СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Су деген не? тамшымен таныстыру"

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Сылдырмақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу   қызметінің

конспектісі.

Тәрбиеші: Ахметші Д.Д

Білім беру саласы: «Таным»

Пән: Жаратылыстану

Өтпелі тақырып: «Жер-Ана»

Тақырыбы: «Су деген не ? тамшымен таныстыру»

Мақсаттары:

Тәрбиелік:  Қоршаған ортаны қорғауға, суды ластамауға, суды үнемдей білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Судың табиғатта баға жетпес сый екенін айту, түсініктерін қалыптастырып дамыту

Оқыту: Балаларға су туралы түсінік беру және судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру.. Судың қасиетін тәжірибе арқылы ұғындыру.

Педагогикалық технологиялар: Дамыту технологиясы,ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: Суреттер(слайд), магнитафон, су, стакан, сүт, қасық, түрлі түсті су бояу, ванилин, мұз, қант, тұз,, алма шырыны, әйнек, ыстық су, қолшатыр, ақ қағаз.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Просмотр содержимого документа
«"Су деген не? тамшымен таныстыру"»

«Сылдырмақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің

конспектісі.

Тәрбиеші: Ахметші Д.Д

Білім беру саласы: «Таным»

Пән: Жаратылыстану

Өтпелі тақырып: «Жер-Ана»

Тақырыбы: «Су деген не ? тамшымен таныстыру»

Мақсаттары:

Тәрбиелік:  Қоршаған ортаны қорғауға, суды ластамауға, суды үнемдей білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Судың табиғатта баға жетпес сый екенін айту, түсініктерін қалыптастырып дамыту

Оқыту: Балаларға су туралы түсінік беру және судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру.. Судың қасиетін тәжірибе арқылы ұғындыру.

Педагогикалық технологиялар: Дамыту технологиясы,ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: Суреттер(слайд), магнитафон, су, стакан, сүт, қасық, түрлі түсті су бояу, ванилин, мұз, қант, тұз,, алма шырыны, әйнек, ыстық су, қолшатыр, ақ қағаз.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Көзімізді жұмамыз. Еркін отырамыз. Мен орманға бардым. Орманның табиғаты өте тамаша. Аспандағы күн біздің денемізге шуағын шашып тұр. Күн мені жылытты. Күннен ләззат алдым, орманның ауасы не деген таза. Таза ауасымен демалдым. Айналамда сарқырап су ағып жатыр. Суға беті - қолымды жудым. Таза суынан іштім.

2.Негізгі кезең:
- Балалар, біз қай жыл мезгілімен қоштасып жатырмыз?
- Күз мезгілімен.
- Дұрыс айтасыңдар!
- Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Балалардың жауабы
- Ал енді қай жыл мезгілі келіп жатыр?
- Қыс мезгілі.
- Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Балалардың жауабы
- Балалар, таңертең ұйқыдан тұрғанда кімді көресіңдер?
- Әке, ана, ата, әже
- Далада, балабақшаға келе жатқанда нені көресіңдер?
- Аспан, бұлт, машина, ит,
ағаш, мысық, жер т. б
- Балалар, қалай ойлайсыңдар,
күн, су, ауа керек па?
- Ия, күн, су, ауа бізге керек.
- Осының барлығын бір сөзбен айтқанда не дейміз?
- Табиғат
- Табиғат екіге бөлінеді: Өлі табиғат және тірі табиғат болып.
- Қане бәріміз қайталайық.
- Өлі табиғат және тірі табиғат.
- Өлі табиғатқа: су, ауа, жер күн, бұлт, құм, жаңбыр жатады.
- Ал тірі табиғатқа: адамдар,
құстар, өсімдіктер, гүлдер, жан - жануарлар, балықтар жатады.
- Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сендер мұқият тыңдап, шешуін табыңдар!
Жұмбақ
Аспан түстес сұйық,
Әркім ішер құйып. (су)
(Осы сәтте магнитофон арқылы жаңбырдың тамшысының тырсылы естіледі).
- Балалар, тыңдаңдаршы, бір нәрсе тырсылдайтын сияқты.
(Балалар таңырқай қарап, тыңдайды.)
Ғажайып сәт
- Бізге қонаққа Тамшы келіпті.
- Қане, балалар, қонақпен сәлемдесейік.
Балалар сәлемдеседі.
Тамшы: Сәлем, достар! Балалар, мен сендермен достасқым келеді. Сендер сияқты білім алып, оқығым келеді.
- Тамшы, кел төрлет, біз бүгін су әлеміне зерттеу жасаймыз.
-Өзіннің кім екендігінді білгін келеме?
- Тамшы: Әрине білгім келеді.
- Ендеше сен де мұқият тыңдап отыр.

Балалар экранға назар аударады.
Слайдпен жұмыс.
Көп тамшыдан су пайда болды. Су өмір бойы айналымда болады. Ол жаңбыр болып жерге түседі. Арық болып өзенді құрайды. Содан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып аспанға көтеріліп, жер бетіне жаңбыр болып оралады.
- Жер бетінде су көп болса да, барлығы бірдей ішуге жарамды бола бермейді. Су тұщы және тұзды (ащы) болады. Біз ішу үшін тұщы суды пайдаланамыз.
Су - тіршілік көзі. Оны тамаққа пайдаланамыз, шөлімізді басамыз. Сонымен қатар егін суарамыз, өрт сөндіреміз. Жан жануарлар, балықтар, құстар да сусыз өмір сүре алмайды. Балалар, мына ғаламшарға қараңдаршы, жер бетінің көп бөлігін су алып жатыр. Суды ғаламшарда көк түспен белгілейді. Ал ауыз су сол сулардың 2, 5 пайызын құрайды. Сондықтан ауыз су тапшы. Суға қоқысты тастауға болмайды, жазда теңізге түсуге барғанда, өзімізден кейін қалған нәрселердің барлығын жинап бірге алып кетуіміз керек. Суды бекерге төкпей үнемдей білуіміз керек. Дана халқымыз"Суды бекерге төкпе","Судың да сұрауы бар"деп айтатыны сондықтан.
Сергіту жаттығуы
- Олай болса балалар, шаршаған боларсыңдар, орнымыздан тұрып бой сергітіп алайық.
(Балалар "Жау, жау жаңбыр"әнінің әуенімен би билеп, сергіту жаттығуын орындайды.)Олай болса судың қасиеттерімен танысайық, суға тәжірибе жасайық.
Тәжірибе жасау
1."Су - мөлдір"
Ортаға екі бала шығып су мен сүтке тәжірибе жасайды.
Стақанға таза су және сүт құйып салыстырады. Екі ыдысқа қасық салып, қайсысы көрінетінін, қайсысы көрінбейтінін бақылайды.
2."Суда дәм жоқ"
Балалар түтікше арқылы су ішіп дәмін көреді. Оны салыстыру үшін алма шырынын ішіп көреді.
Суға қант және тұз қосып дәмін татады.
3."Су - түссіз"
Стакандағы суға әртүрлі субояу қосып, одан түс пайда болғанын бақылау.
4."Судың иісі жоқ"
Балалардың алдына екі стакан қойылады. Оның біреуінде су, екіншісінде ванилин қосылған су құйылған. Яғни:"Судың иісі жоқ"
5."Судың күйі". Мұздың қатты су екендігін бақылау үшін, тоңазытқыштағы қатқан мұзға бақылау жүргізеді
6."Тұрақты пішіні
болмайды"Суды тәрелкеге құйып, судың пішінінің өзгеруін бақылау.
7. Бу - бұл да су. Будың да су екндігін ұғыну үшін қайнатылған судың үстіне әйнекті ұстап, одан тамшы пайда болатынын байқау.
- Балалар, біздер судың әртүрлі қасиеттері бар екендігіне көз жеткіздік. Сонымен қайталап айтайық, судың қандай қасиеттері бар?
Балалардың жауаптары тындалады.
Тамшы: Менің өзіме жетерліктей қасиетім бар екен. Балалар, енді менің сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
Қимылды –қозғалыс ойыны: "Жел мен жаңбыр"деген ойынды ойнайық. Ойын шарты: Мен сендерге жел дегенде сендер жүгіресіңдер, ал жаңбыр дегенде қолшатырдың астына тығыласыңдар жақсы ма?
(Балалар "Жел мен жаңбыр" ойының ойнайды).
Шығармашылық жұмыс
"Жаңбыр" тақырыбына сурет салу
(Балалар көк бояуға саусақтарын батыру арқылы жаңбырдың суретін салады.)
Тамшы: - Балалар, сендерге көп - көп рахмет! Менсіз табиғатта тіршілік жоқ екеніне көзім жетті. Сау болыңдар!
(Балалар қонақпен қоштасады.)
- Тамшы, саған да көп рахмет!
Біздің балалармен ойын ойнап көңілдерін көтеріп тастадың.
Келесі кездескенше сау бол
Дидактикалық ойын:"Су кімдерге немесе нелерге қажет?"
Ойынның шарты : Суды қажет ететін заттарды табу. Мысалы: гүл, балық, жануар, кітап қалам, адам т. с. с.
(Балалар ойынға белсене қатысады)
- Ал балалар, су туралы кім қандай мақал - мәтелдер, тыйым сөздер біледі? Қане кім айтады?
1. Судың да сұрауы бар.
2. Су анасы бұлақ
Сөз анасы құлақ
3. Сумен ойнама батарсын
Отпен ойнама жанарсын
3.Қорытынды:
- Су қандай табиғатқа жатады?
- Өлі
- Бізге қонаққа кім келді?
- Тамшы келді
- Адамдарға су не үшін керек?
-ішеіміз, жуынамыз, тамақ әзірлейміз,кір жуамыз
- Өсімдер, балықтар, жануарлар сусыз өмір сүре алама?
-судың иісі, дәмі, түсі болама?