СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Сопақша" қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

1.Тәрбиелік – воспитательная: пішіндерді ажырата білуге тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая:  5 көлемінде реттік санау және реттік санды атап «Қайсы?», «Нешінші?» деген сұрақтарға жауап беру дағдысын дамыту.

3.Оқыту – обучающая: Тік төртбұрышпен және дөңгелекпен салыстыра отырып, сипап сезу қимылы мен көру арқылы, сопақшамен таныстыру.

Просмотр содержимого документа
«"Сопақша" қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру»

Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в средней группе

Өткізу күні/Дата проведения:

Тәрбиеші/Воспитатель:

Білім беру саласы/Образовательная область: Таным. Познание.

Пән/Предмет: ҚМҰҚ. ФЭМП.

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Аңдар қалай қыстайды?»

Тақырыбы/Тема: «Сопақша»

Мақсаттары/Цели:

1.Тәрбиелік – воспитательная: пішіндерді ажырата білуге тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: 5 көлемінде реттік санау және реттік санды атап «Қайсы?», «Нешінші?» деген сұрақтарға жауап беру дағдысын дамыту.

3.Оқыту – обучающая: Тік төртбұрышпен және дөңгелекпен салыстыра отырып, сипап сезу қимылы мен көру арқылы, сопақшамен таныстыру.

Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: түрлі – түсті қағаздардан қиылған геометриялық пішіндер, 5 түрлі ойыншықтар.

Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: бір – один, екі – два, үш – три, төрт – четыре, бес – пять

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

Қызықты сәт: Ренжіп Дара кіреді.

Тәрбиеші: Дара, сәлеметсің бе, қайдан жүрсің?

Дара: Мен орманға серуенге шығып едім, енді аязға тоңып әбден жаурап қалдым, оның үстіне көпір де сынып қалыпты.

Тәрбиеші: Балалар, Дараға көпірді жөндеуге көмек берейік.

Дидактикалық ойын: «Көпірді құрастыр»

Балалар көпірдің сынық бөліктері неге ұқсайды? (геометриялық пішіндерге)

2.Негізгі бөлім/оснавная часть:

Дидактикалық ойын: «Бұл қай пішін?»

Төртбұрышты көрсетіп,оның түсі қандай?

Жеке жұмыс: Айлин мынау қандай пішін?

Қай пішін домалайды: дөңгелек пе әлде тіктөртбұрыш па?

Неліктен тіктөртбұрыш домаламайды?

Тіктөртбұрыштың бұрыштарын қиып алса, ол қандай пішінге ұқсайды?

Сопақша пішінге қандай заттар ұқсайды?

Балалар стол жанына жақындап түрлі-түсті қағаздардан жасалған «көпірге» үшбұрыш, дөңгелек, төртбұрыш пішінді жапсырыңдар.

Дара: Рахмет, сендерге балалар.

Ой балалар мен жолда келе жатып мына бір қорапша тауып алып едім, ішінде не бар екенін білмеймін.

Тәрбиеші: Қорапша не бар, көрейік. Балалар,бұл математика ханшайымының қорапшасы екен, мұның ішінде бізге тапсырма берілген екен.

«Математикалық тапсырмалар»

1 – тапсырма: 1 ден 5-ке тура және кері санау.

Екі тілде айту.

Билингвалдық компонент: бір – один, екі – два, үш – три, төрт – четыре, бес – пять.

2 – тапсырма: Геометриялық пішіндерден үйшік құрастыру.

-Балалар, осы геометриялық пішіндерден не құрастыруға болады? Кім тақтаға құрастырып береді?

-Үйдің шатыры үшбұрышқа ұқсайды.

-Қабырғасы тіктөртбұрышқа ұқсайды.

-Үйдің терезесі шаршыға ұқсайды.

Сергіту сәті:

1 дегенде тұрайық,

2, 3, 4,- алақанды соғайық,

Оң жаққа бұрылып,

Сол жаққа бұрылып

Бір отырып, бір тұрып,

Біз жүгіріп алайық.

5 дегенде асықпай,

Орнымызды табайық.

3 – тапсырма: Дидактикалық ойын: «Нешінші?»

Мақсаты: «Нешінші?» ұғымын қалыптастыру. Ойын барысында «нешінші?» деген ұғымды қалыптастыру.

Көрнекілік: Топтағы 5 түрлі ойыншықтар.

Барысы: Тақтаға 5 түрлі ойыншықтар суреті ілінеді. Ортаға бір бала шығып, қатардан бір ойыншықты алады. Балалар қатардан нешінші затты алғандығын алақандарын шапалақтау арқылы көрсетеді. Ойыншықтың атын атау керек.

3.Қорытынды/итоговая часть:

Дара: Жарайсыңдар балалар, сендер математикалық тапсырмаларды жақсы орындадыңдар. Ал енді мен саяхатымды жалғастырайын. Сау болыңдар.

Тіктөртбұрыштың бұрыштарын қиып алса қандай пішін пайда болады екен?

Балаларды жұлдызшалармен мадақтау.