Сынып | Күні: Пән: қазақ тілі. Пән мұғалімі:Танатарова Д.Т. |
Сабақ тақырыбы | Сөзжасамнан өткенді қайталау |
Сілтеме | Қазақ тілі. С.Исаева. Г.Қосымова. |
Мақсаты | Сөзжасам туралы алған білімдерін бекіту, түсіну, түсіндіру,білім-білік дағдыларын қалыптастыру, алған білімдерін шығармашылық жұмыстар арқылы, әр түрлі тапсырмалар арқылы пысықтау |
Міндеттері | 1) сөзжасамның жасалу жолын меңгеру, түрлі жұмыстар арқылы оқушының білімін жетілдіру 2)оқушылардың білім дағдыларын жинақтау, шығармашылық тапсырмалар арқылы дамыта оқыту; 3)жинақылыққа, пікір айта білуге, белсенді жұмыс жасауға жұмылдыру |
Күтілетін нәтиже | Сөзжасамның жасалу жолдары туралы түсініктерін кеңейтеді, алған білімдерін бекітеді,түсіндіреді. Топтық жұмыс арқылы оқушылар арасында жақсы қарым-қатынас орнайды, белсенді жұмыс істеуге дағдыланады. |
Сабақтың түрі | Сындарлы оқыту |
Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар | Оқулық, таратпа материалдар, тірек-сызбалар,интерактивті тақта,постер,маркер, стикер, оқулық, жазу дәптері,т.б. |
Модульдер | Жеті модуль |
Әдіс-тәсілдер | Жұптық, топтық жұмыс, диалог, сын тұрғысынан ойлау, өзіндік бағалау |
Сабақтың эпиграфы: | Мейірімді жүрекпен, Ақпейілді тілекпен, Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық! |
| Сабақтың барысы |
Ұйымдастырыу 5-мин | Сәлемдесу; Түгендеу; Жағымды психологиялық ахуал туғызу; Сынып оқушыларына түрлі- түсті қағаздар беріп мақтау сөздер жазу тапсырылады. Қағаздарды қайта жинап алып, өздеріне ұнаған түсті қағазды алып ішіндегі мақтау сөзді оқиды. Сол қағаздың түсі бойынша үш топқа бөлініп отырады. Музыка қойылады. Оқушылардан көз алдарына не елестегені сұралады. Оқушыларға үш топ та аралға тап болғандары, сол аралдан шығу үшін әр түрлі өткелдерден өту керектігі айтылады. Топ ережесін еске түсіру Сабақтың тақырыбымен таныстырамын. |
Бөлімі | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті |
Ой қозғау 2-мин | Әр топқа өз аралдарына біріккен сөзден, қос сөзден, туынды сөзден жасалған ат қою керек. Арал басшысын сайлап алады. Арал басшылары өз топтарын таныстырады. | Талдайды, түсіндіреді. |
Білім Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын айқындау 3-мин | Алдымен сабағымыздың мақсатын айқындап алайық. - Қандай мақсат қояр едіңдер ? |
Жаңа сабақтың мақсатын айқындайды. |
Түсіну Сабақты меңгеру
3- мин | Аралдың өткелдерінен өту басталады. 1-ші өткел. «Зымаран сұрақтар» топтарға сұрақтар қойылады. Жылдамдықпен дұрыс жауап берген топқа фишка беріліп отырады. 1.Жасалу жолдарына қарай күрделі сөздердің қандай түрлері бар? 2.Сөзжасам дегеніміз не 3.«Бет» сөзінің мағыналарын айт. Бұл сөз қандай жолмен жасалған туынды сөз? 4.Жұрнақтар жалғану жолымен жасалған туынды сөздерге мысал келтір. 5.Кірігу жолымен жасалған туынды сөздерге мысал келтір. 6.Қайталама қосарлану жолымен жасалған туынды сөздерге мысал келтір. 7.Тіркесу жолымен жасалған туынды сөздерге мысал келтір. 8.Мына сөздердің қайсысы туынды сөз: сақина, білезік, алқа. 9.«құс жолы» сөзі қай тәсілмен жасалған? 10.«Бала», «асты» сөздерінен қос сөз жаса. | №-ге бөлінеді. 1.Тапсырмамен танысады 2.Жұбына түсіндіреді 3.Сұраққа жауап береді, өзі сұрақ қояды. 4.Тақырыпты түсіндіреді. 5.Өзіне қойылған сұрақтарға жауап беріп, топтың тақырыпты меңгергенін өзі сұрақ қойып тексереді. 6.Топтар бір-біріне сұрақ қояды |
2- ші өткел «Белес» семантикалық картамен жұмыс. 3- мин Мысалдар | Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөз | Екі сөзді біріктіру арқылы жасалған туынды сөз | Екі сөздңі қосарлануы арқылы жасалған туынды сөз | Екі сөзді тіркестіру арқылы жасалған туынды сөз | Лексикалық жолмен жасалған туынды сөз | Түсім | + | | | | | Еңбеккүн | | + | | | | Қарама-қарсы | | | + | | | Суық хабар | | | | | + | Ұшқыш | + | | | | | Күн сәулесі | | | | + | | Қолбасшы | | + | | | | Көзбе-көз | | | + | | | |
Қолдану 10-мин | «Асу» Сатылай кешенді талдау.    ![]()  ![]() Жан- жақты Бұл сөз үш құрамнан тұрады: жан және жақ-ты Құрылысына қарай күрделі ,қос сөз.Қосарлама қос сөз 1 топ: Жаздыгүні 2 топ: Ұлттық 3 топ: Сана- сезім Топтарға жеке сөздер жазылған постер таратылып беріледі. Тапсырма - бір сөзден лексикалық жолмен жасалған бірнеше жаңа мағыналы туынды сөзді тауып жазу.
 | Зерттейді, ізденеді, талдайды, түсінеді |
Сергіту сәті | Музыка қойылып арал тұрғындарының биі биленеді. | Билейді. Денелерін сергітеді. |
Шығармашылық жұмыс: Мақсаты: бала қиялын ерік бере отырып, сөйлеу тілін, ойлау қабілетін дамыту. 7 мин | Әр топ өз аралдарын сипаттау керек. Мәтіннің ішінде міндетті түрде сөзжасам болу қажет.
| Ойлау, сөйлеу қабілеттері артады зерттейді, талдайды.. |
5 мин | Қызықты грамматика: үш сөздің бірігуінен жасалған жер, су, адам аттарын жазыңдар. Біріккен сөздің бірінші түбірі тағам сөзінің синонимі, екінші түбірі ыдыс аты. Ол қай сөз? Қайталанып келіп тұрған қос сөзді қатыстыра отырып, мақтау сөздер айтыңдар. Тіркесті сөздерді қатыстыра отырып, адамның келбетін жасаңдар |
|
Сабақты қорыту 3 мин | «Жекпе- жек»Әр топ екі сұрақ дайындап қояды. Бір- бірлеріне сұрақтар қояды. | Сұрақ қойып, жауап беру арқылы өз ойын жинақтап, қорытады. |
Бағалау 3 мин | Бағалау парағы Топтық бағалау. Формативті, өзін- өзі бағалау Мұғалімнің бақылауы | Бағалау критерийлері арқылы өздеріне баға береді. |
Кері байланыс 3 мин | Сабақты бағалау | Оқушылар өз пікірлерін жазады. |
Үйге тапсырма 2 мин | «Менің аралға саяхатым» тақырыбына ойтолғау жазу | Жан-жақты ізденеді |