СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Статья о Неделе русского и английского языков в СШ №10 а.Фарфоровый

Категория: Русский язык

Нажмите, чтобы узнать подробности

С 23 января по 28 января 2017 года в нашей школе была проведена Неделя русского и английского языков.

Просмотр содержимого документа
«Статья о Неделе русского и английского языков в СШ №10 а.Фарфоровый»

Үштілді тұлға – заман талабы


«Мәнгілік Ел» ұлттық идеясында белгіленген бағыттардың бірі – болашақ қазақстандықтар үш тілді тең меңгерген тұлға болуы. Әрине бұл отандық білім беру жүйесінің алдына қойылған биік мақсат, сындарлы сын. «Болашақта Қазақстанымызды дүниеге танытатын, тек ғылым саласында еңбек етіп, жаңалықтар ашатын ғалым ғана емес, сол ашқан жаңалығын дүниежүзілік әлеуметке еркін таныстыра алатын тілдік тұлға» - міне білім саласында еңбектеніп жүрген ұстаздардың алдына қойған мақсаттары.

Біздің Фарфоровый ауылы №10 орта мектебімізде 2017 жыл есте қаларлықтай оқиғалармен басталды. Жылдың басы болған айда орыс және ағылшын тілдері апталығы, «Қамқорлық» акциясы өткізілді.

Білім беру мен тәрбие – бір біріне тығыз байланысты, екеуінің бірінсіз жан-жақты дамыған толыққанды тұлға тәрбиелеуге қол жеткізуге болмайтын түсініктер. Сол себепті мектебіміз ұстаздары әрқашан да екі бағытты таразының екі басындай тең ұстап отырады.

Орыс және ағылшын тілдері сабақтарында алған білімдерін еркін тілдік ортада қолдану, өз пікірін еркін жеткізуге үйрету, тілді үйренуге деген оқушылардың қызығушылығын арттыру – апталықты ұйымдастырған ұстаздар орыс тілі пәні мұғалімі Г.Ж.Батабекова мен ағылшын тілі мұғалімі Г.Н.Хайрованың іс-шараны ұйымдастыруда алған қойған негізгі міндеттері.

Апталық аясында Г.Ж.Батабекова 5 «А» сыныбында «Повторение и закрепление по теме «Зима», Г.Н.Хайрова 6 «А» сыныбында «Pollution is bad for health» тақырыптарында ашық сабақтар берді.

Оқушыларға ең ұнаған сыныптан тыс іс-шара «Оқырмандар конференциясы» болды. Конференцияға қатысқан 7, 8, 9 сынып оқушылары Искакова Г., Әбдіхалық Х., Хуанбек А., Шам А., Нұрлыбекқызы А., Хуанбек М., Болат Қ., Серікбай Г., Өмірзақ А. орыс және ағылшын тілдерінде өздері оқыған көркем әдебиет шығармаларының мазмұнымен бөлісіп, тыңдармандардың сұрақтарына жауап берді. 8 «А» сынып оқушысы Ерболат Бексұлтан өзіндік жұмысымен тыңдармандардың ерекше құрметіне бөленді.

Мектебіміз ұстаздары бұдан ары да осы бағыттағы тәрбиелік жұмыстарын талмай жалғастырады.

Абай атамыз айтқандай;

«Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға!»

Фарфоровый а.

№10 ОМ орыс тілі пәні мұғалімі

Батабекова Г.Ж.