Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №61 бөбекжай бақшасы

«Ана өмір шырағы»
Ана өмір шырағы
Тәрбиеші: Бүгін Наурыздын сегізі
Сүлулықтын негізі
әдемі сөз адамның
анаға айтар лебізі
Армысыздар ма құрметті де аяулы аналар, ардақты әжелер,сүйкімді қыздар! Көктемнің алғашқы мерекесі баршанызға құтты болсын!
Ана бұл өте қасиетті,мейрімді жылы сөз. Ана деген әлемнің жан дүниесі, бастауымен таусылмайтын жалғасы.
(толықтырып өз сөзімен тілектер айту)
Той – тойлап дала мен қалаларым,
Мерекең құтты болсын аналарым!
Қаракөз қыз, абзал ана мерекесін,
Құттықтауға келе жатыр балаларың – деп,
ортаға «Салтанат » тобының бүлдіршіндерін шақырамыз.
(Балалар билеп залға кіреді)
Би: «Нұр көктем»
Тәрбиеші: Балалар – ау балалар,
Шақырады далалар.
Көктем келді гүл алып,
Құстар келді жыр алып
Көктемді әнге қосамыз – дей келе, бүгінгі мерекемізді
Мәди, Зарина, Айдын өз тақпақтарымен бастай қойсын!
Рахмет, балалар! Енді орнымыздан тұрып «Көктем» әнін орындап берейік:
Ән : «Көктем» (балалар орындарына отырады )
Тәрбиеші: Әдемі сөзі баланың
Анаға айтар лебізі ,- деп ортаға анамызға әдемі тақпақ дайындап келген балаларымызды шақырамыз.
Аида, Арнұр,Адай,Айгерім,Ғ.Бекзат,Ерасыл. (балалардың тақпақтары)
Тәрбиеші: Бүгінгі мерекеде әжелерімізді де құттықтаймыз.
«Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» деп бекер айтпаған.
Келесі құттықтауларымыз аналардың анасы құрметті әжелерге арналады...
Алихан, Алдияр,К.Арунаны шақырайық:
Алихан: Әжемді мейрамымен құттықтаймын,
Айтатын ән, беретін гүлім дайын.
«Әжетай, сені жақсы көремін деп,»
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.
Алдияр: Ақ жаулықты әжемді,
Ай-нұрына теңедім.
Әр ісінен үлгі алып,
Еркін өсіп келемін.
К.Аруна: Ананы біз сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз. (т. б тақпақтар)
Т
әрбиеші: Құрметті, де ардақты әжлер келесі мерекелік ән шашуымыз сіздерге арналады. Қабл алыңыздар!
Ән : «Әжелерді ардақтап»
Тәрбиеші: Балалар көктем мезгілі біз үшін ән, сән , жалпы бар тіршіліктің бастауы. Бұл мезгілде табиғаттың өзі де ерекше бір күйде болып, бізге сондай көздің жауын алатын тамаш гүлдерін силаумен көзге түседі . Сонымен балалар біз осы көктемнің тамаша гүлдерімен тамаша бір ойынды бастап ойнайық. Ойын «Гүл шоғыры » деп аталады
Ойын: «Гүл шоғыры »
Тәрбиеші: Балалар сендерге ойын қызықты болды деп ойлаймын, Ал енді біз мерекемізді одан әрі жалғастыра отырып, ортаға анамызға дайындаған мерекелік тақпағымды айтамын деген балаларды шақырамын.
А.Аруна,У.Мансур,С.Мансур,Арайлым,Давит,О.Темірхан,Арман..
(Балалардың тақпатары)
Тәрбиеші: Көңілдердің хошын – ай,
Бар баланың досындай.
Ақ жүректі, кең пейіл.
Біздің балалар осындай, - деп, ендігі кезекті тамаша бір биге береміз!Аяулы аналар, ардақты әжелер мына тамаша тілектер бір өздеріңізге арналады қабыл алып қошеметтеп отырыңыздар!!
Би: «Ұлдар биі»
Тәрбиеші: Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы.
Ананың көз нұры- тастай мұзды да жібітеді.
Сүйікті аналар, ортаға
А.Мәнсүр,Жансая,Аделя, Сабина, Ділназ,Аминаны (біз бүгінгі мерекемізге арнайы дайындалып келген балаларымызды) шақырамыз (осыкезде «Аяулы анашым» әнін айтатын балалар ортаға шығып, әуелі тақпақтарын айтады содан кейін әнді орындайды)
Ән: «Аяулы анашым» (жеке ән)Ө.Темірлан, Мәди, С.Мәнсүр.
Тәрбиеші: Балалар, біз ананың , біз ананың нұрымыз, біз ананың көмекшісіміз! Қашанда біз анамызға көмектесіп, қамқоршысы боламыз. Бүгін біз анамызға көмектесіп мерекелік дастархан дайындайтын боламыз. Дастархан дайындамас бұрын әуелі дүкенге барып керекті азық – түліктерді алып келу керек. Міне осындай сендерге тапсырма !
Ойын «Кім жылдам» Ойын шарты: екі команда болып бөлінеді. Әр командада 5 – 4 баладан эстафета түрінде ойналады олардың қолдарында себет болады , сол себетке керекті азық – түлікті салып әкелуі керек . Қай команда тез әрі дұрыс жинаса , сол команда жеңімпаз аталады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Ал енді біз ойынды одан әрі жалғастырамыз. Келесі ойын «Дастархан әзірлеу» деп аталады.
Ойын: «Дастархан әзірлеу»
Тәрбиеші: Құрметті аналар, әжелер мына тамаша тілектер бір өздеріңізге арналады қабыл алыңыздар!
Бар баланың досындай.
Ақ жүректі, кең пейіл.
Біздің балалар осындай, - деп кезекті тамаша бір биге береміз!
Би: «Көктем гүлдер» қыздар биі.
Тәрбиеші:
Ана! Ол біздің елде ардақты адам
Кіші де, үлкенде оны ардақтаған
Өзінің аяулысы - отанды да
«Ана» деп біздің халық текке айтпаған.
Міне аналар бүгінгі мерекеге (сіздерге арналған тақпақтарын айтуға ортаға: Ө.Темірлан,,Алина,Т.Бекзат,Алижан,Б.Тем-хан,Б.Тем-лан,Аяжан. келсін.
дайындап әкелген балалардың ағылшын тіліндегі тамаша әнін қабыл алыңыздар!
-Ән: «Ана» (ағылшынша) ( содан кейін тақпақтарын айтады)
Тәрбиеші: Ал, құрметті аналар манадан сіздер балалардың өнерін тамашалап жатырсыздар, енді бойымызды сергітіп, сіздермен бір ойын ойнасақ дейміз!
Ойын аналар мен «Қуыршақты киіндір.»
Тәрбиеші: Рахмет аналар,ойынға қатысып, ат салысып өздеріңізді жақсы көрсеттіңіздер. Жарайсыздар!
Тәрбиеші: Десекте уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Балғындар шын жүректен тәрбиеленіп,
Аналарға билерін бағыштайды.
Би: «Көктем нұры»( общи би) (барлық балалар орындарында ортада калонамен тұрады)
Тәрбиеші апай: Ендеше, құрметті аналар, әжелер, тәтелер, апайлар, қыздар мына тамаша сыйлықтарымызды қабыл алыңыздар!
(Балалар өздерінің қолдарынан жасаған сыйлықтарын аналарына сыйлайды.)
Тәрбиеші апай: Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын?
Балалар: Ана! ( хормен)
Қыз бала: Кім сендерді, балалар, тербететін, Еркелетіп ойнатып, сергітетін?
Балалар: Ана ! (Хормен)
Тәрбиеші:. Әрине ол Ана!
Ендеше балалар осы аяулы аналарымыз бен әжелерімізге тамаша ән тарту етейік, қабыл алыңыздар!
Ән: «Ана өмір шырағы»
Тәрбиеші: Ана, Ана, Ана! Осы сөз адамға қандай күш береді. Дүниеде ананың мейіріміне, аялы алақанына не жетеді? Жақсылық атаулының барлығы ананың ақ сүтінен жаралған.
Ана сен бақыттысың, бақыттысың,
Менмін ғой бақшаңдағы бақыт құсың.
Қазірге өбекте де, өсіре бер,
Ақ сүтіңді ақтаймын уақыт тусын. – деген,
кішкентай бөбектеріңіздің тілектері, лебі міне осындай.
Осымен құрметті де аяулы аналар мерекелеріңіз құтты болсын!
«Ана өмір шырағы» атты бағдарламамыз өз мәресіне жетті,
келесі кездескенше қош сау болыңыздар!