Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920) – ХХ ғасырдың басындағы әдебиетімізде ерекше орны бар, аса көрнекті ақын. Ол өзі жасаған дәуірдің шындығын көрсететін көптеген шығармалар жазған. Шығармаларында қазақ ауылындағы жағымсыз көріністерді сынады, халықты мәдениетке шақырды, надандықпен күресті.
Сұлтанмахмұт бірқатар өлеңдерінде жыл мезгілдерін, табиғат көріністерін шебер суреттейді. Ақын өлеңдерінде ағарып атқан таңның, жазғы мақпал түннің кеклісті суреттері көркем бейнеленеді.
Просмотр содержимого документа
«Сұлтанмахмұт Торайғыров "Шілде" өлеңі»
Күні:
Сынып: 5 «А»
Пән: қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: С.Торайғыров «Шілде» өлеңі.
Сабақтың мақсаты:
Жазушы-ақынның өмірінен мағлғмат алады. Ақынның өлеңі арқылы жыл мезгілінің тамаша көрінісі суреттеледі.
Өлеңдегі негізгі ойды түсіне біледі, ой қорғауға, бейнелі сөздерді таба білуге дағдылары дамиды.
Ақыл-ой,парасаттылыққа,табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиеленеді.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгеру
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,.
Көрнекілік-құралдар: Кеспелер, оқулық.
Сабақ барысы
І. Қызығушылығын ояту
Үй тапсырмасын сұрау
Абайдың «Қыс» өлеңін жатқа сұраймын 115 – 116 – бет.
ә) Жаңа сабақ:
ХХ ғасыр әдебиеті
Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920) – ХХ ғасырдың басындағы әдебиетімізде ерекше орны бар, аса көрнекті ақын. Ол өзі жасаған дәуірдің шындығын көрсететін көптеген шығармалар жазған. Шығармаларында қазақ ауылындағы жағымсыз көріністерді сынады, халықты мәдениетке шақырды, надандықпен күресті.
Сұлтанмахмұт бірқатар өлеңдерінде жыл мезгілдерін, табиғат көріністерін шебер суреттейді. Ақын өлеңдерінде ағарып атқан таңның, жазғы мақпал түннің кеклісті суреттері көркем бейнеленеді.
«Шілде»
Түскендей әуе жерге қырыө күн шілде,
Ішкен мас, жегендер тоқ күнде – күнде.
Қысқа түн қымқарылды, таң көрінді:
«Кел, шық» деп, иек қағып жарық күнге,- деп басталатын ақынның бұл өлеңінде нағыз жазғы ыстық шілде суреттеледі. Ақынның бұл өлеңі тиабиғат лирикасына жатады. Жаздың ыстық шілдесінде сансыз торғайлардың таңды мақтап ән салатынын, асыл шөп, жасық шықтың иісінің аңқып тұратынын, жауһардай күннің таңнан күлімдеп ататынын, суда өсіп тұрған қамыстар бұлбұлдардың салған әніне би билеп тұрғандай болатынын, содан күн көзі көтерілгенде ауылдың жан – жақтан жиналған малдары жиналып өріске кетіп бара жатуын, түні бойы қой күзеткен иттердің үй алдында демалуға жатуын, кеш батқанда өріске кеткен малдардың қайта оралуын, содан елдің азан – қазан болған жағдайын көз алдыңа елестетеді.
Сұлтанмахмұт жалпы өмірін сүрген заманда қазақ елінде жалпы білім беретін мектептердің тапшылығынан халық оқу – білімнен алыс болды. Ақын бұны надандық деп білді. Ол халық үшін де, өзі үшін де осы надандықтан құтылудың жолын армандады.
Сұлтанмахмұт кедей отбасынан шығып, өмір бойы жоқшылық көріп өтті. Оқу оқып білім алуға қаражат болмады. Сондықтан тек өз бетінше кітап оқып, жас та болса қажырлы қайсарлықпен білімге қол жеткізді. Осы жоқшылық салдарынан құрт ауруына шалдығып, өмірден ерте кетті. Бірақ артына өлмес мұра – көптеген өлеңдер, поэмалар, романдар жазып қалдырды.
Кейіптеу – ақын кейде жансыз табиғат құбылыстарын кәдімгі тірі адамға, жан иесіне ұқсатып, жандандыра, құлпырта суреттейді. Әдебиетте бұл тәсілді кейіптеу деп атайды.
Сабақты бекіту.
Венн диаграммасы


Үй тапсырмасы: « Шілде» өлеңін жаттау,сурет салу. 118 – 119 - бет.
Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар.