Орта мерзімді сабақ жоспарын қалалық білім бөлімімен бекітілген 6 сыныпқа арналған қазақ тілінің күнтізбелік тақырыптық жоспарына сай жасадым. Қысқа мерзімді жоспарлар МЕМС 2012, «Қазақ тілі / З. Агзамова, К. Шаймерденова – 2 басылым - Алматы: Мектеп, 2013, орыс тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептің 6 сынып» оқулығы негізінде жасалды.
Курсты өткеннен кейін 6 сыныпқа арналған тізбектелген сабақтар топтамасының жоспарын жасап алдым. Бағдарлама мазмұнына сәйкес жеті модульді әр сабақ барысында қарастыруға тырыстым. Мақсатым оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып білім сапасын арттыру, ойларын еркін айтуға және шығармашылыққа баулу.
Әр сабақта оқушылардың сөздік қорын дамыту, ойын ашық, еркін жеткізу мақсатында диологтық оқыту әдісін қолданамын. Кездескен қиындықтар: оқушылардың сөздік қорының аздығы, тіл байлығының жетіспеушілігі. Диологтық оқытудың топтық және зерттеушілік түрін сабақтар топтамасында жүйелі түрде қолданамын. Нәтижесінде оқушылар ойын еркін айтуға, өз бетімен білім алуға ынталандырылды, пәнге қызығушылығы арта бастады, өз жұмыстарын дәлелдеуге, талдауға үйрене бастады. Сондай-ақ барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты жасалатын болады. Сыныптағы дарынды және талантты оқушыларды анықтау мақсатында күрделілігі жоғары деңгейлік тапсырмалар беремін. Берілген тапсырманы орындау арқылы дарынды оқушылар анықталды, оқушылар жақсы нәтижеге қол жеткізеді. Топ басшысы яғни көшбасшы анықтау барысында әділетсіздіктер кездесті. Белсенді, жақсы оқитын оқушылар арасында көшбасшылыққа талас туды. Қиындықты жеңу үшін топ басшысын дауыс беру, сауалнама алу арқылы сайладым. Нәтижесінде орташа оқитын оқушылардың да көшбасшылыққа ұмтылуы байқалды. Өз бетінше іздену, білім алу, шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында СТО әдісін сабақтың әр кезеңінде пайдаландым. Соның ішінде ұйымдастыру кезеңінде "миға шабуыл", ББК кестесі, бекіту кезінде венн диаграммасы, синквейн, топтастыру, сәйкестік тесті түрлерін қолданатын боламын. Сыни тұрғыдан ойлау әдісін пайдалану оқушыларға өте қолайлы болды. Кездескен қиыншылықтарды сабақ барысында тапсырмалар беру арқылы жойдым. Оқушылар әр стратегияны қызыға орындайды. Оқушы білімін бағалау үшін ауызша және жазбаша өзара, топтық бағалаулар жүреді. Кездескен қиындықтар: кейбір оқушылар бағалауды әділ жүргізбеді, артық кейде төмен бағалаулар жасады. Қиындықты жою үшін және бағалаулар нақты болу үшін критерийлер жасап "бағалау" парағын қолданамын. Сабақтар топтамасының әр кезеңінде АКТ қолданылады. Себебі, АКТ пайдалану арқылы уақытты үнемдеуге, кез келген ақпаратты керек кезінде алуға, қайталап көрсетуге, оқушының қызығушылығын арттыруға өте қолайлы. Сабақта тек проектор мен ноутбукты ғана емес, видеокамера, фотоаппарат, ұялы телефондарды қолданамын.
Болашақта тізбектелген сабақтар өткізу барысында мынадай нәтижеге қол жеткіземін .
Өтілу мерзімі | Рет саны | Сабақ тақырыбы, мақсаты | Күтілетін нәтиже | Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер | Барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмысы | Оқып үйрену барысындағы бағалау | Негізгі дерек көздер, құрал-жабдықтар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
І жартыжылдық - 17 сағат. |
| 1
| Кіріспе сабақ. Халық ауыз әдебиеті туралы түсінік. Ауыз әдебиеті туралы бұрынғы білетіндерін еске түсіре отырып, оқушылардың ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту. | - Әдебиет туралы айтылған ұлы тұлғалардың даналық сөздерін ұғынады; -Танымдық, дамытушылық, қызығушылық қабілеттері артады; -Мәртебесі төмен, жоғары сұрақтарды қойып үйренеді; -Ойын нақты жеткізе алады; -Өзін-өзі реттейді; -Көшбасшы бола алады; -Өзін-өзі бағалайды; | -Ассоциация әдісі; топтастыру; -өзара оқыту; Блум өлшемдеріне сай сұрақтар қою, -Өзара бағалау; -өзін-өзі бағалау; - сұрақ-жауап; -зерттеушілік әңгіме; - топтық әңгіме; | Дарынды, қабілеті төмен оқушыларға деңгейлік тапсырмалар; | Өлшемдер: Деңгейлік тапсырманы орындау мүмкіндігі. | Кестелер мен сызбалар, презентация, маркерлер |
| 2 | Ертегілер. Батырлар жыры туралы түсінік беру. Мәтінмен жұмыс дағдыларын, ойлау қабілеттерін, тілдерін дамыту. Қазақ халқының тарихына, әдебиетіне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. | -Тақырып бойынша ойларын айқын тұжырымдайды; Диалогтік оқытудағы жоғары және төменгі мәртебелі сұрақтарды қойып үйренеді. -Оқушының сыни ойлауы қалыптасады; | Блум таксономиясы; СТО; диалог, жеке жұмыс,топпен жұмыс; | Жоғары мәртебелі сұрақтар, мақал-мәтелдер, постер құру, АКТ | Топтық, өзара, өзін-өзі бағалау, мадақтау | Презентация, А3 қағазы, түрлі түсті бояу, АКТ. |
| 3 | «Алтын сақа» ертегісі. Оқушыларды «Қобыланды батыр» жырының мазмұнымен таныстыру. Оқушылардың ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту. Тілге, ауыз әдебиетіне деген ынта-ықыласқа тәрбиелеу. | -Ізденімпаздығы мен АКТ пайдалану құзіреті артады. -Шығармашылық тапсырмаларды орындауда сөздік қоры дамиды. | Диалогтық оқытудағы жоғары және төменгі мәртебелі сұрақтар. Шығармашылық жұмыс. | Мәртебесі жоғары, төмен сұрақтар дайындау. Постер құрау. | Жұпта «өзін-өзі бағалау» стратегиясы; | Қазақ әдебиеті оқулығы. Бағалау парағы, А4 парағы, маркер |
| 4 | Ә. Тәжібаев «Толағай» Шешендік сөздер жайлы оқушылардың түсініктерін толықтыру, теориялық материалдарды дұрыс пайдалануға үйрету. Мазмұндай білу, баяндау дағдыларын дамыту, тіл байлықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамыту. | -Қажеттілікті жүзеге асырады, алған білімдерін қолдануды үйренеді, Мәртебесі төмен және жоғары сұрақтар қоя алады.көшбасшылықты көрсетеді | Топтық, жеке, жұптық жұмыс. Оқулықпен жұмыс РАФТ стратегиясы | Мәртебесі жоғары, төмен сұрақтар дайындау. Постер құрау. | Оқушылардың алған білімдерін тексеру, жиынтық бағалау | Қазақ әдебиеті оқулығы, А4 парағы, маркер |
| 5 | Мақал-мәтелдер-халық даналығы Оқушыларға Төле би, Саққұлақ шешен туралы мәлімет беру, Сұрақтарға, ізденістерге негізделген жұмыс түрлерін орындау арқылы оқушылар бойында өз бетімен жұмыс істей білу, өз пікірін айта білу дағдысын дамытуға ықпал ету. | -Дұрыс сөйлеуге үйренеді; -Мәртебесі төмен және жоғары сұрақтар қойып үйренеді, қарсы сұрақ қоя біледі; -Оқушының сыни ойлауы қалыптасады. | Топтық, жеке, жұптық жұмыс. Оқулықпен жұмыс. | Сұрақ-жауап, диалог, мәртебесі жоғары, төмен сұрақтар. | Формативті (смайликтер арқылы бағалау), жиынтық бағалау | Маркерлер, бағалау парақтары |
| 6 | Жұмбақтар. Қанатты сөздер туралы мәлімет беру, мәтінмен жұмыс дағдыларын, ойлау қабілеттерін, тілдерін дамыту. Қосымша деректермен жұмыстану арқылы тақырыпты тереңірек ұғындыру. | - Мәртебесі төмен және жоғары сұрақтар қоя алады. - Топпен жұмыс жасай алады; | Сыни ойлау стратегиялары: жеке, топтық жұмыс, ұжымдық жұмыс. | «Қанатты сөздердің пайдасы» тақырыбында ойтолғау жазу, деңгейлік тапсырмалар | Критериялармен таныстыру; кеңес беру, жұптасып өзара бағалау, бағалау парағы. | |
| 7 | Аңыз-әңгімелер. Д. Бабатайұлының өмірі мен шығармашылық жолымен таныстыру, шығармаларының тақырыбын, идеясын ашу. Дүниетанымдарын кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту, ауызша, жазбаша тілдерін дамыту. | -Мәтінмен жұмыс жасай отырып ауызша тіл мен жазба тілді бір-бірінен ажырата алады. -Топпен жұмыс жасай алады; -Ізденімпаздылық қабілеттері артады. -АКТ-мен жұмыстана алады. | Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап; Диалогтық оқыту, Дәптермен жұмыс, жеке, жұппен, топпен жұмыс. Постермен жұмыс. «Дана үкілер» стратегиясы. | АКТ-мен жұмыс, Тест тапсырмалары, постер қорғау. | Топтық, өзара, өзін-өзі бағалау, мадақтау. | Қазақ әдебиеті оқулығы. Презентация, маркерлер, бағалау парақтары. |
| 8 | |Тіл дамыту. Мазмұндама Мазмұн жүйелігінің тақырыпқа сәйкес болуы керек екендігіне түсінік беру. Оқушылардың сауаттылықтарын тексеру. | -Мәтінді мазмұндап жаза алады. -Мәтіннің мазмұнын түсініп, өз тойларын жазбаша білдіре алады. | | | . | |
| 9 | «Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт» Оқушыларға М. Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру. Өлеңдерінің негізгі тақырыбы бен идеясын ашу. Оқушылардың өз ойларын еркін , нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын, коммуникативтік құзіреттіліктерін дамыту. Елін, жерін сүюге тәрбиелеу. | -Дұрыс сөйлеуге үйренеді; - Оқушының сыни ойлауы қалыптасады - Мәртебесі төмен және жоғары сұрақтар қойып үйренеді, қарсы сұрақ қоя біледі; | -Ассоциация әдісі; топтастыру; -өзара оқыту; Блум өлшемдеріне сай сұрақтар қою, -Өзара бағалау; -өзін-өзі бағалау; - сұрақ-жауап; - зерттеушілік әңгіме; - топтық әңгіме; -миға шабуыл | Сұрақ-жауап, диалог, мәртебесі жоғары, төмен сұрақтар. | Өзін-өзі бағалау, «2 жұлдыз, 1 тілек» Жиынтық баға | Қазақ әдебиеті оқулығы. Презентация, маркерлер, бағалау парақтары. |
| 10 | «Дерсеханұлы Бұқашжан туралы жыр» Оқушыларды бірлесіп жұмыс істей отырып, мәтінді өз беттерімен түсінуі, ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Оқушылардың білетін мәліметтерін қайталай отырып, Абай Құнанбайұлы туралы білімдерін толықтыру. Оқушылардың жеке, топтық жұмыстары арқылы бұрынғы білімдерін кеңейту, өзіндік баға беруін қалыптастыру. | -Ойларын жетік жеткізе біледі; -Сыни тұрғыдан ойлау қабілеті дамиды; -Түйінді ой қорытынды жасайды; | Блум таксономиясы; СТО; диалог, жеке жұмыс, топпен жұмыс; | Венн диаграммасы, топтастыру әдістері; диалогтік тәсіл | Формативті (смайликтер арқылы бағалау), жиынтық бағалау | Қазақ әдебиеті оқулығы, А4 қағазы, маркерлер, презентация, ақынның шығармалары. |
| 11 | Ежелгі дәуір әдебиеті туралы түсінік. Абайдың қара сөздері туралы түсінік беру, оқушылардың тілін дамыту, адамгершілікке, білім алуға ынталандыру. Оқушылардың жеке, топтық жұмыстары арқылы бұрынғы білімдерін кеңейту, өзіндік баға беруін қалыптастыру. | - Қара сөздің мазмұнын түсініп талдайды, алған білімдерін өмірмен байланыстырады. -Постермен жұмыс жасайды, бірін бірі бағалайды. | Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап («Даналық ағашы»); Диалогтық оқыту, Дәптермен жұмыс, жеке, жұппен, топпен жұмыс. | АКТ-мен жұмыс, Тест тапсырмалары, постер қорғау | Формативті, критериал- ды бағалау, жиынтық бағалау | Оқулық, ақынның шығармалары, кеспе қағаздар, презентация. |
| 12 | Ш.Уәлиханов. Өткен тақырыпты еске ала отырып оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Тіл байлықтарын, сауаттылықтарын тексеру. | | | Шығарма жазу. | | |
| 13 | Ы.Алтынсарин. Оқушылардың А. Байтұрсынұлы туралы алған білімдерін толықтыру, оеың қазақ әдебиетіндегі тоқталу, аудармаларына шолу жасау, мысал жанрын дамытуға қосқан үлесі туралы түсінік беру. «Егіннің бастары» мысалының идеясын ашу. Сұрақтар мен тапсырмаларға, ізденністерге негізделген жұмыс түрлерін орындау арқылы оқушылар бойында өз бетімен жұмыс істей білу, өз пікірін айта білу дағдысын дамытуға ықпал ету. Ақын мысалы арқылы оқушының сөздік қорын , ойлау қабілеттерін дамыту, жағымды мінездерге тәрбиелеу. | Тақырыпқа сай постер шығарады. Сұрақтарға нақты жауап береді. Ынтымақтастықта жұмыс істейді, оқиды, түсінеді, ізденеді, талдайды, орындайды, бағалайды. | Топтық, жеке жұмыс,диалогтік оқыту(зерттеу, әңгімелесу), АКТ- ны қолдану сөздікпен жұмыс,венн диаграммасы , кубизм | АКТ,тест тапсырмалары, Жоғары мәртебелі сұрақтар, мақал-мәтелдер, постер құру | Топ жетекшілері оқушыларды бағалайды, Дарынды оқушылардың шығармашылығы бағаланады, жоғары мәртебелі сұрақтарға сыни тұрғыдан ойланып, жауап бергені бағаланады. | Шаршы, кеспе қағаздар, маркерлер. |
| 14 | Бақылау жұмысы. Тест. Тақырыптары бойынша оқушылардың алған білімдерін анықтау үшін бақылау жұмысын ұйымдастыру. | -Тақырып бойынша ойларын айқын тұжырымдайды; -оқып-білгендерін талдап, қорытынды шығара алады. | жеке жұмыс | Тест тапсырмалары | | Тест тапсырмалары жазылған беттер |
| 15 | Сыныптан тыс оқу. Ақынның С. Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам, адам болып» өлеңінің мазмұнын ашу, өз ой –пікірін айтуға үйрену. Түйінді ой айтуға, ойды қорытып, жеке пікірін айта білуге үйрету, шығармашылыққа баулу. Өлең арқылы адамгершілікке, мейірімділікке баулу, оқу-білімнің маңыздылығын ұғындыру. | -Қажеттілікті жүзеге асырады, алған білімдерін қолдануды үйренеді, сауаттылықтары қалыптасады, көшбасшылықты көрсетеді | Блум таксономиясы; СТО; диалог, жеке жұмыс, топпен жұмыс («Қонаққа бару»); | «Мені түсін» ойыны | Оқушылардың алған білімдерін тексеру, жиынтық бағалау | Оқулық, презентация, кеспе қағаздар, маркерлер, А4 қағазы. |
| 16-17 | Қатемен жұмыс. Н.С. «Дала қоңырауы». Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру, әңгіме мазмұнымен танысу, тақырыбы мен идеясын ашу. Өнерді сүюге , өнер құдіретін сезінуге тәрбиелеу. Өнер адамдарына деген құрмет, мақтаныш сезімдерін ұялатуға ықпал ету. | -Сұрақтарға нақты жауап береді, -ынтымақтастықта жұмыс істейді, оқиды, түсінеді, ізденеді, талдайды, орындайды, бағалайды. | Сұрақ-жауап, диалог, салыстыру, жеке, жұптық, топтық жұмыс («Сарапшылар» стратегиясы) | Мәртебесі жоғары, төмен сұрақтар АКТ, постер қорғау,деңгейлік тапсырмалар.дайындау. | Жұпта «өзін-өзі бағалау» стратегиясы; Екі жұлдыз, бір ұсыныс; | Қазақ әдебиеті оқулығы, А4 қағазы, маркерлер, презентация. |
ІІ жартыжылдық -17сағат |
| 1 | А. Құнанбаев. Оқушыларды қазақ халқының ұлы ақыны М. Жұмабаевтың өмірі, шығармашылық жолымен таныстыру, білімдерін толықтыру, «Сүйемін» өлеңінің мазмұны мен идеясын меңгерту, оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу. Өлең мазмұнын талдата отырып, оқушылар бойында адамгершілік қасиеттер мен Отанын, елін, жерін, сүюге тәрбиелеу. | Мәртебесі төмен және жоғары сұрақтарды қойып үйренеді; Оқушының сыни ойлауы дамиды; Оқушы шығармашылығы, ізденісі дамиды; Көшбасшылығы айқындалады | Топтық, жеке жұмыс; Диалогтық оқудағы диалогтік әңгіме; сұрақ- жауап; жауапты толықтыру; зерттеушілік әнгіме; топта пікір алмасу; Ассоциация әдісі; Топтастыру әдісі | Жоғары мәртебелі сұрақтар, мақал-мәтелдер, постер құру | Формативті (смайликтер арқылы бағалау), жиынтық бағалау | Қазақ әдебиеті оқулығы, А4 қағазы, маркерлер, презентация, үнтаспа. |
| 2-3 | А.Байтұрсынұлы Оқушылардың Б. Майлин туралы білімдерін толықтыру, ақын шығармасының идеясын ашу, негізгі түйінді ойды таба білуге үйрету. Оқушылардың тілін, ойлау дағдысын жетілдіруге, қорытынды жасай білуге үйрету, дағдыландыру. | -Мәртебесі төмен және жоғары сұрақтар қойып үйренеді, -көшбасшы айқындалады. | Кубизм, түртіп алу, сыни ойлау, топтық, жеке, жұптық жұмыс, салыстыру, ажырату, «Ыстық орындық» стратегиясы. | АКТ, постер қорғау, деңгейлік тапсырмалар. | Жұпта «өзін-өзі бағалау» стратегиясы; «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» | Шаршы, презентация, А4 қағазы, маркерлер. |
| 4-5 | Ж.Жабаев І. Жансүгіров шығармашылығы туралы оқушылар білімін тереңдету, «Домбыра», өлеңінің мазмұнымен таныстыру арқылы өнер құдіретін көрсету. «Анам тілі» өлеңін оқыту арқылы оқушылардың мәнерлеп оқу дағдысын, танымдық белсенділігін арттыру, ойлау әрекетін дамыту. Халық мұрасына деген ықылас, өнерді, тілді сүюге тәрбиелеу. | Мәртебесі төмен және жоғары сұрақтарды қойып үйренеді; Оқушының сыни ойлауы дамиды; Оқушы шығармашылығы, ізденісі дамиды; Көшбасшылығы айқындалады | Топтық, жеке жұмыс; «БББ» кестесі. Диалогтық оқудағы диалогтік әңгіме; сұрақ- жауап; «Дана үкілер» техникасы, жауапты толықтыру; «Қатені тап» стратегиясы, топта пікір алмасу; топтастыру; өзара оқыту; | Жоғары мәртебелі сұрақтар, тірек - сызба құру. | Формативті (смайликтер арқылы бағалау), жиынтық бағалау | Кеспе қағаздар, маркерлер, бағалау парақтары. |
| 6-7 | С.Сейфуллин. Әңгімені талдау. Оқушылардың М. Әуезов туралы білімдерін толықтыру. «Көксерек» әңгімесінің мазмұнын меңгерту, ондағы берілген өзекті ойды анықтау. Шәкірттер ойын, тілін дамытуға ықпал ету. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, іздендіру, өз пікірлерін айта білуге, қорғауға үйрету. Табиғатты сүюге, оны қорғауға баулу. Жақсылыққа, ізгілікке тәрбиелеу. | -Өткен тақырыппен байланыстырады; -Оқушының жеке ой- пікірінің құндылығы артады; -Ақпараттарды қабылдайды, талқылайды, сабақта қолдана алады; | Топтық, жеке жұмыс; Диалогтық оқудағы диалогтік әңгіме; сұрақ- жауап; зерттеушілік әнгіме, Топтастыру; өзара оқыту; «БББ» кестесі, СТО технология блум сұрақтары; АКТ-ны пайдалану, интерактивті тақта. | Деңгейлік тапсырмалар. Дарынды оқушыларға ойтолғау жазу. Білімі төмен оқушыларға әңгіме мазмұнына жоспар құрып, бөлімдерге бөліп мазмұндау. | Жеке оқушылар бағаланады, Топтық жұмыс барысында орындалған тапсырмалар бағаланады; Дарынды оқушылардың шығармашылығы, ізденісі, деңгейлік тапсырмаларды орындауы бағаланады. Жұпта «өзін-өзі бағалау» стратегиясы; «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» | Оқулық, кесте, маркерлер, презентация. |
| 8 | Мазмұндама. «Көксерек» әңгімесі бойынша оқушылардың қандай деңгейде ұққандарын анықтау үшін бақылау жұмысын ұйымдастыру. | -өз түсінгендерін жазбаша жеткізе біледі. | | | Оқушылардың алған білімдерін тексеру, жиынтық бағалау. | Мазмұндамалар жинағы. |
| 9 | І.Жансүгіров Ғ. Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылық жолы туралы оқушылардың түсініктерін, қазақ әдебиетіндегі орны туралы білімдерін толықтыру, тілдерін дамыту, сөздік қорларын молайтуға жағдай туғызу. | Алған білімдерін қолдануды үйренеді, тілдері дамиды, көшбасшылықты көрсетеді | Топтық, жеке жұмыс; Диалогтық оқудағы диалогтік әңгіме; сұрақ- жауап; зерттеушілік әңгіме; Ассоциация әдісі; | Диалогтық әңгіме, деңгейлік тапсырмалар; мәртебесі жоғары, төмен сұрақтар; мақал-мәтел, ойтолғау жазу, АКТ. | Бірін-бірі бағалау. Смайликтерді сөйлету арқылы бағалау. Жауап алу үдерісін бағалау. | Презентация, маркерлер, А4 қағазы, карточка - көмек, кеспе қағаздар, қайшы. |
| 10-11 | С. Бегалин Оқушыларды З. Шашкиннің өмірі және шығармашылығымен таныстыру, «Доктор Дарханов» шығармасының мазмұнымен, идеясымен таныстыру. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, тілдік қорын байыту. | -Оқушының жеке ой- пікірінің құндылығы артады; -Ақпараттарды қабылдайды, талқылайды, сабақта қолдана алады; | Топтық, жеке жұмыс; Диалогтық оқудағы диалогтік әңгіме; сұрақ- жауап; зерттеушілік әнгіме; ИНСЕРТ, Ассоциация әдісі; Топтастыру; өзара оқыту; | Деңгейлік тапсырмалар. Дарынды оқушыларға ойтолғау жазғызу. Білімі төмен оқушыларға мәтін мазмұны бойынша сұрақтар дайындату. | Жеке оқушылар бағалаланады, Топтық жұмыс барысында орындалған тапсырмаларды постермен жұмысы бағаланады; Дарынды оқушылардың шығармашылығы, ізденісі бағаланады | Бағалау парағы, кеспе қағаздар, маркерлер, қосымша материалдар. |
| 12 | М. Әуезов Оқушыларды Ж. Молдағалиевтің өмірімен, шығармашылығымен таныстыру, поэма мазмұнын ұғындыру. Оқушыларды өз бетімен жұмыс жасау арқылы білім алуға дағдыландыру. | -Топта еркін жұмыс жасай алады; -Сыни ойлауы қалыптасады; Оқушы шығармашылығы, ізденісі дамиды; | Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап; Диалогтық оқыту, жеке, жұппен, топпен жұмыс. | - Топпен ереже шығару; Диалогтық әңгіме, деңгейлік тапсырмалар; мәртебесі жоғары, төмен сұрақтар; мақал-мәтел, ойтолғау жазу, АКТ. | Жұпта «өзін-өзі бағалау» стратегиясы; «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»; | Бағалау парағы, прнезентация, маркерлер, А4 |
| 13-14 | Сыныптан тыс оқу. Ш. Мұртаза шығармашылығы туралы оқушылардың білімін толықтыру, әңгіменің идеялық мазмұнын ашу. Оқушылардың ойлау, тілдік қабілеттерін, қарым-қатыныстық біліктілігін дамытуға ықпал ету. | -Топта еркін жұмыстана алады; -Сыни ойлауы қалыптасады; -Шығарманы талдауға үйренеді; | Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап; «Дана үкілер» техникасы; Диалогтық оқыту, жеке, жұппен, топпен жұмыс. | Топпен ереже шығару; Диалогтық әңгіме, деңгейлік тапсырмалар; мәртебесі жоғары, төмен сұрақтар; мақал-мәтел, АКТ. | Жұпта «өзін-өзі бағалау» стратегиясы; «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»; | Бағалау парағы, презентация, маркерлер. |
| 15 | Шығарма. | -Өз ойын жүйелі түрде жазбаша жеткізуді үйренеді. | Жеке жұмыс. | | Оқушылардың алған білімдерін тексеру, сауаттылықтарын жиынтық бағалау | |
| 16 | Қ. Мырза Әлі. «Жеті» өлеңі. Қ. Мырза Әлі өмірі мен шығармашылығы туралы оқушыларға қысқаша мәлімет беру, «Жеті» өлеңінің идеялық мазмұнын ашу. Оқушылардың сөздік қорын байыту, дүниетанымдарын кеңейту. Шәкірттерді қазақ халқының салт-дәстүрі, этномәдениетімен таныстыруды жалғастыру. Ақын шығармалары арқылы туған жерді, елді сүюге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу. | Мәртебесі төмен және жоғары сұрақтарды қойып үйренеді; Оқушының сыни ойлауы дамиды; Оқушы шығармашылығы, ізденісі дамиды; Көшбасшылығы айқындалады Тірек сызбаларды түсіндіреді | Топтық, жеке жұмыс; сұрақ- жауап; жауапты толықтыру; зерттеушілік әңгіме; кластер құру, топта пікір алмасу | Тест тапсырмалары, әртүрлі тақырыпқа берілген топшамалар, постер қорғау, мақал-мәтелдер.(шығарма-шылық жұмыстар) | Жұпта «өзін-өзі бағалау» стратегиясы; «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»; | презентация, маркерлер, кеспе қағаздар, А3 қағазы, стикерлер |
| 17 | Қорытынды. Сыныптан тыс оқу. Қ. Мырзалиев. «Мектеп» өлеңі. Өткен тақырыптар бойынша оқушылардың алған білімдерін жинақтап, пысықтау. Өз беттерінше жұмыс жасайға дағдыландыру | Өздерінің алған білімдерін қолдануды үйренеді, сауаттылықтары, көшбасшылықтары қалыптасады. | Талдау-жинақтау 5 жол өлең, куббизм | | Оқушылардың алған білімдерін тексеру, жиынтық бағалау | Қосымша материалдар, презентация, ақ беттер, маркерлер. |