СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сөйлеуді дамыту ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі. Тақырыбы: «Бізге көліктер қалай көмектеседі» (сұрақ−жауап)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Екінші кіші тобына арналған ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Просмотр содержимого документа
«Сөйлеуді дамыту ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі. Тақырыбы: «Бізге көліктер қалай көмектеседі» (сұрақ−жауап)»

Екінші кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности во второй младшей группе

Өткізу күні/Дата проведения: 04.02.2019

Тәрбиеші/ Воспитатель: Ержанова А.Ж.

Білім беру саласы/Образовательная область: Коммуникация

Пән/Предмет: Сөйлеуді дамыту

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Көліктер»

Тақырыбы/Тема: «Бізге көліктер қалай көмектеседі» (сұрақ−жауап)

Мақсаттары/Цели:

Тәрбиелік - воспитательная:. Сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық - развивающая: Көліктің түрлерімен таныстыру, олардың бөліктерін ажыратуға және атай білуге дағдыландыру.

Оқытушылық - обучающая: Сөздерді жіктелуіне қарай байланыстыруға үйрету.

Педегогикалық технологиялар/пед.технолии: Әңгімелеу,ойын.

Ресурстармен қамтамасыз ету /Ресурсное обеспечение:

Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: жеңіл көлік – легковой транспорт , жүк таситын көлік – грузовой транспорт, пойыз – поезд


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезең/организационный момент:

Тосын сәт: Шаттық шеңбер:

Еліміз аман болсын !

Анамыз аман болсын!

Деніміз сау болсын!

Бақшамыз гүлдене берсін!

Жарты шеңберге кілем үстіне отырады. Қызыға, мұқият тындайды.
2.Негізгі бөлім/оснавная часть

Өлең оқиды:

Үлкенмін ғой, міне, мен,

Ойыншықтарды жинаймын.

Машинаға мінер ем,

Кабинаға сыймаймын.

М. Әлімбаев

  • Мен не туралы өлең оқыдым?

  • Сендерге қандай ойыншықтар ұнайды?

  • Сенде қандай ойыншық бар?

  • Қандай көліктің түрлерін білесіңдер?

Суретпен жұмыс.

(тақтаға 3-4 көлік түрлерін іліп, көрсету)

  1. Жүк көлігі

  • Мына көлікті жүк көлігі дейді. Бұл көлік жүк тасуға арналған. Ауыр заттарды тасуға көмектеседі.

  • Ол не тасиды екен?





  • Жүк көлігі гүрілдейді. «Гүр – гүр - гүр» деген дыбыс шығарады. Кәне бәріміз қайталаймыз.

  1. Автобус

  • Ал мынау қандай көлік?

  • Иә, бұл көлік автобус. Бұл көлікпен адамдарды тасиды.

  • «В – в – в – в» деген дыбыс шығады. Қайталайықшы кәне (дауыс ырғағын орташа шығару керектігін түсіндіреді).

  1. Жеңіл көлік

  • Мынау қандай көлік?

  • Бұл көлікті жеңіл көлік дейді.

  • «Ыың – ың – ың» деген дыбыс шығады. Қайталап көрейікші (дауыс ырғағы төмен шығу керектігін түсіндіреді).

  1. Пойыз

  • Ал мынау қандай көлік?

  • Бұл - пойыз.

  • Пойыздың вагондары болады, ол ұзын .

Сергіту сәті:

Өн бойымды тік ұстап,

Таянамын бүйірді.

Бастап кетем

Дұрыстап

Сәйгүлікше жүруді.

Бір! Екі! Бір! Екі!

(С. Қалиұлы)

Дидактикалық ойын : «Кімді, нені қай көлікке отырғызамыз?»

Шарты: көлік түрлерімен адамдар мен заттарды сәйкестендіру.

(Кәусар, Ерасыл деген балаларға ерекше көңіл бөліп, сөйлеуге ынталандыру)

  • Кәне енді келесі сөздерді орысша айтып көрейікші: жеңіл көлік – легковой транспорт , жүк таситын көлік – грузовой транспорт, пойыз – поезд

Өлеңді тыңдаймы.

  • Машина .

Балалардың дербес жауаптары.

  • Машина бар.

Тәжірибелерінен алынған дербес жауаптары.

Мұқият тыңдайды.

Жаңа сөзді қайталайды.

  • Құм тасиды.

  • Тас тасиды.

  • Отын тасиды.

  • Көмір тасиды.

  • Автобус .



«В – в – в – в» деп қайталайды.

Сөздерді қайталап, қимылдарын жасады.



  • Машина .

  • Жеңіл көлік .

«Ыың – ың – ың» деп қайталайды.

  • Пойыз.

Тыңдайды. Суреттерін қарайды.

Қимылдарын келтіре отырып, бірге айтады.

Көлік түрлерімен адамдар мен заттарды сәйкестендіреді.



Сөздердің екі тілдегі баламасын қайталап айтып, есте сақтауға тырысады.

3.Қорытынды бөлім/итоговая часть:

Жеке жұмысты қажет ететін балалардан сүйікті машиналары туралы сұрау.

  • Біз бүгін не туралы әңгімелестік?

  • Көліктердің қандай түрлері бар?

Балаларды мақтап, мадақтайды.



Әркім өз тәжірибесінен әңгімелеп береді.

  • Көліктер туралы.

  • Жеңіл көліктер мен жүк машиналары, автабус, пойыз.