдің
күші мен қимылын бақылауды үйрету.
(жел соқса қағаз ұшақтар мен құстар ұшады).
Жұмбақ:
Қолы жоқ, аяғы жоқ,
Гуілдеп есік қағады.
(жел)
Еңбек: Қағаздан ұшақ пен құс жасау.
Мақсаты: Балалардың қолын жаттықтыру, ойлау қабілетін дамыту.
Қимылды ойын «Ұшты – ұшты»
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін арттыру, жылдамдыққа, шапшаң ойлауға тәрбиелеу.
Көктем К – №7
Табиғат жайлы әңгімелесу.
Мақсаты: Балалардың дүние танымын,
тіл байлығын дамыту.
Табиғат дегеніміз не?
Табиғат дегеніміз – жер, тас, ағаш,
жәндіктер, жануарлардан тұратын
қоршаған орта.
«Адамның табиғатсыз күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ»
Еңбек: Топ ауласын жинау.
Мақсаты: Балалардың еңбекке деген құрметін нығайту,
тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қимылды ойын «Қағып алу»
Мақсаты: Балаларды аңғарымпаздыққа,
шапшаңдыққа үйрету.
Көктем К – №8
Жаңбырды бақылау.
Мақсаты: Балаларға ауланың дымқыл екенін айтып,
шалшықтарды көрсету, жаңбыр жауса жер көгеретінін айту.
Тырс – тырс!
Жаңбыр кеп жауады,
Тамшылар тамады.
Тырс-тырс!
Терезе қағады,
Жылғалар ағады.
Еңбек: Топ ауласын тазалау, су жылғаларын жасау.
Мақсаты: Балаларды тазалыққа бейімдеу, еңбекке баулу.
Қимылды ойын «Күн мен жаңбыр»
Мақсаты: Балаларды аңғарымпаздыққа,
жылдамдыққа, бірлесіп ойнауға тәрбиелеу.
Көктем К – №9
Құстарды бақылау.
Мақсаты: Балаларға көктемде құстардың ұшып
келіп ұя сала бастауын айту, құстарға
қамқорлық жасауды үйрету.
Аппақ керуен тәрізді,
Торғын көкте жоғары.
Келді саған жыл құсы,
Көктемнің тұңғыш қонағы.
Еңбек: Құстарға жем шашу.
Мақсаты: Балалардың құстарға деген
сүйіспеншіліктерін арттыру
Қимылды ойын «Бүркіт пен балапандар»
Мақсаты: Балаларды аңғарымпаздыққа,
шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Көктем К – №10
Күннің көзін бақылау.
Мақсаты: Балаларға күннің ұзарып түннің қысқаруын
айту, күн жерге жылуын беретіні жайлы түсінік беру.
Жұмбақ:
Мейірімімен сүйеді ол бар адамды,
Өзіне жаратпайды қарағанды.
(күн)
Еңбек: Балаларға бормен күн бейнесін салдыру.
Мақсаты: Балалардың дүние танымдылығын, күнге
деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Қимылды ойын «Күннің көзі және жаңбыр»
Мақсаты: Балаларды аңғарымпаздыққа,
жылдамдыққа тәрбиелеу.
Көктем К – №11
Ауладағы гүлдерді бақылау.
Мақсаты: Балаларға ауладағы гүлдердің өсуін,
гүлденуін, олардың адамдарға қажеттілігін айтып түсіндіру (гүлдердің қоршаған ортаға әсемдік
беретінін, ауаға хош иіс беретінін, адамдардың
көңіл-күйін артырады).
Гүлдер-гүлдер, көп гүлдер,
Қызыл гүлдер, көк гүлдер.
Таңмен бірге оянып,
Көрік бердің далаға.
Еңбек: Топ ауласындағы гүлдердің көшеттерін арам шөптерден тазалау, суару.
Мақсаты: Балаларды еңбекке баулу, гүлге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Қимылды ойын «Шар»
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа
шапшаңдыққа баулу.
Көктем К – №12
Жәндіктер тіршілігін бақылау.
Мақсаты: Балаларды қоршаған ортадағы жәндіктер
тіршілігімен таныстыру. Олардың пайдасы мен
зияндылығын айту (пайдасы өсімдік қалдықтарын
қарашірікке айналдырады, гүлдер мен ағаштарды
тозаңдандырады, аралар- бал береді, зияны –шағады)
Жұмбақ:
Ұшып жүрген гүл көрдім,
Қонғанда ұстап үлгердім.
(көбелек)
Еңбек: Топ ауласының топырағын қопсыту.
Мақсаты: Балалардың тазалыққа бейімдеу, еңбекке баулу.
Қимылды ойын «Аю және аралар»
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа
шапшаңдыққа, аңғарымпаздыққа баулу.
Жаз К – №1
Жаз келбеті.
Мақсаты: Балаларға жазда күн ыстық, ағаштар мен
өсімдіктерді қалың жапырақ басқан, жылы
жаңбыр жауып жұпар ауа болатынын айту
Жаз деген кәдімгі,
Көктемнің жалғасы.
Пісетін балбырап:
өрігі, мейізі, алмасы.
Еңбек: Құмды қопсыту, жайып – үю.
Мақсаты: Балаларды еңбекке баулу, ойын алаңын
таза ұстауға тәрбиелеу.
Қимылды ойын «Асық тасу»
Мақсаты: Балаларды ұлттық ойынға деген
қызығушылықтарын арттыру.
Жаттығу ойындары: Доппен жаттығу: допты жерге лақтырып, екі қолмен қағып алу
Мақсаты: допты жерге лақтырып, екі қолмен қағып алу.
Халық болжамы:
1.Торғайлар топ - тобымен ұшып жүрсе - ауа райы құрғақ,
күн жылы болады.
2.Ыстық жел тұрса - жаңбыр жауады.
Жаз К – №2
Күннің көзін бақылау.
Мақсаты: Балаларға жазда күн ыстық, күннің көзінде
бас киімсіз жүруге болмайтынын айтып
түсінік беру (бас киімсіз болса - күн өтеді, бас ауырады).
Мөлдір суға жүземіз,
Шомыламыз, ойнаймыз.
Жарысамыз- күлеміз,
Жаздың күнін тойлаймыз.
Еңбек: Балаларға бормен күн бейнесін салдыру.
Мақсаты: Балаларды дүние танымдылығын,
күнге деген сүйіспеншілігін ояту.
Зерттеу жұмысы. Балалардың назарын жәндіктерге аудару.олардың тіршілік әрекеттерін бақылау.
Еңбек Ағаш түптерін қопсыту.
Мақсаты: топырақты қалай қопсыту керек екенін көрсету, маңызын түсіндіру.
Қимылды ойын «Күннің көзі және жаңбыр»
Мақсаты: Балаларды аңғарымпаздыққа,
жылдамдыққа тәрбиелеу.
Халық болжамы:
-құмырсқа илеуіне тығылса (ұясына) күн күркірейді;
-егер күн ұясынан шығарда ауа райы қапырықтау болса - кешке жакын жаңбыр жауады.
Жаз К – №3
Тастарды бақылау.
Мақсаты: Балаларға тастардың әр пішінде болатынын,
күн көзіндегілері ыстық, көлеңкелердегілері салқын
болатынын айтып көрсету (пішіндері – тегіс, бұдыр,
қырлы, дөңгелек, сопақ).
Жазды ыстық сүйемін,
Сайраңдап жүремін.
Суына шомылам,
Күніне күйемін.
Еңбек: Ауладағы тастарды жинау.
Мақсаты: Балалардың тастарды айыра білуін
үйрету, олардың қажеттілігін түсіндіру.
Қимылды ойын «Доппен ойнау»
Мақсаты: Балаларды жылдам допты
қағып алуға үйрету.
Халық болжамы:
-өрмекші ауын тоқтаусыз, белсеніп құра берсе - күн ыстық болады;
-өрмекші бұрышқа тығылса - жел көтеріледі;
-бақалар бақылдап тынышталмаса - ауа райы өзгеріп бұзылады.
Жаз К – №4
Көлік туралы түсінік.
Мақсаты: Балаларға жазда көлік көп жүретінін, олардан
сақ болуын, көлік түрлерін айту (автобус, жүк машина
трактор, тікұшақ, ұшақ).
Жұмбақ:
Арқасында ауыл жүр,
Ала тайым шауып жүр.
(автобус)
Еңбек: Бормен көліктің суретін салу.
Мақсаты: Балаларға көлік түрлерін ажырата
білуін жаттықтыру.
Қимылды ойын «Машина мен торғай»
Мақсаты: Балаларды сақтыққа,
аңғарымпаздыққа, жылдамдыққа баулу.
Жеке жұмыс: Алаңда сызылған жол бойына балалар ойыншық машиналармен келеді. Жолда жүру тәртібін есте сақтау үшін әр балаға жеке тапсырма беріледі, тәрбиеші жұмыстың дұрыс орындалуын бақылайды.
Жаз К – №5
Ағаштарды бақылау.
Мақсаты: Табиғаттағы маусымдық өзгерістермен
әрі қарай таныстыру, балалардың ой-өрістерін
байқағыш қабілетін дамыту (ағаштардың жапырағы
қалың, тұқымдары мен жемістері пісіп жетілген,
ыстықта көлеңке болады, ауаны тазартады).
Жұмбақ:
Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды.
(ағаш)
Еңбек: Ауладағы ағаштарды суару.
Мақсаты: Балаларды қамқорлыққа бейімдеу, еңбекке баулу.
Қимылды ойын «Мысық пен тышқан»
Мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Халық болжамы:
Жазда жидек көп болса, қыс қатты болады.
Қайыңнан шырын көп ақса, жаз жаңбырлы болады.
Жаз К – №6
Құстарды бақылау.
Мақсаты:
Балаларды құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Құстарды ажырата білуге үйрету.
Құстарға біз барамыз,
Бірге әнге саламыз.
Қуанамыз, күлеміз,
Асыр салып ойнаймыз.
Еңбек: Құстарға жем шашу.
Мақсаты: Балалардың құстарға деген
сүйіспеншіліктерін арттыру.
Қимылды ойын «Ұшты - ұшты»
Мақсаты: Балаларды аңғарымпаздыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Халық болжамы: Қарлығаш келсе күн күркірейді.
Құстар ұясын күн жаққа қарай салса, жаз салқын болады.
Жаз К – №7
Жәндіктер тіршілігін бақылау.
Мақсаты: Балаларды қоршаған ортадағы жәндіктермен
таныстыруды жалғастыру. (көбелек, құрт, қоңыз,
шыбын, маса, құмырсқа, өрмекші)
Мен тимеймін, жасқанба,
Дос болайық көбелек
Жайнап тұрған бақшамда,
Гүлдерімді көре кет.
Еңбек: Ауладағы топырақты қопсыту.
Мақсаты: Балаларды тазалыққа бейімдеу, еңбекке баулу.
Қимылды ойын «Аю және аралар»
Мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа,
жылдамдыққа тәрбиелеу.
Мақал-мәтел: Қалың ну-халық саулығы! Көк орман-Отан байлығы!
Ер - елдің көркі, орман, тоғай - жердің көркі.
Бір ағаштан жасалады мың шырпы, мың ағашты өртеп кетер бір шырпы.
Жаз К –№9
Жаңбырды бақылау.
Мақсаты:
Балалалрға жазда жылы жаңбыр жауатынын,
содан соң кемпірқосақ шығатынын айтып түсіндіру.
Жұмбақ:
Мені күтіп, ел тілер,
Келсем «неге келді?-дер».
(жаңбыр)
Еңбек: Топ ауласын жинау.
Мақсаты: Балаларды еңбекке баулу.
Қимылды ойын «Түйілген орамал
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа баулу.
Халық болжамы
Жаз жаңбырлы болса - қыста қар мол болады, әрі аязды болалы.
Жаңбыр болар алдында карлығаштар төмен үшып жүреді.
Қарлығаш жер бауырлап ұшса, жаңбыр болады.
Жаз К – №10
Жаз мезгілінің құбылыстарын бақылау.
Мақсаты: Балаларға жазда күн ыстық, ағаштар мен
өсімдіктерді қалың жапырақтар басқады, жылы жаңбыр
жауып жұпар ауа болатынын айту.
Жұмсақ шөбі малға жай,
Бәйшешегі балға бай.
Жұпар желі жанға жай,
Жайлау үсті төлге бай.
Еңбек: Құмды қопсыту, жайып үю.
Мақсаты: Балаларды тазалыққа бейімдеу, еңбекке баулу.
Қимылды ойын «Асық жинау»
Мақсаты: Балаларды ұлттық ойынға деген
қызығушылығын арттыру.
Халық болжамы.
-Кемпірқосақ кешке көрінсе, ертесіне күн ашық болады.
-Ерте көктемде найзағай ойнап, күн күркіремесе жаз құрғақ болады.
Жаз К – №11
Жаңбырлы күнгі, күннің күркіреуін бақылау.
Мақсаты: Балаларға жауынды күні күн күркіреп
найзағай болатынын түсіндіру (күн күркіресе ауа
тазарады, өсімдіктер тез өседі).
Жер жаңбырмен сусындап,
Кемпірқосақ өрлер.
Тамызда аспан албырап,
Сансыз жұлдыз жамырар.
Еңбек: Құмды қопсыту, топ ауласын жинау.
Мақсаты: Балаларды еңбекке баулу топ ауласын
таза ұстауға тәрбиелеу.
Қимылды ойын «Күннің көзі және жаңбыр»
Мақсаты: Балаларды аңғарымпаздыққа,
жылдамдыққа тәрбиелеу.
Мақал-мәтелдер
-Су баға жетпес табиғат байлығы.
-Су тіршіліктің қаны,
Табиғаттың жаны.
-Жер – қазына, су – алтын.
-Қара жерге де қамқорлық керек.
Жаз К – №12
Табиғат жайлы әңгімелесу.
Мақсаты: Балалардың дүние танымын, тіл байлығын
дамыту. Судың адамға қажеттілігін айтып түсіндіру.
Судың қандай пайдасы бар?
Жазда судың пайдасы зор, ол шөліңді басады,
ысысаң шомыласың, ағаш өсімдіктер тез өседі
және қурамайды.
Еңбек: Ағаштар мен гүлдерді суару.
Мақсаты: Балалардың еңбекке деген құрметін
нығайту, бағалай білуге баулу.
Қимылды ойын «Түйілген орамал
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа баулу.
Мақал - мәтелдер:
Ағаш та ылғалды жерде көгереді.
Жаз К – №8
Ауладағы гүлдерді бақылау.
Мақсаты: Балаларға ауладағы гүлдердің өсуін,
гүлденуін, олардың адамдарға қажеттілігін айтып түсіндіру (гүлдердің қоршаған ортаға әсемдік беретінін, ауаға хош иіс беретінін, адамдардың көңіл-күйін артырады).
Гүлдер-гүлдер, көп гүлдер,
Қызыл гүлдер, көк гүлдер.
Таңмен бірге оянып,
Көрік бердің далаға.
Еңбек: Топ ауласындағы гүлдердің көшеттерін
арам шөптерден тазалау, суару.
Мақсаты: Балаларды еңбекке баулу,гүлге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Қимылды ойын «Шар»
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа
шапшаңдыққа баулу.
Болжам: Гүлдердің иісі одан сайын аңқып шықса, жауын жауады.
Күз К – №1
Ағаштарды бақылау.
Мақсаты: Балаларға ағаштардың жапырақтарының
сарғайып түсуін, олардың қыс мезгіліне дайындалуын түсіндіру.
Алтын сары, қызыл, көк...
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жапырлап.
Еңбек: Ауладағы жапырақтарды жинау.
Мақсаты: Балаларды тазалыққа бейімдеу, еңбекке баулу.
Қимылды ойын «Ормандағы қасқыр»
Мақсаты: Балалардың ойынға деген қызығушылығын
арттыру, достыққа тәрбиелеу.
Күз К – №2
Жауын - шашынды бақылау.
Мақсаты: Жаңбыр жауған кездегі құбылыстарды,
өзгерістерді түсіндіру (жаңбырың тамшылауын,
шалшықтардың пайда болуы, адамдардың қолшатыр ұстауы).
Күзім –ау, күзім –ау,
Мінезің бұзық –ау.
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық –ау.
Еңбек: Топ ауласын шалшықтардан арылту,
су жылғаларын жасау.
Мақсаты: Балаларды тазалыққа үйрету, еңбекке баулу.
Қимылды ойын «Қаздар мен қарғалар»
Мақсаты: Балалардың ойынға деген қызығушылығын
арттыру,ептілікке тәрбиелеу.
Күз К – №3
Айналамен танысу, өсімдіктердің,
жапырақтардың сарғаюын бақылау.
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін, тіл
байлықтарын жан жақты дамыту.
Шоғы толған гүлдей жайнап,
Жарқырады жарқын жүз.
Сайраңдады күліп –ойнап,
Келді, міне алтын күз.
Еңбек: Ауланы жапырақтардан, қураған шөптерден
арылту.
Мақсаты: Балаларды тазалыққа үйрету, еңбекке баулу.
Қимылды ойын «Күн мен жаңбыр»
Мақсаты: Балалардың ойынға деген қызығушылығын
арттыру, достыққа тәрбиелеу.
Күз К – 4
Ауа - райын бақылау.
Мақсаты: Балалардың табиғат құбылыстары жайлы
түсініктерін жетілдіру, тілдерін дамыту.
Жұмбақ:
Қызыл, сары кемелер,
Су бетінде қалқиды.
Соқса егер салқын жел,
Ырғалады, толқиды.
(жапырақ)
Еңбек: Топ ауласын тазалау, тәрбиешіге көмектесу.
Мақсаты: Балаларды тазалыққа баулу, еңбекқорлыққа
тәрбиелеу.
Қимылды ойын «Аю және аралар»
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа баулу.
Күз К – №5
Ауладағы құстарды бақылау.
Мақсаты: Балалардың құстар туралы түсініктерін
тиянақтау, ой – өрісін, танымын молайту.
Көгершін – ау көгершін,
Жер жасарып көгерсін.
Жем шашайын уыстап,
Маған жақын келерсің.
Еңбек: Құстарға жем шашу.
Мақсаты: Балалардың құстарға деген
қамқорлығы мен сүйіспеншіліктерін арттыру.
Қимылды ойын «Торғайлар мен машина»
Мақсаты: Балалардың аңғарымпаздыққа, шапшаңдыққа баулу.
Күз К – №6
Күз туралы әңгіме.
Мақсаты: Күз жайлы балалардың түсініктерін нақтылау,
күздің ерекшеліктерін атау.
(Күзде күн суытып көп жауын – шашын болады,
ағаштар мен жапырақ – өсімдіктер сарғаяды,
құстар жылы жаққа ұшады, адамдар егін жинайды)
Қазан болды молшылық,
Дәулет қорын алады.
Заңғар көкке жол созып,
Құстар қайтып барады.
Еңбек: Ауладағы жапырақтарды жинау.
Мақсаты: Балалардың еңбекке деген сүіспеншілігін арттыру.
Қимылды ойын «Мысық пен тышқан»
Мақсаты: Балаларды аңғарымпаздыққа, жылдамдыққа баулу.
Күз К –№7
Ауа – райын сипаттау.
Мақсаты: Балаларға ауа – райының өзгерістерін сипаттау.
(Күзде күн суытып көп жауын – шашын болады,
жер беті қырауланып, жиі тұман түседі)
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан
Еңбек: Күз көрінісін суретке салу.
Мақсаты: Балаларға күз мезгіліндегі маусымдық
өзгерістерді қағаз бетіне түсіруді үйрету, ой өрісін
дамыту.
Қимылды ойын «Қуып жет»
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа достыққа баулу.
Күз К –№8
Айналаны бақылау.
Мақсаты: Балаларға маусымдық өзгерістер жайлы айтып беру. (күзде күн суытып көп жауын – шашын
болады, ағаш жапырақтары сарғаяды , құстар жылы
жаққа ұшады, адамдар егін жинайды).
Сұрғылт көкек біртіндеп,
Сұрқай бұлттар жетеді.
Суық түсіп бір түнде,
Қазан ұшып кетеді.
Еңбек: Гербарий жасауға әртүрлі жапырақтар жинау.
Мақсаты: Балаларға жапырақтарды көрсетіп, ағаштар түрлерін ажыратуды үйрету.
Қимылды ойын «Кім жылдам?»
Мақсаты: Балалардың ойынға деген қызығушылығын арттыру, достыққа тәрбиелеу.
Күз К –№9
Құстарды бақылау.
Мақсаты: Балалардың құстар жайлы түсініктерін
нақтылау, олардың қимыл – қозғалысына, даусына
түсіне назар аудару. Күзде құстардың жылы жаққа ұшып
кететіні туралы түсінік беру
Қалықтаған аспанда,
Тырау – тырау тырналар.
Алыстаған достарға,
Жеткіз бізден бір хабар.
Еңбек: Құстарға жем шашу.
Мақсаты: Балалардың құстарға деген
қамқорлығы мен сүйіспеншіліктерін арттыру.
Қимылды ойын «Торғайлар мен машина»
Мақсаты: Балалардың аңғарымпаздыққа, шапшаңдыққа баулу.
Күз К – №10
Қоршаған ортаны тану.
Мақсаты: Балаларға әр құбылыстың мәнін,
табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Құстар қайтып күз болып,
Сұр бұлт жапты аспанды.
Жапырақ түстіп, гүл солып,
Қыс ызғары басылды.
Еңбек: Ауланы жапырақтардан тазалауға
тәрбиешіге көмектесу.
Мақсаты: Балаларды табиғатты аялауға , қорғауға
тәрбиелеу.
Қимылды ойын «Ақ қоян»
Мақсаты: Балалардың достық қарым қатынастарын,
Ұжымдық сезімдерін дамыту.
Күз К – №11
Айналаны бақылау, табиғат өзгерісін айту.
Мақсаты: Балалардың тілін, ойын, аңғарымпаздығын
дамыту. (күзді күні күн суытады, адамдар жылы киінеді,
жан – жануарлар қорек жинап қысқа дайындалады,
өсімдіктердің жапырақтары сарғайып қурайды).
Жасыл шөп бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал – кемпірдей түсі кетіп
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Еңбек: Ауланы жапырақтан тазарту.
Мақсаты: Балаларды тазалыққа бейімдеу, еңбекке баулу.
Қимылды ойын «Мысық пен тышқан»
Мақсаты: Балалардың аңғарымпаздыққа, шапшаңдыққа баулу.
Күз К – №12
Күннің көзін бақылау.
Мақсаты: Балаларға күн жерге жылуын беретіні жайлы
түсінік беру, ойлау қабілеттерін дамыту, тапқырлыққа
баулу (күн көзі болмағанда не болатынын сұрау).
Жұмбақ
Алтын сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды.
(Күн)
Еңбек: Балаларға күн бейнесін салдыру.
Мақсаты: Балалардың дүние танымдылығын, күнге
деген сүйіспеншілігін ояту.
Қимылды ойын «Күннің көзі және жаңбыр»
Мақсаты: Балаларды аңғарымпаздыққа, жылдамдыққа
тәрбиелеу.
Қыс К –№1
Жауын – шашынды бақылау.
Мақсаты: Қыстың басында қар жерге түсісімен су
болып еріп, шалшықтар пайда болатынын түсіндіріп бақылату;
Балалардың қыс туралы түсініктерін қалыптастыру,
қыс мезгілінің келгенін түсіндіру.
Жұмбақ
Жалт – жалт етеді,
Ұстасаң еріп кетеді.
Қар)
Еңбек: Топ ауласын жинау, тәрбиешіге көмек көрсету.
Мақсаты: Балаларды еңбекке, қамқорлыққа баулу.
Қимылды ойын «Ұлкен құс»
Мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа, аңғарымпаздыққа
баулу.
Қыс К –№2
Ауа – райын бақылау.
Мақсаты: Балаларға қыстың келгенін айтып түсіндіру
(күннің көзі жылынбайды, күн суытады, адмдар жылы
киініп, үйлерін жылы ұстайды).
Жұмбақ
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тонады.
(Қар)
Еңбек: Топ ауласын жинау, тәрбиешіге көмек көрсету.
Мақсаты: Балаларды еңбекке, қамқорлыққа баулу.
Қимылды ойын «Кім шапшаң?»
Мақсаты: Балаларды көздеп лақтыруға, қырығалыққа
үйрету, шапшаңдыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қыс К –№3
Күннің көзін бақылау.
Мақсаты: Балаларға қыс мезгілінде болаты күн
құбылыстарын түсіндіру
(күн көзінің кеш шығып ерте батуын, күннің қысқарып,
түннің ұзаруын).
Жұмбақ
Таңмен көзін ашады,
(Қар)
Еңбек: Топ ауласын жинау, тәрбиешіге көмек көрсету.
Мақсаты: Балаларды еңбекке, қамқорлыққа баулу.
Қимылды ойын «Ұлкен құс»
Мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа, аңғарымпаздыққа баулу.
Қыс К –№4
Қарды сипаттау, бақылау.
Мақсаты: Күннің көзі шығып тұрғанда балаларға қарды
бақылыту (жылтыр жарқырайды, көз аштырмайды).
Аппақ – аппақ ақша қар,
Жапты біздің көшені.
Ақ жамылды бақшалар,
Біздер еккен кешегі.
Еңбек: Ағаштардың түбіне қар үю.
Мақсаты: Балаларға қардың ағаштарға тигізетін
пайдасын түсіндіру (ағаштарды аязға ұрындырмау,
көктемде қосымша су қоры болады).
Қимылды ойын «Бүркіт және балапандар»
Мақсаты: Балаларды абайлап жүруге, қырағалыққа тәрбиелеу.
Қыс К –№5
Ауа – райын бақылау.
Мақсаты: Қыс айларын сипаттау (желтоқсанда көп жел
тұрып, күн бұлтты болады, қаңтар – ең суық аязды ай,
ақпанда – боран көп болады).
Ақ қыс келді боранды,
Аяз айтты зо әнді.
Айналаның бәрі де,
Ақ көрпемен оранды.
Еңбек: Қарды бір жерге үю.
Мақсаты: Балаларды еңбекке баулу, еңбекті бағалай
білуге тәрбиелеу.
Қимылды ойын «Қуып жет»
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа достыққа баулу.
Қыс К –№6
Ауа – райын бақылау.
Мақсаты: Табиғаттағы маусымдық өзгерістермен
таныстыруды жалғастыру (күн көзі шығып тұрғанмен
күн суық, аяз бетіңді шымшиды).
Шеберін – ай аяздың
Әйнектерді қағаз қып,
Әшекейлеп қойыпты,
Бірнеше ою ойыпты.
Еңбек: Қар күреп, қар төмпешіктерін жинау.
Мақсаты: Балаларға күректі дұрыс ұстауды үйрету
еңбекке баулу.
Қимылды ойын «Тышқан мен мысық»
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, достыққа, бауырмалдыққа баулу.
Қыс К –№7
Қарды сипаттау, бақылау.
Мақсаты: Қар суық, ақ, жылтыр, жарқырайды.
Балалардың ойлау, көру қабілеттерін дамыту,
байқампаздыққа баулу.
Жұмбақ
Домалатса өсемін,
Күнге қойса еримін.
(Қар)
Еңбек: Күрекпен жолды ашу, тазарту.
Мақсаты: Балаларды еңбекке, жұмыс құралдарын дұрыс
қолдана білуге үйрету.
Қимылды ойын «Бүркіт және балапандар»
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, бауырмалдыққа баулу.
Қыс К –№8
Қардың жаууын бақылау.
Мақсаты: Ұлпа қарлардың пішіндеріне көңіл аудару,
алақанға түскен қардың күйіне көңіл аудару.
Қыс келді, қыс келді
Атқарып ақ қарды.
Аралап қайтайық,
Ақ күміс бақтарды.
Еңбек: Құстарға жем шашу.
Мақсаты: Балаларды қамқорлыққа, адамгершілікке және
достыққа баулу.
Қимылды ойын «Поезд»
Мақсаты: Балаларды бір –бірінің ізімен жүруге үйрету,
ұжымдық сезімдерін ояту.
Қыс К –№9
Желді бақылау.
Мақсаты: Ақпанда қатты жел соғып боран болатынын
айту. Жел ағаш бұтақтарын тербетіп
қар жинайды, шатырды тарсылдатады.
Жел басылысымен тыныш болады.
Ақ қыс келді боранды,
Аяз айтты зор әнді.
Айналаның бәрі де,
Ақ көрпемен оранды.
Еңбек: Қарды бір жерге үю.
Мақсаты: Балаларды еңбекке баулу, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.
Қимылды ойын «Қуып жет»
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Қыс К –№10
Терезе әйнегіндегі аязды бақылау.
Мақсаты: Аяздың әйнектерге ою-өрнек сурет
салатынын түсіндіру. (аяз өрнегін ауа қысымымен және
желдің көмегімен салады).
Жұмбақ
Қыста біреу әйнекке
Өрнек салып жүреді.
(Аяз)
Еңбек: Қардан аққала жасау.
Мақсаты: Балаларға аққала жасауды үйрету,
ұқыптылыққа, еңбекке тәрбиелеу.
Қимылды ойын «Тышқан мен мысық»
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, достыққа,
бауырмалдыққа баулу.
Қыс К –№11
Аязды күні қардың сықырын бақылау,
қарды сипаттау.
Мақсаты: Аязды күні қардың неліктен сықырлауын
түсіндіру (аязды күні күн ашық болады, ауа суық
болғаннан кейін жердегі қар құрғақ болады).
Жұмбақ:
Жалт – жалт етеді,
Ұстасаң еріп кетеді.
(қар)
Еңбек: Қардан доп, үшбұрыш, ромб пішіндер жасау.
Мақсаты: Балаларға қардан әр-түрлі пішіндер жасауды үйрету.
Қимылды ойын «Жапалақ пен тышқандар»
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, достыққа,
бауырмалдыққа баулу.
Қыс К –№12
Қыс мезгілі жайлы әңгімелесу.
Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы түсініктерін
бекіту, өз бетінше әңгімелеп беруге үйрету.
Қыста күн қысқарып түн ұзарады, күн суытады,
қар жауып боран тұрады адамдар жылы киінеді,
өзендер мен көлдерді мұз басып, өсімдіктерді
қалың қар басады.
Еңбек: Қардан аққала жасау.
Мақсаты: Балаларға аққала жасауды үйрету,
ұқыптылыққа, еңбекке тәрбиелеу.
Қимылды ойын «Поезд»
Мақсаты: Балаларды бір – бірінің ізімен жүруге үйрету,
ұжымдық сезімдерін ояту, достыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу.