СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Статья Латын әліпбиі

Нажмите, чтобы узнать подробности

О переходе на латиницу в РК

Просмотр содержимого документа
«Статья Латын әліпбиі»

Латын әліпбиіне көшу-заман талабы

«Латыншыға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХ/ ғасырдағы ғылыми және білім беру үрдісінің ерекшеліктеріне байланысты»,-деп Елбасы айтқандай латын әліпбиіне көшу-заман талабы. Латын графикасы көпшілікке таныс болғандықтан қиындық ешкімге туғызбайды деп ойлаймын. Лингвистер қазіргі актуалдық терминдермен қазақ тілінің мазмұнын байытуы қажет. Сонымен қатар трендтік әдебиеттерді, ойындарды, видеоларды да аудару қажет. Әр тілдің тіршілігі бар және ол өзінің мазмұнымен қызығушылық тудырады. Осы кезде ең басты рөлді аудармашылық іс атқарады. Латын тіліне көшкенде орфография, грамматикалық ережелер қарапайым болады, яғни қазақ тілін оқу жүйесі жеңілденеді. Латынға көшудің оң сәті бар. Кейбір пәндер мысалы: Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті түпнұсқа тілінде жүргізіледі. Біздің мәдениет кеңестігіміз кеңейеді. Әлемде осы күнде кириллица жазуын 12 мемлекеті ғана пайдаланады, соның ішінде Қазақстанда бар. Қазіргі таңда латын әліпбиі үлкен беделге ие болғандықтан, басқа елдердің көбі толықтай латын әліпбиіне көшкен. Қазіргі заманда мемлекетіміз жылдан-жылға дамып, өсіп-өркендеп, отандық ғылым-білім саласы қарыштап өсіп келеді. Бүгінде әлемнің әр жерінде 5 миллионға жуық қазақтар тұрады, солардың ішінде 80 пайызы латын әліпбиін қолданады.Латын әліпбиіне көшсек, сол қандастарымызбен жақындаса түсеміз, әлемдік кеңістікке кіреміз, бизнес жақсы дамиды. Латын әліпбиіне көшу-жас ұрпақтың болашағы үшін бұл дұрыс шешім. Жастар үш тілде сөйлеп, интернет тілін игерсе, қазақ тілі кириллицадан латынға көшсе, жастар болашаққа батыл қадам басады.Біздің Мәңгілік еліміз одан әрі дами түсу үшін қазіргі жастар ағылшын тілімен қоса латын әліпбиін меңгеруі тиіс. Мектепте ағылшын тілін даярлық сыныптан бастап оқығасын оқушылар ағылшынша сөйлеп, үйренуде. Ағылшын тілі –әлемдік мағынасы бар тіл болғандықтан, жастардың көбі осы тілді меңгеруде.Латын әліпбиі соған ұқсас тіл болғандықтан, көп кешікпей көпшілік арасында кең таралып, ауқымы кеңейе түсетініне сенімдімін.Сондықтан латын әліпбиіне көшуден қорқуға еш негіз жоқ деп ойлаған біздің бірінші Президентіміз. Ақпараттық технологиялар заманында уақытқа айқын болуымыз қажет.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің кезекті Жолдауларының бірінде: «Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет.Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманға ақпараттың тіліне айналдырады»-деген болатын.