СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Сиқырлы қапшық"

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Сиқырлы қапшық". Таным. ҚМҰҚ. кіші жас топ

Просмотр содержимого документа
«"Сиқырлы қапшық"»

Білім беру саласы: «Таным»

Пәні: ҚМҰҚ

Тақырыбы: Сиқырлы қапшық

Мақстаттары:

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тапқырылыққа тәбиелеу.

Дамытушылық: Заттарды салыстыру арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.

Оқыту: Заттарды белгілі бір қаситтері бойынша салыстыруға, топтасытыруға үйрету.

Балалар жарты шеңбер бойымен тұрады.

Амандасу: Музыка әуенімен әндетіп:

-Үлкенге де сіз,сіз. Кішіге де сіз,сіз. Сәлем бердік сіздерге Құрметпенен біз, біз.

-Балалар қарандаршы алдымызда «Сиқырлы қапшық» т ұр соныны ішінде әр түрлі тапсырмалар бар екен. Сиқырлы қапшықта қандай пішіндер жатады екен, сұрап, көрейікші:

- Сен қандай пішінсің?

-Төртбұрышпын, төртбұрышпын.

Төрт қабырғасы бар бұрышпын,

Қай жағынан қарасаңда,

Төрт қабырғам тең бұрышпын.

- Неге төртбұрыш дейді екенбіз, қанекей төртбұрыштың қабырғаларын, бұрышын санайық. (санайды) Төртбұрыштың түсі қандай?

Үшбұрыш:

-Үшбұрышпын, үшбұрышпын,

Үш қабырғам бар бұрышпын,

Төртбұрыштан аз болсам да,

Орны бөлек үшбұрышпын.

- Ал, үшбұрышты неге үшбұрыш дейді екенбіз, бұрыштар мен қабырғаларын санайық. Үшбұрыштың түсі қандай екен?

Дөңгелек:

- Домалақпын, домалақпын,

Дөңгелек боп домаладым.

Ай сияқты, күн сияқты

Шар сияқты домалақпын.

- Дөңгелектің бұрышы бар ма?

- Пішіннің түсі қандай?

І. Тәрбиеші:

- Балалар, осы пішіндерді қоршаған ортамен салыстырайық. (ведиопроектордан пішіндерге ұқсайтын заттарды атап, таяқшамен көрсетеді)

Д/о. «Айналадағы заттардың пішіні"

Шарты: Заттардың қандай пішіндерге ұқсайтынын тауып айту

.

«Ойыншықтар» әнін музыка әуенімен балалар ойыншықтарын алып, қимыл көрсетіп айтады.

Біздерде бар қуыршақ,

Бұзау, қозы, құлыншақ.

Ойыншықтар тыңдайды,

Әмір беріп бұйырсақ.

Ойыншықтар ұйықтайды,

Айтқаныңнан шықпайды.

Ал, қозы мен құлыншақ,

Ұйықта десең ұқпайды.