СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сценарий "Алтын күз"

Нажмите, чтобы узнать подробности

сценарий "Алтын күз" мектепке дейінгі балаларға арналған

Просмотр содержимого документа
«Сценарий "Алтын күз"»

Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді. 
Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,
                          Жасымыз бен кәріміз.
                           Қырдан кепті қыдырып,
                          Алтын күз бізге нұр төгіп.

Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
 Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.

Армысыздар ұстаздар мен ата-аналар, қадірлі қонақтар! «Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.

«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
  Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін» - Бұл не, балалар? (Күз мезгілі)

(ендеше, күз мезгіліне арнаған өлең шумақтарымызды тыңдайық)

Дарын Қуандырып біздерді,кел жемісті алтын күз.
Өлкемізге күз келді, кемелденсін халқымыз.

Жеміс мол теретін, күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін, жомарт екен күз деген.

Дунай Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз
Жиып-теріп болған соң    

Той жасайды халқымыз,
Мол өнімді жинаймыз
Елге бәрін сыйлаймыз.

Медина Қыстың жақын қалғанын, жапырақтар білгендей,
Желмен ұшып барады, жерге қонып үлгермей
Жапырақтар жамырап, сайға барып бекінді,    
Анасынан ажырап, қалған бала секілді.


Ән: «Кап-кап, тук-тук-тук» әні

Балалар сендер жұмбақ шеше аласындар ма?

1.Бұтақта ілініп тұрамын,

Піскенде себетке құладым.(Жеміс)

2. Ашулы қонақ бұл анық,

Тонып шешсе жыладық. (Пияз)

3. Өсірер тың дала,

Көшірер қамбаға.

Айналар ұңға да

Айналар нанға да.(Бидай)

4. Сырты қатты,

Іші тәтті. (Қарбыз)

5. Өсірдім ұлпа қар,

Шешуін кім табар. (Мақта)


 Жүргізуші:Қазір біз балаларымыздың биін тамашалайық.

Би: «Қолшатырлар» биі
Алий  Жатыр дала жалтылдап, жаз шуағы мол құйды,
Күн астында алтын дән, тербеледі толқиды    

Көктемде егін егетін, күзде жиып беретін
Біздің дала бай дала, астық толы айнала.

Аружан Тоңазып атырап, 
Көп жеміс піседі. 
Сарғайып жапырақ, 
Саудырап түседі. 
Аспанды сұрғылт бұлт, 
Жан-жақтан жабады. 
Күнбірте суытып, 

Жауын көп жауады. 

Дастан Кездескен соң күзімен,
  Бұтағынан үзілді.
  Ай жапырақ-сары алтын
  Айналаның бәрі алтын.

Жандаулет Сарғайды тоғай, сап-сары манай
                      Соңғы әнің айтып, құс кетті қайтып    
                    Жапырақ ұшты, суық та түсті
                     Сонда да бізге,қызық көп күзде.   

Жүргізуші: Балалар,ендеше ойын ойнайық

ОЙЫН «Жапырақтар»

Жүргізуші: Балалар күзде, аңдарда қысқа дайындалады. Қорек жинап күздің, сыйлықтарына рахметін айтады.

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын ал сендер шешуін табыңдаршы.

Үсті толы ине,

өзін қорғай алады,

домаланып қалады. Қандай аң?

Балалар: Кірпі!

Бұтақтан бұтаққа секірген,

Кішкентай ғана шапшаң аң.

 Балалар: Тиін!

ОЙЫН «Алма жинау»

Жүргізуші: Теңіздей тербетіле көл бетіне,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілеріміз өнерлерін көрсетуде.

ұлдарымыз бен қыздарымыздың биін тамашалаңыздар және құрметті ата аналар сіздерді орындарыныздан тұрып балалардын артынын қайталауды сұраймыз. Танец 2

Ата- анамызға алғысымыз шексіз. Ертенгілігіміздің сонында сіздерге арнап балалар ән дайындап келді. «Топ-топ балақай» әнін қабыл алыныздар.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз,» - атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, Сіздерге күздей молшылық,Алтындай ден саулық тілейміз.

,Балаларға көп-көп рахмет айтамын.Сау болыңыздар!













































ҚОСТАНАЙ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «ЖАМБЫЛ ОРТА МЕКТЕБІ» ММ

ГУ «ЖАМБЫЛСКАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА» ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ АКИМАТА

КОСТАНАЙСКОГО РАЙОНА»









Ертеңгілік:

«Алтын күз»

Ересек тобы



















Тәрбиеші: Каримова А.С.









2018-2019ж.