«Қарлығаш» ересек тобы
Тәрбиеші: Тынышбек А.Б
Тақырыбы: «Аяулы анашым!»
Мақсаты: 8 Наурыз –Аналар мерекесіне орай ұйымдастырылатын іс-шаралар арқылы бүлдіршіндерді шығармашылыққа баулу,сұлулықты сезіне білуге,мейрімділікке, үлкенді құрметтеуге , ана еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Кейіпкер: Көктем аруы.
Барысы: Әсем әнмен балалар жүрекшелер ұстап музыка залына екі баладан шығып билейді.
Жүргізуші:
Аналарды сүйеміз!
Сөзін ойға түйеміз.
Әрқашан біз ардақтап,
Әжеге бас иеміз!
Сенен өскен балалар-
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен
Кұрметті апа, аналар!
Жүргізуші:Қымбатты да ардақты, аяулы аналар мен құрметті көктемдегі құлпыраған қыздар!
Гүл көктем, ару көктем, күн көктем!
Сіздерді көктемнің алғашқы айындағы 8-наурыз әжелер, аналар, қыздар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге әлемнің нұрын,өмірдің гүлін,көктемнің шуағын тілейміз! Мына жарық дүниенің мәні де, сәні де сіздерсіздер! Балалардың сіздерге арналған «Аяулы анашым» атты ертеңгілімізді қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Балалар ең асыл жан кім? \Ана\
Айым,күнім, ботақаным деп еркелететін кім? \Ана\
Балалар бізге ең тәтті,ең дәмді тағамды кім дайындап береді ? \Ана\
Сонымен бүгін қандай мереке? \Аналар мерекесі\
Осындай үлкен мерекеде аналардың жүзіне кішкене болса да қуаныш сыйлағымыз келе ме? \ Иә \
Ендеше бәріміз орынымыздан тұрып аналарға арнап ән айтамыз.
Хор: «Аяулы анашым»
Жүргізуші:
Ақ анашым, әппағым.
Өзің жайлы тақпағым.
Арналады сіздерге.
Бар баланың тақпағын,-дей отырып балалардың тақпақтарын қабыл алыныздар!
Альтаир:
Әр сөзіңді жаттаған,
Жүрегіңде сақтаған.
Анашым деп мақтанам.
Айналайын ақ мамам
Арай:
Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамымен құттықтаймын
Баян:
Мамочка любимая,
Празник у тебя
Будь же ты красива и
Счистливая всегда
Алихан:
Маленький букетик,
Маме падарю.
Я ее, хорошую,
Больше всех люблю!
Жүргізуші:
Ақ қар еріп,
Су көбейіп! Сай салаға толады.
Ағаш басы бүршік атып,
Гүл бәйшешек басады.
Балаларым айтындаршы бұл қай кезде болады? \Көктем мезгілінде \
Көктем Аруы келіп, балалар мен ,ата-аналармен амандасады.
Жүргізуші:Көктем Аруы қош келдің ,төрлет Көктем Аруы ! Біз сені көп күттік !8- Наурыз аналар мерекесіне арналған балалардың өнерін тамашала !
Жүргізуші:
Мерекеге арналады бүгін билер ,
Көтерілсін канекей,көңіл күйлер
Алдарыңызға қазір ұлдар биі.
Қол соғып демеу берер көрермендер
Би: « Сарбаздар биі» Орындайтын – «Қарлығаш» тобының ұлдары.
Ән: «Асыл әжем әні» - орындайтын Әбдіқапар Медина, Дәлет Баян, Әби Несібелі
Тақпақтар:
Айару:
Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді.
Хазірет Сұлтан:
Жарқын жүзді жан анам
Сендей болсын бар адам
Сендей болса бар адам
Шаттык кетпес баладан
Алмира:
Жақсы көреді әжелерін,
Ойыншықтар да әпереді
Балабақшаға да әкеледі,
Жақсы қандай әжелер.
Есен Алинұр:
Мамочка паздравлю,
Милую свою.
Маму дорогую,
Больше всех люблю.
Көктем Аруы:
Балалар сендер ойынауды жақсы көресіңдер ме? Егер сендер менің сұрақтарыма жауап берсендер мен сендерге ойын әкелдім,келесесіңдер ме?
Балалар көктемде қандай өзгерістер болады?
Көктем мезгілінде қай жақтан құстар ұшып келеді?
Көктем мезгілінде ең алғашқы қандай гүл шығады?
Менің қолымда бәйшешек гүлдер, Қазір мен бүл гүлдерді жерге бесеуін қоямын,музыка ойналады,сендер билейсіңдер,музыка тоқталғанда тез гүлді жерден алу керек,кім үлгірмейді сол ойынан шығады.
Би: «Медуза»
Тақпақтар
Ержет:
Құтты болсын анашым
Құтты болсын мерекең
Әр кез саған тілеймін
Ұзақ өмір жолдарын
Сұлтанбек:
Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым.
Ұзақ өмір жүр жасап.
Ауырмашы анашым
Руслан:
Айтсаң болды тіл алам.
Әйбат мамам әй мамам.
Сені көрсем қуанам.
Сен керексің қашанда.
Медина:
Поздравляю маму,
С празником весны.
И желаю мамочка,
Счастье добраты.
Ислам:
Анамды мен жақсы көрем
Айтқан тілін алып жүрем
Қасымда апам жүргенде
Шаттанып ойнап күлем
Хор: «Мамочка моя»
Ойын: «Өз балаңды таны»
Тақпақтар:
Рабинұр:
Анам менің анашым
Сені жақсы көремін
Мерекемен бүгінгі
Құттықтаймын мен сізді.
Медина:
Поздравляю маму,
С празником весны.
И желаю мамочка,
Счастье добраты.
Айзере:
Бүгін Наурыздың сегізі
Сұлулықтың егізі,
Әдемі сөз адамның,
Анаға айтар лебізі.
Нұрдәулет:
Маму, бабучку, сестру,
Очень сильно я люблю
С 8 марта поздравляю,
Много нежности желаю.
Жүргізуші:
Мың бұралған ақ қайындай
Бишілер шықсын ортаға.
Ал ендеше қол соғайық,
Қошеметпен қолқала.
Би :«Көктем вальсі»
Хор: «I Love My Mammy»
Тақпақтар:
Сұлтан:
Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
Болат Алинұр:
Әжем менің әйбат.
Ешкім оған жетпейді.
Күні бойы бірге ойнап,
Жанымнан бір кетпейді
Ғалымжан Алинұр:
Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам.
Құшағында қысылмай
Меруерт:
Еркелесем күнім дейтін
Ұрысқаны білінбейтін
Маңдайымнан искеп менің
Құлыншағым күнім дейтін.
Хор: «Ақ дидарлы анашым!»
Тақпақтар:
Айша:
Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.
Айсұлтан:
Айналайын анашым,
Аялайсың, бағасын.
Сен үшін балалармен,
Ән шырқайық бәріміз .
Несібелі:
Апатайым анашым
Ақылы мол данасың
Қамқоршысы баланың
Гүлі сенсің әр үйдің.
Зере:
Көктем келді жадырап
Күн нұрымен таласып,
Жайнай берші жарқырап
Жаны жайсаң аналар!
Флешмоб «Қарлығаш» тобы
Жүргізуші: Көктем Аруы, құрметті аналар көрдіңіздерме біздің балалардың барлығы өнерлі, әнші және биші!
Көктем Аруы:Ия, балалардың өнері өте кермет екен, Бірақ менің басқа топ балаларының өнерін тамашалайтын уақытым келіп қалды,менің әсем гүлдерім сендермен үнемі бірге болады (гүл шоқтарын балаларға ұсынады)! Сау болыңыздар!
Жүргізуші:
Күндеріңіз толсын гүлге, желекке
Отбасында болсын ырыс-береке
Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді
Өмір-думан, бақ әкелсін мереке -дей отыра бүгінгі мерекеге арналған ертеңгілігіміз аяқталды, келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет.