СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Сөйлейтін текше" дидактикалық ойын.

Нажмите, чтобы узнать подробности

балалалрға дидактикалық ойындар туралы айту ойындар ойнату кызыгушылыгынт арттыру

Просмотр содержимого документа
«"Сөйлейтін текше" дидактикалық ойын.»

Күні:

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Cөйлейтін текше» (дидактикалық ойын) Тілдің дыбыстық мәдениеті

Мақсаты: Балалармен бірге «а, ә» дауысты дыбыстарын қайталау. Дауысты «о, ө» дыбыстарын айтуға үйрету. Есту зейінін жетілдіру. Дауыс және артикуляциялық аппараттарды дамыту.

Көрнекіліктер: суреттер жапсырылған текшелер.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, сұрақ-жауап, өлең жаттату, ойын ойнату.

Сөздік жұмыс: өрік, ою, таңғалады, тамсанады.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Қане, қане тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық

Тұрсақ, егер шеңберге

Алақанды ұрайық.

Сол жақтағы балаға.

Шапалақта, шапалақ,

Шапалақта шапалақ.


Шаттық шеңберін құрады. Қимыл қозғалыспен көрсетеді.

Ұйымдастыру-іздестіру

Топқа суреттер жапсырылған екі текшені әкелу. Балаларға текшелердің сиқырлы екендігін айту. Бірінші текшені айналдырып айту:

Айналдырып текшені

Біз атаймыз бейнені, -

Балаларға бірінші текшенің қырларына жапсырылған суреттерді көрсету.

(алма, қуыршақ Әйгерім, әже, аю).

− Мынау кім?

− Әйгерім қандай ?

− Әйгерім ән айтқанды жақсы көреді. Кәне, Әйгерімнің әнін естеріңе түсіріңдер.

− Мынау кім?

− Бұл Әйгерімнің әжесі ме?

− Мынау не?

− Сендер алманы жақсы көресіңдер ме?

− Мынау не?

− Балалар, аю- Әйгерімнің сүйікті ойыншығы. Кәне, аюдың әнін есімізге түсірейік.

− Кәне, барлығымыз Әйгеріммен аюдың әндерін қайталайықшы.

Екінші сиқырлы текшені балаларға көрсетіп оны айналдырып:

Айналдырып текшені

Біз атаймыз бейнені,- деп айтады. Балаларға екінші текшенің қырларына жапсырылған суреттерді көрсете отырып, не бейнеленгендігін сұрау.

(өрік, Өркен, ою, орындық).

− Мынау кім?

− Өркен қандай бала?

Жақсы бала ма?

− Мынау не?

− Өріктің дәмі қандай?

− Өркен өрік жегенді жақсы көреді. Мынау не?

− Өркен әжесінен көрген оюларының суреттерін салады.

− Мынау не?

Өркенге орындықты көкесі жасап берді. Әйгерім Өркеннің оюларын көргенде «о-о-о-о»,- деп таңқалады. Ал Өркен өрікті жегенде «ө-ө-ө-ө»,- деп тамсанады. Кәне, бәріміз Әйгерім сияқты таңқалып, Өркен сияқты тамсанайық.

Сергіту жаттығуы:

Өркен өсіп келеді,

Өрікті жақсы көреді.

Өрік жеген балалар,

Көрікті боп өседі.

Тақпақтағы «ө» дыбысының айтылуын нақтылау және бекіту.

Жаттығудан кейін «Бұл қай дыбыс?» дидактикалық ойынын ұйымдастыру.





-Айналдырып текшені

Біз атаймыз бейнені, - деп қайталайды.



− Бұл - Әйгерім.

− Әйгерім әдемі.


− «Ә-ә-ә-ә».


− Мынау әже.

− Иә, бұл Әйгерімнің әжесі.

− Бұл алма.

  • Ия

− Бұл аю.

− «А-а-а-а-а»,- деп ән айтады.


− Балалар «а» және «ә» дыбыстарын қайталайды.



Балалар да қайталайды.






− Бұл - Өркен.

− Өркен жақсы бала.


− Бұл - өрік.

− Өрік тәтті.


− Бұл - ою.



− Бұл орындық.




Балалар «о» және «ө» дыбыстарын қайталайды.



Сергіту сәтін орындайды.

Қимылмен көрсетеді.





Ойын ойнайды.


Рефлексивті - түзетушілік

Ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылау. Балаларға ұйымдастырылған оқу қызметі бойынша сұрақтар қою. Балаларды мадақтау.


Қойылған сұрақтарға жауап береді




Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: «а, ә» дауысты дыбыстарын қайталай білуі. Дауысты «о,ө» дыбыстарын айта алуы.

Болуы керек: Ұйымдастырылған оқу қызметіне қызығушылығы

Баланың қолынан келуі керек: Текшелерден үй құрастыра алуы